Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СП_УМК 2012 каз для 5В070400.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Желілер мен жүйелерді программалық қамтамасыздандыру кафедрасы

Мустафина б.М., Сейдахметова г.Е., Әлібиева ж.М.

Жүйелік программалау

Пәндік оқу - әдістемелік кешені

(5B070400- Есептеу техникасы және программалық қамтама”

мамандығына арналған)

Алматы 2012

Құрастырушылар: Мустафина Б.М., Сейдахметова Г.Е., Әлібиева Ж.М. Жүйелік программалау. (5B070400-Есептеу техникасы және программалық қамтама” мамандығы бойынша) - Алматы: Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, 2012

Андатпа. «Жүйелік программалау» курстың программасы жүйелік программалаудың негізгі концепцияларын қарастырады. Негізгі назар ядроның жүйелік қызметтеріне бөлінген, яғни оған файлдық жүйе, ағындарды және процесстерді басқару, процесстер арасындағы өзара әрекеттесуі және синхрондау жатады. Мұнда негізгі ұғымдарға түсініктер беріледі: ядро объектілері, процесс, ағын, приоритеттер, қауіпсіздік атрибуттары, үймелер, мьютекстер, семафорлер, оқиғалар. Сонымен қатар қазіргі заманғы ОЖ жүйелік функцияларына түсініктемелер берілген. Олардың ішінде ең маңызды функцияларының қасиеттері беріліп, олардың нақты программалық жағдайдағы қолданылуына мысалдар келтірілген. Win32 API интерфейсін қолданумен қазіргі заманғы ОЖ-де программалау принциптері мен әдістеріне үйренуі – курстың негізі болып табылады.

Қорытынды жол (12 кесте, 4 сурет)

Пікір беруші т.ғ.к., доцент Балгабаева Л.Ш.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен 2012 жылға бекітілген Типтік оқу программасы бойынша баспаға шығарылады.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012ж.

1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Мустафина Б.М., Сейдахметова Г.Е., Әлібиева Ж.М. - ЖжЖПҚ кафедрасының аға оқытушылары.

Байланыс ақпараты тел.2 577 192, E-mail: mustafa_bm@mail.ru

Кафедрада болу уақыты сабақ кестесі бойынша, 1012 ауд.

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Жүйелік программалау

Кредит саны 3

Өткізу орны 1014, БОҒ

Кесте 1

Оқу жоспарының көшірмесі

Бір аптадағы академиялық сағаттар

Бақылау түрі

Курс

Семестр

Кредиттер

Дәрістер

Лаборат. сабақтар

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы

1

2

3

4

5

7

8

9

10

3

5

3

2

1

3

3

9

емтихан

1.3 Пререквизиттер

Берілген пәнді оқу үшін керекті пәндер тізімі:

  • ақпараттану;

  • программалау тілдері және технологиялары.

1.4 Постреквизиттер

Осы пәннің нәтижесінде алынған білім келесі пәндерде қолданылады:

  • жүйелік программалық қамтама;

  • үлестірілген жүйелердің технологиялары;

  • жасанды зерде жүйелері.

1.5 Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттер

Жүйелік программалау пәні өзінің негізгі мақсаты ретінде программаларды өңдеу деңгейінде студенттерге жүйелік программалаудың негізгі теориялық білімдерін және практикалық аспектілерін оқып, оның арқасында олар логикалық құрылымы күрделі, арзан бағадағы қазіргі заман талаптарына сай программаларды жазуға үйрету болып табылады.

Жүйелік программалау пәнінің негізгі міндеті ЕМ, желілер мен жүйелерді басқару принциптері мен құрамын, операциялық жүйенің құрама бөліктерінің міндеттерін, операциялық жүйелердің әртүрлі элементтерінің жұмыс істеу принциптерін және олардың өзара әрекеттесун, жүйедегі процесстердің пайда болуын және өңделуін білу.

Пәнді оқып біткеннен кейін студент жүйелік программалаудың негізгі концепцияларын нақты түсінуі қажет, жүйелік программалық қамтамаға байланысты мәселелерді қамтитын программаларды жасай білу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]