
- •Пікірсайыс – парасатқа.
- •1. Ортаның әсері:
- •2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
- •3. Жекелеген тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.Б.).
- •Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай аша білу
- •Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау
- •1. Диалогтық сөйлеу.
- •2. Монологтық сөйлеу.
- •1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ ортақ кілт сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
- •Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.
- •Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.
- •Линкольн-Дуглас форматы
- •Төрешілерге нұсқаулық
- •Төрешінің этикасы.
- •Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.
- •«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық і жиын
1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ ортақ кілт сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
2. Атамаса да айдан анық сөзді түсіндіру дұрыс емес деп шағымдану бар. Дегенмен керек тастың ауырлығы жоқ тақырыптар да бар. Тағы бір жағы пікірсайысшы болғандықтан сараптауға білім жетер. Ақылды шешімді ситуацияға қарап қабылдарсыз.
Ақпарат жинау, статистикалық мәлімет
Бүгінде пікірсайысшылардың арасындағы ойын барысында көптеп еститін қарсылықтардың бірі «дезинформация». Бұл сөзге деффиниция бермесек те барлығымыздың құлағымыз естіген, себебі әрбір турнирлерде жиі айтылатын сөздердің бірі десек келісерсіздер. Біреулер мұндай дезинформацияларды ойларынан құрастырып жатса, ал енді бірі бұқаралық ақпарат беттерінен оқып білгендіктерін айтып ақталып жатады. Ия, бүгінде біз пікірсайыс турниріне дайындалғанда газет, кітаптарға көп жүгінбей көмекті интернет беттерінен іздейтіндігіміз мәлім. Бірақ осы интернет беттеріндегі ақпараттардың қаншалықты шындық, не өтірік екендігіне аса мән беріп қарап жатпайтындығымыз тағы бар. Мысалы, «Карл Поппер» форматында ойыншы қандайда бір маңызды ақпарат айтқан болса, ол ақпаратты қайдан алғандығы жөнінде сілтеме жасап өтуі тиіс. Қазірде біз ойнап жүрген АПФ, БПФ форматтарында мұндай талаптар жоқ, сол себепті жалған ақпараттарды жиі естіп жатамыз. Интернеттен мәліметтер іздеп қарасақ сан түрлі сайт беттерінен ақпараттар легі лық етіп шыға келеді. Сонымен қоса, әр пікірсайысшы тек керекті, маңызды ақпараттарды көрсете алуы да ойынның мәйегі болып табылады. Қазір қандай да бір тақырыпқа байланысты ақпараттар іздесең өте көп, солардың ішінен тек қажеттісін, пайдаға асатынын сүзіп алып жеткізе білу керек. Енді осы ойындарға дайындалу барысында қандай сайт беттерінен шынайы, нақты, әрі соңғы мәліметтерді алуымызға болады ? – деген сұрақ туындайды. Көбіне интернет беттерінен мәлімет алған кезде әр мақаласы мен берілетін мағлұматтары сүзгіден өтетін ресми сайттардан қараған дұрыс.
Кей ойындарда біз жаңа бір қабылданып жатқан заңдарға, не болмаса жаңа бағдарламаларға байланысты пікір алмасамыз. Сондай ойын кездерінде біз заң баптарын, бағдарламаларды қарастырамыз. Осындай тақырыптарға қатысты ойынға дайындалу кезінде соңғы мәліметтер шығып отыратын сайттар:
http://www.adilet.gov.kz/ru,
http://www.zanmedia.kz/,
http://adilet.zan.kz/ .
Ендігі кезекте status quo келтіретін статистикалық ақпараттар легі, осы status quo барсында статистикалық мәліметтердің ескі болып шығып жатулары не болмаса, екі тараптың мәліметтері екі түрлі келтіріліп жатады. Бұл да интернет беттеріндегі өзімізге қажетті ақпараттарды дұрыс көздерден алмауымыз. Егер де ойын масштабы Қазақстан бойынша ойналып жатқан болса, онда елімізге байланысты статистикалық мәліметтерді http://www.stat.gov.kz/ сайттан қарасаңыздар болады және осы сайтта әр облысқа да тиесілі статистикалық ақпараттарды қарай аласыздар.
Ойынға дайындалу процесінде ойынның тақырыбына қатысты түсінбеушіліктер, қиындықтар туып жатса, онда университет оқытушылары және ойын тақырыбымен байланысты салада қызмет атқаратын мамандардың көмегіне жүгіну тақырыпты тереңірек әрі нақты түсінуге мүмкіндік береді.
Дәйектеме ұсыну
Дәйектеме сөзі латынның «argumentum» «нәрсе, пән, белгі» деген сөзінен шыққан. Философияда пікір мен ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел деген мазмұнды білдірсе, логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Ал пікірсайыста философия мен логиканың екеуіне де қарасты мәселелерді қамтиды.
Дәйектеме құру барысында төмендегі сұрақтарға жауап ізделіну керек:
Бүгін маған далаға шығуға болады ма? Не үшін шығуым керек?
Өйткені, мен бүгін кітапханаға баруым керек.
Себебі, біз қазір квантовый физиканың негізін өтіп жатырмыз. Мен оны өзім меңгеріп алғым келеді.
Сонымен қатар, бұл тарау мен үшін өте маңызды, өйткені біз аралық бакылауды осы тарау бойынша тапсырамыз.
Дәйектеме жоғарыдағы құрылым бойынша құрып алғаннан кейін
дәйектемені көпшілікке жеткізудің жолдары:
Дәйектеме ұсыну, яғни ұсынылған ойды жеткізе білу керек;
Дәйектемені ашып көрсеткен соң, қарсы топ мен төрешіге жеткілікті түрде түсіндіріп беру керек;
Дәйектеме белгілі бір ойды жеткізетіндіктен, ойды дәлелдеу керек;
Дәлелденген Дәйектемені қорыту керек.
Дәл осы айтылған ретпен дәйектеме ұсынсаңыз,дәйектемеңіз құламайтын және мықты болады!!!
Американдық Парламенттік Формат (АПФ) – бұл қиял парламентіндегі дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайысы. Әрқайсысы екі ойыншыдан тұратын екі команда – Үкімет пен Оппозиция талқылауға, пікір таластыруға ұсынылған қарарды талқылайды. Пікірсайыстың бұл түрі ЖОО студенттері арасында кең таралған.
Американдық Парламенттік Формат 2 бөлінеді |
||
|
|
|
Қарар (резолюция (RS)) |
Қарар (резолюция (RS)) |
|
Қарадың өзектілігі |
Қарадың өзектілігі |
|
Кілт сөз (дефиниция (Df)) |
Кілт сөз (дефиниция (Df)) |
|
Қалыптасқан жағдай (Status quo) |
Қалыптасқан жағдай (Status quo) |
|
Мәселе (проблема) |
Философия |
|
Мәселенің өзектілігі |
Аргументтер (бірнеше болуы мүмкін және фактімен негізделу керек) |
|
Мәселенің себептері |
Қорытынды |
|
Шешу жолдары: Кім? Қалай? Қашан? (қарарда механизмін, концепциясын ұсынады деген жағдайда міндетті болып табылады) |
|
|
Нәтиже |
|
АПФ форматы 2-ге бөлінеді: саяси және құндылықты. Саяси форматта нақты проблема бар және оны шешу жолдары қарастырылған. Мысалы, ҚР-ның ДСҰ-ға кіруі қарсаңында бизнес қауымдастықты дайындаудың тиімді жолдарын ұсынады. Құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, мұнда проблема жоқ және палаталар иә/жоқ, келісемін/келіспеймін деген позицияларды жақтайды. Мысалы, Түркі мемлекеттерін біріктіретін ортақ идеология қажет д.е.
Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК) |
7 минут |
Қарармен таныстырады. Өз кейсі туралы нақты және дәл түсінік береді. Кейсті бірнеше тәуелсіз дәйектер арқылы қуаттайды. |
|
Оппозиция лидерінің конструктивті сөзі (ОЛК) |
8 минут |
Оппозиция философиясын көрсетеді. Оппозицияның стратегиясын/контркейсін ұсынады. Тәуелсіз сараптама жасайды. Үкімет дәйектерін терістейді. |
|
Үкімет мүшесінің констркутивті сөзі (ҮМК) |
8 минут |
Қысқаша шолу жасайды. Оппозицияның тәуелсіз сараптамасына шабуыл жасайды. Үкімет кейсін қайта құрады/бекітеді. Жаңа дәйектер енгізеді |
|
Оппозиция мүшесінің конструктивті сөзі (ОМК) |
8 минут |
Оппозиция философиясын қайта қарастырады. Жаңа дәйектер мен сараптама келтіреді. Екі топтың негізгі дәйектерін басып түседі. |
|
Парламенттен шығып сөйлеу (1 минут) |
|
Оппозиция лидерінің сараптамасы (ОЛС) |
4 минут |
Пікірсайыстың негізгі тақырыбын еске салады. Жаңа мысалдар арқылы өз позициясын анықтайды. Үкімет пен Оппозиция позициялары арасындағы нақты айырмашылықты көрсетеді. Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді. Қорытынды жасайды. |
ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ
|
Премьер-министр сараптамасы (ПМС) |
5 минут |
Раунд қорытындысын жасайды. Раундтың негізгі және қиын кезеңдерін анықтайды. Оппозиция мен Үкімет позициялары арасындағы нақты айырмашылықты көрсетеді. Көзқарастар қақтығысын (дихотомия) нақтылап көрсетеді. Қорытынды жасайды.
|
ЖАҢА ДӘЙЕКТЕРГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ (OM) ДӘЙЕКТЕРІНЕ ЖАУАПТЫ ҚОСПАҒАНДА |
САЯСИ ФОРМАТ