- •Пәні бойынша «5в011700» - «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығы 1-курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөж мәтіндері мен тапсырмалары
- •Оқытушы: бақылау, бағалау
- •Ағымдағы
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Барлық сағат саны: 90
- •Лекция – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •5В011700– “Қазақ тілі мен әдебиеті”, 1 – курс, 1 – семестр. 30 сағат
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Обсөж – сабақтарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары мен обсөж тапсырмаларын қабылдау кестесі
- •5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1 – курс, 1 – семестр. 30 сағат
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Бірінші аралық бақылау
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Жоспар:
- •Бақылау сұрақтар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Жоспар:
- •Реферат тақырыптары:
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Екінші аралық бақылау
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Глоссарий
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Жаттығу орындау
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Жаттығу орындау:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Е) граматика
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қазақ тіліндегі сөз тудыратын тәсілдер (синтетикалық, аналитикалық тәсіл және семантикалық даму заңы). Сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған сөздерге талдау жасаңыздар.
- •Текстердегі сөз тудырушы тәсілдер арқылы жасалған сөздерді тауып, олардың тұлғалық құрамына (туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөз, тіркескен сөз) қарай талдау жасаңдар.
- •Пысықтау үшін тапсырмалар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Грамматикалық ұғымдардың түрлеріне (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория) сипаттама беріңдер.
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Глоссарий:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Бақылау тапсырмасы: Тест.
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Жоспар:
- •Қолданатын әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
- •Білімді бақылауға тест сұрақтары.
Жаттығу орындау
Еркін тіркес және тұрақты тіркестерге 10 сөйлемнен тұратын мысалдар келтіріп, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.
Фразеологиялық оралымдардың түрлеріне мысалдар келтіріңіз. Мәтін құраңыз.
Тіл білімінің фонетика және лексика салаларына тиісті терминдеріне сөздіктерді пйдалана отырып түсінік беріңіз.
Қолданатын әдебиеттер тізімі
Негізгі :
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.
Баранникова Л. И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.
Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1969.
Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Қосымша:
Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.
Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі съөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.
Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.
Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.
Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.
Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.
Кодухов В. И. Введение в языкознание. М., 1979, 1987.
№ 22 11-апта
Тақырып: Лексикография жәнке сөздіктің түрлері
Жоспар:
Лексикография туралы түсінік.
Сөздіктің түрлері.
Жаттығу орындау:
Лексикография ғылымы нені зерттейді (жазбаша).
Қазақ тіліндегі сөздіктердң ерекшеліктерін түсіндіріп, мысалдар келтіріңіз.
Түсіндірме сөздіктерден мысал келтіре отырып, ондағы сөздік мақалаларда сөз мағынасының қалай талданғанын, талдау тәсілдерін түсіндіріңіздер.
Түсіндірме сөздіктерден мысал келтіре отырып, онда ауыс мағыналы сөздердің, омонимдер мен антонимдердің фразеологизмдердің берілу сипатымен танысыңыздар.
Қолданатын әдебиеттер тізімі
Негізгі :
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.
Баранникова Л. И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.
Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1969.
Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.
Қосымша:
Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.
Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.
Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.
Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.
Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.
Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.
№ 23. 11-апта
Тақырып: Грамматика
Жоспар:
Грамматиканың мақсаты мен міндеті.
Грамматика және оның салалары.
Теориялық мәлімет:
Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапа мен белгінің және т.б. атаулары болып саналады. Сөз нені атаса да, оны жеке дара күйінде атайды. Мысалы, түз, ас, дәм, кел, мақал, сөз, сән деген сөздер – жеке дара атаулар ғана; бұлардың әрқайсысында лексикалық мағына бар және әрқайсысы белгілі бір ұғымды білдіреді. Бірақ бұл сөздер өз ара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей, осы қалпында жеке дара тұрғанда, ойды білдіруге қабілетсіз. Бұл сөздер бір-бірімен тіркесіп, “Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді” (мақал) деген түрде айтылса, онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өз ара байланыста айтылуынан жасалған бұл сөйлемдегі ой бірден түсінікті болады.
Демек, тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы үшін, оның лексикасындағы алуан түрлі сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өз ара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп, тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ержелерін белгілейді.
Грамматиканың табиғатын жете түсіну үшін, ең алдымен грамматикалық абстракция туралы мәселе мен грамматиканың арқасында ойдың ойдың материалдық –тілдік қабыққа енуі туралы мәселені біліп алуы қажет. Лексикалық абстракция барда, грамматикалық абстракция бар. Тілдегі әрбір сөз бір тектес заттардың жиынтық тобымен ұштасады, оның әрқашан жалпылама мәні болады. Мысалы, “жолдың” тасты жол, асфальтты жол, ұзақ жол, қысқа жол, кең жол, тар жол болуы мүмкін, бірақ бұған қарамастан, жол деген сөз бәрінне бірдей атау ретінде қолданылады. Сондай-ақ, кітап деген сөз жалпы кітап ретінде қолданылады. Сөздің жалпылаушы қасиеті бола тұрғанмен, ол әр уақытта нақтылықпен байланыста болады. Осы нақтылық сөздің лексикалық мағынасын, оның даралығын айқындап белгілейді. Леексикалық тұрғыдан тау, көл, жол, қол, бел деген сөздер әр басқа мағынасы бар әр түрлі сөздер болып саналады. Грамматикалық тұрғыдан тау, көл, жол, қол, бел деген сөздердің айырмашылығы жоқ, өйткені грамматика үшін ең бастысы: бұлардың бәрі де атау тұлғада, жекше түрдегі зат есімдер. Бұл сөздердің лексикалық мағыналарының бір-бірінен айырмашылығы грамматика үшін басты нәрсе емес, нақтылығы жоқ сөздерді, жалпы сөз атаулыны есчкереді. Бұл сөздер септелгенде, оларға әр септікте әр түрлі жалғаулар (-дың, -дің, -ға, -ге, -ды, -ді, -дан, -ден, -мен) жалғанады. Бұл жалғаулардың алдында тау, көл, ауыл, қала, жол, қол, бел және т.б. осылар тәріздес сөздердің қайсысы тұрмасын, оның грамматика үшін мәні жоқ.
Сөйлемдер құру үшін де грамматика сөздердің нақтылы лексикалық мағыналарынан абстракцияланады. Осыдан келіп, белгілі бір сөйлемдегі бір сөзді, сөйлемнің құрылысын бұзбай-ақ, басқа бір сөзбен қалауымызша ауыстыра аламыз. Мысалы, Біз тауға бара жатырмыз деген сөйлемнің құрамындағы тауға деген сөздің орнына, ыңғайына қарай, көлге, ауылға, қалаға деген сөздердің, қайсысын болса да, біреуін қойып айта беруге болады.
Грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық құрылыс – белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала – морфология мен синтаксистен құралады. Морфология – сөздердің морфологиялық құлылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың фоормалары және сөздердің лексика-грамматтикалық топтары туралы ілім. Ал синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.
Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады. Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зертейді. Грамматика үшін тілдік единицалардың арасындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге, тілдік единицалардың ( сөз, сөз тіркесі, сөйлем) құрылымы да маңызды мәселе болып саналады.
Жаттығу орындау:
Тапсырма: Текстегі сөздерді сөз тұлғасына қарай талдаңыздар.
Жер бетінен желпіген таңғы самал тоқтады. Биіктігін байқатпай, көлбей жатқан байтақ Итжонның зор, кең жоталарына сызаттанған көгілдір хсәуле тез жайцылып барады. Терең шат, сайларда, қалың шилі, қарағанды ойпаттарды сәуле әзір кеулей қойған жоқ,қарауытып көрінеді.
Сонау көз ұшында қарауытқан қарағанды өзектен әлдене ағараңдап өтіп, жазық далаға шыға сала, Итжонға тура тартты.Жұлдыздай ағып келеді. Міне, тақалды.
Студенттердің аудиторияда орындайтын жұмысы: Тест
Тест
Біртұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын фразеологиялық оралым түрі.
А) Фразеологиялық тұтастық. В) Фразеологиялық бірлік. С) Фразеологиялық тізбек. Д) Фразеологиялық сөйлемше. Е) Мақал – мәтелдер.
Ерікті сөздің тіркесінен құралып, құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін фразеологиялық оралым.
А) Фразеологиялық оралым. В) Фразеологиялық бірлік. С) Фразеологиялық тізбек. Д) Фразеологиялық сөйлемше. Е) Мақал – мәтелдер.
Лексикография нені қарастырады.
А) Сөздерді. В) Сөйлемдерді. С) Сөз тіркесін. Д) Сөз мағынасын. Е) Сөздіктерді.
Лексикография сөздіктерді неше топқа бөліп қарастырады.
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6
Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер.
А) Этимологиялық, тарихи. В) Түсіндірме, аударма, терминологиялық. С) Фонетикалық, орфографиялық. Д) Энциклопедялық, иллюстративті. Е) Антонимдер.
Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер.
А) Этимологиялық, тарихи. В) Түсіндірме, аударма, терминологиялық. С) Фонетикалық, орфографиялық. Д) Энциклопедиялық, иллюстративті. Е) Антонимдер.
Сөздің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер.
А) Этимологиялық, тарихи. В) Түсіндірме, аударма, терминологиялық. С) Фонетикалық, орфографиялық. Д) Энциклопедиялық, иллюстративті. Е) Антонимдер.
Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер.
А) Этимологиялық, тарихи. В) Түсіндірме, аударма, терминологиялық. С) Фонетикалық, орфографиялық. Д) Энциклопедиялық, иллюстративті. Е) Антонимдер. Синонимдер.
9. Бір заттың не құбылыс атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара бірлестігі, жетекшілігі кезінде атау болып ауысуы қалай аталады?
А) метонимия
В) синикдоха
С) эвфемизм
Д) метафора
