Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 практикалык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.72 Кб
Скачать

Практикалық жұмысы №13

Сабақтың тақырыбы: Символдық мәліметтерді өңдейтін есептерді программалау

Сабақтың мақсаты: символдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып. Программа құруға дағдыландыру

Символдық мәліметтер үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:

chr(х) - byte типіндегі х санын символға түрлендіреді;

ord(ch) - сһ символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді;

pred(ch)- кодына сәйкес алдыңғы символды береді;

succ(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді;

upcase(ch) -кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады;

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Паскаль тілінің стандартты функциялары:

CHR(I) -I санына сәйкес символы береді.

ORD(S) -S символының бүтін сан түріндегі кодын береді.

COPY (ST, Poz, N): String; ST сөз тіркесінің Poz нөмірлік (позициялық) символынан бастап қатар тұрған N - символ көшіріліп алынады.

CONCAT(Sl,S2,...,SN):String; Мәтіндерді ретімен біріктіреді.

UPCASE(C:CHAR):CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас әріптерге ауыстырады. DELETE(Var S:String; N, M:Integer); S – мәтінінің, N - таңбасынан бастап, М - таңбасын өшіреді.

INSERT(S1,S2, Poz); S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен (позициясынан) бастап, N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады.

Мысал 1.

Нүйтемен аяқталатын символдық жол берілген. Осы жолды экранға соңынан басына қарай шығарыңдар.

PROGRAM ESEP1;

VAR I,L: INTEGER;

BEGIN

WRITELN ("Нүктемен аяқталатын текст енгізіңдер'); READLN(S1);

L:=LENGTH(S1);

FOR I:=L-1 DOWN 1 DO

WRITE(S1[1]);

WRITELN (‘,’');

END.

№1. Кіші латын әріпімен енгізілген жолды, үлкен латын әріптеріне ауыстыру программасын құрыңыз.

Program austir;

Var s:string;

k:byte; begin

readln(s);

for k:=1 to length(s) do s[k]:=upcase (s[k]); writeln(s); end.

№2. Мәтіндегі 'a' әріпінің санын анықтау программасын құрыңыз. Program sanau;

Var s, f, h:string;

I, Acany:integer; Begin

Writeln ('мәтін енгіз'); Readln(s);

Acany:=0;

For i:=1 to length(s) do begin

If (Copy(s,I,l)= 'a') then Acany:=Acany+1

End:

Wriletn( 'мәтіндегі a әріпін санау');

End.

Практикалық жұмысы №14-15

Сабақтың тақырыбы: Турбо Паскаль тілінде графиканы қолдану

Сабақтың мақсаты: Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері

Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз - бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі. Мысалы, экранға графикалық бейнелерді шығару мүмкіндігі қаншалықты жоғары болса, функциялардың графигін соншалықты дәл тұрғызуға болады.

Палитра (бояулар) дегеніміз - бүл графикалық режимге арналған түстер жиынтығы. Режимге арналған бірнеше палитралар бар, бірак әдетте стандартты 16 түс пайдаланылады.

Black -0 - қара DarkGray -8 - қара-сұр

Blue - 1 -cұp Light Blue -9 - ашық көк

Green -2 - жасыл LightGreen -10 - ашық жасыл

Cegan -3 - көгілдір LightCegan - 11 - ашық көгілдір

Red -4 - қызыл LightRed -12 - алқызыл

Magenta -5 - күлгін Light Magenta -13 - таңқурай түс

Brown -6 - қоңыр Yellow - 14 - сары

Light Gray -7 - ақ-сұр White - 15 - ақ

Кестеде келтірілген түстердің ағылшынша атауларының номерлері GRAPH модулі үшін тұрақты (константа) болып есептеледі. Алғашқы 8 түсті (0..7) фонының түсі үшін де, шығару түсі үшін де пайдалануға болады, ал қалған түстер (8.. 15) тек графикалық бейнелерді шығару түсі үшін ғана пайдаланылады.

Мысалы:

TextColor (Yellow);

TextBackGround (Red);

Write(‘Қызыл экранға сары символдар шығарылады’);

TextColor(Yellow+Blink);

Write(‘Жыпылықтайтын сары символдар шығарылады’);

TextColor(6);

Write(‘Экранға қоңыр символдар шығарылады’);

Тапсырма

1. Экранда бұрыш жасаған екі түзу сызық, шеңбер және шеңбер центрінде орналасқан нүкте салу программасын құру керек.

№2. Әр түрлі түспен берілген геометриялық фигуралардың астына аттарын жазатын

программа құру керек.