
- •Пікірсайыс – парасатқа.
- •1. Ортаның әсері:
- •2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
- •3. Жекелеген тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.Б.).
- •Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай аша білу
- •Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау
- •1. Диалогтық сөйлеу.
- •2. Монологтық сөйлеу.
- •1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ ортақ кілт сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
- •Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.
- •Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.
- •Линкольн-Дуглас форматы
- •Төрешілерге нұсқаулық
- •Төрешінің этикасы.
- •Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.
- •«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық і жиын
Линкольн-Дуглас форматы
Линкольн-Дуглас форматы пікірсайыс форматтары арасындағы философиялық ойлауға, логикаға негізделген еркін формат. Негізгі ойын формат бойынша
Кіріспе
Құндылық
Критерийлер
Жету жолдары
Философиялық түйін
пункттерімен бөліп көрсетуге болады. Жеке-жеке әр пунктке тоқталсақ. Кіріспе бөлімінде ойындағы негізгі түсініктерді айқындап алу, ойын өрбитін шекараны нақтылау және аудиторияға тақырыпты түсіндіру үшін берілген. Құндылық бөлімі өзініңіз ұстанған позицияны негіздейтін қоғамдық нормаларға қайшы келмейтін философиялық түсінік. Критерийлер құндылықтың қандай екендігін толық әрі жан-жақты сипаттауға арналған бөлім. Жету жолдары ойын барысында алынған құндылыққа жету жолдарын нақты логикалық түрде көрсетуге арналған бөлім. Философиялық түйін өзіңіз құрған кейсті түйіндеуші, флософиялық ойды аяқтаушы бөлім. Форматтың еркін екенін ескере отырып ойыншының тек осы бағытта ғана емес, сонымен қатар, логикалық аяқталған кейс те құруына болады.
Конструктивті бөлім (Линкольн) |
6 мин |
Сұрақ-жауап бөлімі (Дуглас Линкольнға) |
3 мин |
Конструктивті бөлім (Дуглас) |
7 мин |
Сұрақ-жауап бөлімі (Линкольн Дугласқа) |
3 мин |
Конструктивті бөлім соңы (Линкольн) |
4 мин |
Конструктивті бөлім соңы (Дуглас), Қорытынды бөлім (Дуглас) |
6 мин
|
Қорытынды бөлім (Линкольн) |
3 мин |
ЛД форматы бойынша ойын барысындағы қарсылықтар
уақыт лимиті
жеке басқа қол сұғу.
ЛД форматындағы ойынды қызықты әрі жемісті болуына көмектесетін бірнеше құралдар бар:
ой жүйелілігі
құндылықтар иерархиясы
логикалық тізбектер және бақылау
теориялар.
Ой жүйелілігі сіз айтқалы отырған ойдың жеңіл қабылдануын қамтамасыз ете отырып қарсыласыңыздың сізді шатастыруынан сақтайды. Сонымен қатар, тек өзіңіздің емес қарсыласыңыздың ой жүйелілігін бақылай отырып ойынды өз бағытыңызға бұруға мүмкіндігіңіз бар. Ойы жүйелі келтірілген пікірсайысшы - жеңіске бір табан жақын пікірсайысшы.
Адамдардың барлығының құндылығы бірдей емес және бұл адамдар арасындағы көптеген даудың басты себебі болып табылады. Бірақ ортақ мақсат туындағанда бір құндылықты таңдап, сол құндылық аясында әрекет ету керек болады. Осы тұста құндылықтар иерархиясын тұрғызып, қай құндылық негізгі, қайсысы қосымша немесе төменгі рангті құндылық болатынын анықтап, ойындағы сіз алған тараптың құндылығы негізгі екендігін көрсету арқылы жеңіс тауына жақындауыңызға болады.
Логика - Линкольн-Дуглас форматы бойынша салған үйіңіздегі әрбір кірпіштің арасын байланстырушы негізгі құрал болып табылады. Логикалық тізбектер құрастыру арқылы қарсыласыңыздың қателіктерін көрсетуге немесе өз аргументтеріңізді негіздеуге болады. Жекеден жалпыға (индукция) және жалпыдан жекеге (дедукция) өту арқылы сіз жеткізгіңіз келген келген ойды анық әрі нақты жеткізе аласыз.
Теория - белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Ғылымдағы теорияларды өзіңіз құрған кейсте кеңінен қолдансаңыз сөзіңіздің салмағын еселей түседі.