
Практикалық жұмысы №6
Сабақтың тақырыбы: Циклдарды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің шартты тексеретін қайталау – For операторларымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру
FOR циклiнiң санау операторы мынадай құрылымды:
FOR <цик_пар> := < бас_мағы> TO <соң_мағ> DO <оператор> Мұндағы FOR, TO, DO - тұрақты сөздер (осыған, дейiн, орындау):
<цик_пар> - параметрлiк цикл, Integer типi.
<бас_мағы> - бастапқы мағынасы, Integer типі.
<соң_мағы> - соңғы мағынасы, Integer типі.
<оператор> - Турбо Паскальдiң орындалатын операторы.
FOR операторын қолданғанда ең басында <бас_мағы> өрнегi анықталады және <пар_цик> := <бас_мағы> меншіктеуі орындалады. Осыдан кейiн : <цик_пар> <= <соң_мағы> шарты тексеріледі; егер шарт орындалмаса, онда FOR операторы өз жұмысын тоқтатады;
FOR циклiн пайдаланғанда 2 жағдай байқалады. Ол өсу қадамы (+1) және (-1)-ге тең болуы. Өсу қадамы (-1)-ге тең болған жағдайда, ТО қызметшi сөзiнiң орнына DOWNTO қызметшi сөзi қолданылады
Басқа екi қайталану операторлары орындау шартын және цикл қайталануын тексередi, бiрақ ол цикл санағымен байланыссыз.
№1. 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program san;
Var i:integer;
Begin
Writeln (‘1-ден 100-ге дейін бүтін сан');
Writeln;
For i: 1 to 100 do
Write(i:4);
End.
№2. 30- дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.
Program jup;
Var i:integer;
Begin
Writeln (‘30-дан 10-ге дейінгі жұп сан');
For i: =30 downto 10 do
If I mod2=0 then
Writeln(i);
End.
Тапрсымалар
1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табудың программасын құру керек.
2. 5-тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.
3.Меншіктеу, шартты және қайталау операторларын пайдаланып, арифметикалық калькулятор жұмысын кескіндейтін программа жасау қажет.
Практикалық жұмысы №7-8
Сабақтың тақырыбы: Бір өлшемді массив
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір өлшемді жиымдарға (массивтерге) есептер шығаруға, программа құруға үйрету;
Айнымалы шамалардың бiр ғана атпен аталған реттелген тiзбегi массив деп аталады, ал тiзбектiң айнымалылары массив элементтерi деп аталады.
Массивпен жұмыс iстеу үшiн оның әр элементiнiң мәнi белгiлi болуы тиiс. Оның жалпы түрi :VAR бөлiмiнде осылай сипатталады. Массив аты ARRAY [n,m] of type.
Массивтi сипаттауға ARRAY of сөздерi қолданылады. Массивте әр элементің нөмiрiн элементтiң индексi деп атаймыз. Индекстердiң саны - массивтiң өлшемi. Индекстiң мүмкiн мәндерi оның диапозоны деп аталады. Диапозон мен өлшемi массивтiң формасы деп саналады.
№1. 10 элементтен тұратын А массивінің элементтерін енгізу және шығару
программасын құру керек.
Program esep 1;
Uses crt;
Var I: integer;
A:array [1…10] of integer;
Begin
Clrscr;
For i:=1 to 10 do
Begin
Writeln('a[',I,']-?');
Reudln(a[i]);
End;
For i: = 1 to 10 do
Writeln (‘a[‘,I’,]=’,a[i]);
End.
№2. Берілген бір өлшемді А{2,-3,5,8,-2} массив элементтерінің қосындысын
есептейтін программа жазу керек.
Program esep2;
Uses crt:
Var I, s: integer;
A: array [1...5] of integer;
Begin
Clrscr;
For i: = 1 to 5 do
Begin S:=0;
Writeln('a[',I']-?');
Readln(a[i]);
End;
For i: = 1 to 5 do
Begin
S:=S+a[i];
Writeln (‘S[‘,I.’]=’,S);
End;
End.
Тапрсымалар
1. Бір өлшемді A{2,-3,5,-8,2} массив берілген, оң элементтерін баспаға
шығаратын программа құру керек.
2. Бір өлшемді A{2,-3,5,-8,2} массив берілген, теріс элементтерін баспаға
шығаратын программа құру керек.
3. Бір өлшемді A{2,-3,5,-8.2} массив элементтерінің ең 8лкенін баспаға
шығаратын программа құру керек.
4. Берілген бір өлшемді A{2,-3,5,-8,2} массив элементтерінің квадраттарының
қосындысын есептеу програмасын құру керек.
5. Бірөлшемді А{1,2,3,4,5,6,7,8,9,10} жиым элементтерінің арифметикалық ортасын табатын программа құру керек.
6. Бірөлшемді А{2,-3,5,-8,2} жиым элементтерінің оң және теріс элементтерінің қосындысын табатын программа құру керек.
7. Бірөлшемді В жиымы берілген, оң элементтерін 0-ге, теріс элементтерін 1-ге айналдыратын программа құру керек.