
- •Мазмұны.
- •Тарау. Көшелердің пайда болу тарихы. -------------3
- •Тарау. Көше аттарын білу және өзгерту қажеттілігінің себептері. ----------------------------------
- •Тарау. Тәуелсіздік кезінде өзгерген көшелердің аттары. ---------------------------------------------------------
- •1 Тарау. Көшелердің пайда болу тарихы.
- •2 Тарау. Көше аттарын білу әрі өзгерту қажеттілігінің себептері.
- •3 Тарау. Тәуелсіздік кезінде қаламыздағы көшелердің өзгерген, жаңа аттары.
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
3 Тарау. Тәуелсіздік кезінде қаламыздағы көшелердің өзгерген, жаңа аттары.
Алдыма қойылған келесі талаптарды орындадым:
1.Қостанай қаласының топографиялық картасын зерттедім;
2. облыстық тарихи-өлкетану мұражайдан, қалалық мұрағат бөлімінен көшелер атауларына байланысты қажетті қосымша мәлімет жинақтадым;
3.мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және жасы үлкен қала тұрғындарының арасында «Сіз өзіңіз тұратын көше не себептен бұлай аталатынын білесіз бе?» деген тақырыпқа әлеуметтік сауалнама өткіздім;
4.Өткізілетін жұмыстың нәтижесі бойынша хабарлама дайындадым.
Жұмыс барысында жоғары аталған әдістерді қолданып:
-тақырып бойынша әдебиеттерді талдадым (мерзімді басылымдардан, яғни газет-жорналдардан саралап алынған мақалаларды, анықтамалық әдебиеттерден, мұрағат-мұражай құжаттардан алынған материалдарды);
-топтастырдым, жүйеледім (бұны пайдаланып, көшелердің аттарын топтарға бөліп алдым);
-өлшеу әдісі арқылы сауалнам нәтижесін қолдандым;
-картографиялық әдіс арқылы қаланың картасымен жұмыс өткіздім;
-сыныптастарымның, басқа да құрбыларымның, қала тұрғындарының пікірлерін сұрап біліп алдым;
-теориялық әдіс арқылы қажетті әдебиеттерді таңдап оқыдым;
-деректерді салыстырып талдаталдадым.
/Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы./
Нәтижесінде өткізілген жұмыс арқылы туған қаламыздың тарихы туралы білімімді кеңейттім, туған қаламыздың тарихымен танысып, қала көшелерінің әр түрлі аттары мен олардың шығу тарихынан мол мәлімет алдым. Сөйтіп, қаланың көшелерін келесі топтарға бөлуге жөн көрдім:
-еліміз бен қаламыздың өткен тарихына қатысты көшелер (28 көше);
-ұлы тұлғалардың құрметіне аталған көшелер (55 көше);
-тарихи оқиғалардың ерекшелігіне қатысты көшелер (18 көше);
-аттарында елімізге әйгілі қалалық әрі республикалық құрылыстар көрініс тапқан көшелер (11 көше);
-табиғатқа байланысты көшелер аттары (9 көше)
Келесі жайттарды анықтап алдық. Ұлы тұлғалардың құрметіне аталған көше аттары басым болып табылады. Бұлардың көрсеткіші - 36% /пайыз/. Ал еліміз бен қаламыздың өткен қаһармандық тарихына қатысты көше аттары 29% /пайызды/ құрайды
Мектебіміздің 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі өкінішті-ақ болып шықты, өйткені ересектердің 28% /пайызы/ өздері тұратын көшелердің тарихын білмейді екен, сондықтан олар өздерінің ұрпақтарына мұндай құнды мәліметтерді жеткізе алмайды. Осының салдарынан оқушылардың 53% /пайызы/ мұндай білімнен беймәлім.
Қостанай жері - Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ілияс Омаров, Бейімбет Майлин, Қапан Бадыров, Спандияр Көбеев, тағы басқа көрнекті тұлғаларды түлеткен құтты мекен екені бәрімізге мәлім.
1)Ленин даңғылы әл-Фараби даңғылы болып өзгерді. Өйткені ол кемеңгер адам, түркі халықтарына ортақ мұра болып табылады. Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны. Әр алуан ғылым салаларында еңбек сіңірген керемет ойшыл. Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы деген атаққа ие болған. Бүкіл ғұмырын ғылым жолына арнаған әл-Фарабидің өлең жолдары оның өмір жолдарындай:
Кеткенім жоқ, елім, сенен,
атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым, жұртым, шалғай шетке
ғылым атты шам іздеп!
Ол сол шамды тапты, оның жарығын бүкіл дүние жүзіне де түсіре білді.
2)Свердлов даңғылы 1995 жылы Абай даңғылына ауысты. Себебі біз Абай арқылы халықты, ұлтты, біздің кім екенімізді танимыз. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады:
Қазақтың Гётесі жоқ, Пушкині жоқ,
«Қазақтың, - деме бірақ, - ешкімі жоқ».
Есесіне өзгенің Абайы жоқ,
Халқының мәңгі жасар кескіні боп
Абайы бар елдің бақ-талайы бар.
Абайсыз бізді өзгелер қалай ұғар?
Абайдың мерейтойларын ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдар да атап өтеді. Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы әрі философ-ойшыл, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты қазақша сөйлеткен жаңашыл ақын әрі сазгер.
3)1998 жылы қала орталығында Совет көшесіне Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді. Көшенің Байтұрсынов есімімен аталуы өте орынды. Себебі қазақ әдебиетінің тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімінің тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны да сондай. Ол тіпті қазақ тіл білімінің атасы деген атаққа ие болды. Төтенше жазуды ұсынған ағартушы-демократ, қазақтың тәуелсіздігін армандаған, ол үшін өмірін сарп еткен ұлтжанды азаматымыз.
4)2000 жылы Киров көшесіне өз заманының заңғар ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық жазушысы, абыройлы шығармашылық ғұмырында тек поэзия төрінен ғана орын алып қоймай қазақ өнерінің өзге салаларында да жиі-жиі ат басып бұрып елеулі із қалдырған қаламгер Ғафу Қайырбековтің есімі берілді. Өзінің сөзімен айтсақ, «туған жердің ақ шағаласы» публицист те, журналист те болған.
5)2001 жылы 19 август көшесіне Бородиннің есімі берілді. Себебі Андрей Михайловичтің Қостанайға қосқан үлесі көп. Ол азаматқа «Біз марапат үшін жұмыс істемейміз, біз халық үшін қызмет етеміз» дейтін – бұл оның өмірлік ұраны. Бородин қазақ емес, бірақ Қостанай көшесіне оның есімін адал еңбегі үшін берілді.
6)Октябрдің 50 жылдығы көшесіне ақын-жазушы Міржақып Дулатовтың есімі берілді. М. Дулатов - «Алаш» партиясының көрнекті жетекшілерінің бірі, публицист, «Оян, қазақ!» деп, туған елін азаттыққа үндеген жалынды ақын, жазушы, «Бақытсыз Жамал» деген қазақтың тұңғыш романының авторы.
7)2002 жылы Куйбышев көшесіне тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі-академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді. Академик М.Қ. Қозыбаев тарих ғылымында алғаш рет Еуразия кеңістігіндегі дала өркениетінің дамуы туралы тұжырымының негізін жасады, тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттейтін ғылыми мектептің негізін құрды. Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыстарын дамыта отырып, М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды, оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы»,саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», мектеп оқушылары мен көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты.
8)Повстанческая көшесі қазір Қасымқанов көшесі деп аталады. О. Қасымқанов – қоғам қайраткері, Меңдіқара ауданының перзенті.
9)1993 жылдың желтоқсан айында Қостанай қаласы тұрғындарының тілеуі бойынша және қалалық ономастикалық комиссияның шешіміне байланысты қала әкімдігінің жарлығымен Жастар көшесі генерал-майор Әубәкір Арыстанбековтің есімімен аталатын болды. Генерал Ә. Арыстанбеков - Қостанай қазағынан шыққан тұңғыш генерал. Ол ұлттық қауіпсіздік органдарында 33 жылдан астам адал қызмет етіп, 1937 жылы тағайындалған Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің тұңғыш төрағасы еді.
10) 2012 жылы Павших борцов көшесі қала тұрғындарының және Қонаев атындағы халықаралық қордың ұсынысымен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев көшесі деп аталды.
1991 жыл қазақ халқы үшін ең елеулі жыл, себебі Қазақстан Республикасы көптен күткен тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тәуелсіздікке қол жеткізу қиын болды. Кешегі Тоныкөк кемеңгердің өзі: «Қандай қағанат болмасын, оның халқының арасында оңбаған болса, ол халықтың қанша соры бар десеңізші», - деген екен. Қазақ халқының бағы қанша болса, соры да сонша. Тәуелсіздік жолында Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» деп жар салса, Мағжан Жұмабаев:
Мен сенемін жастарға!
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда.
Мен жастарға сенемін!
деп, жастарға үміт артты. Сол үміті бүгін ақталып, еліміз егеменді болды. Егемендігіміздің, еркіндігіміздің, тәуелсіздігіміздің айғағының бірі – көшелердің өзгерген, жаңа атаулары.
Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы.
Өткізілген жұмыстың барысында туған қаламыздың тарихы туралы білімімді кеңейттім, туған қаламыздың тарихымен танысып, қала көшелерінің әр түрлі аттары мен олардың шығу тарихынан мол мәлімет алдым. Сөйтіп, қаланың көшелерін келесі топтарға бөлуге жөн көрдім:
-еліміз бен қаламыздың өткен тарихына қатысты көшелер (28 көше);
-ұлы тұлғалардың құрметіне аталған көшелер (55 көше);
-тарихи оқиғалардың ерекшелігіне қатысты көшелер (18 көше);
-аттарында елімізге әйгілі қалалық әрі республикалық құрылыстар көрініс тапқан көшелер (11 көше);
-табиғатқа байланысты көшелер аттары (9 көше)
Келесі жайттарды анықтап алдық. Ұлы тұлғалардың құрметіне аталған көше аттары басым болып табылады. Бұлардың көрсеткіші - 36% /пайыз/. Ал еліміз бен қаламыздың өткен қаһармандық тарихына қатысты көше аттары 29% /пайызды/ құрайды
Мектебіміздің 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі өкінішті-ақ болып шықты, өйткені ересектердің 28% /пайызы/ өздері тұратын көшелердің тарихын білмейді екен, сондықтан олар өздерінің ұрпақтарына мұндай құнды мәліметтерді жеткізе алмайды. Осының салдарынан оқушылардың 53% /пайызы/ мұндай білімнен беймәлім.
Қорытынды.
Сонымен, Қостанай көшелеріне тарихи оқиғаларға қатысты аттар және ғұлама тұлғалардың есімдері берілді. Олардың әрқайсысы халқымыздың тарихында жарқын із қалдырған әрі ғалым, әрі ақын, әрі қоғам қайраткері.
Деу жөнсіз «Өз баласы өзіне ұлы».
Ұлылар – ойдың шыңы, көздің нұры.
Тең бірдей өлшем де жоқ ұлылыққа,
Әрқайсы өзінше ұлы, сезін мұны.
Көшелердің бұл есімдермен аталуы - тәуелсіздік алғанға сай жаңа өмір сүруге үйрену. Өйткені қазір өз тарихымызды зерттеп-білетін заман келді. Біз жаңаша өмір сүруіміз керек.
Дегенмен есімізде көшелердің аттарын сақтауымыз керек. Өйткені бұл атаулар еліміздің, туған қаламыздың бай тарихын еске түсіреді, кейінгі ұрпақты ата-бабалар буынымен байланыстырады. Естелік жерлер – тек архитектуралық, сәулет өнерінің ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар алаңдар мен даңғылдар және көшелер. Көше атаулары – көненің, өткен тарихтың естеліктері. Бұл – біздің тарихымыз. Халық даналығы да бекер айтпаған: «Өзінің өткен тарихын ұмытпай, есте сақтайтын ел ғана қадірлі әрі болашаққа лайық болады».
Зерттеудің тәжірибеде қолданылатын өрісі.
Зерттеудің нәтижесін өлкетану сабақтарында әрі Қазақстан тарихын меңгеруге көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздар қолдана алады. Сондай-ақ сабақтан тыс тәрбиелік жұмыста да едәуір пайда келтіреріне күмәнім жоқ.