Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMF_kaz_edistemelik_nuskau_2_kurs_Dokument_Mic.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
591.87 Кб
Скачать

Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

1. Тақырып: Қабыну

2. Сабақтың мақсаты:

Жіті және созылмалы қабынудың хтиологиясы мен патогенезін меңгеру

3. Оқыту міндеттері:

1. жіті қабынудың хтиологиясы мен патогенезін зерттеу, жіті қабынудың организм үшін

маңызы

2. бақа шажырқайында жіті қабынудың (Конгейм тәжірибесі) және қоян құлағында жіті қабынудың моделдеуін алу, қабыну ошағындағы сыртқы белгілерін және тамырлық серпілістерді оқу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, хтиологиясы. Алтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық алтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Хкссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің хмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.

  10. Созылмалы қабыну, хтиологиясы, патогенезі, қауырт қабынудан айырмашылықтары.

  11. Онтогенез кезіндегі қабынудың патогенезі.

  12. Қабынудың организм үшін маңызы.

  13. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.

5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.

Тәжiрибе № 1. Қоян құлағындағы қабыну реакциясы.

Қоянның бiр құлағының жартысын ыстық суға (540 С) 30 секунд ұстайды, сосын сабақ арасында құлақтың жағдайын бақылайды, әр 30 минут сайын протоколға өзгерiстердi жазып отырамыз.

Нәтижесi

Қорытындысы

Тәжiрибе № 2. Қабыну ошағындағы тамырлар өткiзгiштiгiнiң өзгеруiн бақылау.

Бiр құлағы қабынған қоянның ( №1 тәжiрибе) қарама-қарсы құлақты спиртпен сүртiп, шеткi венасына 1 мл 1% трипан көк ерiтiндiсiн енгiземiз 20-30 минуттан соң қабыну ошағында бояудың таралғанын бақылаймыз.

Нәтижесi

Қорытынды

Тәжiрибе 3 Бақа iшегi шажырқайының қабынуы кезiндегi тамырлық реакциялар

(Конгейм тәжiрибесi)

Жансыздырылған бақаның iшек шажырқайының препаратын дайындаймыз.

Микроскоптың кiшi ұлғайтуы арқылы 20-30 минут бойы ұсақ тамырлардағы (артерия,

артериола, капилляр, венула) қан айналымды бақылайды. әртүрлi тамыр қуысының, қызмет атқарушы капилляр санының, олардағы қан ағымы жылдамдығының, қанның формалық хлементтерi болатын орталық қан ағымының және перифериялық плазмалық қабаттың қарым-қатынасына көңiл аудару керек, әрi қарай бақылауды микроскоптың

улкен және кiшi ұлғайтуларын кезектесе қолданып қан ағысының өзгерiсiн және лейкоциттердiң тамырдан сыртқы кеңiстiкке шығу уақытын анықтаймыз.

Нәтижесi Қабыну кезiндегi тамырлық реакциялар кезеңдерiнiң суретiн салу.

Қорытындысы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]