Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
датчик_001.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
430 Кб
Скачать
☆

Б) Параметрлік датчиктер.

Мұндай датчиктерде механикалық әсердің нәтижесінде электрлік параметрлері өзгереді. Осындай датчиктерге жеке ток көзі қажет.

Кедергі (резистивті) датчиктер тыныс алу жиілігін және көлемін анықтауға арналған. Осындай датчиктер жіңішке сымнан не заттан баған түрінде жасалады, олардың кедергісі созылу мен сығылу кезінде қатты өзгереді. Сымның не бағанның ұштары датчиктің табаны- мен және қозғалғыш элементімен жалғанады. Датчиктің кедергісінің артуы тізбектегі электр тогының шамасын азайтады. Тыныс алу көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кедергі де үлкен болады, ендеше ток соған сәйкес кемиді және керісінше. Тізбектегі токтың амплитудасы, оның өзгеру жиілігі тыныс алу жиілігін сипаттайды.

Сыйымдылық датчиктерде конденсатор пластиналарының өзара ығысуы кезінде өлшеуіш тізбекке қосылған конденсатордың сыйымдылық кедергісі өзгереді.

Индуктивтік датчиктер тұйықталмаған өзекшесі бар катушкадан (электромагниттен) және өзекшені тұйықтайтын қозғалатын якорьден тұрады. Якорьдің қозғалысы кезінде катушканың индуктивтік кедергісі өзгереді. Катушка айнымалы токпен қоректенетін өлшеу тізбегіне (көпір) қосылады.

Датчиктердің қолданылуы.

Микорэлектронды құралдардың медицинада қолданылуы құралдар мен аппараттардың өлшемдерін тек кішірейтіп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі мүшелердің ішіне қатерсіз енетіндей, ағза тіндерін емдейтіндей құралдар мен датчиктер жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты эндометрия деп аталатын жаңа диагностикалық әдіс табылды. Мысалы, жүрек қуыстарындағы қан қысымын анықтау үшін жүрек катеторының ұшына бекітілген кішкентай ғана электроманометр қолданылады. Мұнда датчик ретінде сыртқы қысымды сезгіш мембранамен жалғанған силиконды кедергі алынады. Асқазан-ішек жолын зерттеуде эндорадиометрияның жаңа әдісі табылды. Асқазан-ішек жолындағы ортаның температурасын, қысымын, қышқылдығын анықтау осы жол бойымен эндорадиозонд көмегімен орындалады. Ол пилюля пішінді болады және оны пациент жұтады. Пилюляда микрогенератор орналасады, ал микрогенератордың өзінде қосқышы бар ток көзі, транзистор, контур бөліктері, ал ашық ұшында электромагниттік толқындар түрінде сәулеленетін тербелістер жиілігіне әсер ететін датчик орналасады.

Эндорадиозондта температуралық датчик ретінде термистор, ал қысым датчигі ретінде мембранамен байланысқан генератордың тербелмелі контурының индуктивтілік катушкасы, ортаның қышқылдығын анықтайтын датчик ретінде екі платинадан жасалған электрод қолданылады. Ток көзі ретінде сілтілі аккумулятор қолданылады. Радиотолқындардың

көмегімен жүрек, тыныс алу қызметінің күйі т.т. жайында физиологиялық мәліметтер алу әдісі радиотелеметрия деп аталады.

Медициналық практикада дененің және оның бөліктерінің температурасын анықтау үшін жартылай өткізгішті датчиктер (термистор) қолданылады. Жартылай өткізгішті құралдардың басқалар алдында артықшылығы бар, өйткені оларды өте кішкентай (миниатюрный) қылып жасауға болады және оларға қажетті энергия сәйкес лампалы электронды қондырғылардың пайдаланатын энергиясынан әлдеқайда аз болады.

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігіне негізделген термометр кедергілі электротермометр деп аталады. Термисторлер түрлі заттардан жасалады. Олар шарик пішінді не кішкене өлшемді пластина түрінде жасалады.