Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
280.22 Кб
Скачать
  1. Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.

Сәлемдесу, қарарды (тақырып) айту. Талқыланғалы отырған қарар бүгінгі таңда несімен маңызды, өзектілігі қанша? Алдымен осыған тоқталып, ойға, ойынға кіріспе жасайсыз. Мұнда сіздің айтып отырған сөздеріңіз парламентариға түсінікті болуы үшін қолданатын терминдік сөздерге анықтама енгізіп кетесіз, бұл диффиниция немесе кілттік сөз деп аталады. Мысалы: экономикаүй шаруашылығын жүргізу өнері немесе материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар т.б. Әдетте кілттік сөздерге көп уақыт жіберіп қажет емес, сондай-ақ қарапайым ұғынықты сөздерге анықтама берудің де қажеті шамалы.

Келесі маңызды нәрсе бұл Status Quo немесе қалыптасқан жағдай деп аталады. Бұл жерде көбіне статистикалық мәлімет енгізіледі. Ескеретін жағдай ақпарат нақтылыққа негізделуі тиіс. Мәселенки, қарар неке туралы болса, онда: ҚР 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында АХАТ органдарында 155,3 мың неке тiркелген. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 1,5%-ға артық. Сонымен қатар, ажырасулар саны 47,3 мыңға жетiп, 4,9%-ға өскен. Осы қалыптасқан жағдайдан мәселе (проблема) туындауы керек. Мысалы: ҚР ажырасулар санының өсуі. Мәселе анықталып көрсетілгеннен кейін оның өзектілігін ашып кетуді ұмытпағаны абзал.

Содан кейін осы мәселенің шығу себептері туындайды және оларды атап өту, оларға негіздеме беру керек, олар бірнеше болуы мүмкін. Себептерін айтып болғаннан кейін үкіметтің басты жұмысы шешу жолдары басталады. Кейсте проблемаға қатысты қанша себеп көрсетілсе, шешу жолдары да сонша болуы керек. Егер де пікірсайысшының тәжірибесі мол болатын болса, бар себептерді бір ғана шешу жолы арқылы жоюға болады. Қарада «механизмін ұсынады», «концепциясын ұсынады» делінген жағдайда шешу жоллдарында басты 3 сұраққа жауап беру керек: Кім? Қалай? Қашан?

Премьер-Министрдің соңғы сөздерінде нәтижеге тоқталып кетуі маңызды, себеп нәтижені айтпаған жағдайда топтың жеңілу қаупі төнеді. Ескертетін дүние, нәтиже қалыптасқан жағдайды өзгертуі керек.

Міне, жоғарыда айтылғандардың барлығын Премьер-Министр 7 минутта айтып үлгеруі керек. Уақыттың қалып қоюы үлкен кемшілікті білдіреді. Әрбір спикер өзіне сөзін айяқтау үшін 30 секунд уақыт ала алады. Бұл негізгі уақыттан бөлек берілетін қосымша уақыт.

  1. Оппозиция Лидері үкімет ұсынған кейсті қарастырып, оның кемшіліктерін айтуы керек. Осыған негізделе отырып оппозиция ұстанымын дамыта түсуі тиіс. Оппозиция Лидері Премьер-министр сөзін аяқтаған соң бірден шақырылады және 8 минут сөйлейді. Парламенттік пікірсайыста сөз арасында дайындалуға қосымша уақыт берілмейді.

Оппозиция Лидерінің міндеті – қақтығысты қамтамасыз ету, яғни Үкімет ұсынған ұстанымға қарама-қарсы көзқарастың бар екендігін және оның да қарастырылуын қамтамасыз ету. Оппозиция Лидері Үкіметтің барлық айтқандарын Премьер-министр берген ұғым мен анықтамалар негізінде қарастыруы міндетті емес. Оппозиция балама көзқарасты ұстанғанымен, ол Үкімет күткендей терістеуі де міндетті емес.

Ол өз сөзінде (әрине, амандасу және өзін таныстыру) қарарды айтып кету керек. Оппозиция Лидері кейсті еңгізуі міндетті емес. Ол тек үкіметтің кейсін құлатумен болады. Ал кейбір жағдайларда Үкімет тіптен кейс еңгізбесе, немесе өте әлсіз кейс ұсынса, оппозицияның қарсылық келтірер сөзі болмаған жағдайда ғана өз кейсін ұсыну мүмкіндігі бар.

Әдетте үкіметпен келісе салудың арты нашар. Төреші “бұлар дайын емес шығар” деп жеңіліс бере салуы мүмкін немесе ол жақсы ойын көруге келді, ал сіз барлығымен келіссеңіз – бұл дұрыс емес және жеңілгеннің белгісі.

Сонымен оппозиция неден бастайды? Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұстанымының) қандай болжамдарға сүйеніп отырғандығын анықтау керек. Бұл болжамдардың қателігі мен сенімсіздік тудыратын жақтары қандай? Аталған мәселелердің және болжамдардың көзқарасыңызға сәйкес болуы үшін не өзгертуге болар еді? Қарарды айтқаннан кейін кілттік сөзден, яғни диффинциядан бастау тәуір болады. Диффиницияға мұқият болу керек, А4 форматты қағазға жазып, қасына өз диффиницияңызды бірден жазып үлгеру керек, шыққаннан кейін оған қарау оңай болады және төрешінің алдында қағазға үңіліп тұрмайсыз. Ескеріңіз: бұл жайт төрешілрерге және отырған парламентариға ұнамайды. Алайда кейбір келтірілген кілттік сөздер дауласуға жатпайды, яғни олар дұрыс келтірілген және “біз келісеміз” деп айту керек. Мысалы: неке жасы – еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас (бұл заңда осылай жазылған, сондықтан қарсы шығып керек жоқ). Ары қарай барлық кейстің жақтары бойынша тоқталып, қарсылық келтіріп кету керек, бірақ осында да барлығына бірдей келтіре беріп керек емес, нақты түсініп алу қажет.

Есіңізде сақтаңыздар: Сіздің басты міндетіңіз Үкіметтің әрбір дәйегіне қарсылық жасап терістеу емес. Сіздің мақсатыңыз олардың кейс құрылымын әлсірету, яғни ортақ идеясының байланысын ыдырату. Терістеу жасау барысында бірінен соң бірін терістеуден гөрі жалпы кейстің осал тұстарын іздеп зерттеген әлдеқайда тиімді болмақ.

Саяси форматта басты орында шешу жолдары орын алады. Сондықтан ең басты қақтығыс нүктелері шешу жолдарында болу керек. Бұнда барлық Кім? Қашан? Қалай? деген сұрақтарға арсы шығу міндетті емес, алайда пікірсайысшылар әдетте барлығына тиісе береді. Және маңыздысы – ол нәтиже! Нәтижеге міндетті түрде қарсылық келтіру керек, оны жасамасаңыз, төреші сізге жеңіліс қоюға құқылы. Осының барлығы 8 минутта жасалатын жұмыс, сондықтан қағазға не айдалаға қарай бермей арасында тайм киперге қараған да абзал.

  1. Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі соншалықты сыни болады. Үкімет Мүшесі конструктивті сөзі жеңіс пен жеңілістің арасын ажыратушы белес болмақ. Үкімет Мүшесі 8 минут ауқымында екі мақсатты орындауы тиіс: Үкімет кейсінің артықшылығын қамтамасыз ету және Оппозиция тобының тарапынан мүмкін болатын терістеудің алдын алу. Ол жаңа ғана қарсылық келтіріп кеткен оппозиция көшбасшының сөздеріне қарсылық келтіріп, өз кейстерін қалпына келітіріп, ары қарай жалғастыра, дамыта алады.

Пікірсайыстың айырмашылықтарға негізделгендігінен Төрешіге де, Оппозицияға да осы айырмашылықтарды ажыратып көрсету керек. Сөзіңіздің барынша қысқа және мазмұнды болуына назар аударыңыз. Раундқа шолу жасау барысында ұсақ нәрселерге көп тоқталмаған дұрыс. Сіздің мақсатыңыз – сөзіңізден кейін дами түсетін сайыстың бейнесін қалыптастыру.

ПМ пайдаланған құрылымды пайдалана отырып, ол қолданған атауларды қолдануға тырысыңыз. Оппозицяияның негізгі тұжырымдарын осы құрылымды пайдалана отырып терістеңіздер.

Алдымен Үкімет ұсынған кейстен бастаңыздар және Оппозиция Лидері жасаған сындарды түзетіңіз. Артынша Оппозицияның ой-түйіндерін анықтап терістей бастаңыз.

Оппозиция кейсіндегі сұрақтар мен дәйектерге тоқталып оларды талдау жасаңыз. Осыдан соң Үкімет кейсінің қаншалықты мықты екендігін көрсетуіңізге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]