Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_antigeny_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.14 Кб
Скачать

Микроорганизмдер антигендері.

Микроб клеткаларында топтық және арнайылық антигендердің болуы оларды жіктеуге мүмкіндік береді. Клетка құрамының антигендерінің табиғаты белоктік, полисахаридтік, липидтік заттар. Сонымен қатар олардан бөлініп шығатын токсиндер мен энзимдердің де антигендік қасиеті бар.

Көптеген микробтардың антигендек қасиеттері жақсы зерттелген.

Туберкулез микробактериясының антигендерінің сны 30- жуық. Табиғаты бойынша липополисахарид, липополипептидтер. Оларға қарсы антиденелер аз түзіледі және қорғаныс қабілеті шамалы болады.

Д- балауызбен қосылысқан баяу липополисахаридтік антигенні Фрейнд адьювантының құрамына кіреді.

Д – балауыздың белокпен қосылысы баяу жүретін аса сезімталдық реакциясын тудырады.

Ботулизм клостридиясының антигендерінің ішінде белоктік экзотоксинінің улылығы өте күшті, 1мг 4800000 өлтіргіш дозасы бар, зақымданған тері, ас қорыту жолдары арқылы организмге өте алады. Қарын сөлінің ферменттерінің әсерінен күші 10-1000 есе артады. Ботулотоксиндер 6 топқа бөлінеді (А,В,С,Д,Е,), молекулалық массасы 150 kda, нейтротоксиндер қатарына жатады, антигендігі жоғары.

Стрептококтер бірнеше иммунологиялық топтар құрайды және оларды А мен S аралығындағы әріптермен белгілейді. Адамға науқас жұқтыратын А тобы 47 типтен құралады. А тобының клетка бетінде адамның дәнекер тканінің гиалоуринаттарына ұқсас антигендер анықталған.

Стрептококтың өзінен бөліп шығаратын 10 астам антигендері бар. Олар организм патогенезінде белгілі бір роль атқарады; эритрогендік токсиндер, гемолизиндер, стрептолизиндер және ферменттер деп бөлінеді. Соның ішінде стрептолизин О ревматизм науқасын тудырады.

Стафилакоктің патогендік түрінің клетка бетінде белоктік және полисахаридтік антигендер орналасқан. Белоктік антиген протеин А (мол. 13 kda) IgG молекуласының Е фрагментімен байланыса алады. Оның қасиеті антителоларды бөліп алуға қолданылады. Стрептококтар өзінен токсиндер және ферменттер бөліп шығарады.

Күйдіргі бацилласында екі түрлі антигендер тобы бар микроб клеткасының және оның өнімдері. Клеткалық антигендері полисахаридттерден құралған, жоғарғы молекулалы. Бацилла Д- глютамин қышқылынан құралатын полипептидтік тізбекпен қоршалған, сондықтан оған қарсы антиденелер түзілмейді. Күйдіргі токсині үш фактордан құралған, липопротеиндерге жатады.

Тұмау вирусының антигендері.

Вирус антигендерін үш топқа бөледі: ішкі – нуклекапспидтік немесе рибонуклеопротеиндік антиген (мол. m50 kda), сыртқы- гемагглютинин (м. m77 kda) және нейраминидаза (56 kda).

Осы үш антигендердің құрылысы бойынша грипп вирусы үш түрге (А,В,С) жіктеледі және олар айқаса әрекеттеспейді.

А және В вирустары гемаглютинин (Н) мен нейраминидаза (N) варияциясы бойынша субтиптерге НО, Н1, Н2, Н3, N1, N2, бөлінеді. Осы бойынша мысалы А(Гонгконг типі) 1/68 (Н3 N2) А (Токио) 3/67 (Н2N2). В тип те жиі өзгереді ал С тип тұрақты.

Вирус антигендерінің өзгерісі мутация арқылы жүріп (әсіресе Н бойынша) кең тарап іедетке айналып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]