Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
280.22 Кб
Скачать
  1. Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.

Ал егер өзіңіз Оппозияның дәйектерін назарыңыздан тыс қалдырып кеткен болсаңыз, онда бұл Оппозицияның негізгі қарастырар тақырыбына айналмақ.

ОЛ ұсынған дәйектерді қайталап, ҮМ-нің оған берген жауаптарының логикалық қателерге негізделетінін көрсету. Жаңа мысалдар өте маңызды, себебі ескі өлеңді ешкім де естігісі келмейді. Жаңашыл да оригиналды мысалдар жақсырақ болар еді. Оппозиция мүшесі 8 минут бойына тек үкімет тобының екінші спикерінің сөзіне қарсылық келтіреді.

  1. Міне, ойынның негізгі бөлімі аяқталды, оны сіздерге төреші айтады, ал сіздер тұрып кетпей оны тыңдап отырасыздар. Келесі келген адамдар, яғни парламентарий сөз сөйлейді, әрбіреуіне 1 минуттан уақыт беріледі. Оған сіз еш қарсылық білдіре алмайсыз, ол өзінің жеке ойын айтады. Кейін сараптама кезінде сіздер “мана парламентарий осылай айтты” деп оның сөздерін қолдана алмайсыз, бұл ережеге қайшы.

Осыдан кейін ойынның сараптама бөлімі басталады, сараптамаға бірінші болып оппозиция көшбасшысы шығады, оның уақыты 4 минут. Ол тек ойынды сараптайды, ешқандай жаңа аргумент енгіуге болмайды.

  1. Содан соң үкімет тобының премьер-министрі сөз сөйлейді, оның уақыты 5 минут. Ол алғашқы уақытын ребатлға алуға құқылы, яғни оппозицияның 2 спикерінің сөзіне ребатл жасайды. Кейін сараптамаға көшеді.

Талаптандыратын кейс – өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады.

Философиялық (құндылықты) кейс – Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қорғайды. Философиялық кейсте нақты іс-әрекеттен гөрі абстрактілі философиялық принциптерге көп көңіл бөлінеді. Шынайы өмір жағдайы философиялық пайымдау үшін пайдаланылса да, негізгі мақсат – философиялық құндылықтардың қақтығысы.

  • бостандық теңдіктен қымбат;

  • өлім жазасы ақталмайды.

Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс – спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Үкімет тобы Палата Спикерінің дәл сол уақыттағы емес, басқа уақыттағы кейпін жасауы мүмкін. Палата Спикері өтер пікірсайысты Үкімет атаған адам позициясының тарапынан, сол оқиға немесе құбылыс болған уақыт пен кеңістікке сәйкесінше ойлап, талқылауы қажет.

  • Сіз – Құдайсыз. Өмірді әділетті етіңіз.

  • Сіз – Билл Клинтонсыз. 1996 ж. Сайлауға қатыспаңыз.

Қарсылық түрлері

Ребатл техникасы

Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыспаңыз. Оларды жеке-жеке пайдаланған жақсы. Есіңізде болса, сізде 4-5 минут қана бар. Өз ойларыңызды қысқа етіп құрастырып, оларды 3-4 «тақырыпша» аясына жинақтап алыңыз. Сіз соққы ұшырататын аймақты айқындап, оларды логикалық жақтан тізбектеп шығыңыз.

Жинақтау

ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған пункттер 3-4 жалпы дәйекке топтастырылуы мүмкін. “Сіз ақ өтірікке бой ұрмауыңыз керек” деп тұжырымдайтын кейсте төрт жеке пункт достықтың маңыздылығы, өтіріктің достыққа әсері, алданған достың ашуы және сіздің дос ретіндегі жауапкершілік туралы,-олардың барлығы бір базалық дәйектің бөліктері, яғни өтірік достыққа да, өзіңізге де зиянды нәрсе. Мұндай дәйектеме – сіздің досыңыз. Артықшылығыңызды пайдаланыңыз: қарсыластарыңыздың кейсін жинақтап (бұл арқылы олардың жұмысын істеп), олардың дәйектемесі 2-3 негізгі идеяға саятынын көрсетіп, бұларға кейінірек күшті қарсылық білдіре аласыз.

Таңдама (выборка)

Бұл техника – «жаппай соғысқа» шақыруға ұтымды жауап. Шайқастарыңызды нақтылап таңдаңыз: шекті дәйектерге қысқаша жауап қайтарыңыз не назар аудармаңыз да пікірсайыстың мәніне қарай жылжыңыз. Егер раундта дефициттан құтылу үшін бензиннің 1 галлонына 50 цент салық енгізу жөнінде сөз болса, онда Америкадағы жеке меншік машиналар туралы пікірталас жүргізу орынсыз болар еді. Негізі мәні – мұның экономикаға зиянынан пайдасы көп бола ма? Не себепті салық басқаға емес бензинге салыну тиіс. Дефицит көрсетілгендей соншалықты үлкен жауапкершілік болып табылады ма? Бензинге салынатын салық регрессивті ме? Яғни – ребатлдағы 3-4 проблемалы пункттен аспау керек.

Көптік жауаптар

Бұл әсіресе ПМС-де тиімді техника. Оппозиция кейсіне күмән тудыру үшін бірнеше дәйектерді “атқылауға” мүмкіндік береді. Оппозицияға жауап қайтару қалмағандықтан бұл мәселелер төрешінің ойында раундтың аяғына дейін қалады.

Жоғарыдағы мысалды жалғастырайық. Оппозицияның негізгі дәйегі – бензинге 50 цент салық экономикаға кері әсер етеді. ПМ былай деп айтуы мүмкін: “Бұған менің 3 жауабым бар. Біріншіден, бұл дәйек өтірік, себебі ЖҰӨ-ді қысқартуды тоқтату Федералды Резервпен монетарлы саясатты өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дәйек тағы да өтірік, себебі тұтынушылар мен өндіріс автоиеленушілердің бірлесуі және жанармайдың тиімділігіне үлкен талпыныс арқылы бағалардың өсуіне дағдылана алады, аталған екі өзгеріс өте маңызды. Қорыта келгенде, оппозиция дәйегі қысқа мерзім үшін дұрыс болса да, өсетін ұлттық қарыз жүктейтін мемлекетке деген салмақ бұл салыққа қарағанда өте қауіпті. Оппозиция шындықты қабылдамайды, ал біз болсақ ұзақ мерзімдегі АҚШ экономикасының мықты болуы үшін әрекет етеміз”.

Шолу

Шолулар – жоғары дәрежедегі тақырыптар мен құндылықтар қақтығысын қамтамасыз ететін тәсіл. Әрбір кілтті мәселелерді, әрбір тараптың оларға қалай жауап бергенін (не жауап бере алмағанын) және де не себепті Сіздің тарапыңыз әрбір жағдайда басым түскендігін көрсетіп беріңіз. Раунд бойынша бекітілген мәнді тұстар мен басты факттарды қалпына келтіріңіз (яғни ПМК-нен кілтті бөлімдерді). Қақтығыс аймақтарынын раунд бойында текетіресті тудырған ерекше тұстарды көрсетіңіз. Екі жақтың көзқарасы тарапынан дәйектің пайда болуы мен дамуын қалпына келтіріп, мұның сіз үшін ұтымды жағын түсіндіріңіз. “Дәлелденген факттарды” талқылаңыз.

Мысалы: “Құрметті төреші, біз АҚШ экономикасы ұзақ мерзімді болашағы таласқа түспейтін приоритет екенін дәлелдедік. Біздің көрсеткеніміздей, бензинге салынатын салық тұтынушылармен өндірісшілерді жанармай тиімділігін өсіруге итермелейді және федералды бюджетті қысқарту мақсатында Үкіметке қысым көрсетіледі.

Диохотомиялық

Бұл техника ребатл жасайтын адамға әлемнің тағдырын Үкімет жоспары мен оппозиция жоспары бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл қақтығыс негізгі аймақтарын қызықты мәнерде көрсетудің ұтымды әрі қарапайым әдісі. Сізге керек пункттерді қамтитын 3-4 контраст пен қарсы тұруларды таңдаңыз. Мысалы: “ Үкімет жоспары бойынша АҚШ Үкіметі орта тап үшін тек тағы бір әділетсіз салықты қосады. Оппозиция жоспары бойынша бюджетті қысқарту арқылы біз салықтың көбейюінен құтылып қана қоймай, сонымен бірге дефицитті азайтамыз. Егер Үкімет ұсынысымен жүретін болсақ, онда онсыз да төмендеп бара жатқан стагнацияны жалғастырып асқындыра түседі. Оппозиция жоспары бойынша біз экономиканы ынталандырып, фискальды жауапкершілікті енгіземіз”

Диохтомиялар мына формалар (қалыптар) арқасында ребатл тез арада құрылым мен тәртіпке келтіреді: “Олар Х істейді және Х-жаман. Біз У жасаймыз және У-жақсы, себебі Z”. Сонымен қатар, диохтомиялар қарсылас жоспарына іліккендей зұлымдықтар мен сіздің әділдік байрағыңыз әкелетін жердей жұмақтың тірі бейнесін көрсете алады.

Кешірімсіз қателіктер

Жоғарыда көрсетілгендей байқалмай кеткен дәйектер раундтың басты пунктіне айналуға бейім. Егер сіз енгізген дәйекті қарсылас топ жіберіп алса, онда бұл жағдайдың өзі раундты жеңіп алу үшін жеткілікті. Мұны ребатлда “жандандырып жіберіңіз”. Бұған нұсқау жасаңыз, анекдот айтып беріңіз, қарсы топ бұл дәйекке не себепті жауап бере алмағанын түсіндіріңіз, дәйекті тереңдетіңіз. Бірақ, өз кезегіңізде қарсыластың бірде бір дәйегін жіберіп алмағандығыңызға көзіңізді жеткізіңіз. Егер сіз “ОМ-н талқандау” техникасына тап болған ПМ болсаңыз, бұл өте ұтымды болар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]