Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_antigeny_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.14 Кб
Скачать

Лекция № Тимус- тәуелді және тимус- тәуелсіз антигендер.

Антигендер организмге енгенде иммунокомпетентті клеткалармен әркектке түсіп, антигенді анықтау процесі жүреді. Бұл процеске негізінен лимфоциттер қатысады. Иммунитет жауабының сипаты бір жағынан иммунохабардар клеткалардың шамасына екінші жағынан антиген құрылысына байланысты. Клеткалар антигеннің бөтендігін таныйды, себебі олар генетикалық бөгде зат. Антигеннің химиялық құрылымында иммунитет жауабының ерекшелігі болады. Ол иммунитеттің клеткалық не гуморальдық жүйесінің қатысуын анықтайды. Өзінің лимфоцит популяциясының түр- түрімен әрекеттесу қабілеті бойынша (антидене синтезі, клетка реакциясы, төзімділік, аса сезімталдық, зерде клеткаларын қалыптастыру) антигендер тимус тәуелді және тимус- тәуелсіз деп бөлінеді.

Т- тәуелсізге антитело жасалуына В- клеткалар ғана қатысатын антигендер жатады.

Эксперимент жүзінде оны тимусы жоқ тышқандар мен В лимфоциттер дақылынан байқауға болады. Т- тәуелсіз антигендерге кейбір микроб липополисахаридтері жатады (саомонелла, пневмококк, Е. coli). Қолдан жасалған Т- тәуелсіз антигендер дн бар. Т- тәуелсіз антиген болуы үшін антигеннің қатаң құрылымы және біріне-бірі ұқсас көптеген антигендік детерминанталары болуы керек. Оны мультигаптендік құрсау дейді.

Нақты антигендік детерминантаға арналған В- лимфоцит клоны лимфобластқа айналуы үшін және ол плазмалық клеткалар клонын түзуі үшін олар антиген детерминантасымен арнайы әрекетке түсуі керек, екіншіден көбейту (пролиферативный) сигналы қажет. Бұл сигнал қатаң,белгілі бір тәртіппен алмасып, кезектесіп отыратын зарядталған группалар арқылы беріледі кейде антигендік және митогендік активтіліктер бөлек болады. Декстран сульфаты полисахарид В- лимфоциттердің бөлінуін ғана күшейтеді. Тазаланағн туберкулин антитело жасалуын ғана қолдайды. Е. Сoli липополисахаридті осы екі процесті қатар жүргізеді. Барлық Т- тәуелсіз антигендердің В- лимфоциттерді активтейтін қасиеті болады, поликлональдық стимулятор ролін атқарады. Кейде олар иммунитеттік төзімділікті туғызады. Олар В- лимфоциттердің дифференцировкасының ерте сатысына араласып М- иммуноглобулинге жататын антиденелер синтездетеді.

Тимус- тәуелді антигендер деп оларға қарсы реакция гистосәйкестік комплексімен бақыланатын, міндетті түрде Т- лимфоцит пен макрофагтардың қатысуымен анықталатын антигендерді айтамыз. Сондықтан В- лимфоцит антиген детерминантын ажыратса, Т- лимфоцит детерминант тасмалдаушысын арнайы анықтайды. Макрофагтар мен Т- лимфоцит арқасында В- лимфоцитке оның көбеюіне жағдай жасап, антитело синтезіне хабар беретін сигнал түседі. Көптеген табиғи және қолдан жасалған антигендер Тимус- тәуелді. Оған жататындар: трансплантациялық, тканьерекшелік антигендер, қан сары суы белоктары, бактерия токсиндері, вирус антигендері және т.б.

Т- тәуелді антигендер организмге енгенде макрофагтардың қатысуымен оны Т- лимфоциттермен анықтау жүреді. Химиялық құрамы мен антиген детерминанттарының түріне қарай лимфоциттер субпопуляциясының көбеюі мен дифференцировкасы басталады. Осы процесте тек антигеннің химиялық құрылымын иммунитеттік реакцияның жүру бағытын анықтайды; ол клеткалық не гуморальдік не, не екуінің арақатысы арқылы жүрмек, бәрі де антиген құрылымына байланысты.

Сонымен қатар, антигенді анықтау қожайынның генотипіне байланысты. Кейде антиген қожайынның Т- лимфоциттерімен ажыратылмауы мүмкін. Онда сол антигенге қарсы антитело синтездейтін В- лимфоцит клоны болса да, антитело синтезделмейді. Мысал ретінде Ландштейнер тәжірибесі бола алады. Динитрофенол (ДНФ) антиген емес. Белокпен коньюгаты Тимус- тәуелді антиген және де неғұрлым полипептид молекуласының салмағы көп болса, антиген құрылымы қатаң Т- туәлділік азаяды. Белоктың аминқышқылдық құрамының да мәні зор. Коньюгат ДНФ (глу- ала- тир) антитело синтезін қоздырады, бірақ жекеленген ареактивтілік болуы мүмкін. ДНФ- БСА, антитело синтезін қоздырады, ал ДНФ- полимерін – жоқ. Яғни жануарда лимфоцит клоны ДНФ – қарсы бар. Ал антитело синтезі бола ма, жоқ па ол “тасымалдаушының” химиялық құрамына байланысты, қожайын лимфоцитінің ажыратқыштығының генетикалық мүмкіншілігіне байланысты.

Клетка иммунитетінің реакциясы тіркегіштің ерекшелігіне байланысты, гуморальді жауап (антитело синтезі) гаптендік ерекшелікті анықтайды. Антигенді Т- тәуелді Т- тәуелсіз деп бөлгенмен де кейде ол шарт емес.

Салмонеладан бөлініп алынған белок флогелиннің өзі 1800 da Т- тәуелді, бірақ полимері 1000 Кda, Т- тәуелсіз антиген.

Антиген құрамы мен әсер ету механизмін зерттеудегі болған жетістіктер кәзіргі кезде алдын ала белгілі қасиеті бар антигендер жасау мүмкіндігінен беріп отыр. Ол керек антиген детерминанттарына антитело синтездеуді қуаттату, клетка кооперациясын күшейту не тежеу, нақты антигенге төзімділікті үйрету. Осы принциптер жаңа иммунодепрессанттар жасауға пайдасын тигізіп отыр және арнайы қасиеті бар вакцина жасауға да мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]