- •Мазмұны.
- •Тарау. Көшелердің пайда болу тарихы. -------------3
- •Тарау. Көше аттарын білу және өзгерту қажеттілігінің себептері. ----------------------------------
- •Тарау. Тәуелсіздік кезінде өзгерген көшелердің аттары. ---------------------------------------------------------
- •1 Тарау. Көшелердің пайда болу тарихы.
- •2 Тарау. Көше аттарын білу әрі өзгерту қажеттілігінің себептері.
- •3 Тарау. Тәуелсіздік кезінде қаламыздағы көшелердің өзгерген, жаңа аттары.
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Тарау. Көшелердің пайда болу тарихы.
Отан неден басталады? Бұл сауалды әрқайсымыз талай рет естиміз. Әрқайсымыз бұл сұраққа өзгеше жауап береді. Біз үшін Отан өздеріміз туған әрі тұрып жатқан Қостанай қаласынан, үйлеріміз тұрған көшелерден басталады. Сол себепті көшелер жайлы көбірек танып білуімізге тырысамыз.
С. И. Ожеговтың орыс тілі сөздігінің 678-бетінде көше туралы берілген анықтамасы мынадай: «Көше» – елді мекендерде: үйлердің екі қатары және олардың арасымен адам мен көлік жүретін жер. Яғни көше деген – елді мекендерде ыңғайлы жағдайда ғимараттарды құру үшін жасайтын арнайы жоспарлау. Көшелер елді мекендермен бірге пайда болған. Талай тарихи әдебиеттерді қарастырғанмен, көшелердің пайда болуына қатысты мәліметтерді кездестірмедім. Алайда көне қалалар біздің заманымызға дейін 3-інші мыңжылдықтан бұрынырақ өркендеген, мысалы, америка үндістерінің өркениеті. Ал одан бұрын, біздің заманымызға дейінгі 8-6 ғасырларда көне грек қалалары жеке дербес мемлекеттерге айналып кетіпті. Барлық географиялық атаулардың өздерінің жеке маңызы бар. Ешбір халық өзенге, көлге, елді мекенге жайдан жай, кез келген дыбыстардың тіркесуімен атау бермеген. «Қаншалықты оңай әрі күнделікті көрінсе де, әрбір атау - өткен оқиғалардың айғағы, көненің көзі. Олардың ата-бабаларымыздың көзқарасын, тұрмысын, әдет-ғұрпын, кәсібін бейнелейтіні сөзсіз», - деп жазды А. В. Суперанская.
2 Тарау. Көше аттарын білу әрі өзгерту қажеттілігінің себептері.
Кеңес Одағының қирауы мен оған қатысты ұзақ мерзімді экономикалық құлдыраудан кейін Қостанай қайта құлпырып, өркендей бастады. Қаланың экономикалық жандануына шағын және орта бизнестің дамуы қатты әсер етіп жатыр. Күні бүгін Қостанай – Қазақстандағы ең күтілген әрі өзіндік ерекшелігі бар облыс орталықтарының бірі. Оның сәулетті кейпі де қарқынды өзгеруде. Айнала жаңа құрылыс пен қайта құру өтіп жатқанына бәрі куә. Мысалы, Мұз сарайы құрылған, қаланың орталық стадионы УЕФА талабына сай қалпына келтірілген. 2005 жылы аквапарк қаламыздың мақтаныш қатарына қосылды. Қостанайдың архитектуралық кейпінде бұрынғы заман мен қазіргі заман, қазіргі өмір ғажап сыйысып біріккен.
Тәуелсіздік алғаннан бастап қоғамда, халықтың саяси, әлеуметтік өмірінде, қала атауларында өзгерістер бола берді. Соның бірі көше атауларында өзгерістер болып жатыр. Біз бүгін жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі күні болып жатқан өзекті мәселелерді халыққа, оқушыларға насихаттау қажет деп ойлаймын.
Ұсынып отырған тақырып өзекті. Бүгінгі күні қала тұрғындарының кейбіреулері көшелердің бүгінгі аттары қайдан пайда болғанын, әсіресе жақында ғана пайда болған көшелердің қай жерде орналасқанын білмейді. Керекті мекен-жайды тауып алу үшін, Қостанайға сырттан келгендер көп уақыт жұмсайды. Осындай жағдайлар, шынында, мәселе туғызып, бізді қатты ойландырады. Қостанайлықтар қаламызды жақсырақ танып білу үшін, қалаға келушілерге көше бойында тез бағыт көрсету үшін, адасып жүргендерді қажетті бағытқа дұрыс та оңай салып жіберу үшін, не істеу керекпіз? Бұл мәселені қалай шешуге болады екен? Осы мақсатпен Қостанай көшелері қандай аттармен, кімдердің құрметіне әрі неге байланысты аталып жатқанын қарастырып зерттедім. Сонымен қатар көшелерімізге есімдері беріліп жатқан тұлғалардың тарихымызға, мәдениетімізге, ғылымға деген үлесін айқындап көрсеткім келді.
Қаламыздың әрбір тұрғыны көшелер аттарын ғана біліп қоймай, сонымен бірге олардың шығу тарихынан да хабардар болуы тиіс. Бүгінгі күні ұрпақтардың сабақтастығы өте қажет. Бұған еліміздің мәдениетін сақтау, туған елі үшін қасқалдақтың қанындай қымбат, үкілеп ұстайтын киелі дүние ретінде тарихи әрі мәдени мұраларға ұқыпты, ықыласпен қарауды тәрбиелеу жатады. Өз аймағының тарихын білмей, азаматтың ел дәстүрлеріне қатыстығы мен ел қатарында болушылығы деген сезімді жеткізу қиын. Әрқайсының тарихи сана сезімі өзінің кіші отанының тарихын меңгеру барысында ғана тиімді қалыптасады.
Мені қелесі статистика қатты ойландырды: «Қостанай қаласында 250 көше бар, соның 26-сы ғана қазақша атпен аталады, яғни қазақтың тарихына қатысы бар тұлғалардың есімдері берілген.” деді. Яғни, 9 пайызы ғана. Осыған орай ұсыныс жасағым келеді. Қостанай жерінде қазақтың үш тұлғасы, қазақтың мақтаныштары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Хакімжан Наурызбаев туған. Оларды жұрттың бәрі біледі. Қазақтың классик-жазушылары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтардың туған жерлері осы Қостанай облысы, Пресногорьков ауданы. Ол кісілер қазір неге солтүстік қазақстандықтар деп аталады. Оның мынандай себебі болды. 1963 жылға дейін ол кісілер шығармашылық іссапармен елдеріне келгенде осы Қостанай қаласы арқылы келетін. Бірақ ол кездегі облыс басшысы А.М.Бородин ол кісілерді қарсы алмақ түгіл, баратын жерлеріне көліктің өзін зорға беретін көрінеді. Бір жыл емес, талай жылдар бойы. Содан Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов ретін тауып, 1963 жылы Пресногорьков ауданының 5 совхозының жерін, ішінде өздерінің туған жерлері бар, қазіргі Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов кеңшарларын Солтүстік Қазақстан облысына беруге ықпал етеді. Сөйтіп әдебиетке, өнерге, ғылымға зор үлес қосқан алып тұлғалар солтүстік қазақстандық болып шыға келеді. Сәбит Мұқанов – 1900 жылы Қостанай облысының Пресногорьков ауданында дүниеге келген. Жазушы, қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі, әдебиет зерттеуші-ғалым, қоғам қайраткері, 1954 жылдан ҚазКСР Ғылым академиясының академигі. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысушы. 1935 жылы Мәскеу қызыл профессура институтын бітірген. 1935-1951 жылдар аралығында “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметін атқарған. 1936-1937, 1943-1951 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы қызметінде болған. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. 1956-1966 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі, 2-8 сайлауда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Бейбітшілікті қорғау жөніндегі комитеттің мүшесі болған. Үш мәрте Ленин ордені, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту , “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы Қостанай облысының Пресногорьков ауданында 1902 жылы дүниеге келген. Жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1985), Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974). Пресногорьков орта мектебін бітіргеннен кейін 1926-27 жылдар аралығында Омбы ауыл шаруашылық институтының жұмысшы факультетінде оқиды.1928-38 жылдары “Қазақстан” баспасының бас редакторы. “Социалистік Қазақстан”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінің редакторы. Қаз.КСР Оқу-ағарту комитеті өнер секторының меңгерушісі. 1956-1957 жылдары “Ара”– “Шмель” журналының бас редакторы. 1957-1962 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы. КОКП ХХІІ съезінің, Қазақстан Компартиясы көптеген съездерінің делегаты. 5-11 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Абай атындағы Мемлекеттік (1970), Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтарының (1976) лауреаты. Үш мәртебе Ленин орденімен марапатталған. Наурызбаев Хакімжан – 1925 жылы 27 тамызда Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл ауылында дүниеге келді. Қазақ өнерінің шоқ жұлдызы. Қазақтан шыққан алғашқы мүсінші. Алматыдағы Республика сарайы алдындағы Абай ескерткішінің авторы. Алматыдағы көркем өнер училищесін бітіргеннен кейін Москвада оқуын жалғастырды. Атақты мүсінші Коненковтың шәкірті. Мүсінші Х.Наурызбаев 300-ге жақын шығарманың авторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры. 2007 жылы қаңтар айында ол “Тарлан” сыйлығының иегері атанды. Халқымыздың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі Наурызбаев Хакімжанның 100-ге толуын күтпей өз өлкесі Қостанай қаласында бір көшенің атын берсе, Алматыда шәкірттері бар шығар, солар Наурызбаевтың мүсінін өздері істеп қалаға, сол көшеге сыйлық ретінде қойып берер еді.
Ал мәдениет жанашыры, құрсаудағы кеңес билігі тұсында қазақ мәдениетін, рухани мүддесін бәрінен жоғары қойып, талай дарынды қара көздердің бағын ашқан Ілияс Омаровтың аты тек қазақ драма театрына ғана берілмей, Қостанай көшелерінің бірін де оның есімімен атауға неге болмасын? деген жергілікті тұрғындардан әкімдікке түскен ұсыныс Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымының докторы, профессордың ойына сай екен: «...жерлесіміз, халқымыздың біртуар ұлы Ілияс Омаровтың 100 жылдығына орай Қостанайда театрлар фестивалі өтті. Тойды дүбірлеп өтті дейтіндер бар шығар, бірақ өкінішімізге қарай, қайраткерімізге көрсетілген басты құрмет – оған қала көшелерінің бірінің атын беру емес, биыл жаңадан салынған өзі атындағы өнер ордасы қабырғасына қағылған барельеф пен «Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры» деген жазумен ғана шектелді.» Әзірше Әділет министрлігі мен ономастикалық комиссия нысандарға атау беруге және оларды қайта атауға республикада мораторий жариялаған.
Ал жергілікті ақынымыз, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметовтың пікірінше, «...ұлтымыздың біртуар перзенті Нұржан Наушабаевтың да есімімен Қостанай көшесін атаса ғажап емес пе? Қашанда келешек жастарымыз бен ұл-қыздарымызды тәрбиелеуде жоғарыда аталған тұлғаларымыздың ғибратты ғұмыры дәріптеліп жатса, ұлт қамын ойлайтын ұрпақты өсіруге игі қадам жасалмақ. Сондықтан, өзіміз тұрып жатқан елді – мекен мен қала көшелерінің атауы да тәрбиеге зор ықпалын тигізетіні хақ».
Өкінішке орай, қадірлі ағайларымыздың осындай игі ұсыныс-бастамалары жауапсыз қалды. Өйткені шенеуліктердің айтуынша, «әзірше Әділет министрлігі мен ономастикалық комиссия нысандарға атау беруге және оларды қайта атауға республикада мораторий жариялаған».
