- •Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты
- •Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
- •Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
- •1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
- •Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде
- •Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
- •Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
- •Какср-нін одактас республикага айналауы
- •Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
- •Бақылау сұрақтары:
- •Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі
Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстандағы ауылша-руашылық саласын социалистік жолмен қайта құру міндеттері
132
күн тэртібіне өткір қойылды. Кеңес үкіметінің пікірінше, бұл ша-раларды іске асыруға ауылдағы ескі, күні өткен орта ғасырлық қатынастарды сақтауға ұмтылған байлар тобы кедергі жасады. Сондыктан байларға қарсы жан-жақты шаубылды бастау үшін олардың экономикалық негізін үзіп, байлардың ауыл еңбекші-леріне тигізген ықпалының бастауларын жою қажеттілігі туын-дады. Осы мақсатпен шабындық жэне егіншілік жер телімдерін қайта бөлу жүргізілді. Нэтижесінде кептеген аймақтардағы ша-бындық жэне егіншілік жерлер байлардың иелігінен тартып алы-нып, кедей және орта деңгейдегі шаруашылықтарға берілді.
Социалистік қатынастарды қайта құру бағытындағы келесі қадам-ауылдардағы бай-феодалдардың мүлкін тэркілеп, ездерін жер аудару саясатына негізделді. Бұл саясаттың негізгі мақсатына Қазақстандағы ұжымдық шаруашылықты дамытуға, социалистік қатынастарды нығайтуға және жергілікті жерлердегі Кеңес билік органдарының белсенділігін арттыру арқылы ауылдағы феодал-дық-патриархалдық сарқыншақтарды негіздеуші әрі таратушы байларды тап ретінде жоюдың алғы шарттары белгіленді. Бүкіл-қазакстандық VIпартия конференциясының шешіміне сәйкес (1927, қазан) 1928 жылғы 27 тамызда ҚазақАКСР-ның ОАК мен ХКС «Байлардың шаруашылығын тәркілеу» туралы қаулы қабыл-дады. Аталған каулыға сәйкес ездерінің теріс ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі келтіріп, жартылай феодалдық, патриар-халдық жэне рулық қатынастарды сақтауға мүдделі болған жер-гілікті халықтың ірі байлары жер аударылуға тиісті болды. Бұл категорияға кешпелі аудандарда 400 бастан аса, жартылай көшпе-лі аудандарда 300 бастан аса, отырықшы аудандарда - 150 бас ірі қара малы бар адамдар жатқызылды. Бұрынғы таптық қоғамның кептеген артықшылықтарын пайдаланған сұлтандардың, хандар-дың ұрпақтарына қатысты өкіметтің ерекше шешімі талап етіл-меді.
Жер аударылуға тиісті түлғаларға және олардың отбасы мүше-леріне бұрынғы аудандарында тұрып, шаруашылықпен айналы-суға тиым салынды. Аталған тұлғалардың еңбек құралдарынан басқа ауыл шаруашылық мүлкі тәркіленуге тиісті болды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің құрамына кірмейтін, күнделікті үй тұрмысында қолданылатын заттар (көйлек, мата, мебель, үй зат-тары) тэркілеуге жатпады. Кедейлердің байлардың алдындағы борыштық міндеткерлігінің барлығы жойылды. Тэркілеу шарала-рын жүргізу үшін орталық жэне округтік комиссиялар құрылды.
133
Тэркіленген мүліктердің басым бөлігі (60-70%) жергілікті халық-тың кедейленген шаруашылықтарына берілді. Қалганы колхоз-дардың қарауына берілді.
Байлардың шаруашылықтарын тәркілеп, жер аударудың ба-рысында олардың экономикалық жэне саяси түрғыдағы тигізген ықпалына түпкілікті соққы берілді. Жалпы алғанда, республика бойынша 696 шаруашылық тәркіленіп, 145 мың мал басы мен көптеген мүліктер тартып алынды. Тэркіленген 85 мың мал басы кедейлер мен жалшыларға таратылды. 1928 жылы 24 карашада ҚазОАК-ті «Байлардың мүліктерін тәркілеу шараларын аяктау және Орталық, жергілікті барлық комиссияларды тарату жөнін-де» қаулы кабылдады. Осыған орай барлық комиссиялардың жү-мысы 1928 жылы 1 желтоқсаннан бастап тоқтатылып, осы кезден бастап жер аударуға және тэркілеуге қатысты істер жалпы тәртіп-пен прокуратура мен жүмысшы шаруа инспекциясында (ЖШИ) каралуға тиісті болды.
Қазақстандагы үжымдастыру (колхоздастыру) шаралары ком-партияның XVсъезі өткеннен кейін кең өріс ала бастады. 1926-1928 жылдар аралығында ауылшаруашылығы артелдерінің саны 773-тен 1608 дейін, жерді өңдеу серіктестігі (Т03) 177-ден, 727 дейін өсті. Оның есесіне коммуналардын саны бірнеше есеге кемі-ді (97-ден 80-ге дейін). Осы түрғыдан ауыл шаруашылығы коопе-рациясында өндіріс күралдарын біріктірудің деңгейі бір-бірінен ерекшеленеді. Өндіріс қүралдарын біріктірудің жоғарғы сатысы коммуналарда (іс жүзінде 100%) төменгі деңгейі жерді өңдеу се-ріктестігінде (Т03) жүргізілді. Бүл кезеңде ауылшаруашылығын индустрияландыруға ерекше маңыз берілді. Мэселен, 1928 жылы Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға мемлекет тарапынан 80 миллион рубль бөлінді. 1929 жылы тамыз айында республикаға 803 трактор экелінді, оның 122-сі совхоздарға, 402-сы колхоздарға берілді.
1932 жылы кектемде үжымдастыру шараларына көшпелі жэне жартылай көшпелі халықтың 71,2% қамтылды.
Алайда, 30-шы жылдары қазақтардың көшпелі жэне жарты-лай көшпелі шаруашылықтарын отырықшылыққабейімдеу мақ-сатында жүргізілген үжымдастыру шаралары жергілікті халық-тың қалыптасқан дэстүрлі түрмыстык, элеуметтік жағдайларын есепке алып жүргізілмегендіктен қазактардың басына үлкен зобалаң тудырды. Өйткені, қазақтар арасындағы үжымдастыру шараларын жоғарғы партия органдарының берген тапсырма-
134
сы негізінде қысқа мерзімде аяқтау міндеті түрды. Сондықтан жергілікті жерлердегі кеңес үкіметінің органдары қазақтарды отырықшылыкқа бейімдеп, үжымдастыру шараларын жоғары-дан түскен бүйрыққа сәйкес өте асығыстықпен, жасандылықпен эрі мэжбүрлеу эдістері арқылы жүргізіп, соның барысында қа-рапайым шаруалар өздерінің күн көріп отырған мал-жандарын ортаға салуға мэжбүр болды, оның соңы үлкен нәубет-аштыққа алып келіп, қазақ халқының басым бөлігі қолдан жасалған аш-тықтан қырылды.
