Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баспа өнімі қалай жасалады.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
27.02.2020
Размер:
29.55 Кб
Скачать
  1. Баспа өнімі қалай жасалады?

Жеке типрографияны жасау сұрақтары бланктер,нұсқалар, оқу құралдары, брошюралардан бастап толық түсті буклеттер,плакаттар,кітаптарға дейін баспа өнімін дайындауға деген қажеттілік жиі туындаған кезде шешіледі.

Бұндай кіші типографияны құру үшін дубликаторлар мен офсетті машиналар,сонымен қатар баспа алдындағы және баспадан кейінгі жабдықтар қолданылады: фальцевалды, парақжинақтаушы машиналары, қысқыштар, кесу құралдары,брошюра жүйелері,ламинаторлар. Тиражды дайындау түпнұсқалар жасалуы да мүмкін. Көптүсті баспа және реттеу жүйелеріне арналған құрылғылар да бар, олардың көмегімен түпнұсқаның бейне масштабын өзгертуге, екі түпнұсқаны бір параққа сыйдыруға болады.

Баспа алдындағы және баспадан кейінгі жабдықтар даналарды пластик элементтері көмегімен 750 параққа дейінгі көлемде түптеуге мүмкіндік береді, қажет болған кезде бұндай түптеуді парақтарды ауыстырып ашуға және оны қайта бууға болады. Баспа өнімдерін металл және пластмасса пружиналарыменқыстыратын машиналар; термотүптеудің жедел құрылғылары пайдалануы мүмкін.

Бұл техниканың артықшылығы оның экологиялық қауіпсіздігінде, себебі оны пайдалану кезінде артық жылу, селен және ультракүлгін сәуле бөлінбейді.

Микрофильмдеу:

Құжаттау кезінде құжаттарды микрофильмдеуге болады,яғни құжаттардың түпнұсқасын руллонды немесе форматты таспада кішірейтілген масштапта алу. Бұл бейненің барлық элементтерін жасауды қамтамасыз етеді және таза емес түпнұсқалардан көшірілген бейненің сапасын үлкейтуге мүмкіндік береді. Микрофильмдеудің кемшілігі де бар: көшірілген құжат арнайы құралдар көмегімен ғана қолданылады: оқитын және оқып-көшірілетін аппараттар.

СОМ туралы да айта кеткен жөн, олар ЭЕМ-дан микрофильмдерге ақпаратты шығаруға мүмкіндік беретін есептеу жіне микрофильмдеу техникасы құралдарының үйлесуін білдіреді.

Микротасушылар құжатталған ақпаратты сақтауға қажетті аудандардың көлемі бойынша, мекемелерде сақталған құжаттардың сақтандыру қорын құру және ақпараттық-іздеу жүйелерін ұйымдастыру бойынша ыңғайлы. Алайда ақпаратты үздіксіз қолдануға байланысты қиындықтар микрофильмделген құжаттарға жүгіну кезінде қиындықтар тудырады.

  1. Құжаттық материалдарды дайындау процесі қалай жүзеге асырылады?

Құжаттық материалдарды дайындау дегеніміз – келіп жеткен, сақталатын және жіберілетін құжаттарға тән техникалық операциялардың кешенін айтамыз. Бұл операциялардың мақсаты – көрсетілетін құжаттарды қолдану үшін үйлесімді шараларды қамтамасыз ету.

  • Бұл операцияларға жатады:

  • Қағазды кесу (хатқалтаны ашу);

  • Нөмірлерді, мөрлерді және басқа да белгілерді қою;

  • Құжаттарды қысу:

  • Қорғаныс жабындылары бар құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету:

  • Құжаттарды фальцтеу:

  • Құжаттарды хатқалтаға салу:

  • Қағаз қалдықтарын жою;

  • Келесі мәселе қағазды кесу құралдары

Қағазды кесу құралдарының өнімділігі және кесу сапасы өте жоғары, себебі негізінен, олар әртүрлі пошталық жіберулерді ашу кезінде қолданылады. Хатқалтаны ашатын машиналар кесу енін орнату және хатқалтаны жұмыс орнына жіберу қондырғыларымен, және электр жетегімен жабдықталған, алайда қолмен жүргізілетін машиналар да кездеседі. Нақты құралддарды таңдау кезінде өңделетін парақ бумасының қалыңдығы,кесілетін жолақ ені, уақыт бірлігінде өңделетін хатқалталар, бумалар саны. Сонымен қатар бұл құралдар көптеген формулярларды бөлу үшін, тұтынушылық және басқа да форматтарға парақтардың орамын кесу үшін, ЭЕМ шығару үшін де қолданылады.

Келесі мәселе құжаттарға белгілер қоюдың техникалық құралдары. Құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарға құжаттарға ақпарат фрагменттері қойылатын құжаттардың пайда болуы мен орындалуымен байланысты әрекеттер кіреді.

  • Бұл мақсаттарда техникалық құралдардың келесі түрлері қолданылады;

  • Мөртабан, белгілер, индекстер қою құралдары;

  • Мекен-жайларды қою әдістерді;

  • Пошталы төлем белгілерін қою әдістері.

Мөртабандарды және т.б қою механикалық және автоматты нөмірлеушілермен іске асырылады. Бұл құралдар көмегімен өзгермелі белгілері бар көпразрядты нөмірлер қойылады, және қажет болған жағдайда мөр бедерін бірнеше рет қайталауға болады. Ауыспалы индекстер құжаттарға қойылатын бедерлердің мазмұнын жедел ауыстыруға мүмкіндік береді; күндерді белгілеудің әртүрлі әдістерін қосуға қызметік белгілер қоюға ;

Мекен – жайды басу құралдары мекен-жайды құжаттың өзіне пошталық хатқалталарға пакеттерге басуда қолданылады. Олар дайын мекен-жайларды жеке сөздерді және мәтінді фрагменттерді қоятын аппараттар болып табылады. Бұл машиналар сонымен қатар бланктерді формулярларды заттаңбаларды толтыру үшін қолданылады.

Бұл процесстерден соң құжаттарды қыстырады,ламинаттайды,фальцтейді, қажетсіз құжаттарды кәдеге жаратады,құжаттарды буып түйеді.