Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус-Техн изм.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
143.36 Кб
Скачать

3 Сабақ. Класикалық өлшеулер жүйесі. Тұрақтылық – анықтыққа жетудің тиісті шарты және өлшеу нәтижелерінің дәлдіктері.

Адам көмегімен орындалған өлшеу нәтижелері қатаң есепке берілмейтін көптеген жағдайлардан әсер етеді. Бұл қазіргі уақыттағы оның көңіл күйі, қадалушылық дәрежесі, қоздырылған факторлардың бар болуы немесе жоқтығы және т.б. Тәжірибе көрсеткендей осының салдарынан, неде болсада өлшеу нәтижелері кездейсоқ болып табылады.

Сол бір шаманы қайталап өлшегенде басқа нәтиже беру мүмкін, кейінгілері де солай сияқты. Халық даналығы "жеті рет өлше, бір рет кес" ережесі әлдеқашан пайда болған. Осы ережеге сүйене отырып, сол бір шаманы бірнеше рет өлшеген кезде, кездейсоқ элементтер азамайды.

Бірақ әрбір адам үшін үнемі әрекетте болатын факторлар бар. Бұл оның талабы (конкурстарда), жеке татымы (вкус), биімділігі және т.с. сондықтан өздерінің жеке ерекшеліктерін біреулер үнемі өлшеу нәтижелерді жоғарлатып береді, ал басқалары үнемі өлшеу нәтижелерді төмендетіп береді. Осындай себептерден пайда болған қателерге ұрынбау үшін бірнеше эксперт-мамандар қызметін пайдаланады.

Квалиметрияда экспериментті әдіс тым жетілген әдістерді пайдалану мүмкін емес салада кеңінен пайдаланады, спортта, мәдениетте, гуманитарлы ғылымдарда қысқасы айтқанда барлық салада пайдаланады. Жалпы жағдайда белгілі қатынас бойынша көптеген өлшенген мәндерден өлшеу нәтижелерді алады.

4 Сабақ. Өлшеу шкалалары. Физикалық шкалалар және нақтылық түрлерінің бір мәнсіздігі.

Өлшеулер "өлшеу шкаласы", "өлшеу принципі" және "өлшеу әдісі" деген түсініктермен байланысты.

Өлшеу шкаласы дегеніміз ол физикалық шамалардың реттелген мән жиынтығы, оны өлшеу үшін негіз ретінде қызмет көрсетеді. Температуралық шкаланы мысал ретінде алайық. Цельсия шкаласында есептеу бастамасы ретінде мұздың еру температурасы қабылданады, ал негізгі интервал ретінде (тіреуіш түкте) судың қайнау температурасы қабылданады.

Метрологиялық тәжірибеде бірнеше әртүрлі шкалалар белгілі: олар аталу шкаласы, реттік шкала, интервал шкаласы, қатынас шкаласы және т.б.

Аталу шкаласы дегеніміз ол өздігінен сандық шкаласы емес, сапалық шкала болып табылады, онда нөл және өлшеу бірліктері болмайды. Мысалы, оған түстік атласты жатқызуға болады.

Реттік шкала дегеніміз ол ұпай есебінде өлшенетін шамалардың мәнін сипаттайды (жер сілкіну шкаласы, жел күші, қаттылық, физикалық денелер және т.б).

Интервал шкаласы дегеніміз ол онда шартты нөлдік мәні болады, ал интервалдар келісім бойынша белгіленеді. Мысалы, уақыт шкаласы, ұзындық шкаласы. Қатынас шкаласында нөлдік мәні міндетті түрде болады, ал өлшеу бірлігі келісім бойынша белгіленеді. Мысалы, масса шкаласы (күнделікті біз оны "салмақ" деп атаймыз) нөлден бастап, нақты керекті өлшеу байланыстығынан әр түрлі болып, бөліктенуі мүмкін.

5 Сабақ. Өлшеулердің негізгі теңдеуі. Өлшеу әдістері.

Өлшеудің техникалық жағын ашқанда, бұл анықтама оның метрологиялық мәні туралы сауалға жауап бермейді. Өлшеулердің үздіксіз дамуына қарамастан, едәуір қиындыққа соғады. Анықтаманың өзі кибернетика терминологиясын және ақпарат теориясын пайдаланып толықтырылады. Олардың метрологиялық мәні өзгеріссіз болады және мына өлшеу теңдеуіне алып барады.

, немесе

мұндағы X – өлшеу шамасы, [х] – шама бірлігі, n – сан.

Сондықтан берілген шаманың физикалық эксперименттті оның кейбір мәндерімен салыстырғанда әрбір өлшеу танылатын процесс ретінде қорытыланының түсінуіміз керек.

Өлшеудің дәлдігін жоғарлату үшін өлшеулердің бірнеше әдістері өңделген.

Тәсілді немесе өлшенген физикалық шаманы оның бірлікпен сәйкес орындалған өлшеу принципті салыстыру тәсіл жиынтығын өлшеу әдісі деп аталады.

Жалпы өлшеу нәтижелерді алу тәсілдер бойынша:

1. Өлшеудің түзу әдісі;

2. Өлшеудің жанама әдісі деп бөлінеді.

Өлшеу шарты бойынша үйлескен және үйлеспеген өлшеу әдістері деп ажыратылады.

Аспаптың сезімдік элементін өлшеу объектісімен келтіріп байланысуға негізделген әдісті үйлескен өлшеу әдісі деп аталады. Мысалы (дененің температурасын өлшеу құралы термометр).

Аспаптың сезімдік элементі өлшеу объектісімен келтіріп байланыспауға негізделген әдісті үйлеспеген өлшеу әдісі деп аталады. Мысалы, радиолокаторлар көмегімен объектіге дейінгі арақашықты өлшеу, перометр көмегімен пешіндегі температураны өлшеу.