Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsia_antigeny_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.14 Кб
Скачать

Лекция № антигендер Антиген түрлері

Антиген дегеніміз белгілі бір химиялық құрамы бар, организмге генетикалық бөгде жоғары молекулалы зат. Жекеленген заттардың антигендік қасиеті күрделі құрамның ішіне кірсе де байқалады. Сондықтан медицинада "антиген" термині микроб, өсімдік, жануар клеткаларына, ұлпаларға, биологиялық сұйықтықтарға қатысты айтылады, бірақ бұл жағдайда осы жүйелердегі болатын антигендерді нұсқап айтады. Антиген ретінде әртүрлі химиялық заттар, дәрілер де болуы мүмкін.

Антиген – арнайы иммунитеттік реакцияларды қоздыратын зат; антидене синтезделуін, клеткалық иммунитет, аса сезімталдық реакциясын, иммунитеттік төзімділікті тудыра алады. Осыған орай оларды иммуноген, аллерген деп атайды.

Арнайы антидене жасалуына себеп болатын заттарды жетілген антиген деп атайды. Оған протеиндер, полисахаридтер, нуклеопротеиндер, липополисахаридтер жатады.

Өздігінен арнайы антидене жасауға шамасы болмайтын, бірақ антиденемен арнайы әрекеттесе алатын заттарды жетілмеген антигедер немесе гаптендер деп атайды. Көптеген химиялық заттар гаптендерге жатады. Олар организм ақуыздарымен бірлесіп жетілген антигендерді құрайды. Ондай антигендерге гаптендік антиденелер синтезделеді. Жетілмеген антигендер күрделі және қарапайым антигендер болып бөлінеді. Қарапайым антигендерге кішімолекулалы органикалық және анорганикалық заттар, мысалы, Ni, Cr, Be, динитрофенол, анилин, моносахаридтер, бензилпенициллин, т.б. заттар жатады. Күрделі гаптендерге полисахаридтер, липидтер, стероидтар, нуклеин қышқылдары жатады.

Организмнің өзінде болатын антигендерді аутоантигендер деп атайды. Секвестрленген антигендер, яғни эмбрионның даму сатысында да, ересек кезде де иммунитеттен хабардар клеткалармен кездеспейтін аутоантигендер. Олар, мысалы, ми ұлпасы, көз бұршағы, аталық без, т.б. гистогематикалық кедергілермен оқшауланып жатқан ұлпалар. Сыртқы ортаның әсері кезінде осындай антигендер немесе "жасырын" антиген деп аталатын клеткаішілік антигендер ашылып иммунитеттік реакция қоздыруы мүмкін. Кейде организмнің өзіндік химиялық құрамдары аутоантигендерге айналады. Бұл жағдай организмде аутоантигенге табиғи иммунитеттік төзімділік бұзылғанда немесе "тыйым салынған" лимфоциттер клоны пайда болғанда кездеседі. Осының нәтижесінде иммуниттеттік реакциялар басталып, организм өз ұлпалары мен клеткаларын жояды. Бұл аутоантигендерді біріншілік антигендер деп атайды.

Әртүрлі зиянды факторлар мен инфекциялық агенттердің әсерінен организмнің өз клеткалары мен ұлпалары аутоантигенге айналуы мүмкін. Оларды екіншілік немесе патологиялық антигендер деп атайды. Күйген немесе үсіген ұлпалардың антигендері, химиялық белсенді заттар әсерінен организмнің өзгерген ақуыздары екіншілік антигенге айналуы мүмкін. Бұл жағдайда тек қана гаптенге қарсы емес, онымен байланысқан молекулаға қарсы антидене синтезделеді. Гаптен ретінде әртүрлі үй тұрмысындағы химиялық заттар немесе дәрілік заттар иммунитеттік реакцияға қатысады.

Сезімталдығы өзгерген индивидуумдарда пенициллин, бутадион, новокаинамид препарттары әсерінен аутоантигендер түзіліп, ауру тудырады. Анальгин, амидопирин, хинидин қан ақуыздарымен байланыса алады, нәтижесінде комплекстік антигендер түзіліп, оларға қарсы антиденелер өндіріліп, анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]