
- •Пікірсайыс – парасатқа.
- •1. Ортаның әсері:
- •2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
- •3. Жекелеген тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.Б.).
- •Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай аша білу
- •Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау
- •1. Диалогтық сөйлеу.
- •2. Монологтық сөйлеу.
- •1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ ортақ кілт сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
- •Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.
- •Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.
- •Линкольн-Дуглас форматы
- •Төрешілерге нұсқаулық
- •Төрешінің этикасы.
- •Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.
- •«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық і жиын
Төрешілерге нұсқаулық
Құрметті төреші, сіз пікірсайыстатың ең қорытынды кезеңін шешетін адам болғандықтан берілген нұсқаулықты толық оқып шығып, сіз төрешілікке қаншалықты дайынсыз? Өз-өзіңізге баға беріңіз.
Төреші ойынға қалай дайындалу керек?
Төреші болатын адам өз-өзіне сенімді, ешкімнің күштеуінсіз, шешімін әр уақытта толық негіздей алатын адам болуы керек. Төрешілік еткеніне кем дегенде 2 жыл болуы, Сараптаманы толық жасай алуы т.б. Қарарларға ойыншылардан бөлек өзіңіз де дайындалып келгеніңіз дұрыс. Себебі екі жақты толық қанды түсіну үшін, қай тараптың жалған ақпарат енгізіп жатқанын білу үшін жан-жақты мәліметтер болғаны өзіңізге жақсы. Ойынға келерде барынша психикалық және моральдық тұрғыдан дайын болыңыз. Мысалы: ойынның үстінде жеке бас проблемаларын ойламаңыз, ойынға ашуланып кірмеңіз т.б. Бұл сіздің дұрыс шешім шығаруыңызға әсер етуі мүмкін.
Төрешінің этикасы.
Сіз ең бірінші төрешісіз, ойыншылардан бір саты жоғары тұрсыз. Егер бір төрешеден қателік кетсе бүкіл төрешілердің абыройы кетеді. Қазіргі таңда бұндай жағадайлар жиі кездесуде. Ойыншылар мен аудитория төрешіге бағынудан кетіп бара жатыр. Былайша айтқанда төрешінің қадірі мен абыройы түсіп кетті. Сол себептен де аудиторияға кіргеннен бастап өзіңізді барынша қатал ұстаңыз. Ойыншылармен амандасқан соң, өз орыныңызға жайғасып алдымен өзіңізді таныстырып, кейін жеребе таңдатыңыз. Сіз төреші болғандықтан ойыншылардың сізге қойған сұрақтарына нақты әрі қысқа жауап беріңіз. Өзіңіздің жеке басыңызға қатысты сұрақтар болса, бірден бас тартып жауап бермейтініңізді ескертіп, ойыншының пікірсайыста екенін есіне салып, сабасына түсіріңіз. Ол тек сізді өзіне қарату мақсатында жасалған ойыншылардың қулығы. (фишка) Бүкіл аудитория тек сізге ғана бағынатындай іс-әрекетте болыңыз. Ойыншылар мен көрермендерге шамадан тыс ерік бермеңіз. Себебі аудиторияда төрешінің отырғаны білініп тұрғаны дұрыс. Шамаңыз жеткенше өз-өзіңізді мықты ұстап, аудиторияны бағындыра білсеңіз ойынның мәденитетті және сәтті өтуіне біршама ықпалын тигізеді.
Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.
Ойын барысында екі тараптың әр мүшесін толық тындап керекті мағұлматтарын жазып отырыңыз. Ойыншының тек қана білімі мен идеясына назар аударып қана қоймай, пікірсайысшы ретіндегі актерлік қабілеті, сөйлеу мәнері, аудиторияны қарату қабілеті, ең бастысы төрешімен қалай байланысатынын қадағалаңыз. Егер пікірсайысшы «төреші ханым», немесе «төреші мырза» - деп қасыңызға отырып, бетіңізге тесіле, үңілсе ол оның өзіне тән фишкасы сол, ол үшін оған жоғары балл қоюдың қажеті шамалы. Ол сізбен байланысты бос сөз арқылы да орнатуы мүмкін. Төрешімен байланыс не ғұрлым сыпайы түрде болғаны дұрыс. Төреші парағын сапалы толтырыңыз. Бұл сіздің сауатты төреші екеніңіздің тағы бір дәлелі. Балл қою мәселесінде асыра сілтемеңіз. Мысалы бір адам пікірсайысты ұзақ жылдары ойнауы мүмкін, алайда ол дәл сол күні дайындығы сәл аздау болып, өзін ороторлық қабілеті арқылы алып шығуы мүмкін. Міне сол кезде мына адам тәжірибиелі деп жоғары қойып жібермеңіз. Себебі ағаш өскен сайын қартая түседі. Ол қатты болғанымен бұтақтарын қозғасаң морт сыңғыш келеді. Пікірсайыста да сол тәжербиелі болған сайын, өз тәжербиесіне сеніп дайындалмай келетін аға буын өкілдері де болады. Осы орайда баллды асыр сілтемеу керек. Немесе жаңа буын, жас пікірсайысшы өзі ойнаған уақытта қобалжып, идеясы бар бірақ жеткізуде әлсіз болса оған тарс еткізіп 18-20 баллды қоймаңыз. Керісінше әрекетіне сай 21-23 баллдың көлеміне ынталандырыңыз. Ойыншылардың тақырыпты жеткізкізуімен қоса кейстіңде толық рет-ретімен сақталғанына көз жеткізіңіз. Сараптамада ойыңызды күрт өзгертсеңіз, аздап тоқтап параққа қарап өз ойыңызды негіздеңіз.
ЕСКЕРТУ: сіздің шешіміңізден бүкіл турнирдің жолы салына бастайды. Сол себептенде өте жауапты болыңыз. Әр уақытта өз шешіміңізді негіздей біліңіз.