
- •Лекция № антигендер Антиген түрлері
- •Антигендердің негізгі сипаттамалары
- •Антигендердің иммунологиялық ерекшеліктері
- •Антигендердің химиялық құрылысы
- •Антиген ерекшеліктерінің структуралық негіздері
- •Антигендер бәсекесі
- •Лекция № Тимус- тәуелді және тимус- тәуелсіз антигендер.
- •Тканьдар мен клеткалардың антигендері.
- •Микроорганизмдер антигендері.
Антигендердің негізгі сипаттамалары
Заттарды антиген ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге: бөгделік, антигендік, иммуногендік, ерекшлік жатады.
Бөгделік – антигеннің генетикалық өзгешелігін көрсететін ұғым. Өзінің даму сатысында организмдер неғұрлым алшақ жатса, соғұрлым бөгделілігі жоғары болады.
Антигендік – заттың иммунитеттік реакцияны қоздыру мөлшерін көрсететін ұғым. Антигендік қасиет антигеннің химиялық құрамына сыртқы детерминанталардың орналасу ретіне, антигенмен әсерлесетін клетка санына және антиген егіп отырған жануардың түріне байланысты.
Иммуногендік – антигеннің иммунитете тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Иммуногендік иммунитеттік зерде түзілуімен байланысты, мысалы, дизентерия қоздырушысының антигендігі өте жоғары, бірақ оған қарсы иммунитет түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғаоы, өте көп антиденелер өндіріліп, қуатты иммунитет түзіледі.
Ерекшелік – антигендердің бір-бірінен ерекшеленіп, ажырайтын қасиеті.
Антигендердің иммунологиялық ерекшеліктері
Антигендердің иммунологиялық ерекшеліктері макромолекуланың бар денесімен емес, антигенннің бетінде болатын белгілі бір химиялық топтармен – антиген детерминанттарымен анықталады.
Антиген детерминанты деп иммуногендік әсер қоздырып антиденелердің белсенді байланысқа түсе алатын антиген молекуласының бөлігін айтамыз. Табиғи антиген молекуласында антиген детерминантының болуы, олардың саны мен орналасу тәртібі антиген ерекшелігін анықтайды. Организмнің әр клеткасының өзіндік химиялық құрамы, антигендік ерекшелігі бар.
Антиген ерекшелігінің бірнеше түрі болады. Түраралық (түр ерекшелігі), топ ерекшелігі, ұлпалық, сатылық, мүшелік ерекшелік.
Түраралық ерекшелік немесе түререкшелігі – жануардың қай түрге жататындығын, оның генетикалық айырмашылығын анықтайтын ерекшелік. Бұл ерекшелік әр түрге жататын организмдердің антиген бойынша айырмашылығын көрсетеді. Түр ерекшелік жеке антигендерді емес, организмдердің айырмасы арқылы болатын антигендер жиынтығын көрсетеді. Өзара жақын түрлердің ұқсас антигендері өзара алшақ түрлерге қарағанда көбірек болады.
Тип ерекшелік деген түререкшелік секілді ұғым, бірақ микроорганизмдерге қатысты қолданылады.
Топ рекшелігі – түр ішіндегі особтар тобы арасындағы ерекшелік. Мысалы, адам изоантигендерін алуға болады. Эритроцит антигендері жүйесі 15-жүйеден 100-ге жақын антигендерден тұрады. Лейкоциттердің изоантигендер жүйесі гистосәйкестіктің антиген жүйесі деп аталады (HLA). Негізінен мұшелер мен ұлпаларды алмастырғанда басты роль атқарады. Топ ерекшелігіне тромбоциттер мен гранулоциттер изоантигендер жүйесі де жатады. Оларда қлпа алмасқанда гемотрансфузияда маңызды роль атқарады.
Гистосәйкестіктің антигендері күшті және әлсіз антигендер болып бөлінеді. Мүшелерді алмастырып салғанда донор мен реципиентті гистосәйкестіктің күшті антигендері бойынша іріктейді.
Бір организмнің жеке ұлпаларының арасында болатын антиген ерекшелігі – ұлпа ерекшелігін анықтайды.
Сатылық ерекшелік – даму сатысында тұрған клеткалардағы антиген айырмашылығын көрсететін өзгешелік. Мысалы, эмбрион антигендерін немесе Рс-антиген деп аталатын плазмалық клеткалардың антигенін алуға болады. Рс-антиген тек антидене жасайтын плазмалық клеткаларда ғана болады, В-лимфоцит пен дің клеткаларда болмайды. Сонымен қатар эмбрион кезінде кездесетін кейбір ақуыздар фетопротеин, преальбумин, т.б., ересек организмде кездеспейді, сатылық антигендер қатарына жатады.
Антигендердің мүшелік (органоидтық) ерекшелігі де болады. Бұл түсінік клетка органоидтарының арасында болатын антиген айырмашылығын білдіреді (ядро мен митохондрия, микросома, т.б. арасындағы).
Қорытып айтқанда, әрбір клетканың өзінің антигендік құрылысы бойынша кез келген басқа клеткадан айырмашылығы болады. Неғұрлым генетикалық туысқандығы алшақ болса, соғұрлым антиген айырмасы көп. Бірақ әр түрге жататын организмдерде ұқсас антигендер де болады. Оларды айқаса әрекеттесетін антигендер немесе гетероантигендер деп атайды. Мысалы, Фроссман антигені қой, жылқы, иттің, мысықтың, тауықтың, эритроциттерінде болып, адам мен маймылда кездеспейді. Ұқсас антигендер тым алшақ жатқан түрлер арасында да кездеседі. Мысалы, адамдағы қан тобының А антигені грипп вирусы мен кейбір микробтарда кездеседі. Бұл құбылыс антиген мимикриясы деп аталады. Паразиттер үшін бұл құбылыс қорғаныс қызметін атқарады, себебі иммунитет реакциясын қоздырмайды. Ал организмге осындай антигендер аутоиммундық аурулардың себепшілері болады. Стрептококктың гетероантигендері коллагеноз ауруларын туғыза алады. Стрептококктың кейбір штаммдарында бүйректің базалдық мембранасының құрамына ұқсас антигендер болады.
Стрептококктың осындай түрлері аутоиммунды гломерулонефрит туғызады.