
- •Лекция-6 Ақша қаражаттар есебі және оның эквиваленттері
- •Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі.
- •Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша №1 журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
- •Есеп айырысу шотындағы және банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі.
- •Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшалардың жұмсалуы №2 журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау.
Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша жүргізілетін операциялар кредиті бойынша №1 журнал-ордерде, ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
Есеп айырысу шотындағы және банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі;
кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар.
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі әдетте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.
Қандайда болмасын заңды ұйымның басқа ұйымдарға қарызы, олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың, тағы да басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді. Есеп айырысу шотына кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа заңды немесе жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы, банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал бұл шоттан кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның кассасына жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялар бірыңғайланған белгілі құжаттар негізінде жүргізіледі. Негізгі есеп айырысу құжаттары болып: төлем тапсырмасы, есеп айырысу чегі, төлем талабы-тапсырмасы, инкассалық өкім, салық және кеден органдарының инкассалық өкімі және тағы басқа да құжаттар саналады. Есеп айырысу құжаттарында оларға қол қоюға құқығы бар екі лауазымды адамдардың қолдары болуы керек. Онсыз құжат орындалуға қабылданбайды.
Ұйымдардың есеп айырысу шотындағы ақшалардың жұмсалуы №2 журнал-ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың тізімдемесінде есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай шоттардағы ақшалар есептеледі.
«Аккредитивтердегі ақшалар» деп аталатын шоттарында жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақшаларын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді
Аккредитив – кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредитивте көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы.
«Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар » деп аталатын шотта чек кітапшаларындағы ақшалар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақшалар жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа да кәсіпорындардан алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.