Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMF_kaz_edistemelik_nuskau_2_kurs_Dokument_Mic.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
591.87 Кб
Скачать

Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

1. Тақырып: Қызба

2. Сабақтың мақсаты:

Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру

3. Оқытудың міндеттері:

1. қызбаның этиологиясын, сатыларын, қызба кезіндегі температураның көтерілу

тетіктерін білу

  1. температуралық сызықтардың түрлерін ажырата білуді үйрену

  2. теориялық білімін ситуациялық есептер шығаруға қолдана білу

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.

  2. Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.

  3. Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.

  4. Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.

  5. Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері

  6. Туылғаннан кейінгі кезеңде қызбаның ерекшеліктері

  7. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызуды түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.

  8. Қызбаның ысынудан айырмашылығы.

5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тапсырмаларды орындау, нәтижелерін талқылау.

Тәжiрибе № 1. Фармакологиялық қызбаның қоянға қабылдануы.

Тәжiрибе жасалып жатқан жануардың тыныс алу санын, жүректiң жиырылуы және термометр көмегiмен тiк iшектiң температурасын өлшейдi. Кеуденiң бүйiрiндегi жүндi алып тастайды да, терiнi спиртке малынған мақтамен сүртедi. Терi асты арқылы шприцпен 1% альфа-динитрофенол ерiтiндiсiн жiбередi,1 кг жануар салмағына байланысты 18-20 мг есеппен. Альфа-динитрофенол ерiтiндiсi инъекциясын жасаған соң 20, 40, 60 минуттан кейiн көрсеткiш тағы зерттеледi.

Қорытынды кестеге жазылады:

Зерттеу сатысы

Тәртібі, кілегей түсі

1 мин тыныс саны

Жүрек жиырылу саны

Ректальды температура

Бастапқы

20 минут

40 минут

60 минут

6. Әдебиеттер

Негізгі

1. Ә.Н.Нұрмухамбетов Патологиялық физиология, 2000ж.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы Патофизиология. Алматы, 2007. – Б. 209-235.

3. Патофизиология под ред. А.Д.Адо и Л.М. Ишимовой –М.,1980. - Б.144-158

  1. Патофизиология под.ред.А.Д.Адо и В.В.Новицкого,-Томск,1994. -Б.135-152

  2. Дәрiстер, К.А.Шаймарданов, 2-шi бөлiм, Семей қаласы

Қосымша

1. М.И.Лоурин. Лихорадка у детей. М., Медицина, 1985 г.

2. Нурмухамедов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах - Алматы.- 2003 - 110.

3. Шанин В.Ю. Патофизиология - С-Петербург. «Хлби-СПб», 2005.- 639.

4. Рубцовенко А.В. Патологическая физиология. - Москва. Медпрес-информ, 2006.- 608.

5. Зайчик А.Ш., Чурилов А.П. Механизмы развития болезней и синдромов - «Хлби-СПб» -

2005.- 507.

  1. Воложин А.И., Субботин Ю.К. Болезнь и здоровье: две стороны приспособления. - М.: Медицина. - 1998. - 480 .

7. Бақылау. Бағдарламалық бақылау, Сабақ тақырыбының сұрақтары бойынша

әңгімелесу.

Тесттілер

1. Қызба деген не:

1. типтiк патологиялық процесс

2. патологиялық реакция

3. патологиялық жағдай

4. ауру

5. нозологиялық бiрлiк

2. Қызба сипатталады:

1. жылу реттеу механизмiнiң бұзылуымен

2. жылу реттеу механизмiнiң жетiспеушiлiгiмен

3. жылу реттеу механизмiнiң қайта құрылуымен, зат алмасудың бұзылуымен

4. ағзаның қатты қызуымен

5. жылулық соққылай аяқталады

3. Экзогендi пирогендерге жатады:

1. өкпе қабынғанда және асептикалық зақымдалу кезiнде құрылған пирогендi заттар

2. лейкоциттi пироген

3. иммунологиялық реакциялармен байланысты құрылған пирогендi заттар

4. өмiр сүру кезiнде бактериялардан бөлiнген пирогендi заттар

5. тiндер зақымдалған кезде құрылған пирогендер

4. Қызбаның бiрiншi фазасында қандай жылу балансы орын алады:

1. жылу беру жылу түзiлуден басым

2. жылу түзiлу жылу беруден басым

3. жылу беру жылу өндiруге тең

4. жылу түзiлу өзгермейдi

5. жылу түзiлу айқын емес

5. Қызбаның екiншi кезеңiнде жылу балансы қандай:

1. жылу түзiлу жылу беруден артады

2. жылу беру жылу түзiлуден артады

3. жылу түзiлу мен жылу беру теңеледi, негiзгi алмасудың салыстырмалы төмендеуi

4. негiзгi алмасудың салыстырмалы жоғарылауы

5. жылу берудің азаюы

6. Қызбаның үшiншi кезеңiнде науқасқа қауiптi болып табылады:

1. температураның тез түсуi,коллапс

2. тер шығу күшейген

3. венозды қысымның жоғарылауы

4. температураның бiртiндеп түсуi

5. қан қысымының жоғарылауы

7. Қызбаның екiншi кезеңiнде жүрек-қан тамырлар жүйесi және тыныс алуы қалай өзгередi:

1. тыныс алу сирейдi

2. брадикардия

3. қан қысымының төмендеуi, тахикардия және тахипное

4. қан қысымының жоғарылауы,тахипное

5. брадипное, коллапс

8. Дене температурасы 41 градустан жоғары болатын қызба қалай аталады:

1. субфебрилдi

2. фебрилдi (қалыпты)

3. пиретикалық (жоғары)

4. гиперпиретикалық, шамадан тыс жоғары

5. субкритикалық

9. Қалтырау (озноб) тән:

1. қызбаның бiрiншi кезеңiне

2. қызбаның екiншi кезеңiне

3. қызбаның үшiншi кезеңiне

4. шамадан тыс қызу

5. күн өту

10. Қызба кезiндегi азотты баланс:

1. терiс

2. оң

3. өзгермейдi

4. аз ғана өзгередi

5. көрiнбейдi

11. Қызбаның оң ролi мынада:

1. антидене синтезiнiң тежелуi

2. зат алмасудың төмендеуi

3. терiс азотты баланстың дамуы

4. интерферон түзiлуiнiң күшеюi

5. ағзада бактериялардың таралуы

12. Мына науқастарда қызба ауыр өтедi:

1. жүрек-қантамыр жүйесiнiң аурулары, гипертиреоз

2. асқазан жарасы

3. терi аурулары

4. ұйқы безiнiң аурулары

5. ісіну кезінде

13. Әлсiреген қызба үшiн тән:

1. таңертеңгi температураның қалыпқа дейiн және одан да төмендеуiндегi үлкен шарықтаулар

2. тәулiктiк температураның бiр жарым екi градусқа ауытқуы

3. тәулiктiк температураның шексiз ауытқуы

4. тәулiктiк температураның үш-бес градусқа ауытқуы

5. тәулiктiк температураның заңды тербелiсiнiң жоғалуы

14. Тұрақты қызбаға тән:

1. температураның тәулiктiк тербелуi 1 градус С деңгейiнде

2. температураның тәулiктiк тербелуi 1,5-2 градус С деңгейiнде

3. температураның тәулiктiк тербелуi 3-5 градус С деңгейiнде

4. температураның тәулiктiк тербелуi 2-3 градус С төмен

5. температураның тәулiктiк тербелуi 5-8 градус С

15. Дене температурасы 1 градусқа жоғарылағанда жүрек қызметi артады:

1. бiр минутта 18-20 соғады

2. бiр минутта 6-7 соғады

3. бiр минутта 8-10 соғады

4. бiр минутта 12-14 соғады

5..бiр минутта 15-18 соғады

16. Қызбаның екiншi кезеңiне тән болып келедi:

1. Куссмауль тынысы

2. стенотикалық тыныс

3. хкспираторлы ентiгу

4. жиi беткей тыныс

5. Биот тынысы

17. Қызбаның терiс қасиеттерi болып табылады:

1. ОНЖ және фагоцитоздың тежелуі,бауырдың барерлiк қызметiнiң төмендеуi

2.. микроорганизмдердiң көбеюiнiң тежелуi

3. аурудың антитоксикалық қызметiнiң күшеюi

4. бауырдың қорғаныш қызметінің жоғарылауы

5. бүйрек функциясының бұзылуы

18. Қызбаның оң ролi мынада:

1. антиденелер түзiлуiнiң азаюы

2. гепатоциттарда алмасу процестерiнiң тежелуi

3. антиденелер синтезiнiң күшеюi, фагоцитоз процестерiнiң күшеюi, интерферон түзiлуiнiң артуы

4. фагоцитоз тежелуі

5. РХС тежелуі

19. Пиротерапияға жағымды көрсеткiш болып табылады:

1. қант диабетi

2. терi аурулары, иммуножетiспеушiлiк, аяқтардағы трофикалық жаралар

3. жүрек аурулары

4. гипертониялық ауру

5. гипотониялық ауру

20. Қызбаның үшiншi кезеңiнде науқас үшiн не қауiптi болып келедi:

1. температураның тез түсуi, коллапс

2. көп мөлшерде тер бөлу

3. температураның литикалық түсуi

4. қан қысымының жоғарылауы

5. сусыздану

21. Қызба кезiнде хдокриндi бездердiң секрециясы қалай өзгередi:

1. гипофизарлы-бүйрек үстi жүйесi тежеледi

2. гипофизарлы-бүйрек үстi жүйесi қозады, қалқанша безiнiң қызметi күшейедi

3. қалқанша безiнiң қызметiнiң әлсiреуi

4. хндокриндi бездердiң қызметi өзгермейдi

5. ұйқы безінің қызметі төмендейді

22. Жылу реттеу орталығында лейкоцитарлы пирогендер әсер еткенде:

1. тежеледi

2. қозады, дене температурасы жоғарлайды

3. қан температурасына оның сезiмталдығы өзгередi

4. дене температурасы қалыпты жағдайда қалады

5. дене температурасы төмендейді

23. Қызбаның үшiншi кезеңiнде жылу берудiң күшеюi байланысты:

1. перифериялық тамырдың кеңеюi, терi бөлiнуiнiң жоғарылауы

2. перифериялық тамырлардың спазмынан жылу берудiң артуы

3. перифериялық тамырлардың таралуы және қан қысымының жоғарылауы

4. терi бөлiнуiнiң төмендеуi

5. қан қысымының жоғарылауы

24. Қалтырау тән:

1. қызбаның 1-ші кезеңінде

2. қызбаның 2-ші кезеңінде

3. st. fastigu, st. decrementi

4. st. decrementi

5. қызбаға қалтырау тән емес

25. Пиротерапияға көрсеткiш болып табылады:

1. өкпенiң қабынуы

2. асқазан жарасы

3. жүрек аурулары

4. аяқтардағы трофикалық жаралар, келлоидты тыртықтанулар

5. гломерулонефрит

26. Қызбаның оң қасиетi болып табылады:

1. есiнен тану, тырысу

2. бауырдың барьерлiк қызметiнiң төмендеуi

3. фагоцитоздың төмендеуi

4. зат алмасудың күшеюi,фагоцитоздың күшеюi

5. ағза сенсибилизациясы

27. Қызбаның үшiншi кезеңiнде науқас үшiн не қауiптi болып келедi:

1. температураның тез түсуi, коллапс

2.көп мөлшерде тер бөлу

3. тері тамырларының тарылуы

4. қан қысымының жоғарылау

5. ағзаның шектен тыс қызуы

28. Типтiк қызба байқалады:

1. пойкилотермдi жануарларда

2. гомойотермдi жануарларда, адамда

3. жылықанды жануарларда

4. суыққанды жануарларда

5. жәндіктерде

29. Эндопироген қайда түзiледi:

1. лимфоциттерде

2. хритроциттерде

3. тромбоциттерде

4. нейтрофильдi лейкоциттерде, бұлтты жасушаларда

5. макрофагтарда

30. Қызбаның үшiншi кезеңiнде температура тез түскен кезде қан қысымы және тер бөлу қалай өзгередi:

1. тер бөлу артады, артериалдық қысым төмендейдi

2. тер бөлу азаяды

3. артериалдық қысым жоғарылайды

4. артериалдық қысым бұрынғы деңгейде қалады

5. қалшылдау дамиды

16-ші тәжірибелік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]