Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.61 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне саяси-қүқықтық түрғыдан қандай баға беруге болады?

2. Қазақстан аумағында Кеңес үкіметі қандай жағдайда орнық-ты жэне ол халық тарапынан қалай қабылданды?

3. 1919 жылы қүрылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Рево-люциялық комитет қандай функцияларды атқаруға міндетті бол-ды?

4. 1917 жылы 2 қарашада қабылданған «Ресей халықтары қү-қығының Декларациясында үлттық саясаттың қандай бағыттары түжырымдалды?

Әдебиеттер:

1. Зиманов С. Теория и практика автономизации в СССР. - Ал-маты, 1998.

2. Зиманов С. История государства и права Советского Казах-стана. - Алматы, 1961 -1965 г.г.

3. История государства и права Казахской ССР. - Алма-Ата, 1984. под ред. С.Сартаева.

4. Абил Е. История государства и права Республики Казахстан. - Астана, 2000 г.

5. Сапарғалиев Г. Основы государства и права Казахстана. -Алматы, 1994.

6. Абдакимов А. История Казахстана. - Алматы, 2001.

7. Войцеховский Е.И. Социально-политические особенности становления советской государственности в Казахстане. - Алма-ты, 2003.

120

20-тақырып. Қазақстанның автономиялық және

одақтас республика ретіндегі әкімшілік - саяси және

қүқықтық жағдайы. Қазақ Автономиялық Кеңестік

Социалистік Республикасының құрылуы

1919 жылдың аяғы - 1920 жылдың басында Қазақ Кеңестік автономиясын құруға байланысты қауырт жұмыстар жүргізілді. 1920 жылдын қаңтарында Ақтөбеде Түркістан және Сібір айма-ғындағы қазак халқының екілдерінің қатысуымен өлкелік кеңес-тік бірінші конференция өткізілді. 1920 жылдың басында ¥лт іс-тері жөніндегі Халық комиссариатының жанында Казревкомның, Сібір ревкомының және Түркістан Орталық Атқару комитетінің (ТурЦИК) өкілдерінің қатысуымен кеңес шақырылып, онда Ақ-мола, Семей облыстарын Қазақстанға түпкілікті беру жөніндегі мэселе шешілді. Осы жылдың 17 тамызында Қазақ Кеңестік Ав-тономиялық социалистік республикасын құру жөніндегі Декрет-тің жобасы РКФСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесінде қаралып жэне мақұлданып, 26-тамызда бұл Декрет бекітіліп, заңды күші-не кірді.

1920 жылдың 4-12 қазанында Орынборда Қазақстан Кеңес-терінің Құрылтай съезі өтіп, онда Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С.Мендешев, Халық Комиссарлар Кеңесінің тө-рағасы болып В.Радус-Зенькович тағайындалды. Сонымен, Қа-зақстан Ресей Федерациясы кұрамында автономия мэртебесіне ие болып, экімшілік орталығы Орынбор қаласы болып белгілен-ді. Осыған байланысты 1920 жылы қыркүйекте Орынбор губер-ниясы ҚКАСР-ның қүрамына кірді. Қазақстандагы партия үйым-дарын тиімді басқару мақсатында Ресей Коммунистік партиясы-ның облыстық жэне Орталық Қазақ бюросы қүрылды. Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезінің маңызды қорытындысының бірі - «Қазақ Республикасы еңбекшілерінің кұқығы Декларациясы-ның» қабылдануы болды. Бұл кұжатта ұлттық дамудың мэсе-лелері кетеріліп, онда әбір ұлт барлық мемлекеттік мекемелерде, мектептерде өзінің ана тілін бірдей деңгейде қолдану құқығына ие болып жэне олардың эрқайсының ерікті ұлттык даму кұқығы қамтамасыз етіліп, оған толық мүмкіндік беріледі деп айтылды. Бұл құжат жэй гана декларация болған жоқ, сол кезеңдегі Қазақ-станның бірінші негізгі заңы болып есептелді. Жоғарыдан төмен-ге дейінгі барлық билік формальді заңдық тұрғыдан Кеңестерге берілді. Сонымен бірге Декларацияда таптық тұрғыдағы сайлау

121

құқығы бекітілді. Елдің саяси өміріне араласу құқығынан бұрын-ғы патшалық Ресейге қызмет еткендер, жалдамалы еңбек арқылы өсімқорлыққа жүгініп, еңбексіз табыспен өмір сүргендер шетте-тілді. Ер адамдар мен әйелдердің қүқығы теңестіріліп, бүл қүбы-лыс осыған дейінгі патриархалдық салт-дәстүр үстемдік қүрған кезеңмен салыстырғанда прогрессивтік маңызға ие болды. Сон-дай-ақ, Декларацияга кеңес үкіметі еңбекшілердің тегін білім алуына, отырықшылық өмір-салтына көшуіне жәрдемдесіп, үлт-тық тілін қолдануды қамтамасыз етіп, қазақ еңбекшілерінің руха-ни, саяси және шаруашылық салаларын дамытуға барынша қо-лайлы жағдайлар жасайды деп сендірді. Айта кету керек, Декла-рацияда көрсетіліп, күн тэртібіне қойылған бірқатар мақсаттарға қол жеткізіліп, олар орындалды. Атап айтқанда, жалпы білім бе-ру жүйесі жасалып, сауатсыздықты жою қамтамасыз етілді. Білім беру ісіне өскелең үрпақтың барлығы жүмылдырылды. Еылыми мекемелердің жүйесі қалыптасып, Ұлттық гылым академиясы қүрылды, ғылыми және техникалық зиялылардың үлкен тобы қа-лыптасты.

Алайда, көп жағдайда Кеңес үкіметінің практикалық саяси іс-қимылдары алға қойган мақсат-міндеттерді шешудегі, айтыл-ған уәделерін орындаудағы нақты эрекеттерімен сэйкес келмеді, яғни Декретте қабылданып, шешімін табуға тиісті көптеген мэ-селелер, жэй уәделер ретінде қағаз жүзінде қалып қойды. Орна-ған алғашқы күннен бастап кеңестер үкіметі барлық ұлттар мен ұлыстар үшін көптеген кұқықтар мен бостандықтарды жарияла-ган болатын. Алайда, оларды іске асырудың нақты тетіктерімен бекітілмеген бұл уәделер халық бұхарасының санасына ықпал етудің маңызды құралы ретінде ғана рөл атқарып, оларды алдан-дырды, ал көп жағдайда бұл жалаң ұрандаткан уэделер казақ да-ласына бұрын мәлім емес, жаңадан құрылған билікті нығайтып, оның жеңісін қамтамасыз етуге жағдай жасады.

Сонымен, 1920 жылы 26 тамызда РКФСР-ның Орталық Атқа-ру Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің Декреті қабыл-данып, ол Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республи-касының құрылғанын ресми түрде бекітті. Қазак Автономиялық Республикасы Ресей Федерациясының бір бөлігі ретінде есепте-ліп, оның құрамына байырғы қазақ жерлері енгізілді. Бұл Дек-реттің жасалуы барысында Қазақстаннын территориясы туралы мэселелер Қазакстанмен шектесетін Ресей аудандары өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет талқыланды. Нэтижесінде қазақтардың

122

бұрыңғы еткен тарихын жэне олардың орналасуын толық еске-ре отырып, Қазақстанның шекарасы анықталды. Қазақ Автоно-миялық Республикасының құрамына оның бұрыңғы экімшілік шекаралары ескеріле отырып төмендегідей облыстар қамтылды: Семей, Ақмола, Торғай, Орал жэне Закаспий облысының Маң-қыстау уезі. Бұл кезде Қазақстанның бірқатар бөлігі Түркістан Кеңес Республикасының кұрамына кірді. Бұл жерлердің бола-шақ тағдыры Декретте, оны қоныстанған халықтық ерік-жігері негізінде шешіледі деп керсетілді. 1924 жылдың 27 қазанында Түркістан Республикасында ұлттық-аймақтық тұрғыдан бөлініс жүргізілді. Осы шаралардың нэтижесінде Қазақ автономиясының құрамына Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Сыр-дарья облысының Әулиеата, Ташкент жэне Мырзашал уездерінің бір бөлігі, Самарканд облысының Жизақ уезінің алты көшпелі болыстары берілді. Жетісу облысына - Алматы, Жэркент, Лепсі, Қапал уездері жэне Пишпек уезінің Георгиевка, Қарақоныс, Шу болыстары енгізілді. Ұлттық-аумақтық боліністің барлық шара-лары өткізілгеннен кейін Қазақстанның территориясы 700 мың шаршы шақырымға ұлғайып, оның жалпы көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымды құрады. Орынбор қаласы Орынбор губер-ниясының бір белігімен қоса Ресей федерациясының қарамагы-на берілді, осыдан кейін Қазақстанның жаңа астанасы жөнінде мэселе туындады. Осы тұрғыдан таңдау - Сырдария облысының орталығы Қызылорда қаласына жүсті. 1924 жылы ҚКАСР-ы ке-ңестерінің У-съезінің ынтасымен КСРО-ның Бүкілодақтық Атқа-ру Комитеті (ВЦИК) республиканың жэне оның байырғы халқы-ның атауын қалпына келтіруге шешім шыгарып «қазақ» атауын қайтарды, бұрын «қыргыз» деп аталған болатын. 1928 жылы қа-зақ жерінде экімшілік-аумақтық бірліктерге өзгерістер енгізіліп, бұрыңғы губерния, уезд, болыс атаулары жойылып, олардың ор-нына округтар мен аудандар енгізілді.

Жиырмасыншы жылдардың ортасында жүргізілген ұлттық-мемлекеттік тұрғыдағы бөліністердің нэтижесінде Қазақстанның аумақтық құрылымы түпкілікті анықталып, оның территориясы қазіргі кездегі жер кәлеміне парапар болды, яғни жер аумағы қа-зақ халқының ежелден қоныстанған байырғы жерлерін қамтыды.

Қазақ Автономиялық Республикасында заңдар қабылдайтын, елді басқаруды жүзеге асыратын жэне эділсот жүргізетін орган-дар құрылды. Заңдарды Кеңестердің республикалық съезі қа-былдап, сонымен бірге ол Орталық Атқару Комитеті мен Халық

123

Комиссарлар кеңесін (Үкіметті) жасақтады. Үкімет заң қабыл-даумен қатар басқару қызметін жүзеге асырды. Мемлекеттік ор-гандардың жүйесі биліктің біріңғайлығы жэне біртұтастығы қа-ғидасына негізделді. Нақты айтқанда, барлық билік заң бойынша кепсатылы сайлау негізінде еңбекшілер сайлайтын барлық кеңес-тердің қүзырына берілді. Кеңестер мемлекеттік маңызы бар бар-лық мэселелерді шешу қүқығына ие болды. Мемлекеттік биліктің біртүтастық қагидасы Кеңес өкіметінің өмір сүруінің соңғы сэті-не дейін сақталды. Алайда, кеңестердің бүтін билігі формальді түрде тек заң баптарында гана сақталды. 1с жүзінде басқару билі-гінің тетігі өздерін еңбекшілер сайлаған Кеңестерге тиеселі бол-мады, ал оны Коммунистік партияның үйымдары мен партияның кәсіпқой қызметкерлері жүзеге асырды.

Қазақ Автономиясының Халық Комиссарлар Кеңесі атқару-шы билік тармағының басында түрды. Облыстық, қалалық жэне аудандық комитеттер ҚАКСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесіне бағынып, жергілікті атқарушы билікті жүзеге асырды. Басқару-дың орталық органдары ретінде Халық Комиссарар Кеңесіне ба-ғынып, жергілікті атқарушы билікті жүзеге асырды. Басқарудың орталық органдары ретінде Халық Комиссариаттары есептелді. Комиссариаттар мемлекеттік емірдің салаларын нақты басқару үшін қүрылды. Мэселен, ауыл аіаруашылығы наркоматы-колхоз-дар мен совхоздарға тікелей басшылық жасап, басқару үшін, оқу наркоматы-оқу орындарын басқару үшін, ішкі істер наркоматы-қоғамдық тэріпті қорғау мақсатында құрылды.

1с жүзінде мемлекеттік органдардың қолына бөлінбейтін түтас билік шоғырландырылып, қоғам өмірінің барлық саласына ба-қылау жасағандықтан, кейіннен «тоталитаризм» деген атауға ие болды. Жалпыға ортақ «теңгермешілік» саясаты жүргізіліп, же-ке адамдардың қабілеттілігін, мүмкіндігін көрсетуге бағытталған ерекше шығармашылық ынталылығын, өз бетінше басқа да бас-тамаларды көтеріп, оны іске асыруға шектеу қойылды. Экономи-каны дамытудағы оның негізгі қозгаушы күштері - бэсекелестік-ке, базар (рынок) қатынастарының ерікті дамуына, өндіріс қүрал-дарына қатысты меншіктің көптүрлілік нысанына жол берілмеді.

Өзі өмір сүрген дэуірдегі Кеңес мемлекетінің сыртқы бейне-сі-биліктің бірден-бір қайнар көзі халық деген қағиданы бекітіп, оны жүзеге асыруға талпынған оның нышанынан жэне мэн-ма-ғынасынан көрініс тапты. Өйткені, формальді түрде Кеңестерге депутаттар қоғамның эртүрлі өкілдерінің тарапынан (жүмысшы-

124

лар, колхозшылар, қызметшілер т.б.) жалпыға бірдей сайлау не-гізінде үсынылды. Елде адамдарды таптық, үлттық жэне нәсіл-дік белгісі бойынша бөліп шектеушілікке жол берілмеді. Алайда, шындыгьгаа келгенде мемлекетті Коммунистік партия бір өзі же-ке дара басқарды. Бүл жағдай Коммунистік партияның тарапы-нан мемлекет қабылдаған заңдарға қайшы келетін, бірде бір рес-ми күкықтық актілерде көрініс таппаған жабық түрдегі әділетсіз шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беріп отырды.

Қазақ Кеңестік автономиясының 20-шы жылдардагы дамуы жағдайында қазақ эйелдерінің басыбайлықтан қүтылып, ерлер-мен қатар теңдік алуының тарихи маңызы болды. Осыган орай 1920 жылы 20-желтоқсанда ҚАКСР-нің Орталық Атқару Коми-теті және Халық Комиссарлар Кеңесі Әділет Халық Комиссари-атьт дайындаған «Қалын малды жою жөніндегі Декрет» кабыл-дады. Аталған Декретте эдет-ғүрып дэстүрі бойынша некеге түруға тиым салынып, мүндай іс-эрекеттер эйелді сатуға жэне сатып алуға байланысты жасалған заңсыз мэміле ретінде қарас-тырылып, қалың мал телеуге қатысты келісімдердің бүзылуын сот тәртібімен қорғау құқығына тиым салынды. Бүл Декретте, болашақта қалың мал беруші жэне оны алушы тараптарға қатыс-ты қылмыстық жауапкершілік анықталып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға және қосымша ретінде қалың мал мүл-кін тәркілеу жазасы анықталды. Айта кету керек, «Қалың мал-ды жоюжөніндегі Декрет» патриархалдық-рулық қатынастардың сарқыншақтарын жою» атауымен белгіленіп, іс жүзінде қазақ-тың отбасылық әдет-ғүрып қүқығын жоюга қарсы бағытталған Кеңес үкіметінің тек Қазақстанда ғана емес бүкіл ел аумағында қабылданған, отбасы қүқығына қатысты алғашқы қылмыстың за-ңы болып есептелді. Қалың малға тиым салынуына байланысты қалыңдықтың күйеуге шығуы кезінде өз туыстарының тарапынан берілетін мүлік - «жасаудың» тағдыры туралы мэселе пайда бол-ды. Бүл жөнінде ҚАКСР-нің Орталық Атқару Комитетінің 1921 жылғы 29 кыркүйегіндегі арнайы Декретінде «жасау» қалыңдық-тың бөлінбейтін меншігі деп қарастырылды. Декретте бүл мэселе нақты былай деп түжырымдалды: «Дэстүр бойынша некеге тү-рушылар мен олардың туыскандары арасында өзара алмасылған мүлік «жасау» болып есептеліп, қайтарылуға жатпайды. Көп ке-шікпей ҚАКСР-ның Әділет халык Комиссариаты «Қалың малды жою жөніндегі Декреттің» қолдану тэртібін түсіндіретін арнайы нүсқама дайындады.

125

ҚАКСР-нің Халык Комиссарлар Кеңесі 1921 жылғы 17 қаң-тарда отбасы қатынастарын реттеуге бағытталған «Қырғыздар-дың (қазактардың) неке құқыгьт туралы» Декрет кабылдады. Бұл Декреттін қабылдануының қажеттілігі Қазақстанның ерекше жағдайы ескеріле отырып, осыған дейінгі неке қатынастарында ежелден орнықкан әдет-ғұрып құкығы мен шариат заңдарының ықпалын біржолата жою арқылы оны Ресей Федерациясының не-ке жэне отбасы заңдарына сэйкестендіру талабынан туындады. Декретте жаңа жағдайда неке тұрудың неғізгі шарты мен некеге тұру жасының мөлшері және оның заңдық тұрғыдан жарамдылы-ғы анықталып, яғни некеге тұру ешкімнің мэжбүрлеуінсіз ерікті түрде жүргізіліп, неке жасының мөлшері ер адамдарға 18-жас, қа-лындық үшін 16-жас белгіленді. Сонымен бірге Декретте эйел-дерді мэжбүрлеп некеге тұргызуға қарсы бағытталған кұқықтық нормалар көрсетілді. Мэселен, Декреттің 9-шы бабында осыған дейін қазақ дэстүрінде жиі кездесетін болашақ күйеуі мен қалын-дықтың элі дүниеге келмеген кездегі некені тіркеуге тиым салды. Декреттің 6-шы бабы көп әйелалушылыққа карсы бағытталып, онда осыған дейін некеде тұру жағдайында басқа бір некені ре-сімдеу оған кедергі болатын жағдай деп көрсетіліп, көп әйел алу-шылық қазақ эйелдерінің рухани-моральдық құндылығын аяққа таптап, езгіге түсіретін құбылыс деп бағаланды. Аталған Декрет-тің 12-бабында әдет-гұрып құқыгы жүйесіндегі «эмеңгерлікті» жою жөнінде нақты айтылып, «жесір» эйел өз тағдырын өзі ше-шіп, ол екінші рет тұрмыс құрганда өз қалауымен басқа рудың адамына күйеуте шығуға құқы бар деп көрсетілді. Бұл кұқықтык актіде болашақта азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарда гана (ЗАГС) неке қатынастары заңда күшке ие болады деп көр-сетілді. Сондықтан, Декреттің 10-бабына сәйкес неке тұру үшін жасалған ата-аналарының жэне туыстарының арасында жасалган өзара келісімдер жарамсыз деп танылып, тараптардың арасында белгілі бір құқықтардыңорнығуына, міндеттердің пайдаболуына негіз болмайды деп айтылды. Некенің бұзылуы жұбайлардың тірі кезінде ажырасу арқылы жүргізіліп, бұл мэселе 1918 жылы қа-былданған Ресей федерациясының Неке жэне Отбасы кодексінің негізінде шешілді.

1920 жылы 27 желтоксанда ҚАКСР-нің Орталық Атқару Ко-митеті «Құнды жою жөнінде» Декрет қабылдады жэне ол іс жү-зінде Қазақ Автономиясының алғашы қылмыстық заңдарының бірі болды. Бұл Декреттің 1 бабында кұн туралы төмендегідей

126

түсінік берілді: «Құн-төгілген қан үшін кісі өлтірген адамның немесе оның туыстарының қазақтың әдет-ғұрпы негізінде бекі-тілген дэстүрі бойынша кінэлі адамды жауапкершіліктен босату үшін оның жазасының орнына мал есебінен төленетін өтем ақы». Сол кезеңдегі Кеңестік қылмыстық заңының көзқарасы бойын-ша байларға, шонжарларға т.б. үстем тап өкілдеріне кісі өлтіруіне мүмкіндік жасалып, екінші жағынан мұндай қылмыстарды ашу-ға және кінәліні жазаға таруға кедергі жасалады. Сондықтан құн төлеуге жэне оны алуға тиым салынып, бұл әрекеттер қылмыс ретінде танылады. Декретте құнға қатысты жазаның негізгі түрі -оны алған адамның тиісті құнға сәйкес мүлкі тэркіленеді деп көр-сетілді. Егер іс бойынша құнды алуға өлтірілген адамның руы те-гіс қатысқан жағдайда ұжымдық жауапкершілік негізінде құнның мөлшері барлық ру мүшелерінің есебінен жиналып тэркіленеді.