
- •Пікірсайыс – парасатқа.
- •1. Ортаның әсері:
- •2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (оқу орнының тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
- •3. Жекелеген тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т.Б.).
- •Мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай аша білу
- •Көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі ұстау
- •1. Диалогтық сөйлеу.
- •2. Монологтық сөйлеу.
- •1. Өзіне бұрмаланған дефиницияға міндетті түрде қарсылық келтіру керек. Бірақ ортақ кілт сөз ұсынылатын тақырыптарда ұсақталмай, мәдениетті түрде толықтырып өтуге болады.
- •Үкімет тобы Премьер-Министрінің басты міндеті талқыланып отырған қарар аясында өзінің презентациясын жасау. Ол келесідей негізгі құрылымнан тұруы тиіс.
- •Әрқашан Оппозиция тобы қарастырмай кеткен немесе толыққанды жауап бере алмаған Үкіметтің дәйектеріне сүйену керек.
- •Линкольн-Дуглас форматы
- •Төрешілерге нұсқаулық
- •Төрешінің этикасы.
- •Төрешінің тыңдау қабілеті мен шешім шығару мақсаты.
- •«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық і жиын
Азамат интеллектуалды пікірсайыс ұйымы
Пікірсайыс
(Әдістемелік құрал)
Алматы 2014-2015
Мазмұны
Мазмұны
Піркірсайыс тарихы.....................................
Тіл тазалығы.............................................................................
Мақал-мәтелдердің пікірсайыстағы маңызы..................
Ой ұшқырлығы..................................................................
Көпшілік алдынды сөйлеу...........................
Ым, қол және саусақ қимылы............................................
Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)............................................................................
Уақыт тиімділігі және Кілт сөз................................................................
Ақпарат көздері................
Дәйектеме ұсыну.........................................................................
АПФ (Американдық парламенттік формат).......
ЛД (Линкольн-Дуглас)..................................................
Әділдіктің шыңына ақ туыңды тік......................................................................
«Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық жас пікірсайысшылардың I жиыны...............................................
Қорытынды.....................................................................
Құрметті
оқырман қауым!
Ассалаумағалейкум, - деп сөз бастайын...
Біріншіден, бұл жинақ біздің алғашқы туындымыз!
Екіншіден, әдістемелік құралды құрастырған АЗАМАТ жастар ұйымы!
Үшіншіден, білем үйренем деген азаматтар мен азаматшаларға қайнар көз болып табылады!
Әдістемелік құралдың жалпы мақсаты:
Патриоттық сезімге баулу;
Қазақ тілінің мәртебесін пікірсайыс арқылы көтеру;
Жастарды мәдениеттілікке, шебер сөйлеуге үйрету;
Адамның жан-жақты қалыптасуы қатар, өз ойын нақты жеткізуге үйрету;
Еліміздің кейбір өңірлеріндегі пікірсайысты дамытып, оларға пікірсайыс форматын үйретіп, жаңа бағыт беру;
АПФ (Американдық Парламенттік Формат), ЛД және т.б пікірсайыстың қыр-сырымен таныстыру;
Төрешілікті үйрету.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай біз бірінші қадам жасадық.
Өзінің шешендік өнерін, пікірсайыстың қыр сырын үйренем деген және пікірсайысқа енді келген немесе келемін деген адамға сілтеме кітап болсыншы деген ниетпен жазылған.
Жоғарыда айтылған мазмұнға зер салсаңыздар тәртіп, эмоция, ым-ишара, көпшілік алында өзін ұстай білу бәрі-бәрі пікірсайысшының тұлға болуына, ең бастысы адамның тұлға болып қалыптасуына үлкен жол ашады деген үмітпен құрастырылған.
Бұл кітапшаның жинақ болып басылуының негізгі себебі 2013 жылдың желтоқсан айында өткен «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты Республикалық жас пікірсайысшылардың I жиыны еді.
Демек бұл жинақ сол форумның қорытындысы ретінде жазылды.
Сіздердің қолдарыңыздағы бұл жинақ пікірсайысшы болып қалыптасуда таптырмайтын әдістемелік құрал боларына сенемін!!!
Азамат интеллектуалды пікірсайыс Жалмурзин Мирас Еркебұланұлы
ұйымының үйлестірушісі
Пікірсайыс – парасатқа.
«Ішсем, жесем, ұйықтасам- тән құмары,
Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен- жан құмары.»
Абай Құнанбайұлы
«Дүние – сарай, адам – керуен» дейді Жүсіп Баласағұн.Керуеншінің әр күні қымбат болса, қалай өткізбегі одан да қымбат. Мәліметтерге сүйенсек, адам өмірінің 20-25 жылын ұйқыға, 2 жылын телефонмен сөйлесуге, 6-7 жылын тамақ жасауға, ал 8 жылын байқамай-ақ бос өткізеді екен.Сол олқылықты толтыру үшін қоғамға, өзіңізге пайдалы іспен шұғылданған жөн.Мысалы пікірсайыспен айналысу. Қазақта шешендік өнердің бүгінгі заманауи кейпі десек қате емес.Сөздің майын тамыза сыр шерткен ұлы дала философтары сөз өнерін жете меңгерген. В.В.Радловтың жазбасында «Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді.Ойын дәл, айқын ұғындырады» деп тілдің тазалығы мен маңғаз мәнерін аңғарған.Шешендік сөздердің үлгісінің бірегейі - айтыста ақындар проблеманы терең талқылай отырып, халықтың мұңын мұңдап, сөз қағыстырады.Осыдан-ақ пікірсайыстың бабамыздан қалған сара жол екені байқалады. Негізгі деректерде, дебаттың қайнары көне Грек жерінде заңдарды талқыға салудан басталады.Алғашқы мектеп саналатын Платонның, лицей деп атаған Аристотельдің білім ордасында риториканың негіздері оқытылған.Кейін Еуропаға таралып, жеке дара дамыған. 1960 жылы АҚШ- та Джон Кеннеди мен Ричард Никсонның президенттік сайлауы телевизиялық дебат түрінде өтті. Дәстүрге айналған бұл үрдіс жалғасын тапқаны айдан анық. Халық арасында абыройға ие болғандықтан, парламент отырыстарында, оқушы, студенттік сайыстарда пікірсайыс көрініс тапты.Бүгінде дүбірлі дебат Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ, Жапония секілді әлемнің алып елдерінде кең тараған. «Халықаралық дебат ассоциациясы» да бар.Статусы жоғары саналатын әйгілі Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Сорбонна, Йель университеттерінде жеке клуб ретінде танымал.Қазақ мемлекетінде 1996 жылдан бастап «Дебат» бағдарламасы жолға қойылған. Қазіргі таңда жастар арасында қарқынды дамуда. Жоғарғы оқу орындары мен мектеперде зияткер жастарды дайындайтын дебат үйірмелері бар.Олардың үздіктерін іріктеп, бас қосатын «Азамат интеллектуалды пікірсайыс клубының» да үлесі зор. Республикалық, аймақтық, қалалық турнирлер, ауқымды жиындар ұйымдастырылып, сөз көкпары болашақтың баяндылығы үшін қоғамды сауаттылыққа, достыққа шақырады. Қайырымдылық мақсатында өткізілген пікірсайыс турнирлері де жалғасын таппақ.
Сонымен пікірсайыс дегеніміз не? Француз тілінен аударғанда «debate» - талқылау, ой алмасу. Ғаламдық өзекті құбылыстардың мемлекет үшін, адамзат үшін әкелер пайдасы мен зиянын жан-жақты қарастыру. Көзқарастарды қағыстыру, ара -жігін ажыратуға жол ашу. Айтар ойды көпшілік алдында тайсалмай, тиянақты жеткізуге баулу. Мәдениеттілік пен адамгершілік қасиеттерді дамыту. Міне осының бәрі дебаттың күрделі де көп қырлы мақсаттарын айқындайды. Пікірсайыс не үшін керек? Толғандырған сұраққа жауап берейік.
«Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін – рухани ерлік керек, Жалпақ әлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін – рухани байлық керек» , - деген Қадыр Мырзали ағамыздың сөзі мірдің оғындай дәл айтылған. Өзіңіздің қоғамдағы маңызыңызды сезіну үшін, руханият пен білімге сусындау үшін бізге келіңіз. Екінші ұстаз Әбу Насір әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» десе, пікірсайыс сол дамудың даңғыл жолын көрсетеді.
Тіл тазалығы
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой.
Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. Ғ.Мұстафин.
Өзін пікірсайысшы санайтын азамат тіл – аяулы қазақ халқының жаны, өзіндік сәні, тұтастай кескін-келбеті, һәм болмысы екенін жадында тұтпақ керек. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Бірақ қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К.Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік» - деген сөзі ойға оралады.
Ахмет Байтұрсынов «Сөз өнерінің ғылымы» атты еңбегінде сөз талғамының бірден бір шарттары ретінде «Сөз дұрыстығы» мен «Тіл тазалығын» алға қояды. Сөздерді орынды қолданып, айтылмақ ойларын жүйелеу нағыз пікірсайысшының жауапкершілігі. Тартысты ойын барысындағы пікірсайысшының мақсаты төрешінің не тыңдаушының көңілінен шығу болса, барынша сөз шеберлігіне ұмтылуы тиіс. Сондай-ақ, басқа тілден енген кірме сөздерді қолдану қажет болса, көпшілікке сіңіп, құлақтарына ұғынықты болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді пайдаланған абзал.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы – ойды, сөзді бөтен, бөгде элементтермен шұбарламау. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», – деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз. Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір пікірсайысшы әр сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, төрешісін, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары пікірсайыс майталманының ғана қолынан келер жайт.
Пікірсайыс мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – сөз тазалығы. Бұл күнде пікірсайысшылардың бас ауруына айналып үлгерген қазақ тіл сөйлеу әдебіне ешбір қажетсіз қыстырма сөздер көп кездеседі. Олар: жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, не қылып, анау, не, әлгі және т.б. Сонымен қатар, орыс тіліндегі «давай, пока, ладно, или, уже, хорошо, ну, типа, все, вот, на» деген сөздер тағы бар. Кей жағдайларда пікірсайысшылар ойын барысында өз ойларын жеткізе алмай қысылғанда «аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр» - деп мүсәпірлікке ұрынады. Кейбір адамдардың сөйлеу дағдысында сөз тазалығына нұқсан келтіретін, сөзді әсерлілігінен айыратын қызметсіз қыстырынды сөздер жиі кездеседі. Сөз арасында қыстырылып жүретін жаңағы, нетіп, әлгі, мәселен, ал енді, сонымен тәрізділерге аузы үйір адам тыңдаушысын мезі етеді. Әр ойыншы сөз саптауы мен жеткізе білуін түзетуі, сөзге бай, әрі абай болғаны жөн. Дүниеде үш-ақ нәрсені қайтара алмаспыз: ол атылған оқ, айтылған сөз, өткен уақыт. Пікірсайыс нағыз достардың ортасы, демек сен досыңа тіл мәдениетін, тіл тазалығын, сөз тазалығын, ой тереңдігін, бастысы пікірсайыс мәдениетін сақтап қарым-қатынас жасауға тиіссің.
Пікірсайысшы тілінде болатын кемшіліктердің себептері: