
- •Лекция № антигендер Антиген түрлері
- •Антигендердің негізгі сипаттамалары
- •Антигендердің иммунологиялық ерекшеліктері
- •Антигендердің химиялық құрылысы
- •Антиген ерекшеліктерінің структуралық негіздері
- •Антигендер бәсекесі
- •Лекция № Тимус- тәуелді және тимус- тәуелсіз антигендер.
- •Тканьдар мен клеткалардың антигендері.
- •Микроорганизмдер антигендері.
Тканьдар мен клеткалардың антигендері.
Қазіргі кезде табиғи антигендерлің ішінде эритроциттер мен лейкоциттердің, ісікке ұшыраған тканьдердің антигендері, фетальдық антигендер және микроорганизмдердің (бактерия, вирус, қарапайымдар) антигендері аса зер салып зерттелуде. Организмнің қай ткані мен клеткасын алмасаңыз да өзінің антигендік ерекшелігі бар, бірақ, эритроциттер мен антигендері ткань алмастырып салғанда зор роль атқаратын болғандықтан тұрғысынан аса маңызды. Эритроцит ангендері үш топқа бөлінеді:
Гетероантигендер- табиғатта кең тараған.
Адамдарда ғана болатын түререкшелік ангендер.
Топерекшелі изоантигендер немесе алоантигендер.
Эритроциттік алоантигендер 20 генетикалық жүйеге кіретін 100-ге жуық антигендерден тұрады. Соның ішінде АВО, МN, КЕЛ-ЧЕЛАНО, ДАФФИ жүйелерінің практикалық маңызы бар.
АВО жүйені 1901 жылы К.Ландштейнер тапты. Ажәне В антигендердің эритроцит бетінде таралуы бойынша сонымен қатар қан сарысуларында осы антигендерге қарсы топтық антигендер және изогемаглютининдердің болуына байланысты қан төрт топқа бөлінеді:
Эритроциттік алоантигендер тұқым қуалайды. АВО гендердің үш А, В,О, аллельдері бар. Ажәне В гендердің Н-субстанцияға әсер етуі арқасында А не В антигендері түзіледі. Н ген Н субстанцияны тежеп А және В антигендердің түзілмеуін қамтамасыз етеді, осылай О антиген пайда болады.
Эритроциттердің бірде-бір А,В,О, антигендері болмайтын түрі де кездеседі. Оны Оh- топ немесе “Бомбей тобы” деп атайды.
АВО жүйесінің антигендері лейкоциттерде, тромбоциттерде әртүрлі тканьдерде, сілекейде, жаста, ұрықта кездеседі. Құрамы жағынан гликопептидтер, Mm 200 kda дейін, 80 % көмірсу, 15-20 % белоктар құралған. Антиген ерекшелігі көмірсу топтарымен байланысты.
Адамдардың 85% де резус-фактор деп аталатын Rh антигендері кездеседі. Rh-Hr жүйесі алты түрлі: (Rh (Д), rh (С), rh (Е) hrd, hro, hre). Осылардың ішінде Д фактордың антигендігі басқаларында қарағанда өте күшті болғандықтан посттрансфузиялық гемолитикалық реакциялардың себепші болады, сондықтан резус (+), резус (-) деп бөлгенде осы антигенге қатысты ғана айтылады.
Аталған алты антигенннің бірі де эритроцит бетінде кездеспейтін индивидуумдар болады. Оларды Rh nu11 деп атайды.
Организмде Rh- Hr жүйе гендерді қос қостан, оған сәйкес антигендері де жұптаса кездеседі. Жиі кездесетін комбинациялар –
СДЕ-16 %, СДе-53 %, сДЕ -15%, cde-12%.
Rh- Hr-дің АВО жүйеден өзгешілігі табиғи антиденелері болмайды. Антирезустік антиденелер Rh-(-) адам Rh(+) адамның қанын құйғанда, немесе жүктілік жағдайда ғана пайда болады.
МN- жүйесі 15 антигеннен тұрады, гликопротеиндер. Антигендегі жоғары емес болғандықтан посттрансфузиялық реакциялары аса қауіпті болмайды.
Келл- Челано жүйесі Келл (К) және Челано (Ч) факторларынан құралады. Лейкоциттік антигендердің жалпы саны 100 жуық көптеген органдар мен тканьдерде кездеседі, сондықтан бұл аллоантигендерді гистосәйкестік антигендері деп атайды. Гистосәйкестік антигендері иммунитеттік жауаптың күшін анықтайтын гендермен қатар орналасатындығын олар ішкі ортаның генетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін антигендер болып саналады. Бұл антигендер үш топқа бөлінеді:
А) Гистосәйкестіктің бас комплексінің антигендері (МНО- major histocompatibily cjmplex). Оларды HLA жүйесі деп атайды (Human Lencocijte antigen).
Б) полиморфті ядролы лейкоцит антигендері,
В) тромбоцит антигендері.
Гранулоциттік антигендер бес түрлі: NА1, NА2, NВ1, NС1, ND1(N- neutrophils, А,В,Д- сәйкес локустер).