Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AZAMAT (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
280.22 Кб
Скачать

Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау

Сөйлей білмес жаманның,  Сөзі өтпес бір пышақ.  Сөз білетін адамның,  Әр сөзіне бір тұсақ. 

Халық даналығы

Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егер де ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. 

Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.

Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды келістіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

...Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». Сөзді тыңдай білмеу. Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл пікірсайыс мәдениетіндегі, ең бастысы сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.

Қаратпа сөз хақында

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді.  Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Сол секілді қоғамда осындай сыпайылықты орнату үшін пікірсайыстан осы қағиданы, яғни «СІЗ» деп қарым қатынас жасауды алға қойған дұрыс секілді.

Жас дос, сізге көркем ойыңызды халыққа дұрыс жеткізудің ең басты дүниелерін айттық. Енді пікрісайыс алаңына шыққанда мыналарды есте сақтағаның абзал:

Сөз бастау бір адамға оңай шаруа болса, енді біріне қиынның қиыны болып көрінеді. Көптің алдына шығып сөйлеу үшін үлкен дайындық қажет. Менің айтқым келгені дайындықсыз жасалған дүние ешқашан жемісін бермейді. Егер көпшілікке сөзіңді тыңдатқың келсе және олардың назары саған ауғанын қаласаң онда сенің киген киіміңнен бастап, сөйлеген сөзіңе дейін мінсіз болуы керек. Мынандай жақсы әрі орнымен айтылған сөз бар: «Ақылыңа қарап шығарып салғанымен, киіміңе қарап күтіп алады.» Бұл жерде мен қымбат, жарқыраған киім киіп ал деп тұрғаным жоқ. Киім жағдайға сәйкес, өзіңе жарасымды әрі ыңғайлы болса, болды. Көптің алдына шығып сөйлегенде сенімсіздік, алаңдаушылықты тудыратын себептердің бірі – киім үлгісі. Өйткені адам өзін басқалармен салыстырады, олардың өзіне деген көзқарастарын байқайды. Соның әсерінен ол ыңғайсыздана бастайды да ойы бөлінеді. Бұл дегенің тыңдаушыларды өзіңнен алыстатып алуға алып келуі мүмкін. Киген киімің өзіңе сенімді әрі ыңғайлы болсын. Әрбір істің, таныстықтың басы – сәлемдесуден басталады. Қазақтың даналары айтқан жақсы сөз бар «Сәлем – сөздің анасы». Яғни, сөзіңнің сәтті шығуына бір қадам жақындататын – сәлемдесу. Сәлемдесу қысқа да нұсқа, мағыналы болуы тиіс және әдемі күлкі мен жағымды ымды қоса біл!

Келесі, әрбір сөз бастаушының сөзінің нақты мақсаты болуы тиіс. Яғни, сен өзіңнің кімге және не туралы айтатыныңды жақсы білуің керек. Тыңдаушылар сенің сөзіңнің дұрыстығына сенуі үшін қолыңда сенімді ақпарат болуы қажет. Себебі, дәлелдемесі жоқ сөз, құрғақ сөз.

Өзіңді сенімді сезіну үшін өзіңе ыңғайлы атмосфераны жасап ал. Мысалы, өзіңді оқушыларға сабақ түсіндіріп жатқан мұғаліммін деп елестет. Немесе, керісінше сабақ айтып тұрмын деп ойла. Ең бастысы өзіңді қауіпсіз әрі сенімді сезінетін көріністі елестет.

Көпшіліктің алдында сөйлей алатын мықты оратор болғың келсе, өзіңмен үздіксіз жұмыс жаса! Өзіңді сырттай бақылауға ал! Оны видеокамера, айна сияқты тұрмыстық құралдардың көмегімен жүзеге асыра аласың. Көптің алдына шығып сөйлеген кездеріңді немесе үйде өзіңді бейнежазбаға түсір! Сол арқылы кемшіліктеріңді көріп, онымен жұмыс жаса. Тек қарапайымдылығыңды сақта. Қарапайым бол, шынайы бол! Сөздердің жаңылыстыратын болсаң, жаңылтпаштар көп оқы және айтылуы қиын сөздерді айтып үйрен.

Көпшілік алдында сенімді сөйлеу үшін:

  1. Жарасымды киім үлгісі;

  2. Керемет сәлемдесу;

  3. Мақсаты бар сөз;

  4. Сенімді ақпарат;

  5. Ыңғайлы көріністі елестету;

  6. Өзіңмен жұмыс жаса;

  7. Өзіңді сырттай бақылау;

  8. Қарапайымдылықты сақтау.

Құрметті жас дос! Жоғарыда айтылғандардың барлығы мықты ораторлардың ұсынған техникалары, ораторлық қабілетіңді дамытуға бағыттайтын құралдардың бірі. Бұл кеңестерді жүрегіңмен қалап орындасаң,міндетті түрде жемісін береді. Сәттілік!

Ым, қол және саусақ қимылы

Психолог Альберт Мейербани анықтағандай адамдар ақпарат алмасуының 7% тек сөздер, дыбыстық интонация мен дауыс тембрі құралдары 38% және бейвербалды құралдар 55 % тұратынын дәлелдеді. Мейербанидің ойын профессор Бердсвиссл де растап, адамның күніне сөздің өзін 10-11 минут қолданатынын атап өтті. Сәйкесінше, ол адамдардың вербалды құралдарды 35% және бейвербалдыны 65% қолданатының дәлелдеп өтті.

Бейвербалды комуникацияның ішінде бірінші кезекте ойымызға ым келеді. Ымдардың маңыздылығы туралы немесе оны қолданылуы туралы адамдар көп ойланбайды. Ымды білу және қолдана білген адамдар тарихта өздерінің іздерін қалдырды. Мысалы, Джон Кеннедидің Ричард Никсонды теледидарлық пікірсайыс жеңуі, Ленинмен Гитлердің қолдарын сілтеуі, Наполеонның қолын күртесінде ұстауы және т.с.с тұлғалардың ымдары тарихта із қалдырды, қалдырады да.

Ымдардың маңыздылығын тікелей адамдармен жұмыс істейтін мамандар жақсы түсінеді. Оған сақтандыру агенті, маркетолог, саясаткер, журналист, психолог және т.б мамандар жатады. Біз бұл жерде әзірше нақты маман иесі болмасақ та ымның маңыздылығы туралы ойланамыз. Қолдарынызды сенімсіз сілтеу, ұялғаннан кейін қызарып кету, сын сәтте ымдарыңызды бақылай алмау оларды дұрыс пайдалана білуге итермелейді. Дұрыс сөздер, соларға лайықты әдемі ымдар арқылы аудиторияны өзіңізге қаратып аласыз.

Ендігі кезекте ымдардың өздеріне келетін болсақ. Белгілі бір өлшемді, көлемді көрсету ымы. Қолынызбен қаншалықты мөлшерде екендігін көрсету тыңдаушыларға бейнелі түсінік береді.

Басыңа меңзеу, біреуді немесе бірдеңені пікірсайысшының басына меңзегенде өздеріңіз ойлап қараныздар, логикалық түрде түсініп көріңіздер деген мағына білдірсе, немесе бірдеңені меңзеуді соған сілтеме ретінде қабылданады.

Қолды жұдырыққа жұму, қолды жүректе ұстау, 5 саусақты біріктіру немесе сұқ саусақты көрсету секілді ымдар тәртіпті орнату менің қолымнан келеді, маған сенініздер деген ұғымдарды білдіреді.

Әрине жоғарыдағы ымдармен қатар басқа да ымдар жетерлік.

Қорытындылай келе ымдарынызды жаттықтыратын болсаңыз, сіздің сөздерінізбен бірге табиғи үйлесімділік табады. Аудиторияңыз сізді бірден түсінеді.

Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)

Спикерлік қасиеттер:

  • Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тынышты алмаудан

аулақ болу;

  • Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;

  • Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінігің болу;

  • Сыртқы "деловой" келбет.. Үй шаруасындағы киіммен пікір - сайысқа түсіп

көр, не болар...

  • Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;

  • Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;

  • Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс - жұлысқа салынып жеңіп шығу

ойға сыймайтын нәрсе;

  • "Смыщленность" дейді ғой, қулық пен пысықтықты ұштастыра білу; Жалпы дебаттағы Спикер - Оратор. Айтылғандарды бұлжытпай орындай білсе, нақты қалыптасқан біржақты пікірі-ойы болса, командалық рухтың мүшесі бола білсе, сөйлесе жеңіс .

Уақыт тиімділігі және Кілт сөз

«У Гершеля Бамгергера было необычное

хобби – он экономил время.»

Х.Теллер «О том, что на душе»

«Үлкен адам болу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға» - дейді Мұхтар Шаханов ағамыз. Тарихта Наполеон 4 сағат қана ұйықтап-ақ есімі әйгілі болған болса, Эйнштейн қызметшісіне жарты сағаттан соң оятуын өтінеді, демалсын деп 1 сағаттан кейін келген қызметшісіне Эйнштейн налып: «30 минутымды қайтарыңыз» - деп сұраған екен. Осы мысалдардан арманға жету үшін уақытты тиімді пайдаланудың мәнін аңғарамыз.

Бұхари риуаят еткен хадисте «Адамдардың көбісі бағаламайтын екі нығмет бар. Ол – денсаулық пен бос уақыт» делінген және бұл қай ғасырға да сай.

Ал бүгінгі қоғамда уақыттың қадірін бағамдауға пайдасын тигізер істің бірі – пікірсайыс. Ережеге сай, әр спикер өзіне берілген уақыт лимитін сақтап, идеясын нақты жеткізуге міндетті. Уақыт шектеуі - ойындағы әділеттілік пен тәртіптің кепілі.

Ендігі кезекте уақыт тиімділігінің қағидаларын ұсынамыз:

  1. Таймкипердің ескерту белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз, ол ойыңызды тиянақтауға әсер етеді.

  2. Тарих та, ғылым да мойындаған әдіс – жазу. Өз ойыңызды, яки қарсылықтарыңызды қағаз бетіне қысқаша түртіп отырыңыз. Ой жүйелілігі уақытты үнемдейді.

  3. Уақыт лимиті - сіз үшін сүзгі. Идеяларыңыздың ең маңыздысын таңдап алып қана ұсыныңыз. Ойыншыға сапа, уақытқа пайда.

  4. Тіл тазалығы, яғни бейсауыт сөздерді ( жаргон, диалект) қысқартыңыз. Бір сөзді үнемі қайталайтын ( яғни, және, тағы) әдеттен арылыңыз. Идеяны ең нақты, түсінікті сөйлеммен беріңіз.

  5. Мүмкіндікті толық пайдаланыңыз. «Ырыс астың қалғанында болуы мүмкін». Жеңіске жеткізер сөз соңғы минуттарда айтылуы да ғажап емес. Дегенмен, уақыт толтыру үшін құрғақ қасықпен ауыз жыртып керек емес.

Өзгенің де, өзіңіздің де уақытыңызды бағалаңыз. Уақыт бізге емес, біз оған тәуелді екенімізді ұмытпайық, достар!

Кілт сөз (дефиниция).

Қоғамда болып жатқан құбылыстарды әр тұлға өзінше ой елегінен өткізетіні белгілі. Ал пікірсайыс осы көзқарастарды зерттеп, ақ-қарасын айырады. Тақырыпты өзекті етіп, ашу үшін кілт сөздің орны айтарлықтай. Мәселенки, резолюция "БП Гитлердің саясатын ақтайды" болса, Гитлерді және саясатты позициясына орай таныстырып, дефинициясын ұсынады. Ойын алаңы соған қарай құрылады. Енді кілт сөздердің қыр-сырын қағидалармен жүйелейік:

1-қағида: дефиниция неғұрлым қысқа, жинақы болса, тез жатталады.

2-қағида: өз позициясын, кейсін толық ашуы, қуаттауы тиіс. 

3-қағида: жан-жақты қарастырылса, дефиниция сапалы болмақ. 

Кілт сөздерге қатысты көптеген қайшылықтар туындайтыны баршамызға анық.

Бірауыздан бекітілген шешім мынадай:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]