Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9- Силлабус ТҚН. Экон.каз..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
306 Кб
Скачать

3. Курстың пререквизиттері

Пререквизиттер (Пәнді оқу үшін игерілуі қажет курстардың тізімі): Жалпы биология, жалпы физика, жалпы химия, жалпы экология т.б.

4. Курстың постреквизиттері

Постреквизиттер (кейін оқытылатын сабақтас пәндер): мемлекеттік стандарттарда көрсетілген барлық әлеуметтік-гуманитарлы және жаратылыстану пәндері.

. КУРСҚА ШОЛУ

Пән мақсаты: бүгінгі экономикалық және әлеуметтік жағдайда туындайтын Төтенше жағдайлар кезінде өзінің және жарақаттанғандардың өмірін, денсаулығын, мүліктік бағалықтарды

сақтап қалуға бағытталған іс шаралар жүргізе білуге, көмек ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыруға баулу.

Қысқаша пәннің мазмұны

Дамыған қоғамда адам өмірі көптеген қауіптермен қатарласа жүреді. Сондықтан қауіпсіз өмір дегеніміз келеңсіз идеализация болып табылады. Ал қауіпсіздік терминін қауіптен қорғайтын кешенді шара, қауіптерді басқару мүмкіндігі, қауіпті жағдайлардың алдын алу және қайтару деп түсіну керек. Басқа академиялық пәндерден айырмашылығы тіршілік қауіпсіздігі негіздері интегралды пән және кең спектрлі ғылыми практикалық білімді талап етеді. Қоғамдық тәжірибе көрсеткендей, қауіпсіздік әлсіздігі адам құрбандығына, көлемді материалды және санасыздыққа әкеліп соғады. Мемлекет, қоғам, нақты адам, өз қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда үлкен қасіретке айналады. Осыған байланысты, адамдарда қауіпсіздік идеологиясы, бесқаша айтқанда, қажетті ой қабілеті мен тәртіп қалыптасуы қажет. Бұл жерде маңызды рөл білімде. Көп ғалымдардың пайымдауынша тіршілік қауіпсіздігі негіздері мамандардың осы саладағы жалпы білімінің фундаменті болып табылады. Осы бағдарламада тіршілік қауіпсіздігі, адамның қоршаған ортамен байланысынан туындайтын қауіп қатерлерді танытатын, ғылыми және оқу пәні ретінде қаралады. Осы кешеннің аймағында адам тіршілігінің қауіпсіздігін оқыту жүргізілуі тиіс. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері әр түрлі салада жалпы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тек ғылыми әдістемелік базасы болып табылады. Осы пән табиғи, антропогенді, биолгиялық, техногенді, экологиялық және әлеуметтік қауіптерді қарастырады. ТЖ қорғану саласында оқытудың негізгі мақсаты барлық халықты ТЖ кездегі іс-әрекетке, қорғану шараларына, жарақаттанғандарға бірінші медициналық көмек көрсету, жеке қорғаныс заттарын пайдалануға үйрету. Елімізде ТЖ алдын алу, жою күрделі мәселелердің бірі.

Оқыту нәтижесі: қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принциптері – ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезінетін, мемлекеттік өте маңызды істе азаматтық белсенділік таныта білетін жас мамандарды даярлау пәннің негізгі оқыту нәтижесі. Курс студенттердің социалды – гуманитарлық, экономикалық, жалпығылымдық және арнайы пәндерден білімдеріне сүйене отырып гуманитарлық дайындығын көтеруге бағытталғын. Келесі сұрақтар адамның мекендеу ортасында тіршілік қауіпсіздігін сақтау, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық нормативті техникалық негіздерін, өндірістік ортада тіршілік қауіпсіздігі негіздерін, жарақаттаушы зиянды өндірістік факторлардың адамға әсері, қоршаған ортаға радиациялық және химиялық заттар кездегі халықтың іс әрекеті, адамдардың жарылыс пен өрттерде іс әрекеті, аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралу кезіндегі халықтың іс әрекеті, ТЖ болжау және жою әдістері бойынша компетентті болу.

Осы пәнді оқығаннан кейін студенттердің ТЖ адамдарды қорғаудың негізгі принциптері, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздерінен, адам қоршаған ортаның жағымсыз факторлары, олардың салдары, адамдарды қорғауды ұйымдастыру, бірінші медициналық көмек көрсету әдістері, ТЖ болжау және апат, табиғи апат салдарын жоюға бағытталған модельдерді құрастыру жөнінде түсінігі болуы керек.

Білу және түсіну (Дескриптор А):

Пәнді оқығаннан кейін студент білуі керек:

● Адам және мекендеу ортасында тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздерін;

● Төтенше жағдайлар (ТЖ) жіктелуін;

● Табиғи қауіптер. Зілзала. Табиғи сұрапыл апаттарды;

● Техногенді қауіптердің жіктелуін, катастрофа түрлері мен аварияларды;

● Әлеуметті қауіптердің жіктелуін, олардың сипаттамасын;

● Экологиялық қауіптердің жіктелуін;

● Су басқан кезде халықтың іс әрекеті;

● Жер қозғалған кезде халықтың іс әрекеті;

● Қатты жел тұрғанда халықтың іс әрекеті;;

● Жауын шашында халықтың іс әрекеті;

●Қар көшкіні, су көшкіні кезінде халықтың іс әрекеті;

● Өрт кезінде халықтың іс әрекеті;

● Жарылыс кезінде халықтың іс әрекеті;

● Химиялық зақымдану кезінде халықтың іс әрекеті;

● Адам организміне радиацияның әсерін;

● Радиоактивті улану кезінде халықтың іс әрекеті;

● Адам организміне электр қуатының әсерін;

● Электроқауіпсіздік тәртібі;

● Көлік апаты кезінде халықтың іс әрекеті;

● Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуін;

● Адам ағзасына өндірістік шу мен дірілдің әсерін;

● Жаппай қырып-жоятын қарулардың жарылысынан сақтану әдістерін;

● Улану заттарынан қорғанудың негізгі әдістерін;

● Ланкестік қаупі төнгенде халықтың іс әрекетін;

● Ланкестер кепілдікке алғандағы адамдардың іс әрекетін;

● Наркомания, ішімдікке салыну, темекі шегу жаман әдеттері қандай зияндыққа әкелетінін;

●Атмосфера ластануының жіктемесін;

●Су ресурстарының ластануының жіктемесін;

●Адам ағзасына ластанған судың әсерін;

●Адам ағзасына ;ластанған жердің әсерін;

●Елімізде Азаматтық қорғаныстың орнын;

●Азаматтық қорғаныс саласындағы негізгі міндеттерді;

● Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқытудың негізгі міндеттерін;

● Азаматтық қорғаныс хабарламасы кезінде халықтың іс әрекетін;

●Халықты көшіру шараларын;

● Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың түрлерін;

●Азаматтық қорғаныс құрылымы;

●ҚР Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру;

● Бірінші медициналық көмек көрсетуге;

●Жарақаттанушының өмір және өлім белгілерін анықтауға;

●Жарақаттанушыға реанимация шараларын жүргізуге;

● Жарақаттанушыға бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Таңуға;

● Күйік пен үсікте бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Электржарақатта бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Суға кеткенде бірінші медициналық көмек көрсетуге;

● Қан тоқтатуға;

● Миокард инфарктында, гипертониялық кризде, естен тану мен инсультте бірінші медициналық көмек көрсету тәртібі.

Пән оқығаннан кейін студент АҚ саласында тұрғындарды оқыту мақсатын, азаматтық қорғаныс хабарламасы бойынша халықтың іс қимылын, ланкестік әрекеттердегі іс қимылдың, ланкестер кепілдікке алғандағы адамдардың іс әрекетін, діни секталардың қызметін, секталардан қорғану жолдарын, нашақорлық, ішімдікке салыну, темекі шегудің зияндылығын, жыныс жолдарымен берілетін жұқпалардан сақтану шараларын, әлеуметті маңызды аурулардың тұрғындарға қаупі маңыздылығын түсінуі керек.

Үйреніп алу (Дескриптор В):

- қәсіптік қызметте тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативті құқықты, ТЖМ және АҚ құжаттарын қолдануды;

- кәсіптік қызмет қауіпсіздігін сақтайтын іс шараларды құрастырып, жоспарлауды, өрт, әлеуметтік, медициналық қауіпсіздіктерді, еңбек қауіпсіздігі нормалары жөнінде оқулар өткізу, жарақаттануды есептеу және тексеруді жүргізуді;

- өрт сөндіру құралдарын қолдануды;

- ТЖ болжау және бағалауды; жеке және медициналық құралдарды қолдануды;

- белгіленген хабарлау дабылына сәйкес іс қимылды.

Игеру (Дескриптор C, D, E): адам қоршаған ортаның жағымсыз факторларын сараптау және ой тұжырымдау әдістерін, оларды ажырату және адамдарды қорғау принциптерін, ТЖ болжау және олардың салдары жөнінде есеп құрастыруды.

ТЖ қоршаған тұрғындармен, ойлау мәдениеті және өзінің қызметтік кәсібі нәтижесін қорытындылап түсіндіруде коммуникативті машықтарды.

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салада , төтенше жағдайда қорғау, апат кезінде бірінші медициналық көмек көрсету.ТЖ туындағанда жағдайды, қауіптілік дәрежесін анықтау, халықты және өндірістік нысандарда қызметкерлерді зиянды факторлардың әсерінен қорғау, олардың салдарын жою, өмір және өлім белгілерін анықтау, кенеттен ауруларда, жарақаттарда, күйікте, үсікте, электрожарақатта, суға батқанда, қан тоқтатуда бірінші медициналық көмек көрсету тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Әріптестер және қоршаған аламдармен жеке дұрыс қарым қатынас, жағдайды оң бағалау, ТЖ халықтың эмоционалды жағдайына түсіністікпен қарау, сұхбаттасу және келісім шараларын жүргізу әдістерін, шиеленіскен жағдайларды шешу коммуникативті дағдыларды меңгеру.

Пәнді оқығаннан кейін ары қарай тіршілік қауіпсіздігі негіздерінен өз бетімен білім алуға оқу дағдыларын меңгеру. (Дескриптор C, D, E ).