Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Филология ж-не психология» факультеті «Тілдер»...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Пысықтау үшін тапсырмалар:

Сөзжасамдық тәсілдер туралы мәлімет.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге мысалдар келтіріңіз.

Синтетикалық тәсіл аркқылы жасалған сөздерге мысалдар келтіріңіз.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге мысалдар келтіріңіз.

Қолданатын әдебиеттер тізімі

Негізгі :

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение вязыкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркьких языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М., 1979, 1987.

25 12-апта

Тақырып: Грамматикалық тәсілдер

Жоспар:

  1. Аффиксация тәсілі.

  2. Ішкі флекция тәсілі.

  3. Қосарлану тәсілі.

  4. Бірігу тәсілі.

  5. Сөздердің орын тәртібі тәсіл

  6. Екпін және орын тәртібі тәсілі.

Теориялық мәлімет:

Сөз әр түрлі тәсілдермен түрленіп, әлденеше формаға ие болады. Мысалы, қызылдау, қызылырақ, қызғылтым, қып-қызыл дегендер бір ғана қызыл деген сөздің аффиксация тәсілі (қызылдау, қызылырақ, қызғылтым), жартылай қосарлану (қып-қызыл) арқылы жасалған формалары болып саналады.

Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанылғанында, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формасында қолданылады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналары жағынан ғана емес, сонымен бірге формалары жағынан да ажыратылады. Мысалы, Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме деген сөйлеміндегі сүріндір деген етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолданлуы жағынан ажыратылып тұр.

Сөздің бір формасын басқа формаларынан ажыратуымен бірге, нақты бір сөздің белгілі бір формасын нақты бір сөзге қатысты емес жалпы грамматикалық формалардан, мысалы, “осы шақтың бірінші жақ формасы”, “тәуелдеулі шығыс септік формасы” немесе жалпы “бірінші жақ формасы”, “шығыс жақ формасы” дегендерден ажырата білу керек, белгілі бір сөздіңформаларын жалпы грамматикалық формалардан ажыратудың қажеттілігін ескеріп, проф. А. И. Смирницкии нақтылы бір сөздің формаларын сөз формалары деп атайды.

Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір формасы, әрі сол сөздің формасы, әрі жалпы грамматикалық форма, мысалы, белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады. Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Проф. А. И. Смирницкий ондай сөзді жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрді. Оның пікірінше, форма лексемаға қарсы мағынада ұғынылса, формалық қатар формалар жүйесі ретінде қаралатын сөзге қарсы мағынада ұғынылады. Формалық қатар да сөз формаларының жүйесі, бірақ ол лексемалрдың тепе-теңдік белгісі бойынша емес, формалардың тепе-теңдік белгісі бойынша біріктірілген сөз формаларының жүйесі болып саналады. Сөз формасында осы екі жүйе бір-бірімен түйісіп жатады.

Мысалы:

Сөз:

Жол

жолдың

Формалық қатар: жолға, орманға, қолға, қазға, малға…

Жолды

Жолдан

Коллоквиум:

  1. Морфологияның жалпы мәселелері.

  2. Сөздің морфологиялық құрылысы.

  3. Грамматикалық тәсілдер.

  4. Грамматикалық формалар мен граммтикалық мағыналар.

  5. Грамматикалық категориялар.