Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Филология ж-не психология» факультеті «Тілдер»...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Қолданатын әдебиеттер тізімі

Негізгі :

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993.

  2. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1996.

  3. Баранникова Л. И. Введение в языкознание. Саратов, 1973.

  4. Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1969.

  5. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.

  6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

Қосымша:

  1. Аманжолов А. С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдері. А., 1997.

  2. Ахманова О. С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі съөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қордабаев Т. Р. Тілдің структуралық элементтері. А., 1975.

  5. Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А. 1948.

  6. Тектіғұл Ж. Тіл біліміне кіріспе (жаттығулар жинағы) А. 2000.

  7. Истрин В. А. Возникновение и развитие письма. М., 1965.

  8. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М., 1979, 1987.

21 10-апта

Тақырып: Фразеологиялық оралымдар

Жоспар:

    1. Фразеологиялық оралымдардың түрлері.

    2. Фразеологиялық оралымдардың пайда болуы.

Теориялық мәлімет:

Фразеологиялық оралым тұрақты қасиетімен сипатталады. Оның тұрақтылық қасиеті мынадан көрінеді: фразеологиялық оралым бүтіннің бөлшектері ретінде ұғынылатын, өзара тығыз байланысты сыңарлардан құралады да, ол сыңарлар бірінен кейін бірі әбден қалыптасқан тәртіппен орналасады, басқа сөздермен ауыстырылмайды, қалыптасқан орынтәртібі өзгермейді. Мысалы, сақалын сипап қалу деген тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып айтуға немесе оның ішіндегі бір сөздің орнына басқа бір сөзді қолданып, мысалы, мұртын сипап қалды деп айтуға болмайды.

Сондай-ақ, мұртын балта шаппайды деген тұрақты тіркестің құрамындағы мұрт деген сөздің орнына сақал немесе балта деген сөздің орнына пышақ, шаппайды дегеннің орнына кеспейді деген сөздер қолданылмайды. Егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады немесе тіптен маағынасыз, түсініксіз болып шығады.

Ал сөздердің еркін тіркесінде фразеологиялық оралымдардың тұрақтылық қасиеті тән емес. Фразеологиялым оралымның құрамының тұрақтылығы дегенде, әдетте, оның құрамына үнемі белгілі бір сөздердің енуі және олардың басқа сөздермен алмастырылмауы ескеріледі. Ал еркін сөз тіркесінің құрамында мұндай тұрақтылық болмайды, оның құрамына үнемі тұрақталған белгілі бір сөздер емес, әр түрлі сөздер тіркесіп келе береді. Мысалы, дәмді ас деген еркін тіркестің құрамындағы соңғы сыңарды тамақ деген сөзбен ауыстырып, дәмді тамақ деп өзгертуге немесе осы еркін еркін тіркестің құрамындағы дәмді дегеннің орнына ыстық тамақ деп өзгертуге болады. Мұнан аталған еркін сөз тіркесітерінің атрибутивті сөз тіркестері ретіндегі грамматикалық табиғаты өзгермейді.

Реферат:

1. Фразеология және оның өзіндік белгілері

2. Фразеологизмдердің түрлері.

3. Фразеологизмдердің түрлері.

4. Фразеологизмдердің мақал-мәтелдрге қатысы

5. Фразеологизмдер және оларға ұйытқы сөздер.

6. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.

7. Фразеологизмдердің көпмағыналығы.

8. Фразеологиялық антонимдер.

9. Фразеологиялық синонимдер

10. Фразеологиялық вариянттар

11. Фразеологизмдердің шығу арналары

12. Фразеологиялық оралым және оған тән басты белгілер.

13. Фразеологиялық оралымдардың түрлері.

14. Лексикологияның салалары

15. Сөз мағыналары