
- •1. Оқытушы туралы ақпарат:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •6. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша /20 сағат/ дәрістік сабақтардың жоспары
- •7. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /10 сағат/
- •8. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Қр қаржы құқығы» пәні бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. Әдебиеттер тізімі
«ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ»
Ұлттық құқық жоғары мектебі
Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы
БЕКІТЕМІН Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры з.ғ.д, профессор _________У. Шапак «___»____________20___ж.
|
|
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (Sillabus)
Пәннің атауы: «ҚР Қаржы құқығы» (FPRK 3304)
Мамандық: 5В030100 - «Заңтану»
(шифр, атауы)
Оқу нысаны: күндізгі
Барлығы: _2_ кредит
Семестр: __6__
Курс: __3__
Дәрістер: __20__ сағат
Практикалық (семинар): __10_ сағат
СОӨЖ: __15__ сағат
СӨЖ: __45__ сағат
Емтихан: _6__ семестр
Жалпы көлемі: _90__ сағат
Астана – 2013 ж.
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «ҚР Қаржы құқығы» типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалынды.
Оқу жұмыс бағдарламасын Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы Хайбар Мәнейұлы әзірледі.
Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № _____ «_____»____________________ 20___ж.
Кафедра меңгерушісі ______________________з.ғ.к А.Б. Жумадилова
қолы
Ұлттық құқық жоғары мектебінің кеңесімен мақұлданған
Хаттама № _____ «_____» __________________20___ж.
Төрайымы _____________________________ з.ғ.д, профессор У. Шапак
қолы
1. Оқытушы туралы ақпарат:
Дәріс оқушы – Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы Хайбар Мәнейұлы.
Тілдерді білуі: Қазақ, орыс тілдері.
Кафедра туралы мәлімет: Қазақ гуманитарлық заң университетінің Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы, 221 каб.
2. Пререквизиттері:, “Мемлекет және құқық теориясы”, “Конституциялық құқық”, “Әкімшілік құқық”
3.Постреквизиттері: “Салық құқығы”, “Банк құқығы”, “Кәсіпкерлік құқық”, ”Сақтандыру құқығы”
4. Пәннің сипаттамасы: Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.
Оқу пәннің студенттерге берілуі қаржы құқығының негізгі институттарын: қаржылық бақылау, бюджет құқығы мен үрдісі, банкілік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздері, валюталық реттеу және бюджеттен тыс ақша қорларын қалыптастыру және қолдану сияқты мәселелермен таныстыруды негізге алады.
Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан оқу бағдарламасына студенттердің қаржы құқығының негізгі өзекті мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан енгізіліп, оқып үйрету оқу пәннің міндеті ретінде бекітіліп отыр.
Пәнді оқытудың мақсаты. Экономикада орныққан нарықтық қатынастар жағдайында, оның дамуының негізгі факторларының бірі – қаржы тетігін белсенді түрде пайдалану болып табылады. Қаржылық тұтқалар арқылы мемлекет елдің экономикалық өркендеуіне едәуір ықпал етеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы үшін қаржылық қатынастарды реттеудің зор маңызы бар. Қаржылық құқық нормаларын терең оқып-үйрену, оның тетіктері әрекетін түсіну қазіргі уақыттың талабы екендігі даусыз. Кейінгі жылдары қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық негіз белсенді түрде қалыптасу үстінде. Қаржылық құқыққа деген мүдделік пен қызығушылық басқару құрылымдары тарапынан ұдайы өсіп, бұл ғылыммен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және азаматтар, әсіресе кәсіпкерлер тығыз айналысу қажеттігін түсініп отыр.
Қаржылық құқықты оқыту мақсаты – студенттерді қаржылық құқықтың өзекті мәселелерімен таныстыру, оларды көптеген нормативтік-құқықтық материалдарды ажырата білуге, сондай-ақ қаржылық – құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құжаттарды дұрыс қолдануға үйрету
«ҚР қаржы құқығы» пәнін оқып-үйренуге байланысты студенттерге келесі міндеттер қойылады: жаңа қаржы заңдылықтарын білу; нақты құқықтық жағдайда нормативтік актілерді қолдана білу; қаржылық құқықтық қатынастарды біліп, субъектілердің қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің шегін білулері қажет.
5. Оқу процесінің кестесі
№ |
Сабақ түрі (сағат) |
Блок және апта бойынша сағаттардың бөлінуі |
Барлығы |
||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|||
1 |
Дәріс |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
2 |
2 |
- |
20 |
2 |
Тәжірибелік (семинар сабағы) |
-
|
- |
2 |
- |
- |
2 |
- |
- |
2 |
- |
- |
2 |
- |
- |
2 |
10 |
3 |
СӨОЖ
|
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |