Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 практикалык.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
62 Кб
Скачать
☆

Практикалық жұмыс №3

Сабақтың тақырыбы Тармақталған алгоритмдердің құрылмын программалау

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің Тармақталған алгоритмдердің құрылмын программалау туралы түсінік бере отырып программа құруға үйрету

IF...THEN...ELSE шартты оператордың құрылымы келесiдей болады:

If шарт Then оператор_1 Else оператор_2;

Бұл оператор кейбiр логикалық шартқа байланысты оператордың орындалу тәртiбiн өзгертедi. Шарт деп тұрақтымен, айнымалымен немесе логикалық өрнекпен анықталған True (ақиқат) немесе False (жалған) деген логикалық мәндер түсiнiледi.

Егер шарт True мәнiмен анықталса, онда Then сөзiнен кейiнгi оператор (жәй немесе күрделi) орындалады. Егер шарт False мәнiмен анықталса, яғни шарт орындалмаса, онда Else сөзiнен кейiнгi оператор (жәй немесе күрделi) орындалады.

№1. Екі санның үлкенін табатын программа құр.

Program max;

Var a, b, max:integer;

Begin

Readln(a,b);

If a>b then max:=a else max:=b;

Writeln (‘max=’,max);

End.

№2. Үш санның үлкенін табатын программа құр.

Program max;

Var a, b, c, x, max:integer;

Begin

Readln(a,b,c);

If a>b then x:=a else x:=b;

If x>c then max:=x else max:=c;

Writeln (‘max=’,max);

End.

№3. Екі санның кішісін табатын программа құр.

Program min;

Var a, b, min:integer;

Begin

Readln(a,b);

If a<b then min:=a else min:=b;

Writeln (‘min=’,min);

End.

Тапсырмалар

1. Үш санның кішісін құратын программа құр.

2. Үш кесіндінің a,b,c ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оны периметрін және ауданын табыңдар.

3. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.

4. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

5. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.

6 Екі санның үлкенін табатын программа құр.

7. Үш санның үлкенін табатын программа құр.

8. Екі санның кішісін табатын программа құр.

9. Үш санның кішісін құратын программа құр.

10. Үш кесіндінің a,b,c ұзындықтары берілген. Егер бұл үш кесіндіден үшбұрыш құру мүмкін болса, онда оны периметрін және ауданын табыңдар.

11. Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.

12. Екі сан берілген. Егер бірінші санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса, онда біріншісін бес есе азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

13. Пернетақтадан трамвай билетінің нөмірі (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің «бақытты» нөмір болатынын анықтаңдар. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.

Практикалық жұмысы №4-5

Сабақтың тақырыбы: Циклдарды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау – While, Repeat операторларымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;

WHILE цикл операторы:

WHILE <шарт> DO <оператор>

Мұндағы WHILE, DO - тұрақты сөздер (болмайынша [шартты орындау], істеу);<шарт> - логикалық типті;

<оператор> - Турбо Паскальдің орындалатын операторы.

Егер <шарт> True болса, онда <оператор> орындалып, <шарт> қайтадан тексеріледі. Егер <шарт> False болса, онда WHILE операторы жұмысын тоқтатады.

3. REPEAT . . . UNTIL цикл операторының құрылымы:

REPEAT <цик_ден> UNTIL <шарт>

Мұндағы REPEAT, UNTIL - қызметшi сөздер (қайталай беру, шарт орындалмағанша);

<цик_ден> - бір немесе бірнеше операторлардың тізімі;

<шарт> - логикалық типтiң өрнектелуi.

<цик_ден> операторы бiр рет болса да орындалады, одан кейiн <шарт> тексеріледі, егер: оның мағынасы False болса,<цик_ден> операторы қайталанып орындалады, басқа жағдайда REPEAT. . .UNTIL операторы өз жұмысын тоқтатады.

REPEAT. . .UNTIL - begin. . . end операторлық жақша секiлдi, сондықтан UNTILдiң алдына нүктелi үтiр қою мiндет емес.

1-ден n-ге дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру

керек.

Program kvadrat;

Var s,i,n: integer;

Begin

Writeln('n=');

Readln(n);

I=1;

S:=0);

While i<=n do

Begin S:= S+sqr(i);

I:=i+1;

Wrireln (‘S=’,S);

End;

End.

2. P=1*2*3*…*N N! факториалды табу программасын жаз.

Program fakt;

Var I,n,p:integer;

Begin

Writeln(‘n=’);

Readln(n);

I:=1;

P:=1;

Repeat

P:=p*1;

I:=i+1;

Until i>n:

Writeln(p:4);

End.

Тапрсымалар

1. y=3x+1 x€[-1;2],

h=0.5 өрнегін While, Repeat операторларын пайдаланып программа құр.

2. x€[1;3] аралығында 0,2 қадаммен өзгергендегі функциясының мәнін тап.

3. n! Есептейтін программа құр n=10

4. 1- ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын, көбейтіндісін есептеудің программасын құр.

5. x=8,6,4,2 болғанда y=x2 мәндерін табатын программа құр.