Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazak_tili_8kl.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
864.77 Кб
Скачать

IV. Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылады.

Жаттығумен жұмыс: 155-жаттығу. Оқып шығып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: «Әр қилы тағдырлар» деген тақырыпта құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып шығарма жазыңдар.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Орхон – Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) Орхон-Енисей жазбалары туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Орхон – Енисей жазбалаында құрмалас сөйлем салалас құрмалас,сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып бөлінеді.Көне түркі тілінде де салалас құрмаластың баяндауыштары тиянақты болып,тең дәрежеде байланысдаы.Мысалы: Қағаы алп ертті,айғучысы білге ертті. – Қағаны батыр еді,кеңесшісі (айтушысы) білгір еді.Екі үлүгі атлығ ерті,бір үлүгі йадағ ерті. – Екі бөлігі аттылы еді,бір бөлігі жаяу еді.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақсыз болып,бір-біріне бағына байланысады.Мысалы: Ол қан йоқ болтуқда кесре,ел йітміш,ычғынмыш, качышмыш. – Ол хан жоқ болғаннан кейін,ел шетінеген,ышқынған,қашқан (босқан). Тәңрі йарлықадуқын үчүн,өзүм қутум бар үчүн,қаған өлуртым. – Тәңірі жарылқаған үшін,өзім құтым болғандықтан,қаған (ұлы хан) болып отырдым.

Аралас құрмалас сөйлемде жай сөйлемдер әрі салаласа,әрі сабақтаса байланысады. Мысалы: Теңрі күн бертүк үчүн,қаңым қаған сүсі бөрі тег ерміш, йағысы қай тег ерміш. – Тәңірім күш бергендіктен,әкем қаған әскері бөрідей еді, жауы қойдай еді.

Билеттік тапсырма: 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылығы қандай?

3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер қандай жолмен жасалады?

4. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

5.Аралас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері қандай?

6. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас дегеніміз не?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Құрмаластың үш түріне сөйлемдер жазып, талдап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз. Төлеу сөз

Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу; дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін,таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Адам сөйлегенде не жазғанда сол өзі бяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін,пікірін келтіретіні болады.Мысалы:

Абай:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол, - деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды.(З.Ахм.) Осы мысалда сөйлеуші өз сөзінің ішінде Абайдың айтқан ақыл сөзін келтірген.

Біреудің сөзі екі түрлі жолмен беріледі: а) ешбір өзгеріссіз,дәл сол айтылған күйінде жеткізу.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төл сөз дейді.Жоғарыда келтірілген мысалда біреудің сөзі төл сөз түрінде беріліп тұр; ә) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап,біредуң сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу.Мысалы,жоғарыда Абай айтқан сөзді мына түрде де айтуға болады: Абай бес нәрседен қашық болып,бес нәрсеге асық болуды айтады.Біреудің сөзінің мұндай жолмен берілуін төлеу сөз дейді.

Төл сөзді болсын,төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейді.Жоғарыда келтірілген мысалдағы Абай ... деп адамдық,адамгершілік жайын қозғайды дегендер – автор сөздері.

Ауызекі сөйлегенде төл сөз автор сөзінен дауыс ырғағы арқылы бөлініп тұрса,жазуда олардың арасы тыныс белгісі арқылы ажыратылады.Ал төлеу сөз ауызекі сөйлегенде болсын,жазуда болсын автор сөзінен ажыратылмай,біртұтас сөйлем құрамына енеді. Мысалы: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп:

- Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай! – деді.

Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,айтушы өзі болғанда,үнемі ұқтырушысы Абай болуын өтінді.

Осы мысалдағы төл сөз: Шіркін,айтушы мен болғанда,үнемі ұқтырушым сен болсайшы,Абай; төлеу сөз: айтуш өзі болғанда үнемі ұқтырушы Абай болуын.Төл сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,деді; төлеу сөздегі автор сөзі: Біржан құп тыңдап,өзі де сүйсіне көтеріліп,өтінді.Төл сөз бен автор сөзі қос нүкте,леп белгілі мен сызықша арқылы бөлініп тұрса,төлеу сөз бен автор сөзінің арасында ешқандай тыныс белгілері жоқ.

Жаттығумен жұмыс: 156-жаттығу. Берілген мысалдардан төл сөзді бірбөлек, төлеу сөзді бір бөлек топтап жазыңдар.

Кітаппен жұмыс: Көркем шығармалардан төл сөзді тауып тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 157-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен автор сөзі

Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз бен автор сөзі туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біредің айтқан сөзін өзгертпей,сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

Мысалы: Майқы би баласы – Үйсінге: «Хан ақылды,әділ болса,қарашы батыл,ынтымақты болса,қара жерден су ағызып,кеме жүргізеді!, - деп батасын береді.Осы мысалда сөйлеуші Майқы айтқан сөзді төл сөз етіп отыр.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Жоғарыдағы алынған мысалдағы Майқы би баласы – Үйсінге ... деп батасын береді деген - автор сөзі: мұнда сөйлеуші төл сөзді кімге қаратып айтқаны жайында түсінік береді.

Төл сөзбен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады,ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді,дейді,деп,деген,деген екен (болатын),дей жаздады,дегендей, т.б. тұлғада тұрып қолданылады.

Мысалы: Майқы ақсақ - өмір бойы арбамен жүретін және арбасын жаяу адамға жетектетіп жүретін кісі екен.

  • Оған мені апарыңдар,мен көрейін, - дейді Майқы би.Бала Майқыны кргеннен-ақ орнынан атып тұрып:

  • Ассалаумағалейкум,хан біткеннің қызығы,бұқара жұрттың қазығы,азығы, - деп сәлем береді.

Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана еес,оның ойлаған ойы,айтуға оқталған сөзі де болып келеді.мсалы: Ішінен: «Қандай жақсы ырым еді,жүрегімді жүрегің қан жайлаудың қалың елінің арасынан қараңғы кеште адаспай танып,шақырып алғаны қалай еді» - деп,Керімбалаға алғыс пейілін бағыштап келеді.Бұл мысалда Керімбаланың айтқан сзі емес,ойлаған ойы төл сөз ретінде берілген. «Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын,ол дүниенің төрт бұрышын билейтін адам болады,бақ-дәрежесі жеті атаға жетеді», - деп аян береді.Мұнда Шақшақ батырдың түсі төл сөз ретінде берілген.

Жаттығумен жұмыс: 158-жаттығу. Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар

Шығармашылық жұмыс: Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Сөйлемдерді талдап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға төл сөздің тыныс белгілері туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді.Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы,сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.

Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз тырнақшаға алынады не оның алдынан сызықша қойылады да,төл сөз бас әріптен бастап жазылады,төл сөздің соына,егер ол хабарлы сөйлем болса,леп белгісі қойылады да,одан кейін автор сөзінің алдынан сызықша қойылады.Мысалы:

  1. «Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ», - дейді жыр.

  2. Көктемде неге желікті? – деп сұрадым мен.

  3. Алма,сен жақсы салдың еске! – деді Жанат,есіне жаңа түскендей.

Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса,автор сөзінен соң қос нүкте қойылады,одан кейінгі төл сөз тырнақшаға алынады не алдынан сызықша қойылады.Мысалы:

Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық,жаманы – күйік».

Аздан соң тағыда өзі сөйледі:

- Менің аңғаруымша,сіз тарихқа ат салыспаған сияқтысыз. Ол – ғылымдардың анасы ғой.

Төл сөз автор сөзінің арасына орналасса,бірінші және екінші тармақтарда көрсетілген тыныс белгілері түгел қатысады.Мысалы:

Абай Ақылбайдан:

- Қалада не хабар бар? – деп сұрады.

Автор сөзі төл сөздің арасына орналасса,автор сөзінің алды-артынан тыныс белгілері былай қойылады: а) автор сөзінің алдынан да,соңынан да үтір және сызықша қойылады,мұндайда төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен басталып жазылады.

Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз айтылса,алғашқысының алдынан сызықша қойылады да,соңғысы тырнақшаға алынады.

Жаттығумен жұмыс: 159-жаттығу. Көшіріп жазып төл сөзге қатысты тыныс белгілері қойылмаған. Төл сөз бен автор сөзін ажыратып ,төл сөзге қатысты тыныс белгілерін қойып жазыңдар. .

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Көркем шығармадан мысалдар тауып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

С абақтың тақырыбы: Төлеу сөз

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға төлеу сөз туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.

Біреудің сөзі төлеу сөз ретінде берілгенде,бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып,автор сөзімен тұтасып айтылады.Мысалы: Бұл күнге шейін Абай шығарған өлең мен әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан мына сөзді бұрын естімегенін айтты.Бұл сөйлемдегі төлеу сөз – мына сөзді бұрын естімегенін;автор сөзі – Бұл күнге шейін әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан . . . айтты.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда,негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады; екіншіден,бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;үшіншіден,автор сөзіндегі де етістігінің орнна айт,сөйле,сұра,бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса,төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып,оған –дық,/ -дік жұрнағы,тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да,толықтауыш болады.

Төл сөз.Төлеу сөз.

  • Одан арғы тағдырын мен білмеймін, - деді Медников.

Медников одан арғы тағдырын өзінің білмейтіндігін айтты.

2.Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса,төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып,оған табыс не барыс септік жалғауы,болмаса туралы,жөнінде,жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса,төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады.Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.

4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз (І не ІІ жақ) төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып,оның құрамында сұрау есімдігі болса,төлеу сөзде сұрау есімдігі сол күйінде сақталады; егер сұраулы сөйлем –ма,/-ме сұрау шылауы арқылы жасалса,төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымд-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.

6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт,сұра,ойла,бұйыр,талап ет,ескертдеген сияқты айту,ойлау мәнді етістіктердің бірі айтылады.

Жаттығумен жұмыс: 160-жаттығу. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 161-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

С абақтың тақырыбы: Дұрыс сөйлей,дұрыс жаза білудің шарттары

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлей білу – ойлай білу.Олай болса,дұрыс ойлау,дұрыс жазуға мүмкіндік тудыру керек. Меніңше,әрбір адам дұрыс ойлап,дұрыс сөйлеп,әсіресе дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да,дұрыс сөйлей,әсіресе дұрыс жаза білмейді. Қазақтың «Сөйлей,сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс: ойлауың дұрыс болғанмен,сөйлеп үйренбейінше,пікіріңді айта алмайсың.Сол сияқты,ойлағаныңды жазып үйренбесең,тағы болмайды. Сөйлеуді адам ұжым ішінде жүріп,біреуге еліктеп,біреуден үлгі алып,халықтың бай тілін пайдалана жүріп үйренгенін өзі сезбей қалатын болса,жазуды олай үйрене алмайды.Мен бұл жерже жазу дегеннің өзін екіге бөлемін: 1) қалай болса солай естіген-естігенінше,айтқанын-айтқанынша жазу бар да, 2) мәдени үлгілі жолмен жазу,әдеби тілдің нормасын,ережесін,жобасын сақтай жазу бар.

Нормаға бағынбай,бетімен жазылған сөздерді біз тізгінсіз,үлгісіз жазу дейміз.Ал,бас-аяғы жинақты,түсінуге ұғымды,жеңіл,белгілі өлшеммен,белгілі ережемен жазылған сөзді,қысқасы,белгілі бір нормаға сай жазылған сөздерді әдеби тілдің қалыбымен жазылған я айтылған дейміз.

Сөйлемді әрі түсінікті,әрі тұжырымды құрайтын тіл ғана әдеби тіл саналуы керек.Әдеби тіл грамматикаға сүйенеді,соның үлгісі бойынша жазады; қазақ тілінде: 1) өлеңді я төл сөзді сөйлемнен басқа жерде бастауыш сөйлем аяғында келмейді,2) баяндауыш қара сөзде ылғи сөйлем аяғына келеді, 3) анықтауыштар мен пысықтауыштар сөйлем аяғына тұра алмайды,4) толықтауыштардың ішінен сөйлем аяғында тек шығыс пен жатыс жалғаулы сөз келеді,бірақ бұл диалогте кездеседі.

Соның үшін де біздің ақын,жазушыларымыз,газет-журнал қызметкерлері,редактор жолдастар алдымен қазақ тілінің синтаксисін жақсы білулері керек.Сонда ғана әдеби тілдің нормасынан ауа жайылып,өз білгенімен жаза беруден,сөйтіп,тілді бүлдіруден қорғаған боламыз.Тілді бұзу жалғыз жеке сөздерге ғана байланысты емес,сөйлемге,сөйлеу құрылысына да байланысты екенін ұмытпау керек.

Көркем сөз несімен көркем? Алдымен,сөзді орнымен қолданып,сөйлемді ықшамды құрғандықтан, екіншіден,сөзді кестелі,бейнелі етіп құрғандықтан,көркем. «Өнер алды – қызыл тіл» (мақал) деген бекер айтылып қалған жоқ. «Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді», «Ердің құны екі ауыз сөзбен шешіледі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ... дегендер де бар,Мұның бәрі,әрине,тәжірибенің арқасында мың-мың тексеріліп барып айтылған нақыл сөздер.

Жаттығумен жұмыс: 163-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

С абақтың тақырыбы: Сөз қолданудың негізгі принциптері

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөз – ойды білдірудің,сөйлем құраудың басты материалы.Құрылыс материалынсыз үй салуға болмайтыны сияқты,сөзсіз сөйлем құрауға болмайды.Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы.

Сөйлемдер,жеке сөздер тыңдаушыға, оқушыға бірдей түсінікті болу керек.Ойды айтуға керекті сөзді,грамматикалық тұлғаларды,сөйлем құрылысын талғағанда ойың түсінікті,дәл,айқын болсын деген талап тұрғысынан талғау керек.

Сөйлеген сөзді әсерлі етейін деп көпірме тіркеске,айтыла-айтыла ығыр болған «қоңыраулы» сөздерге әуес болмау керек.Сөйлемде бір сөздің орнына басқа сөзді қоя салған кісі тіл жұмсаудағы ұқыпсыздықтан болған сәтсіздікке душар болады.Мысалы,»Сіз де бірге жүріңіз», - дегенді кейбіреулер: «Сіз де қоса жүріңіз», - деп жазады.Осындағы «қоса» сөзі бұл сөйлемде емес, «Сені де қоса алып кетпекші» дегендей орайда айтылуға тиіс.Алпысқа келген аса қадірмен кісінің қуанышты тойын құттықтап бір азамат:

  • Тойың торқа болсын! – деген тілек білдірді.

  • Осы да сөз болып па? Қазақ «Топырағың торқа болсын!» деп өлген кісіге айтар болар еді.Мынау не деген сұмдық?! – деп шошына,қынжыла сөйлеген қартты білемін.

Жазуда,сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшеліктерін ескеру керек.Мысалы,публицистикалық стиль мен ғылыми әдебиет стилінің сөздік құралы бірдей емес:публицистикалық стильде жазылған газет-журнал тілі жалпы халыққа арналатындықтан,оның сөздері де жалпыға бірдей түсінікті болуға тиіс,ал ғылыми әдеби тілде жалпыға ортақ сөздермен қатар,жеке мамандыққа тиісті,жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейтін сөздер де қолданылады; солардың ішінде жеке ұғымды білдірген атаулар,термин сөздер көп болады...

Сонымен қатар сөздің бәрі,олардың жұмсалу аясы бірдей емес.Сөздің де асылы бар,жасығы бар.Тіпті «жасық» деп отырған дөрекі,ыбырсық, қоқырсық сөздер мен диалектизмдерді жазушы жағымсыз кейіпкердің аузына салса,ол жарасымды,орынды болуы мүмкін.Ондайды авторлар өз сөздерінде қолданса,сөз шеберлігін аяққа басқан болады.

...Сөз мәдениетіне жетік болу үшін,қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек.Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды болмақ.Қазіргі қазақ тілінің сөз байлығы ұшан-теңіз,әдетте,білімді,мәдениетті,тіл өнеріне әуестігі күшті кісілердің сөз байлығы да мол болады.Адамның білімі,мәдениеті артқан сайын,оның сөзді игеру мүмкіншілігі арта түседі.Әдетте, ел арасында көп болған,саяси,ғылыми әдебиетті,көркем әдебиетті зейін қойып көп оқыған кісілер оқыған кісілер сөзді көп біледі.

Тіл мәдениетіне жетік болу үшін,сөзді көп білу жеткіліксіз,ол сөздерді жұмсай білу де керек.Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағыналарын,мәндестік ерекшеліктерін,әдеби,әдеби еместік қасиеттерін,еркін және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек.

Жаттығумен жұмыс: 164-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 165-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Сырымбет

Күн шыға Сырымбетке жеткен жолаушылар Шыңғыс аулында бұрылуға дәті бармай, тау бауырында аттарын шалдырған. Күймелі арбадан қарғып түскен Ақжігіт алды-артына қарамай,Сырымбеттің биігіне өрмелей жүгіріп еді. Жолындағы қалың қарағайды сырғандай екі қолмен алма-кезек жасқап, жалғыз аяқ жолмен еңкеңдей басып жан ұшырған талдырмаш бала жалаңаш шоқыға шыға келгенде көзі жайнап сала берген.

Сырымбет--андағайлап алыстан көз тартар аса биік болмағанмен, етегінде жарқыраған көл,бауырында сылдырап аққан кәусар бұлақ, сыңсыған қалың жынысты әсем шоқы. Ең биігінен қарағанда Көкше даласының көп тұсы алақанға салғандай анық көрінеді. Екі өкпесін қысқандай еңсесін басқан қала қапырығынан,аядай жерде аят оқып, күні-түні сарнап,күңіренген мешіт тірлігінен Ақжігіт жалаңаш төскейге шыға келгенде ,бар азаптан құтылған қамаудағы адамдай тынысы кеңіп сала берді. Ентігін басқан бала айна

көлдерге ,қалың орманға, алыстан мұнартқан көгілдір тауларға дейін тойымсыздана қарап, арқан бойы көтерілген жазғы күндей жүзі жайнап:

-Аһа-һей, а-һей! –деп қалай айғайлап жібергенін аңғармай қалды. Бар алап саңқылдаған бала даусымен жаңғырып,орман ішінде, көл бетінде, сыңсыған бүкіл құс атаулы дүрліге ұшқандай болды.

Сәкен Жүнісов (158 сөз)

Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

Үйге тапсырма : қайталап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Есеней

Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап,өз жағына қарай айдап әкетіп барады,әсіресе ,иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп-ақ. Есеней қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жөнеліп еді, мойнынан оқ тиіп,Есенейдің аты омақаса құлап, Есеней жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып, ,қызып алған тың атты тоса берді. Есеней сол аяғын үзеңгіге салып,көтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Батыр адам белінен қадалған оқты өз қолымен жұлып алып,лақтырып жіберді де, ол ет қызуымен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Есеней мен Ұлпан,Несібелі—үшеуі,қастарында төрт кісі жолдастары бар, Артықбай аулынан салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен. Үйге іле-шала кірген Тілеміске Ұлпан мақтау айтты:

--Артығы болса, өзің білесің, жетпей жатқаны байқалмайды, Тілеміс аға. Атыңды атағаныма өкпелеме,мен Есенейден бастап жұрттың бәрінің де атын атаймын.

(Ғ.Мүсірепов) (142 сөз)

Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.

Үйге тапсырма : қайталап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

С абақтың тақырыбы: Қазақ тілі-ұлттық мәдени,рухани асыл мұра

Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ тілі туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: лекция сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тілді жасаушы – халықтың өзі.Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді.Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті,ұлт әдебиеті жоқ.Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.Ол халықтың,ұлттың кескін-келбеті деуге болады.Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын,өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп береді.

Қазақ тілі – дамыған,жетілген,бай,икемді тілдің бірі.Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.Ол Пушкин,Лермонтов,Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе,солардай етіп,сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.

Қазір қазақ тілі мейлінше дамып,байып,жетілді.Нақты әдеби тіл жасалды.Орта мекетептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр.

Демек,саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі,жазылады.Міне,мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін,ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер,терминдер,фразалар пайда болғанын білдіреді.

Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының,қазақ ұлтының байлығы.Осы байлықты бағалай білуіміз керек.Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

Жаттығумен жұмыс: 2-жаттығу.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : «Тілім,тірегім,соғып тұрған жүрегім!» тақырыбына шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

С абақтың тақырыбы: Қазақтың әдеби тілі.

Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақтың әдеби тілі туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

І. Қазақтың әдеби тілі жасалуы жағынан да,қалыптасуы жағынан да тарихи көп кезеңдерді басынан өткізді.Қазақ әдеби тілі – бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы.Әдеби тілді жасауға бүкіл қазақ халқы,оның алдыңғы қатарлы мәдениет қайраткерлері бұрыннан ат салысып келеді.Өйткені әдеби тіл – күллі қазақты біріктіруші,ұйымдастырушы,іске,еңбекке,ерлікке жұмылдырушы әрі ілгері бастаушы ең өткір,ең жанды құралдың бірі саналады.Олай дейтін себебіміз - әдеби тіл қазақ мәдениетінің өсіп-жетілуіне,өркендеуіне жетекші болып келеді.

Әдеби тіл дегеніміз көркем әдебиеттің тілі ғана емес,ол – ғылымның барлық саласын қамтитын,халыққа өнер-білім беретін,тәлім-тәрбие үйрететін баспасөздің тілі.Көркем әдебиеттің тілі – сол кең мағынадағы әдеби тілдің бір саласы ғана.Ал әдеби тілдің негізі болатын нәрсе – халық тілі – фольклор тілі екенінде дау жоқ.Халық тілі дегеніміз – диалектілерден (жергілікті ру-тайпа одақтарының тілдерінен) құрылған,бірақ әдеби тіл сатысына жетпеген тіл.

Біз қазақтың әдеби тілінің негізін Ыбырай,Абай салды дегенде,әрине,лар өз қолдарымен,өз бастарынан шығарып,әдеби тілді халық тілінен мүлде бөлек бір нәрсе етіп жасады деп қарамаймыз.біздің әдеби тіл деп отырғанымыз – халық тілінің жаңа сатыға,жаңа сапаға көшуі.Солай болса,Абай мен ыбырай халық тілін пайдалана отырып,қазақ тілін жаңа сапаға,жаңа сатыға жеткізуге істеді деп қараймыз.

(С.Аманжолов)

ІІ. ...Қандай да тіл болмасын,оның даму деңгейін қанша адамның ол тілде сөйлейтіндігі белгілемейді.Оны тілдің өмірдің қанша саласында қолданыла алу қабілеті анықтайды.Расына келсек,қазақ тілін білмейтін,тіпті білгісі келмейтін адамдар бар болса,бар да шығар,ал бірақ өмірдің қазақ тілін пайдалану мүмкін емес бірде-бір саласы жоқ.Бір кезде қазақ тілінің қолданылу аясы тілдің қабілетсіздігінен тарылған жоқ,тездетіп бір тілділікке,бір ұлттылыққа көшу жолындағы көптеген көз таса әрекеттердің салдарынан қасақана қолдан тарылтылған.

(Ә.Кекілбаев)

ІІІ. Бұл (қазақ тілі – ред) – бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.

Поэзияда Абай,Ілияс сияқты,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймі.

(Ғ.Мүсірепов)

IV. Халық тілінің мол байлығын жазба әдебиетімізде бірінші рет мазмұнын байыта отырып,молынан пайдаланған адам – Абай Құнанбаев.Аай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен.

(С.Мұқанов.)

Жаттығумен жұмыс: 6-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 7 -жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

С абақтың тақырыбы: Әдеби тілдің грамматикалық нормалары

Сабақтың мақсаты: білімділік – әдеби тілдің грамматикалық нормалары туралы түсінік беру;

тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным, қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар , қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет , тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Грамматикалық норма дегеніміз – тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге,бір қалыпқа түсіп,дағдыға айналып жұмсалуы.

Айталық,сөзге алдымен жұрнақ,содан кейін жалғаудың жалғануы,жалғаулардың өзінің бірізділігі: әуелі көптік,сосын тәуелдік,содан кейін септік жалғауларының жалғануы грамматикалық норма болып табылады.Осы ережеге бағынбайтын мынадай сөздер бар: апаларым – апамдар,әкелерің - әкеңдер.Тек туысқандық қатынасты білдіретін ата,әже,көке,аға,апа сияқты зат есімдерге ғана жалғауларды осылай норманы бұзып жалғауға болады.Сонда олардың мағыналары екі түрлі болады:апаларым,аталарым,дегенде,олардың көптігін білдірсе,апамдар,атамдардегенде ол кісілердің қасындағыларды да қоса қамтып,солардың көптігін білдіреді.

Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалануды нормадан жөнімен ауытқу дейміз.Бұл көбінесе көркем әдебиетте кездеседі.Мысалы,болымсыз етістіктің келер шақтың тұлғасының І жақта ма-й-мын болуы – грамматикалық норма.Ол ауытқып,ман түрінде жұмсалады:

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

(Абай)

Мұнда –ман қосымшасы ерекше стильдік қызмет атқарып,істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді.

Тілдегі сөздер бір-бірімен қалай болса солай тіркесе салмайды,олардың арасында міндетті түрде мағынлық байланыс болуы шарт.Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігі бірдей емес.Мысалы, биік және жоғары сөздері бір-бірімен мәндес,мағыналас болғанымен,үнемі бірінің рнына бірі жүре бермейді. Сол себептен биік жартас,биік мұрат,биік тау дегенде,биік сөзінің орнына жоғары сөзін қойып айтуға болмайды(жоғары жартас емес,жоғары мұрат емес,жоғары тау емес).Сөздерді жалғаусыз тіркестіру қатеге жатады.

Әдеби тілдің грамматикалық нормаларына сөйлем мүшелерінің дұрыс орналасуы да жатады.Сөз өз орнында тұрмаса,сөйлем мағынасы өзгеріп кетеді және құлаққа тосаң естіледі,көзге оғаш көрінеді.

Сөйлем құрағанда тілдің ішкі ережелерін ескеріп,әр сөзді орнына қойып айтудың үлкен мәні бар,Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі тұрақты:баяндауыш сөйлемнің ең соңында,бастауыш сөйлемнің басында не ортасында,анықтауыш,пысықтауыш,толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады.

Жаттығумен жұмыс: 8-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 9 -жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Хабарлы сөйлемді тап.

А) Ал сосын В) Ойсыздарға қосылма С) Неге бұғасың

Д) Қайдағы жау Е) Жел де жоқ

2. Сұрау есімдігі арқылы жаслған сұраулы сөйлемді тап.

А) Қар жауса ше? В) Балам,аманбысың? С) Бұл сен бе?

Д) Жағдай қалай? Е) Мынау сен шығарсың?

3. Бұйрықты сөйлемді тап.

А) Егіс көлемін ұлғайт. В) Тіл қандай С) Сен енді бала емессің

Д) Ал Жамал ше Е) Бұл—тарихи жер

4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөйлем қалай аталады?

А) лепті В) сұраулы С) хабарлы Д) бұйрықты Е) атаулы

5. Сұраулы сөйлемді тап.

А) Қарағым,тоқтай тұршы В) Пай-пай,шабысының қаттысын-ай

С) Сен жазып келген шығарсың. Д) Дала айдай жарық

Е) Мектептің кең залы.

6. Одағай сөйлем қатысқан лепті сөйлемді тап.

А) Ойпырым-ай,балаңның мінезі қандай жаман еді.

В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр,жарысайық

Д) Балам,жөніңді айтшы Е) Амал нешік,пешенеме жазғаны осы болды.

7. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.

А) Ол кісі қайда тұрады. В) Неге үндемейсіз,әже,барамыз ба?

С) Ол жерге неге отырасың. Д) Ойбай,сен былай тұр Е) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.

8. Бұйрықты сөйлемді тап.

А) Сен менен аулақ жүр В) Біреу көп үшін,көп біреу үшін.

С) Жеріміз біздің неткен бай. Д) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.

Е) Қазір қай жерде тұрасыз.

9. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді тап.

А) Жарайсың,қалқам?! В) Енді мені ұрайын деп пе едің?!

С) –Ешкімге сенуші болма,--деп айқайлады.

Д) –Рас па! –деп бажырая қарады. Е) Тәйт. Тыныш отыр

10. Дауыс ырғағы арқылы жасалған лепті сөйлемді тап.

А) –Жасасын,Қазақстан! В) –Жолдастар,тынышталыңыздар!

С) –Мынау дегенің әдемі ғой! Д) –Шіркін,орманның таза ауасын-ай!

Е) –Бәрекелді! Бәрекелді! Жарадың,қалқам!

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Қайсысы жақсыз сөйлемнің жасалу жолына жатпайды?

А) –ғы,-гі,-қы,-кі тұлғалы қалау райлы етістік

В) Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар

С) Атау немесе барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «керек», «мүмкін» сөздерінің тіркесуі

Д) Баяндауышы зат есімнен басталады.

Е) Барыс септігіндегі тұйық етістіктен соң «бол», «жара», «тура», «кел» көмекші етістіктерінің тіркесіп келуі.

2Жақсыз сөйлемді тап.

А) Бүгін емтиханға дайындалу керек.

В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.

С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Д) Ауыл маңы тып-тыныш

Е) Оқу—білім бұлағы

3. Жақты сөйлемді тап.

А) Сенің балмұздақ жегің келе ме? В) Оның айтқандарын түсініп болмайды

С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.

Е) Ертең сабаққа келесің бе?

4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?

А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.

В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар,тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем

С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем

Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем

5. Жайылма сөйлемді тап.

А) Мен барамын. В) Айдала С) Ол—сері жігіт

Д) Үй жап-жарық Е) Сендер қараңдар

6. Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?

А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жалаң сөйлем

Д) атаулы сөйлем Е) жайылма сөйлем

7. «Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?

А) Жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жайылма сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) Толымды сөйлем

8. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?

А) жалаң В) жайылма С) жақты Д) жақсыз Е) толымды

9. Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?

А) жақты,жақсыз В) атаулы С) толымды,толымсыз

Д) жалаң,жайылма Е) жай,құрмалас

10.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «........оқып шықсын».

А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) қайратпен

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты тап.

А) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз

В) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты. С) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім.

Д) Ауылдың маңы—терең сай Е) Сұрап отырғаны—осы

2. Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді тап.

А) Оның бос сөзді сүймейтін,жақтырмайтын мінезі бар.

В) Шәкенді,Баймағамбетті,Ерболды бұл сөз күлдірді

С) Жиренше Абаймен көп сөйлесті,ұзақ ақылдасты.

Д) Көп сөз—көмір, аз сөз—алтын. Е) Еріншектің ертеңі бітпес.

3. Күрделі сан есімнен жасалған баяндауышты тап.

А) Осы араға жиналғанымыз жетеу В)Жиналысқа келгендері—он-ақ адам

С) Жеті жердегі жеті—қырық тоғыз Д) Оның жасы жиырмада Е) Оның қасиетті саны –бес

4. Себеп пысықтауышты тап.

А) Батпаған ай батыстан қарап тұрды.

В) Кешеден бері сақтаған нанды жеп отырмын. С) Бала кітап алғалы келіпті

Д) Сен мұнда ойнауға келген жоқсың,білім алуға келдің. Е) Ол табанда ақшасын өндіріп алды.

5. Қашанғы?қайдағы?-қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?

А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) баяндауыш

6. Сөйлем құрауға негіз болатын сөйлем мүшесін тап.

А) баяндауыш В) анықтауыш С) пысықтауыш Д) толықтауыш Е) айқындауыш

7. Бірыңғай анықтауышты тап.

А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.

В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.

С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.

Д) Оның әкесі—кең жауырынды,ұзын бойлы кісі.

Е) Мария Бәкенді де,оның ағасын да үйіне алып жүрді

8. Мезгіл пысықтауышты тап.

А) Ер жолдасы—тәуекел. В) Олар Абаймен біресе жарысады,біресе қалжыңдасады

С) Олар екі күннен кейін келіп қалар.

Д) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді,әрі аяды.

Е) Ауыл жастары бұндай нәрселерге қызықпайды.

9. Асты сызылған сөздердің қайсысы өзгелерінен басқа қызметте жұмсалып тұр?

А) Жақсы сөз-жарым ырыс В) Ол қазақша жақсы сөйлейді. С) Оның жақсы іске жаны жолдас

Д) Ол көршілерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Е) Ол жақсыкиімдерді таңдап алды.

10. Қай сөйлемде іс-қимылдың мезгілін білдіретін сөз бар.?

А) Марат бұл жерге екі рет келді. В) Ат баспаймын деген жерін екі басады

С) Олар бұл жерге екіде келді. Д) Олар сыныпқа екі-екіден кірді. Е) Ол алманың екеуін алды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Төл сөзді сөйлемді тап.

А) Сен дегенде сөз барма? В) Әй дер әже,қой дер қожа жоқ.

С) Балалардың соңғы ермегі—«Ақсүйек», «Соқыртеке».

Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл»,-дейді. Е) Саутты болу дегеніміз-дұрыс жазып,дұрыс сөйлеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]