
- •Пікірсайыс – парасатқа.
- •1. Ортаның әсері:
- •2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
- •3. Жекелеген тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.Б.).
- •Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай аша білу
- •Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау
- •1. Диалогтық сөйлеу.
- •2. Монологтық сөйлеу.
- •1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ ортақ кілт сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
- •Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.
- •Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.
- •Линкольн-Дуглас форматы
- •Төрешілерге нұсқаулық
- •Төрешінің этикасы.
- •Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.
- •«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық і жиын
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық і жиын
Жиын сипаттамасы: «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубы мен Сулейман Демирель атындағы университеттің ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық жиыны жастарымыздың пікірсайыс арқылы қоғамдық істерге бейімдеу мен дамыту мақсатында өтті.
Жиын мақсаты: 1. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
2. Жастарымызды патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Пікірсайыс деңгейін көтеру;
4. Жастарымыздың ойын нақты жеткізуге үйрету;
5.Жастарды мәдениеттілікке, тіл тазалығына үйрету.
Жүргізілетін тілі: қазақ
Уақыты: 5 желтоқсан 2013 жыл
Өтетін орны: ҚР Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі 1/1
Қатысушылар саны: 200 адам, 50 адам «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшелері.
Қатысушы волонтерлер саны: 50 адам (СДУ Дебат клубының мүшелері).
Қатысушы ЖОО саны:
Сулейман Демирель атындағы университет (Алматы облысы)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қаласы);
Қаржы полициясы академиясы (Астана қаласы);
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университеті (Ақтөбе қаласы);
«Ақмешіт» гуманитарлы-технологиялық институты (Қызылорда қаласы);
Аймақтық инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті (Шымкент қаласы);
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы);
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы);
ОҚО № 75 мектеп-гимназия (Шымкент қаласы);
Қарағанды қаласы №41 жалпы білім беретін орта мектеп (Қарағанды қаласы);
Халықаралық бизнес университеті (Алматы қаласы);
Абай атындағы Педагогикалық университеті (Алматы қаласы);
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті (Алматы қаласы);
Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы қаласы);
Радиоэлектроника және байланыс инженерлі-әскери институты (Алматы қаласы);
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қаласы);
Алматы технологиялық университеті (Алматы қаласы);
Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қаласы);
Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы қаласы);
Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясы (Шымкент қаласы).
Жиын бағдарламасы:
Уақыты |
Атқарылатын іс-шара |
Өтетін орны |
09:00-10:00 |
Тіркелу |
Hall |
10:00-11:00 |
Салтанатты ашылуы |
Red Hall |
11:00-12:00 |
Қонақтармен сыр-сұқбат |
Red Hall |
12:00-13:00 |
Пленарлық отырыс |
Red Hall |
13:00-14:00 |
АПФ бойынша тренинг |
А1 |
14:00-15:00 |
Түскі ас |
Canteen |
15:00-16:00 |
ЛД бойынша тренинг және ойын |
Red Hall |
16:00-17:00 |
Төрешілік бойынша тренинг |
Red Hall |
17:00-18:00 |
Салтанатты жабылуы |
Red Hall |
Жиын демеушілері: «Akfix», «Anura» компаниялары
Жиын бюджеті: ---------
Жиын өту барысы туралы қысқаша ақпарат:
Жиынды «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының үйлестірушісі, Сулейман Демирель атындағы университетінің «Заң және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 3-курс студенті Жалмурзин Мирас жүргізді. Жиынның салтанатты ашылу кезінде Сулейман Демирель атындағы университетінің ғылыми істері жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Нұрлыбек Сейітқұлов мырза және Сулейман Демирель атындағы университетінің студенттер лигасының президенті Ерасыл Бахытжанов құттықтау сөз сөйледі. Жиынның ашылу сәтінен соң, жиын қонақтары Талғат Рысқұлбек және «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Асхат Жұмахановқа сөз берілді. Жастарымыз көкейлерінде жүрген сауалдарын қонақтарға қою арқылы жиынның қызығын келтірді. Сыр-сұқбат өз шегіне келгенінен кейін сөз жалпы пленарлық отырысқа жалғасты. Бір сағат көлемінде 7 баяндама оқылды. Баяндама оқушылар:
Байтенов Бернар (Астана қаласы);
Әйгерім Қабден (Көкшетау қаласы);
Айгүл Алишер (Шымкент қаласы);
Ұлжан Досжанова (Алматы қаласы);
Ақнұр Абдрахманова (Қарағанды қаласы);
Сабыржан Кеңшілік (Қызылорда қаласы);
Мөлдір Ақжігіт (Ақтөбе қаласы).
Әр баяндамашы өз ұсыныстарын айтып кетеді. Осы ұсыныстар жиын соңында
дауысқа салу арқылы шешім қабылданды.
№ |
Ұсыныстар |
Дауысқа салғандағы % көрсеткіш |
|
Пікірсайысшылар штабын құру |
70 % |
|
Республикалық турнирлерді БПФ өткізу |
15% |
|
Қысқа форматтағы ойында төрт аргументтен артық енгізбеу |
90% |
|
Ортақ формат енгізу |
30-35% |
|
Турнир басталар алдында ойын барысына байланысты дөңгелек үстел өткізу
|
80% |
|
Пікірсайысшылардың иммиджін қалыптастыру, фракция атауларына байланысты талаптар қою |
45-50% |
|
Әр айтылған орыс тілді сөздер үшін айыппұл төлеу (5 тг) |
20-25 % |
|
Төрешілер тек ұйымдастырушылар тарапынан болу |
15% |
|
Тәуелсіз төреші (бақылаушы адам) |
15% |
|
Қарар тек аудиторияда ғана жариялануы |
100% |
|
Клубтарды дамыту |
50-55% |
|
Жақсы, ұтымды идеяларды үкіметке жіберіп отыру |
30-35% |
|
Жеке басқа үш реттен артық қол сұғушылық үшін 1-4 спикерлік баллды азайту |
15% |
|
Республикалық турнирлерге тек қалалық турнир чемпиондарын жіберу |
10% |
|
Пікірсайысшыларға арнайы ранг тағайындап, белгілі бір дәрежелерге бөлу |
25% |
|
Жиынды дәстүрге айналдыру |
95% |
|
Оқушыларға аранлаған жаңа формат енгізу |
10% |
|
Жастар ұйымдарымен байланыс орнату |
40% |
|
Төрешілер одағын құру |
60% |
|
Пікірсайысшылардың жеке сайтын ашу |
90% |
"Азамат" интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшесі Кушебаев Жасұлан жүргізді. Тренингте қордаланып қалған сұрақтарға жауап берілді. Түскі ас кезінде барлық қатысушылар түскі аспен қамтамасыз етілді. Түскі ас ішіліп біткеннен кейін ЛД бойынша тренинг жүргізілді және ойын көрсетілді. Тренингті «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының мүшесі Әбдіразақ Нұржан жүргізді. Ал жоғарғы деңгейдегі ойынды Сулейман Демирель университеті «Заң және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің 2-курс студенті Карашин Жасұлан және Қызылорда қаласының студенті Сағындық Байділдаев деген пікірсайысшылар көрсетеді. Жоғарғы дәрежеде ойынның арты төрешілік бойынша өткен тренингке ұласады. Тренингтің тізгіні Оразбаев Бектілеуде болды. Бағдарлама бойынша тренингтен кейінгі кезек салтанатты жабылуда болатын. Салтанатты жабылу кезінде өңірден келген ЖОО ректорларына Сулейман Демирель атындағы университеті атынан алғыс хат пен сыйлық және «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының атынан алғыс хат беріледі. Барлық қатысушыларға «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс клубының атынан сертификаттар табыс етіледі.