Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_antigeny_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.14 Кб
Скачать

Антигендердің химиялық құрылысы

Жетілген антиген молекуласында екі функционалдық бөлім болады. Олар антиген детерминантасы және тасымалдаушысы деп аталады. Көбіне антиген детерминантасы кішкентай химиялық топтан тұрады, ақуыз болса 5-8 аминқышқылы құрайды.

Табиғи антигендердің тасымалдаушысы ақуыздан, полисахаридтен, нуклеин қышқылынан тұрады. Қолдан жасалған антигендерде тасымалдаушының ролін синтетикалық полипептидтер, полисахаридтер, полиэлектролиттер және басқа органикалық полимерлер атқарады. Липидтер мен стероидтардың антигендік қасиеті жоқ. Олар гаптен ретінде ақуызбен қосылып, антидене синтезін қоздырады. Қолдан жасалған антиген ретінде полипептидтерді, полисахаридтерді, декстранды айтуға болады. Кейбір заттар жануардың бір түріне антигендік қасиет көретпей, басқа бір түрлерге антиген бола алады. Мысалы, декстран қоянға антиген емес, адамда антидене синтезін қоздырады.

Антиген ерекшеліктерінің структуралық негіздері

Антигеннің молекулалық салмағы антигендік белгіге жатады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша ол 10 kda-дан кем болмауы керек. Әсіресе ақуыздан тұратын антигендердің әжептәуір молекулалық салмағы болады. Бірақ антигендік молекулалық салмаққа пропорционалды емес. Мысалы, нуклеин қышқылдарының молекулалық салмағы көп болғанмен әлсіз антигендер қатарына жатады. Альбумин мен гемоглобиннің салмағы ұқсас 70 kda, бірақ гемоглобин антигендігі төмен. Ұйқы безі ақуызы глюкогонның молекулалық салмағы 3,9 kda, антигендігі жоғары. Молекулалық салмағы 1-4 kda болатын жоғары антигенді синтетикалық пептидтер де белгілі.

Ақуыз молекуласының антигендік ерекшелігін оның бірінші құрамы анықтайды. Ақуыздың сыртқы бетінің стереохимиялық конфигурациясы оның біріншілік құрамына байланысты. Ақуыз бетіндегі атомдар тобының таралу тәртібі антиген детерминанты ролін атқарады. Полипептид тізбегінде бірнеше аминқышқылының айырмашылығы болса (1-3 дейін), осы ақуыз молекуласын антиген ретінде ажыратуға болады. Мысалы, әртүрге жататын жануарлардың инсулині бір қызмет атқарады, бірақ үш аминқышқылдары бойынша ажырасқан соң антигендік айырмашылық көрсетеді.

Ақуызға кішкене химиялық топтардың бірігуі (динитрофено, т.б.) оған қосымша антигендік қасиет береді.

Антиген детерминанты деген түсінікпен антиген валенттілігі деген түсінік тығыз байланысты. Валенттілік антиген молекуласындағы детерминант санымен анықталады.

Антигендер бәсекесі

Антигендер бәсекесі деп бір антигеннің әсерінен екінші антигенге иммунитет реакциясының төмендеуін айтады. Көптеген антигендер бірге егілсе, бір-біріне қатыссыз арнайы иммунитет реакциясын қоздырады. Осындай жағдайда иммунитеттік жауап оларды жеке еккендегідей бірдей жүреді. Кейде кейбір антигендерді бірге ексе антиген синтезі біреуіне не екі антигенге бірдей, жеке еккенмен салыстрғандағыдан төмен кетеді. Осы нәтиже антиген бәсекесінен пайда болады. Антиген бәсекесі молекула ішілік және молекула аралық болып бөлінеді. Молекула ішілік бәсеке жетілген антигеннің жеке бөліктерінің иммунитет реакциясын тежеуі. Молеку аралық бәсеке егілген антигенге қосымша антиген ексе антигенге иммунитет жауабының төмендеуі. Антиген бәсекесі енгізілген дозасына, егілген тәртібіне және уақыт аралығына байланысты. Антигеннің доза айырмашылығы көп болса, бәсеке де жоғары болады. Көбінесе бірінші егілген антиген екіншіге қарағанда басымдылық көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]