Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

Какср-нін одактас республикага айналауы

1935 жылдың басында Бүкілодақтық Орталық партия комите-ті КСРО-ның жаңа Конституциясын жасап, оны қабылдау қажет-тілігін мэлімдеді. Көп кешікпей Кеңестердің Бүкілодақтық VIIсъезінде Конституциялық комиссия қүрылды. 1936 жылдың жа-зында жаңа Конституцияның жобасы жарияланып, бүкілхалық-тық талқылауға жіберілді. Бүл Конституцияның Қазақстан үшін үлкен маңыздылығы сол-оның жобасында Қазақ Автономиялық республикасын тікелей КСРО күрамында одақтас респбулика етіп қайта қүру көзделді.

1936 жылы қазан айында республика көлемінде аудандық, об-лыстық кеңестердің төтенше съездері өткізіліп, онда КСРО Конс-титуцияның жобасы бірауыздан мақүлданып, халықтың арасын-да оны талқылаудың оңды нэтижелері айтылды.

КСРО-ның жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылаудан кейін КСРО кеңестерінің төтенше VIIIсъезінде қа-ралып, қабылданды. 1936 жылғы Конституцияны қабылдаған кезден бастап Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Рес-публикасы КСРО қүрамында одақтас республикаға айналды. Бүл тарихи маңызды акт Қазақ кеңестік үлттық мемлекеттіліктің да-муындагы жаңа кезеңге жол ашты.

ҚАКСР-нің одақтас Республикаға айналуына байланысты оның одақтас республика мэртебесіндегі Конституциясын жа-сап, қабылдау міндеті күн тәртібінде түрды. Осы мақсатпен 1936 жылы 9 шілдеде Қазақ ОАК «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» жөнінде қаулы қабылдап, Конституциялық ко-миссия қүрды. Республика Конституциясының жобасын талқы-лау кең эрі бүқаралық сипатта жүргізілді. 1937 жылы 21-26 нау-рызда Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Xсъезі шақы-рылып, оның соңғы жүмыс күні редакциялық комиссия үсынған

135

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын (Негізгі Заңын) бетіту жөнінде қаулы қабылданды.

Қазақ КСР-нің Конституциясы республиканың барлық салада-ғы қогамдық өмірінің негізгі заңы ретінде 1937 жылы 26 наурыз-да заңды күшіне енді.

Аталған Конституция 11 тараудан, 124 баптан тұрды. Бұл құ-жат Одақтық Конституцияда негізделген принциптерге толық сэйкестікте жасалды. Қазақ КСР-нің 1937 жылға Конституциясы эйелдердің құқықтарына қатысты кейбір толықтырулар енгізді. Атап айтқанда, оның 99-бабында былай деп көрсетілді: «Әйел-дердің іс жүзіндегі бостандық алуына қарсылық корсету (жас қыздарды күйеуге беру, олармен некеге тұру, қалың мал алу, кеп эйел алушылық, эмеңгерлік, эйелдердің білім алуына, ауыл ша-руашылығына, өндіріске, мемлекеттік басқару ісіне, қоғамдык өмірге араласуына кедергі жасау) заң арқылы жазаланады».

Конституцияның 11 -бабында Қазақ КСР-ның егеменді Со-циалистік Республика екендігі бейнеленіп, ол басқа республика-лар сияқты одақтас республикалардың федеративтік қатынаста-рына еріктілік принцип негізінде кіргені айтылып, онда былай деп керсетілді: «Әрбір одақтас республиканың КСРО-құрамынан өз еркімен шығу құқығы сақталады». Алайда бұл баптың мэні тек декларативтік сипатта ған айтылып, іс жүзінде республикаларға ондай мүмкіндіктер берілмеді.

ҚКСР-нің мемлекеттік егемендігінің жалпы принципінің шең-берінде республиканың әз территориясына қатысты жоғарғы басымдылық рөлі көрсетілді (16 бап). Бұл бапта былай деп тұ-жырымдалды. «Республиканың құзырына қарайтын, оның мем-лекеттік шекараларын кұрайтын, нақты белгіленіп, бекітілген езінің территориясы бар. (Конституция қабылданған кезде ол 8 облыстан құралды). Бұл территория республиканың жоғарғы би-лік органдарының келісімінсіз ешқандай қысқартуға немесе ке-ңейтуге жатпайды.

Конституцияға сэйкес республика аумағындағы ең жоғарғы мемлекеттік билік органы ҚКСР-нің Жоғарғы Кеңесі есептеліп, ол еңбекшілер бұхарасымен жалпыға бірдей тең жэне тікелей сай-лау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4 жыл мерзім-ге сайланды. Одан басқа тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік би-ліктің органы ретінде ҚКСР-нің Жоғарғы Кеңесінің Президиум есептелді. Конституция мемлекеттік басқару органдарының ал-ғашқы қатарына республика үкіметін, яғни Халық Комиссарлар

136

кеңесін бекітті. Үкімет ең алдымен Жоғарғы Кеңес Президиумы-ның алдында жауапты болды. Осы кезеңде қалыптасқан тарихи жағдайға сәйкес Конституция республиканың жоғарғы мемлекет-тік органдарының құрылымын жэне Қазақстан үкіметінің құра-мын анықтады. Екі тарапты бағыныстагы одақтық-республика-лық Халық Комиссариаттарының және республика аумағындағы Комиссариаттарының тізімдерді көрсетілді.

Жергілікті мемлекеттік билік органдары - Еңбекшілер депу-таттарының жергілікті кеңестерінің қызметі мен ұйымдастырулы мәселелері Конституцияның У-тарауында көрініс тапты.

Республика бюджетін жасау, қалыптастыру құқыгының мэсе-лелері Конституцияның УІ-тарауында, Сот жэне прокуратура ор-гандарының қызметін ұйымдастыру тэртібінің қағидалары оның УП-тарауына айқындалды. ҚКСР-нің Конституциясының VIII-тарауы түгелімен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостан-дықтарына арналды. Атап айтқанда, Конституция азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, қартайған кезде элеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілу құқығын бекітті, сондай-ақ барлық ұлттар мен ұлыс окілдерінің және этникалық топтардың, республиканың қо-ғамдық өмірінің барлық саласындағы ер адамдар мен эйелдерің құқықтық теңдігін жариялады.

ҚКСР Конституциясының қалған тараулары төмендегідей тэр-тіппен орналасты:

IXтарау - сайлау жүйесінің негіздері жөнінде.

Xтарау - республиканың астанасы, ел таңбасы жэне туы жө-нінде.

XIтарау - ҚКСР-ның Конституциясына өзгерістер енгізу тэр-тібі жөнінде.