Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Филология ж-не психология» факультеті «Тілдер»...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать
  1. Грамматикалық ұғымдардың түрлеріне (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория) сипаттама беріңдер.

  2. Мәтінде қолданылған сөйлемдердегі сөздердің грамматикалық мағынасын жасаушы морфемаларды көрсетіп, олардың қай сөз табының қосымшалары екенін, неше түрлі грамматикалық мағыеа беретінін анықтаңдар.

1. Көшімді тым шөйтіп жіберсек, Сейтек еүшейіп кетеді. 2. Бір-екі апанның басында күннің шыжыған ыстығына маужырап, арқасын төсеп отырған ақ сары құс, ала бестінің екі жағына кезек-кезек төңкеріліп, жер сабалап келе жатқан ербек тымақтыдан шошып ұша қашты. 3. Қымыздың қызуы қайтып, әңгіме байсалды арнаға көшкен кезде жаңа ғана сойылған тай еті де әлденеше қазанда қайнап піскен екен. 4. Ертерек заманда ұсақ-түйек, айна-тарақ сатушы боп, жаман арбамен елге барған кішкене саудагер, осы мына бір аяғын сылти басқан Жәнібек саудагерге Дәмежан көңіл қосып серт берген де, бір түнде осыған еріп қалаға шығып еріп кеткен.

Қолданатын әдебиеттер тізімі

Негізгі :

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі съөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение языкознание. М., 1979, 1987.

28 13-апта

Тақырыбы: Сөз таптары мен сөздерді топтастыру

Жоспар:

    1. Сөз таптары туралы мәселенің тіл білімінде қойылысы.

    2. Сөз таптары және олардыңклассификациясы.

Глоссарий:

  1. Сөздерді топтастыру.

  2. Сөз таптары.

  3. Сан-мөлшер категориясы.

  4. Септік категориясы.

  5. Жақ категориясы.

  6. Шақ каиегориясы.

  7. Етіс категориясы.

Қолданатын әдебиеттер тізімі

Негізгі :

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение языкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркських языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі съөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение языкознание. М., 1979, 1987.

29. 14-апта

Тақырыбы: Сөз тіркесі және сөйлем

Жоспар:

  1. Сөз тіркесінің түрлері.

  2. Сөйлемнің түрлері.

  3. Сөйлемнің байланысы тәсілдері мен түрлері.

  4. Сөйлем және сөйлем мүшелері.

Теориялық мәлімет:

Сөз тіркесі – мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыс сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыстан анағұрлым еркінірек болады. Алайда, бұл еркіндік сөз тіркесінің мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзатындай дәрежеде болмауға тиісті. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарларының арасында ұзақ кідіріс жасалса немесе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөз енсе, сөз тіркесінің бірлігі, тұтастығы бұзылуы мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да, сөздің бөлшектерінің арасында да байланыс бар, бірақ сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан басым да, бекем болады. Осыған орай, жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына емін-еркін енсе, синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер, формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Осылай болғандықтан, оның оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.

Сөздердің тілде атаушы қызмет атқарып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жататындығы сияқты, сөз тіркестері де заттардың, сапа-белгілердің, іс-әрекеттердің атаулары ретінде қолданылып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жатады. Грамматикалық және мағыфналық бірлікте болатын сөз тіркесі “күрделі ұғым болғанымен, қалайда әйтеуір бір ұғымды білдіреді және оны белгілеуші ретінде қызмет атқара алады. Ол – фразеологиялық единицаның еркін эквиваленті”, ал фразеологиялық единица мағыналық жақтан сөздің эквиваленті бола алады.

Сөз тіркесі сөйлем құрамында ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем құрамында оның құрылымдық элементтері ретінде зерттеледі. Екінші жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, “күрделі атаулардың әр басқа түұрлері ретінде де зерттеуге болады”.

Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикеалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері пайда болады.

Сөз тіркесуін құрастырушы сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыстың меңгеру деп аталатын түрі бойынша да байланысады. Меңгеру бойынша, сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бағыныңқы сөздің жанама септіктердің, атап айтқанда,барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын талап етеді. Мысалы, киімді тазалау, ауылға бару, үйден шығу, жолдасымен кездесу және т.б.

Синтаксистік байланыстың меңгеру түрі арқылы байланысқан сөздердің сөздердің біріншіден басыңқы сыңары өзгергенмен, бағыныңқы сыңарының өзгеруі шарт емес (мысалы, автобусты күттім; автобусты күтіңіздер); екіншіден, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін бір ғана басыңқы сөзбен сөзбен тіркесіп айтылған меңгерілетін сөздер әр түрлі формада қолданыла береді. Мысалы: ауылға қайту; ауылдан қайту; үйге бару; үйден бару т.б.

Сөздер біі-бірімен синтаксистік байланыстың қабысу деп аталатын түрі боынша да байланысады. Қабысу бойынша түркі тілдерінде сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөз ұйытқы сөзбен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысады. Мысалы: ағаш үй, жылы бөлме, білімді адам, он дәптер, білген кісі т.б. Түркі тілдерінде қабыса байланысқан сөздердің орын тәртібі мынадай болады: бағыныңқы сөз әрқешан басыңқы сөздің алдында тұрады.