
- •Сөйлем мүшесінің белгілері
- •Сөйлем мүшелері
- •VI.Бағалау.
- •Қазақтың ұлттық тағамдары
- •IV. Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.
- •2. Төл сөзді сөйлемді тап.
- •9.Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?
- •10. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?
2. Төл сөзді сөйлемді тап.
А) Туған жер—алтын бесік. В) –Білмеске сөзің қор боп кетер,-деген М.Дулатұлы.
С) Бала жігіт бұйрықты екі етпейді Д) Бұл-ойланатын нерсе. Е) Әркім-әуелі өз аулының баласы.
3. Төлеу сөзді тап.
А) Бүгін жылқышыларға да бірдеме болған сияқты. В) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті.
С) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті. Д) «Білмегенді біле бер»,-дейді Шәкәрім.
Е) Әжем үйге кіріп,малдың өрістен қайтқанын айтты.
4.Айжан: «Менің үйім алыс еді,ертерек қайтайын»,-деді.Қай жауап толымды және дұрыс?
А) Айжан өзінің үйінің алыс екенін айтты.
В) Айжан өзінің үйінің алыс екенін және ертерек қайту керекекенін айтты.
С) Айжан ертерек қайту керектігін айтты. Д) Үйіне қайту керектігін Айжан айтты.
Е) Айжан айтты үйге қайтамын деп.
5.Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөзді тап.
А) Ол: «Арман қалыңыз қалай»?-деді. В) Ол, «Арман, қалыңыз қалай?-деді.
С) Ол: «Арман, қалыңыз қалай?»-деді. Д) Ол: «Арман қалыңыз қалай?»-деді.
Е) Ол: «Арман, қалыңыз, қалай?»-деді.
6. Сұрау есімдігі қатысқан төл сөз төлеу сөзде қандай өзгіріске түседі?
А) Төлеу сөзде сұрау есімдігі түсіп қалады. В) Сөйлем мазмұнына қарай басқа сөз табына ауысады.
С) –ма,-ме шылауға айналады. Д) сұраулық шылауға айналады.Е) Сұрау есімдігі сол күйінде сақталады.
7. Төл сөздің тыныс белгілері қай қатарда дұрыс қойылмаған?
А) –Неге қорқады?—дейсіз ғой. В) –Көкпардан қалайша болады?—дейсіз ғой.
С) –Жұрт қалай таратады екен,--деді. Д) –Соғымның сирағы кесіле ме?-деді,анау екеуі.
Е) –Қап,әттеген-ай!-деді анау екеуінің біреуі.
8.Төлеу сөздің баяндауышы етістің бұйрық райынанболса,төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайды?
А) тұйық етістікке айналып,оған барыс,табыс септік жалғауы,немесе туралы жөнінде,жайында шылыулары мен «керек» сөзінің бірі қосылып айтылады.
В) Өзгеріске түспейді. С) Есім сөздерге айналады. Д) Есімше жұрнағы жалғанады.
Е) жедел өткен шақ жұрнағы жалғанады.
9.Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болған жағдайда төлеу сөзде бұл сөз қалай өзгереді?
А) Тұйық етістікке айналады В) сол қалпында қала береді.
С) сол қалпында қалып,одан кейін туралы шылауы жазылады.
Д) Есімшеге айналып,оған –дық,-дік жұрнағы тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да,толықтауыш болады. Е) «екенін» деген көмекші етістік жалғасады.
10. Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?
А) маған В) мені С) өзінің Д) оның Е) оған.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау
Тест тапсырмалары
1.Қай сөйлемде анықтауыш бар?
а) Түлік төлден өседі ә) Үндеместе бәле көп б) Жаман бала – күйік.
2.Мақсат пысықтауыш
а) Ұялмаған ұялтады. ә) Әдейі жіберіп отыр б) Ерді намыс өлтіреді
3.Тура толықтауыш
а) Өтірікші өзін алдайды ә) Оқусыз білім жоқ б) Тек жүрсең тоқ жүресің
4. Сөйлем мүшесі бола алмайтындар. а) сөз тіркесі ә) күрделі сөз б) шылау
5.Сөйлем құрауға ұйытқы болатын сөздер
а) сөз тіркестері ә) тұрлаулы мүшелер б) күрделі мүшелер
6. Күрделі бастауыш. а) наурыз мейрамы ә) ағаш қасық б) кітап оқу
7.Қимыл-сын пысықтауыш
а) Төмен қарады ә) Сәл ойланып қалды. б)Ұялғаннан төмен қарады.
8.Жанама толықтауыш. а) Хатты берді. ә) Кітап оқыды. б) Балаға қарады.
9. Мекен пысықтауыш
а) Қонақтар бүгін келеді. ә) Ыстық мейіріммен қарады. б) Төрге қарай барды.
10. Күрделі пысықтауыш
а) сарғылт шашы ә) кеншілер сарайы б) жыл сайын
11.Пысықтауыш сұрағы
а) қандай,қай ә) кімде, неде б) қашан, қалай
12. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? а) 2 ә) 4 б) 5
13.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
а) Бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем
ә) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем
б) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын сөйлем.
14.Жақты сөйлемді тап.
а) Әлдене есіне түскендей жалма-жан қоржынға қол созды.
ә) Ертең қалаға жүруіміз керек. б) Қонақтардың кейін қайтуына тура келді.
15. Қарсылықты салалас сөйлемді тап.
а) Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан,местегі малта да таусыла бастаған.
ә) Осы әңгімеден екеуінің де көңілі жүдеп,үнсіз келе жатты.
б) Бас болмақ оңай,бастамақ қиын
16.Аралас құрмалас сөйлемді тап.
а) Бір қолмен белін ұстап,шық басқан көк шөптерді таяғымен анда-санда қағып қойып, шабылған бидайықтың жиегімен келе жатты.
ә) Біресе кемпірінің баяу қорылына,біресе шымылдықтың ар жағында сыбырласып жатқан баласы мен келінінің орысша сөздеріне құлақ түріп үнсіз жатыр.
б) Ол әлі құрығандай ақырын ғана сәлем берді де, келіп,босаға жақтан орын алды.
17. Сөйлемнен қаратпа сөзді тап.
а) Қап,келе жатқанымызды Бекберген күндік жерден естіп отыратын болды ау!
ә) Ай,шырағым-ай,мені қинайтын да осы ғой.
б) Меніңше,ол тапсырманы ойдағыдай орындайды.
18. Айқындауыш мүшенің неше түрі болады? а) 3 ә) 2 б) 4
19. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша қай сөйлемде қойылады?
а) Аспан да,жер де сұп-сұрғылт. ә) Жолға аттанар сол бір түн.
б) Бұл – Жарасбайдың жаздай тісін басып жүрген араз ауылы.
20. Атаулы сөйлем дегеніміз не?
а) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлем.
ә) Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем.
б) Іс-оқиға жайында баяндамай,тек соған байланысты жағдайды атап көрсететін сөйлем.