
- •Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты
- •Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
- •Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
- •1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
- •Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде
- •Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
- •Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
- •Какср-нін одактас республикага айналауы
- •Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
- •Бақылау сұрақтары:
- •Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі
Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
Кеңестік құрылыстың іс-тэжірибесі сол кездегі одак құрамын-дағы халықтарға социалистік мемлекеттіліктің эртүрлі нысанда-рын алга бартты: а) егеменді кеңестік социалистік республика; б) автономиялық кеңестік республика. Кеңес мемлекетінің алғашқы кезеңдегі даму барысында ұлттық мемлекеттіліктің аталған ны-сандары одақты мекендеген халықтардың экономикалық, саяси жэне мэдени дамуының жагдайына байланысты анықталды. Осы тұрғыдан Кеңестер Одағының жоғарғы мемлекеттік органдары ҚАКСР-сы РКСФР-ның автономиялық белігі ретінде Ресей Фе-дерациясының тікелей көмегі негізінде жэне Компартияның ба-гыттаушы релінің нэтижесінде ғана алдына қойған үлкен мін-деттер мен мақсаттарды жүзеге асыра алады деп есептеді. Қазақ Автономиялық Республикасының РКСФР-ның құрамында авто-номия ретінде өмір сүруі оның артта қалған халық шаруашылы-ғын тез көтеру қажеттілігінен де туындады. Сонымен Қазақ Ав-тономиялық Республикасының Ресей федерациясының құрамын-да емір сүруі оның кеңестік мемлекеттік жүйесін нығайтуда жэне өнеркәсібін, ауылшаруашылығын, мәдениетін дамытудағы ше-шуші кепілдік деп есептелді. Алайда, ҚАКСР-сының басқа да ав-тономиялық республикалар сияқты егеменді мемлекет ретіндегі кұқықтық белгілері болмады. Дегенмен, Ресей Федерациясының құрамында бола тұра Қазақ Автономиялық Республикасы жер-гілікті сипаттағы экімшілік-саяси жэне мэдени функциялары ез бетінше жүзеге асыру құқығына ие болды. Қарастырылып отыр-
127
ған кезеңдегі Қазақ Автономиялық Республикасы оны мекенде-ген халқының жэне анықталған белгілі бір жер аумағының бо-луымен бірге төмендегідей ерекшеліктермен сипатталды: 1) 1924 жылғы Букіл қазақстандық Кеңестердің IVсъезінде ҚКАСР-нда ұлттық жэне тұрмыстық ерекшеліктерді ескере отырып жэне Ре-сей Федерациясының Конституциясын негізге ала отыра өзінің Конституциясы қабылданды. 1925 жылы РКСФР-ның Конститу-циясы қабылданған кейін, осы жылдың 9 қазанында Қазақ Орта-лық Атқару Комитеті ҚАКСР-ның түпкілікті өзгертілген Консти-туциясының жобасының мэтінін бекітті.
ҚАКСР-ның Конституциясы Ресей Федерациясы мен ҚСРО-ның конституцияларымен толық сэйкестікте жасалды. Оның не-гізгі себебі - Ресей Федерациясының автономиялық бөлігі бол-ғандықтан жэне КАКСР-індегі, Ресей Федерациясындағы тіпті бұкіл КСРО-аумағында мемлекетке жалпы басшылық жасау Ком-партияның жетекшілігімен жүзеге асырылды.
ҚАКСР-ның Конституциясында оның Ресей Федерациясының қүрамына кіру жөнінде былай деп түжырымдалды: 1) «Қазақ-стан Ресей Федерациясының қүрамына ерікті түрде кіретін жэ-не сол арқылы КСРО-ның құрамына біріккен жұмысшылардың, қазақ еңбекші шаруаларының, қазыләскер жэне қазақ депутаттар кеңестерінің автономиялық республикасы болып есептелді»; 2) ҚКАСР-сы өзінің төмендегідей жоғарғы мемлекеттік билік ор-гандарын құрады: жалпықазақстандық кеңестерінің съезі, Қазақ Орталық Атқару комитеті жэне оның президиумы, ҚКАСР-ның Халық Комиссарлар кеңесі. ҚАКСР-ның территориясының шең-беріндегі салалық басқарудың орталық органдары халық комисса-риаттары болып саналады. Олар өздеріне берілген кұқықтардың шегінде республиканың мемлекеттік өміріндегі жеке салаларға тікелей басшылық жасайды. Халық комиссариаттары бірлескен жэне автономиялык деп екі түрге бөлінді. Бірлескен халық комис-сариаттары өздерінің қызметінде Ресей федерациясының халық комиссариатарына тікелей бағынды. Олардың қызметке тағайын-далуы жэне орнынан алынуы Ресей федерациясының тиісті ха-лық комиссариаттарының келісімімен жүргізілді. Сонымен бірге бірлескен халық комиссариаттары ҚАКСР-ның үкіметі мен Қазақ Орталық Атқару Комитетінің алдында да жауапты болды. Мұн-дай халық Комиссариатарына: 1) Азық-түлік; 2) Қаржы; 3) Еңбек; 4) Жол қатынасы; 5) Жұмысшы-шаруа инспекциясы; 6) Төтенше жағдай халық комиссариаттары жатқызылды.
128
Автономиялық халық комиссариаттары атаулары ұқсас Ресей федерациясының халық комиссариаттарына бағынбады, ейткені Халық комиссарлары Орталық Атқару Комитеті арқылы тағай-ындалып, және оның алдында жауапты болды. Олар төмендегі-лер: 1) Ішкі істер; 2) Әділет; 3) Оқу-огарту; 4) Денсаулық сақтау; 5) Әлеуметтік қамсыздандыру; 6) Жер шаруашылығы комиссари-аттары.
Казакстандагы кенестік кұкык жүйесінін калыптасуы жэ-не дамуы
1926-1930 жылдары социалистік құқықтың әртүчрлі салала-рының одан әрі дамуы байқалды. КСРО-ның, Ресей федера-циясының жэне ҚазАКСР-ның қолданыстагы заң актілері жаңа социалистік қатынастарды дамытуға тиісті деңгейде ықпал жа-сауга жұмылдырылды. Осы тұрғыдан құқық қорғау және құқық қолдану органдарының жұмысында республика аумағында қол-данылатын заңнамаларды кодификациялау жэне жүйелеу үлкен маңызға ие болды. Оның алғашқы қадамы ретінде 1930 жылғы 1 қаңтардан күшіне енген «ҚазАСР-ның жүнеленген заңдар жи-нағы» басылып шығып, оның ауқымына Қазак Кеңестік автоно-миясы құрылған кезден бастап қабылданған құқықтық актілер қамтылды. Атап айтқанда, оның біртұтас жүйесіне 1920-25 жыл-дары қабылданған 20 құқықтың акт, 1926-1929 жылдардағы - 115 актілер кірістірілді. Осыған орай, жүйеленген заңдар жинағының заңды күшіне енуіне байланысты ҚазАКСР-ның жоғарғы билік органдарының 1929 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданып, заңдар жинағына еңбеген құқықтық актілерінің күші жойылды.
Бұл кезеңде азаматтык кұкықтын одан эрі даму үрдісі бай-қалды. Накты айтқанда, одақтық маңызы бар төмендегідей құ-қықтың актілер қабылданды: «Мемлекеттік өндірістік трестер жөніндегі ережелер» (1927 ж.), «Темір жол жаргысы» (1927 ж.), «Авторлық құқық негіздері» (1929 ж.) жэне «Теңіз саудасының кодексі» (1929 ж.). Жоспарлы экономиканың нығаюымен қатар шаруашылық есеп дами бастады. Заңды тұлға ретінде табыл-маса да мекемелердің дербестік тұрғысындағы қызметі кеңейді, алайда олар трестердің коммерциялық тұрғыдағы сенімді өкіл-дері деңгейінде іс-эрекет жасады. 1931 жылы 20 мамырда Қа-зАКСР-сы Орталық Атқару Комитетінің «Шаруашылық есепті жүргізудің барысы және кредиттік реформаға түзетудер енгізу» туралы қаулысы қабылданды. Бұл акты бойынша тікелей банк-
129
тік несиелеу тәртібі енгізіліп, яғни шаруашылық ұйымдарының арасындағы өзара есеп айырысу тек мемлекеттік банк жүйесі ар-қылы қолма қол емес тэртіппен жүргізілетіні айтылды. Мүндай тәртіп коммерциялық несиелеуді жэне шаруашылық ұйымдары-ның бірін-бірі өзара қаржыландыруын жойды. Азаматтық құкық саласының заңдық практикасындағы жаңалыктың бірі - 1932 жыы 20 мамырда КСРО-ның Орталык Атқару Комитеті мен Ха-лық Комиссарлар Кеңесінің қабылданған жеке саудаға тиым салу жөнінідегі қаулысы болды. Бұл саясат 1932 жылы тамыз айын-да бекітілген «Кеңес базарлары жөніндегі Ереже» деп аталатын құқықтық актіде бекітілді. Бұл заңда кеңес базарларының ішінде жеке магазиндер, дүкендер, дүңгіршектер ашуға тиым салынды. Бұл кезеңдегі кеңес саудасының маңызды міндетінің бірі - жеке саудамен айналысатындарды тауар айналымынан түпкілікті шы-ғаруы арқылы алыпсатарлықпен айналыстатындарға қатысты заң негізінде қылмыстық жауапқа тарту көзделді.
Отбасы кұкыгысаласында да жаңа тарихи жагдайдың талап-тарына сәйкес біраз өзгерістер жасалды. Осыған дейінгі отбасы-лық заңдарда балаларды асыруға қатысты алименттік міндеткер-ліктер жұбайлардың заңды тіркелген некелік қатынастарына гана таратылып, некеден тыс туған балаларға қатысты ата-аналары-ның алименттөлеу міндеттері көрсетілмеген еді. Осы олқылықты жою мақсатында Ресей Федерациясының 1926 жылы қабылдан-ған «Неке, отбасы жэне қорғаншылықжөніндегі заңдар Кодексін-де» ресми тіркелген неке мен тіркелмеген некелер теңестіріліп, бірге тұрған кездегі пайда болған ортак мүлікті бөлу негізінде ба-лалардың пайдасына алимент өндіру көзделді.
Енбек кұкығы. Бұл кезеңде КСРО аумағында оның ішінде Қа-зақстанда жұмыссыздық әлі жойылмаған еді. Үкіметтің саяса-тында әйелдер мен жастардың арасындағы жұмыссыздықты жою шараларына ерекше мэн берілді. Мәселен. 1928-1929 жылдары Еңбек халық комиссариаты тарапынан бөлінген каржы сомасы-ның 30%-ы эйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жұмсарту мақсатында жұмсалды. 1928 жылы мекемелерде және коопера-тивтік ұйымдарда жолдастық соттар кұрылып, олар өндірістік тәріпті нығайтуға, ескі тұрмыстың сарқыншақтарын еңсеруге ықпал етуге міндетті болды. 1927 жылы Ресей Федерацияеы Ор-талык Атқару Комитетінің жэне Халық Комиссарлар Кенесінің еңбек ерлеріне қатысты жеңілдіктер мен артыкшылықтар беру жөніндегі қаулысы қабылданып, олардың артық баспана алаңын
130
пайдалануға, салық төлеуге, қарауындағы балалары мен басқа да адамдарын оқыту жэне тэрбие орындарына қабылдауға қатысты жеңілдіктер көрсетілді.
Бұл кезеңдегі еңбек құқығы саласына енгізілген маңызды оқиғаның бірі-жеке шаруа қожалықтарында жалдамалы еңбекке тиым салу болды. Бұл шара 1930 жыы 19 ақпанда ҚАКСР-ның Орталық Атқару мен Халық Комиссарлар кеңесінің «Ауыл шару-ашылығында социалистік қайта құруды нығайту жэне байлармен кулактарға қарсы күрес шараларын жүргізу» жөніндегі арнайы қаулысында көрсетілді. Сонымен қатар еңбек құқығы шеңберін-де реттелетін еңбекті ұйымдастыру, еңбек ақы төлеу, еңбек тәрті-бін қалыптастыру сияқты маңызды мэселелердің ролі артты. Осы тұрғыдан төмендегідей бірнеше құқықтық актілер қабылданды. «Өндіріс орындары мен мекемелердің ішкі еңбек тэртібі ереже-лері», «Тэріптік шаралар табелі» жэне КСРО ОАК мен ХКК-нің 1932 15 қазандағы «Себепсіз қыдырымпаздық жасағаны ұшін жұ-мыстан шығару» туралы қаулысы қабылданды.
1926 жылгы КАКСР-нін Конституциясынын жобасы.1924 жылгы 4-10 қаңтар аралығында Қырғыз (қазақ) АКСР кеңестері-нің IVсъезі болып, онда басқа маңызды мәселелермен қатар Қыр-ғыз (қазақ) АКСР Конституциясының жобасы қаралды. Жоба 7 бөлімнен 18 тараудан жэне 103 баптан тұрды.
Алайда еліміздің алғашқы Ата заңы жобасындағы мемлекет-тік-құқықтық институттардың рэсімделуі элі де болса көптеген жағдайларда заң техникасының талаптарына сэйкес келмейтінді-гін, жетідірілмегенін байқатты. Бұл күрделі жұмыс тұңғыш рет білім негіздері қалыптаспаған кезде іске асырылды, оның үстіне тэжірибемен жуйеленген дағдылар болмады. Соның салдарынан жэне объективтік немесе субъективтік өзге де факторларға байла-нысты жұмыста шалағайлықтар орын алды. Кейініректе оларды түзетуге көп уақытты кетіруге тура келді.
1925 жылы 19 сэуірде ҚАКСР Кеңестерінің Vсъезінде ҚАК-СР укіметінің есебі жөнінде резолюция қабылданып, оның 4-тар-мағында «ҚАКСР Конституциясының жобасы қайта қаралсын, онда ҚАКСР жэне РКФСР органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарын белгілеуге дэлме-дэл көңіл бөлінсін» деп көрсетіл-ді. Көп кешікпей 1925 жылы 25-шілдедегі. Бүкілресейлік ОАК-і Президиумының қаулысымен Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Ке-ңестік Социалистік Республикасы болып қайта аталынды. Осы-дан кейін 1926 жылы 18 ақпанда Қазақ ОАК-нің Vшақырылы-
131
мында Қазақ КСР Конституция жобасының ақырғы редакциясы қабылдансын - деген қаулы шықты. Оған Қазақ АКСР-нің Конс-титуциясы (Негізгі заңы) тіркелген. Мұнда небары 5 бөлім, 11 та-рау, 94 бап бар.
Жаңа Конституцияның құрылымдық бөлімдері мыналар: «Жалпы ережелер» деп аталатын Iбөлім, бір аттас тараудан, 15 баптан тұрады. IIбелім «Кеңес үкіметін құру туралы» алты та-раудан: А) Бүкілқазақтық Кеңестер съезі туралы); Б) Кеңестердің Қазақ Орталық Атқару Комитеті жэне оның Президиумы туралы; В) КАКСР Халық Комиссарлар кеңесі туралы; Г) Халық Комис-сариаттары туралы бөліктерінен жэне 60 баптан турады. Бұл бө-лімде мемлекеттік жоғарғы жэне жергілікті үкімет пен басқару органдарының құзыреті мен құқықтық жағдайы, олардың озара қарым-қатынастары, заңдар мен басқару саласындағы ҚАКСР-ның КСРО жэне РКФСР мен өзара қарым-қатынастары жөнінде сөз етіледі. IIIбәлім «Кеңестердегі сайлау туралы»: А) Белсенді жэне бэсең сайлау құқығы жэне Б) Сайлау ісі туралы, В) Сайлау-ды тексеру жэне оны жою, эрі депутаттарды кері қайтарып алу туралы боліктерден жэне бір тараудан, 8 баптан тұрады, бұл сай-лау арқылы мемлекеттік үкімет органдарын кұруға арналған.
IVбөлім «Бюджет құқыгы туралы» бір тараудан, 9 баптан тұрады. Vбөлім «КАКСР гербі және туы, 2 баптан тұрады. Қа-зақ АКСР-нің Конституциясы (Негізгі заңы) Ресей федерациясы шеңберінде Қазақ Кеңестік Автономиялық мемлекетін 1-Бүкіл-қазақтық съезінде қабылданған КАҚСР еңбекшілер құқықтары декларациясының негізгі ережелеріне жэне КСРО мен РКФСР Конституцияарының негізгі бағытына сүйеніп құру ғана емес, ке-ңестік Ресеймен жан-жақты байланысын бекітті. Сонымен қатар Конституция (Негізгі заң) жұмысшы шаруа (декхан), қызыл эскер жэне орыс казактарының достық одағын, эрине сол кезеңдегі жұ-мысшы табының бағыт беруші ролін заңдастырды. Онда қандай ведомстволар мен ұйымдар республикалық үкіметке, олардың федералды үкіметке қандай негізге бағынатындары нақтыланды.
Сонымен Қазақ АКСР-нің бірінші Конституциясы (1926) ҚАКСР-інде мемлекеттік үкімет өкілді органдарының шынайы жэне түпкілікті тұрғыдан нығайтылуында басты рол атқарды.