Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Филология ж-не психология» факультеті «Тілдер»...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Қолданатын әдебиеттер тізімі

Негізгі :

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркських языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М., 1979, 1987.

8 4-апта

Тақрып: Буын және екпін

Жоспар:

    1. Лингвальдық сингормонизм.

    2. Лабиальдық сингормонизм.

Жаттығу орындау:

Тапсырма: Текстегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне қарай ажыратыңыздар. Сөз ішінде буын түрлерінің орна ласу тәртібне көңіл бөліңіздер. Екпіннің қай буынға түсіп тұрғанын анықтаңдар.

Жігіт көңіліндегі сөздерін бірін де айтқан жоқ. Қайткенде де Сергей жүргенінде қаймығу мен үрей туғызбақ еді. Өйткені Гүлсара өмірдің осындай ең мәнді минутында жігіттің осы бір күлкісі нш нәрседен қаперсіз күлкісін кешіре алмады.Ұзақ сөзін қостаған сөзге емексігендей болды. Тегінде Серікбайдың ерлігі, кісілігі бар деп, бұрында ішінен жаратушы еді. Сондықтан жасының кішілігіне қармай, жолдас сияқты көріп, ірбір жайдан ақылдасып қоятын.Қазірде де Серікбай батырдың бетін ұғып, ақылын мақұл көрген соң, Ұзақ бұның сөзіне риза болып, бұрынғыдан да гөрі шешіліп сөйлеуге айналды.

Қолданатын әдебиеттер тізімі

Негізгі :

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркських языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М., 1979, 1987.

9 5-апта

Тақырып Фонетикалық процестер.

Жоспар:

    1. Аккомодация

    2. Ассимиляция

    3. Диссимиляция

Теориялық мәлімет:

Тіл дыбыстары , әдетте жеке-дара күйінде айтылмай , сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп , өз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп , бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылады. Сөз құрамында дауысты дыбыстардың бір-бірімен өз ара үндесіп айтылатыны сияқты , дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өз ара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.

Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін , соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар, тоғай-лар), жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер, өзен-дер)түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыз басталуы немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы(қаз-ға, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп , өз ара үндесуі болып саналады.

Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингармонизм деп аталады да , дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебинттнрде сингармонизм де ассимляцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп , өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екені ескергенде, сингармонизмді ассимляцияның бір түрі ретінде қараудың ешбір оғаштығы жоқ екені рас. Бірақ басқа тілдердегідей емес , түркі тілдерінде сингармонизм құбылысы айрықша орын алады. Бұл құбылыс түркі тілдерінде өте-мөте кең тараған . Осымен байланысты , дыбыстардың өзгеруі , олардың бір-бірімен үндесу мәселерін түркі тілдеріне қатысты сөз еткенде , сингармонизм құбылысына дауыссыздардың үндесу заңдылығымен барабар арнайы тоқталған мақұл.

Сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп , өз ара үндесуі ассимляция деп аталады.

Ассимляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты толық бағындыруы да, жартылай бағындыруы да мүмкін . Осыдан келіп , ассимляция толық ассимляция және жартылай ассимляция деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп , бағындырса , ассимляцияның мұндай түрі толық ассимляция деп аталады. Мысалы, сүзсе деген сөз сөйлеу процесінде сүссе түрінде , басшы деген сөз башшы түрінде айтылады. Бұл сөздердің құрамындағы көршілес дыбыстардың соңғысы (с,ш) өзінің алдыңғы дыбысты (з,с) толық игеріп тұр . Толық ассимляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты барлық жағынан – артикуляциялық орны , артикуляциялық жолы, дауыс қатысы жағынан да – түгелдей икемдеп , онымен дәл өзіндей үндеседі.

Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп өзгертпей , бір жақты , жартылай ғана икемдесе , онда ассимляцияның мұндай түрі жартылай ассимляция деп аталады. Мысалы , күз-дік , жас-тық деген сөздердегі қосымшалардың бірінде ұяңнан, екіншісінде қатаңнан басталып жалғануы сол түбір сөздердің біреуінің соңғы дыбысы ұяң , екіншісінің соңғы дыбысы қатаң болуына қарай икемделіп үндесуінен . Бұл мысалдардағы көршілес келген дауыссыздардың бірі екіншісін өзіне бір жақты ғана –тек дауыс қатысы жағынан ғана - икемдеп тұр. Ассимляцияның мұндай түрінің жартылай деп аталауы да осыдан.

Диссимляция бір тектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе өз ара ұқсас дыбыстардың әр басқа дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі диссимляция деп аталады.

Нәтижесіне қарағанда , диссимляция – ассимляцияға қарама-қарсы құбылыс . Ассимляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі немесе өз ара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимляция ққұбылысы бойынша біркелкі немесе өз ара өте жақын , ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өзара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Мысалы, феврарь (латынша februarius) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы – осы аталған диссимляция құбылысының нәтижесі. Орыс тіліндегі верблюд сөзі – велблюд сөзінің өзгерген түрі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Акустика терминінің мағынасы.

  2. Дыбыс ырғағы дегніміз не.

  3. Дыбыс дірілі дегеніміз не.

  4. Дыбыс күші неге қатысты болады.

  5. Дыбыстың созылынқылығы неге байланысты болады.

  6. Дыбыс әуені немесе тембрі дегеніміз не.

  7. Обертон терминінің мағынасы.

  8. Резонанс терминінің мағынасы.

  9. Жалпы дыбыс атаулысы қалай жасалады.

  10. Тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан айырмашылығы.

Тест

1. Сөйлеудің фонетикалық единицасының түрі нешеу ?

А) 2 В) 3 С) 5 Д) 4 Е) 6

2. Буынның неше түрі бар.

А) 4 В) 2 С) 3 Д) 5 Е) 6

3. Басқа буындардан айрықша күшті айтылатын буын (екпін).

А) Динамикалық (лебізді). В) Тоникалық (әуенді). С) Квантативті. Д) Ашық. Е) Бітеу.

4. Айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленетін буын (екпін).

А) Динамикалық (лебізді). В) Тоникалық (әуенді). С) Квантативті. Д) Ашық. Е) Бітеу.

5. Бір буынға байланбай, ырғағына қарай әр басқа буынға түсетін екпін қалай аталады

А) Тұрақты. В) Лебізді. С) Динамикалы. Д) Жылжымалы. Е) Квантативті.

6. Белгілі бір буынға телініп, жылжымайтын екпін.

А) Тұрақты. В) Лебізді. С) Динамикалы. Д) Жылжымалы. Е) Квантативті.

7. Фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі

А) такт

В) дыбыс

С) сөйлеу типі

Д) мелодика

Е) сөйлеу үдемелігі

8. Ең кішкене фонетикалық единица

А) дыбыс

В) сөйлеу типі

С) мелодика

Д) сөйлеу үдемелігі

Е) әріп

8. Бір ғана дауыстыдан болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға біткен буын түрі

А) ашық буын

В) тұйық буын

С) бітеу буын

Д) буын

Е) жай буын

9 Дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буын

А) тұйық буын

В) ашық буын

С) бітеу буын

Д) буын

Е) жай буын

10 Ортасы дауысты болып, екі жағы да дауыссыз дыбыспен тұйықталған буынның түрі

А) бітеу буын

В) ашық буын

С) тұйық буын

Д) буын

11. Айтылудың мақсатына қарай “көңілді” немесе “ойнақы”, “қапалы”, “қуанышты” болуы

А) сөйлеудің әуені

В) фраза

С) сөйлеу типі

Д) мелодика

Е) сөйлеу үдемелігі

12. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай үндесуі дегеніміз не ?

А) Лабиальдық сингорманиз. В) Толық ассимиляция. С) Жартылай ассимиляция. Д) Лингвальдық сингорманизм. Е) Регрессивті ассимиляция.

13. Ерін дауыстының ыңғайына қарай бірыңғай еріндіктер арқылы үндесу.

А) Лабиальдық сингорманиз. В) Толық ассимиляция. С) Жартылай ассимиляция. Д) Лингвальдық сингорманизм. Е) Регрессивті ассимиляция.

14. Сөз ішіндегі тетелес екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп, толық бағындыратын ассимиляция.

А) Лабиальдық сингорманиз. В) Толық ассимиляция. С) Жартылай ассимиляция. Д) Лингвальдық сингорманизм. Е) Регрессивті ассимиляция.

15 .Алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне бағындыруы.

А) Лабиальдық сингорманиз. В) прогрессивті ассимиляция С) Жартылай ассимиляция. Д) Лингвальдық сингорманизм. Е) Регрессивті ассимиляция.

16.Кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы.

А) Лабиальдық сингорманиз. В) Толық ассимиляция. С) Жартылай ассимиляция. Д) Лингвальдық сингорманизм. Е) Регрессивті ассимиляция.

17.Сөз құрамында немесе сөздердің аралығында келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі.

А) Ассимиляция. В) Диссимиляция. С) Сингорманизм. Д) Регрессивті ассимиляция. Е) Прогрессивті ассимиляция.

18.Ассимиляцияға қарама – қарсы құбылыс қалай аталады.

А) Ассимиляция. В) Диссимиляция. С) Сингорманизм. Д) Регрессивті ықпал. Е) Прогрессивті ықпал.

19. Сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, ары қарай

бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.

А) Морфема. В) Сөз. С) Фонема. Д) Сөз тіркесі. Е) Сөйлем.

20.Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист кім ?

А) А. Шлейхер. В) Бодуэн де Куртенэ. С) Л. В. Щерба. Д) Н. Я. Морр. Е) Ф. Де Соссюр .

21.Дауыстылардың бір – біріне өзара үндесуі дегеніміз не ?

А)Ассимиляция. В)Диссимиляция. С)Прогрессивтіықпал. Д)Регрессивтіықпал. Е) сингорманизм.

22.Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың әлсіреп, көмескеленуі дегеніміз не.

А) Элизия. В) Конвергенция. С) Дивергенция. Д) Редукция. Е) Орфоэпия.

23.Сөздердің айтылуының қалыптасқан бірыңғай нормалары туралы ережелер жиынтығы.

А) Арфография. В) Арфоэпия С) Сингорманизм. Д) Регрессивті ассимиляция. Е) Прогрессивті ассимиляция

24. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бір фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі.

А) Ассимиляция. В) Диссимиляция. С) Сингорманизм. Д) Регрессивті ассимиляция. Е) Прогрессивті ассимиляция

25.Кейбір фонетикалық жағдайда дыбыстардың мүлдем түсіп қалуы.

А) Ассимиляция. В) Диэреза С) Сингорманизм. Д) Регрессивті ассимиляция. Е) Прогрессивті ассимиляция

26.Ассимиляцияға негізделіп дыбыстың ығыстырылу процесі.

А) Ассимиляция. В) Диссимиляция. С) Сингорманизм. Д) Регрессивті ассимиляция. Е) Прогрессивті ассимиляция

27.Екі дыбыс аралығына қосалқы дыбыстың келіп ену құбылысы.

А) Диэреза. В) Эпентеза. С) Протеза. Д) Апокона. Е) Метатеза.

  1. Сөздің алдынан дыбыс қосылу процесі.

А) Диэреза. В) Эпитеза. С) Протеза. Д) Апокона. Е) Метатеза.

29. Тіл – тілде кейбір сөз соңындағы дыбыстардың түсіп қалу құбылысы.

А) Диэреза. В) Эпентеза. С) Протеза. Д) Апокона. Е) Метатеза.

30. Сөз құрамында дыбыстардың орын ауысу құбылысы.

А) Диэреза. В) Эпентеза. С) Протеза. Д) Апокона. Е) Метатеза.

Е) сөйлеудің әуені