
- •Ақылбек Исабеков қазақстанреспубликасының мемлекет жәнеқуқық тарихы
- •§ 1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихыныц пәні
- •§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдістері
- •§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және қүқық тарихыиьщ зерттелуі мен оның негізгі кезеңдері
- •§ 1. Саяси-потестарлық қатынастың пайда болуы
- •§ 2. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекет-гік бірлестіктердің пайда болуы мен дамуы
- •§ 1. Ежелгі ғұн имііериясы
- •§ 2. Үйсін және қаңлы мемлекеттері
- •§ 1. Ежелгі түрік қағанаты және оның қүқықтық жүйесі
- •§ 2. Түргеш және Қарлүқ қағанаттары
- •§3. Оғыз мемлекеті
- •§4. Қарахан мемлекеті
- •§5. Қимақ қағанаты мен қыпшақ хандығы
- •§6. Найман және керей ұлыстары
- •§1. Моңғол империясының мемлекет және құқығы
- •§ 2. Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда
- •§ 3. Кошпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы)
- •§4. Ноғай Ордаеы
- •§5. Моғолстан мемлекеті
- •§ 1. Қазақ хандығының құрылуы
- •§1. Қазақстанның Ресей қол астына өтуі жэне оның себеп-салдары
- •§ 2. Абылай ханның реформалары
- •§ 3. Бөкей Ордасы
- •§4.1822 Жылғы Сібір қырғыздары туралы жарғы
- •§ 5.1824 Жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы
- •§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
- •§ 7. Қазақстандағы 60-90-жылдардағы реформалар
- •§ 8. XXғ. Басындагы Қазақстандағы әкімшілік-құқықтық жүйе
- •§1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •§ 2. Қаз акср-нің құрылуы
- •§ 3. Қазақстанның 30-90-жылдар аралығындағы саяси-қүқықтық дамуы
- •§ 1. Қазақ кср-нің егемендігі туралы Декларация
- •§ 2. Қазақстанның 1993-1999 жылдар аралығындағы констигуциялық-құқықтық дамуындағы өзгерістер
- •5.Асан би
- •16. Балпық би
- •17. Қараменде би
- •18. Сырым би
- •26. Қүнанбай би
- •29. Сапақ би
- •30. Абай би
§ 6. Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі
Қазақ даласына біртіндеп енген орыс әскерлерінің күші мен олардың кең байтақ далаға сала бастаған бекіністері халық
105
наразылығын туғыза бастады. Отаршылдыққа қарсы қазақтар-дың ірілі-үсақты үлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ең ірісі - Кенесары Қасымүлы бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы үлт-азаттық көтеріліс болды. 1822 жэне 1824 жылдардағы Патша Жарлықтары кең далаға күшпен енгізіліп, халықты өзінің туған даласында қатты қыспаққа алған жағдай болды.Кенесары Қасымүлы 1841 жылы қыркүйекте үш жүздің басы қосылған мәслихатта хан сайланьш, Қазақ хандығын қайта қалпына келтіреді. Көп үзамай Кенесары Қоқан езгісіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қалаларын азат етіл, орысқа қарсы күресін күшейте түседі. Кенесары Қасымүлы Қазақ мемлекетін 1841-1847 жылдар аралығындағы қайта қалпына келтіруі барысында бірнеше әкімшілік жэне қүқықтық реформалар жүргізіп, қазақтардың әскерін сандық жэне сапалық жағынан да қайта қүрды. Хандықты басқару жүйесіне келсек мемлекет басшысы болып Кенесары сайланды. Сөйтіп, ол ежелгі, дэстүрлі хан атақ-дәрежесін қайта өмірге келтірді. Оның жанында Хан Кеңесі жүмыс істеді. Ол Кенесарының туысқандарымен қатар басқа да билер мен батырлардан түратын. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің әр түрлі бағыттарына жауап беретін бірнеше ведомство қүрылды. Баж жэне салық жинаумен айналысатын қаржылық ведомствоны Сейілхан сүлтан басқарды. Ал дипломатиялық ведомствоны Есенгелді Саржанүлы, Сейдахқожа Оспанүлы, Шоқпар Бақтыбайүлы жэне татар Әлім Ягудин, Әскери ведомство жағын Сүлтан Наурызбай Қасымүлы мен Ағыбай батыр басқарды. Онда әскери кеңес те болды. Атқарушы билік хан өкілдері жасауылдарға берілді. Олар салық жинаумен бірге хан тапсырмаларын орындайтын, сондай-ақ, Қазақ ауылдарын Кенесары әскеріне қосылуға үгіттейтін. Жасауылдарды хан тағайындады. Сол кезде қүрылған қазақ хандығындагы соттық ерекше жүйелеулер өзгеріске үшырады. Жоғарғы сот билігі Кенесарының өзінің қолында болды. Ол ерекше істерге шешім қабылдайтын билерді өзі тағайындады. Сөйтіп, соттар мемле-кеттік шенеуніктер дәрежесіне жетті. Ерекше еңбегі сіңген билерге орыстардан алған граф атағы берілді.
Кенесарының өзі және оның жасауылдары ерекше билікке ие еді. Олар барымта жэне Кенесары қарамағындағыларды өлтіргендерге түскен арыздарды қарады. Сондай-ақ, Кенесарыға
106
бағынатын бірлестіктер мен орыс қарамағындағы жэне Кенесары қарамағындағы адамдар арасындағы талас-тартысқа қүрылған арыздарды тексерді. Кенесары өзінің мемлекетін нығайту үшін салық жинау жүйесін де реттеді. Қазақ хандығына бағыныштылар барлық салық түрлерінен жэне Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарына өтем төлеуден босатьшды. Оның орнына қазақтар зекет төледі. Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайда-ланылды. Сөйтіл, хандық ішінде темірдей тэртіп орнатылды. Кенесары отаршылдыққа қарсы соғыста 20 мыңға дейін жігіттерден түратын әскер қүрап, оларды жан-жақты қаруландыра білді. Олардың арасында орыстар мен башқүрлар да бар еді. Олар қазақтарға қару-жарақты қалай ататынын үйрететін. Кенесары әскері жүзбасы, мыңбасы жэне сардар болып бөлінді. Сондай-ақ, олардың қүрамында мергенбасы болды.
Қазақ хандығының мемлекеттілігі мен қүқығы Кенесары хандық еткен түста бір орталыққа бағындырылатын билік төңірегінде реформалар жүргізді. Күші басым патша әскерімен он жылдан аса күрескен Кенесары хан басқарған үлттық-азаттық күресі қазақ тарихынан ерекше орын алды. Жалпы, Кенесары көтерілісінің алдында екі үлы мақсат түрды. Оның біріншісі -тәуелсіз де егеменді біртүтас қазақ хандығын қүру болса, екіншісі - қазақ халқын үлт ретінде Ресейдің патшалык езгісі мен Орта Азия хандықтарының жаугершілік шапқыншылы-ғынан қүтқару болатын. Кенесары Қасымүлы котерілісі жеңілгеннен кейінгі тарихи елеулі жайт, ол Қоқан және Бүқар хандықтарының орыс әскері алдындағы элсіреуі еді. Өйткені, Кенесары бастаған қазақтардың үлт-азаттық көтерілісі өзін қысымға алған қай жақты болмасын біршама элсіретті.
XIXғасырдың 20-50-жылдарында Қазақ халқының аяусыз күресіне қарамай, Қазақстан территориясында Патшалық Россияның зандық жэне әкімшілік жүйесі өз күшін арттырмаса жойған жоқ.XIXғасырдың басыңдағы қабылданған "Жарғы-лар" Қазақстанды отарға айналдырудың бірден-бір көзі болды.