Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.61 Кб
Скачать

Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы

1917 жылдың аяғы - 1918 жылдың басында ел аймағындағы оның ішінде Қазақстандағы жаңа үтсімет билігіне қарсы күрес-кен саяси топтардың жеңіліске ұшырауы, революцияға карсы күштер түпкілікті талқандалды деп айтуға ерте еді. Бұл тұрғыдан большевиктер партиясының көсемі В.И.Лениннің өзі «тарихта-ғы бірде-бір ұлы төңкеріс азамат соғыссыз өтпейді» деп ескерт-кен болатын. 1918 жылғы Брест бітімінің нәтижесінде жас Кеңес үкіметі аз ғана уақыт бейбіт өмірмен тыныстауға мүмкіндік ал-ды. Өйткені, көп кешікпей шет мемлекеттердің біріккен эскери күштері мен революцияға қарсы пиғылдағы ішкі күштер бүкіл ел аймағында кеңестік билікке қарсы ірі келемдегі соғыс қимылда-рын жүргізе бастады. Сөйтіп, аз уақытқа созылған бейбіт өмір азамат соғысына ұласты.

1918 жылдың мамыр айында Кеңес үкіметінің қарсыластары чех жэне словак эскери тұтқындарының есебінен Ресейде кұ-рылған чехословак эскери корпусының арасында бүлік ұйымдас-тырды. Оның кұрамында мыңдаған солдаттар мен офицерер бол-ды. Бүлікшілер Сібір мен Оралдың аймағындағы Новосибирск, Томск, Омск, Челябинск жэне Пенза қалаларын басып алды. Қазақстанда олар Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қала-ларын тағы басқа да елді мекендерді басып алып, онда кеңес үкі-метін құлатты.

Чехословактардың бүлігін тиімді пайдаланган ақ гвардия эс-керінің атаманы Дутов 1918 наурызда Оралды, шілдеде Орынбор қаласын басып алды. Енді Дутов армиясы Жетісуді басып алу-

117

ға қауіп төндірді, өйткені осыған дейін басып алған Семейден шегінген кезде, олар Жетісудің Қапал, Лепсі уездерін өздерінің бақылауында ұстап тұрған еді. Сонымен, 1918 жылдың жазында Қазақстан территориясының басым бөлігін шетел интервенттері мен ақ гвардияшылар басып алды.

Кеңес үкіметінің билігі Сырдарья жэне Жетісу облыстарының көп бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандарында, сон-дай-ақ, Бөкей Ордасының шагын бөлігінде сақталды.

1919 жылдың күзінде Шығыс майданның М.Н.Тухачевский бастаған 5-армиясы Петропавл, Ақмола, Семей қалаларын ал-ды. 1920 жылы Наурыз айында ақ гвардияшыл эскери бөлімдер Верный (Алматы) бекінісін басып алды. Алайда, Түркістан май-данының Революциялық Кеңесінің өкілі, Д.А.Фурманов баста-ған кеңес эскерлерінің келумен контрореволюциялық күштердің қарсылығы жойылды. Жалпы алғанда 1919 жылдың аягына қарай Қазақстанның негізгі аймағы ақ гвардияшылардан тазартылып, 1920 жылдың наурыз айында Қазақстандагы азамат соғысының соңгы нүктесі-Жетісу майданы жойылды.

Кеңес үкіметінің түпкілікті жеңісі және Қазақстанның барлық территориясының оның қарауына көшуі Қазақ өлкесінде Кеңес-тік жаңа басқару органдарын құрудың қажеттілігін талап етті. Осы мэселерді шешіп, сондай-ақ, Қазақстан КеңестерініңҚұрыл-тай съезін дайындау үшін 1918 жылы, 10-шілдеде РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің Декретімен Қырғыз (қазақ) өлкесін басқа-ру жөніндегі Революциялық комитет құрылып, оны С.Пестковс-кий басқарды. Оның құрамына қазақ қайраткерлерінен Ә.Жан-келдин, Б.Қаратаев, М.Тунганшин, С.Мендешев, А.Байтұрсынов т.б. енгізілді. Бұл басқару органының құрылуымен байланысты РКФСР-нің ұлт істері халық комиссариатының жанындағы Қазақ бөлімі жойылды.

Бұл органның құрылу мақсатына төмендегідей негізде аңық-тама берілді. «Бүкілқазақтық съезд ашылып, оның шешімімен Қазақ өлкесінде автономия жарияланганға дейін бұл өлкені бас-қару үшін Революциялық комитет құрылып оның қолына барлық жоғарғы эскери-азаматтық билік беріледі».

РСФСР Халык Комиссарлар Кеңесінің Декретінде Қазақ Рево-люциялық Комитетінің қызметіне жан-жақты сипаттама беріліп, оған төмендегідей міндеттер жүктелді:

1. Қазақ өлкесінің аумағында барлық кеңестердің қызметін ұйымдастыру және біріктіру.

118

2. Орталық Кеңес билігінің барлық қаулыларын жергілікті ха-лықтың тұрмысын, салт-дэстүрін, жағдайын ескере отырып жү-зеге асыру.

3. Жергілікті кеңестердің кызметіне бақылау жасау.

4. Өлкенің шаруашылық жэне мэдениет саласын көтеру үшін барлық шараларды қабылдап, іске асыру.

5. Жергілікті деңгейде пайда болған барлық мэселелерді ше-шуді ұйымдастыру.

6. Қазақ автономиясы жөніндегі Ережені дайындап, оны жал-пы қазақтың съездің бекітуіне ұсыну.

7. Қазақ өлкесі мен Ресей Кеңестік Федеративтік Социалис-тік Республикасының және Түркістан Кеңестік Республикасының арасындағы қатынастарды реттеу.

Декреттің негізгі мэтінінде жергілікті кеңестердің билігін таптың тұрғыдан нығайту мақсатында оның құрамына кеңес билігін қолдамайтын «элементтердің» яғни байлардың, мол-далардың тіпті ел ішіндегі беделді ақсақалдардың енгізілуіне тиым салынды. Сонымен, аягына жаңа нық тұрған кеңестік ре-жим бұл органның билігінің қол астына оған сөзсіз бағынып, бас ұратын бұхара халықтың басым бөлігін топтастыруды көз-деді. Сонымен бірге Қазақ Революциялық комитетіне кейбір ау-дандарда Кеңес үкіметін орнату немесе қалпына келтіру міндеті қойылды. Мұндай міндеттерді шешу үшін оған Төтенше орган мэртебесі беріліп, эскери бөлімдер, милиция топтары жэне Тө-тенше комиссияның адамдары бекітілді. Сондықтан, Қазақ Ре-волюциялық комитеті кез-келген эдіспен жергілікті халықты кеңес үкіметінің жағына тартуды қамтамасыз ету үшін насихат пен үгіт жүргізуге жэне «Алаш» сияқты ұлттық-буржуазиялық партияларының халыққа тигізетін ықпалын толық бейтараптан-дыруға міндетті болды.

Қазақстандағы кеңестердің қызметі өзінің жұмысында 1917 жылы 25 қазанда құрылып, Петроградтағы қарулы көтеріліске іс жүзінде басшылық еткен Әскери Революциялық Комитетінің жэне Қазан төңкерісінен кейін Ресейдің орталық аймақтарын-да құрылған ревкомдардың тәжірибесін басшылыққа алды. Бұл комитеттер Уақытша Үкімет құлағаннан кейін, оның жергілікті органдарын жойып, билікті Кеңес үкіметіне беруді қамтамасыз етуге міндетті болды. Ревкомдарды құру «революциялық тэріпті» бекіту қажеттілігінен туындап, олар большевиктік биліктің негіз-гі органдары болып есептелді.

119

Сонымен Қазақстандағы барлық Революциялық комитеттер-дің қызметі бір ғана мақсатқа - кеңес мемлекетінің жэне боль-шевиктік партияның қазақ жеріндегі жаңа отарлық саясатын бұл-жытпай жүзеге асыруға жүмылдырылды. Дегенмен, революция-лық Комитеттердің қызметі Қазақстандағы Кеңестік мемлекетті-лікті нығайтуға маңызды үлес қосып, 1920 жылы тамыз айында Қазақ Кеңестік АвтономиялықСоциалистік Республикасын қүру-ға жан-жақты ықпал жасады.