Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.61 Кб
Скачать

Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде

Патшаның монархиялық билігін құлатқан Ресейдегі ақпан төңкерісі Қазақстанда үлкен қуанышпен қарсы алынды. Билікке келген Уақытша үкімет өзінің алғашқы кезектегі міндеті ретінде; Германиямен арадағы соғысты жалғастыру, белсенді әкімшілік аппаратты қайта құру, негізгі саяси және элеуметтік реформа-ларды жүзеге асыру, Ресейді орталыктандырылған империядан біртіндеп федеративтік мемлекетке қайта құру жолдары сияқты мәселелерді алға қойды.

Уақытша үкімет өлім жазасын алып тастап, эскери-дала сот-тарын жойды, каторга жэне жер аудару жазалары ауыстырылды, мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты барлық істер алка билер

110

сотының (присяжные) қарауына берілді. 1917 жылы 20 наурыз-да «Діни сенім бостандығын жэне ұлттық шектеушілікті жою жөніндегі» заң қабыданды. Барлық азаматтар үшін мемлекеттік қызметке кіруге, оқу орындарына түсуге, еркін қозғалуға, тұр-ғылықты жерін анықтауға, меншікті иемденуге, саудамен, қоло-нер кэсібімен айналысуға қатысты бірдей құқықтар жарияланды. Оқу орындарында ана тілін пайдаланып, іс қағаздарын жүргізуге рұқсат етілді. 1917 жылғы шілде айында Ресейді федерациялық негізде қайта құру мақсатында қажетті заңдарды жасау үшін ар-найы комиссия құрылды.

Жергілікті экімшілік міндеті Уақытша үкіметтік комиссарла-ры атауына ие болған губерниялық жэне уездік басқармалардың төрағаларының қолына берілді. 1917 жылы 7 сәуірде генерал-губернаторды ауыстырған Түркістан комитетін құру жөніндегі Уақытша үкіметтің қаулысы шықты. Оның құрамына И.И.Щеп-кин, Ә.Бөкейханов, М.Тьшышпаев, С.Н.Мақсутов, В.С.Елпать-евский, А.Л.Липовский, О.А.Шкапский, П.В.Преображенский жэне А.А.Давлетшин кірді. Облыстық жэне уездік деңгейдегі басқаруға тұнғыш рет қазақ халқының өкілдері ие болды. Мэсе-лен, Торғай облысының комиссары болып Ә.Бөкейханов, Жетісу облысында-М.Тынышпаев, Оралда-Х.Досмұхаммедов сайланды. Қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысының бірқатар серкелері жеке-леген уездердің комиссарлары болып тағайындалды. Комиссар-лардан басқа жергілікті жерлердегі атқарушы билік облыстықжэ-не уездік атқару комитеттеріне берілді. Комитеттер кеп жағдайда облыстық жэне уездік орталықтарда халықтың саяси белсенді бөлігінің жиналыстарында жасақталды. Сонымен бірге қазақтар басым қоңыстанған өңірлерде өздерінің тікелей басқару органда-ры құрыла бастады. 1917 жылғы сэуір-мамыр айларында бүкіл Қазақстан бойынша облыстық жэне уездік қазақ съездері еткізі-ліп, онда ұлттық комитеттер сайланды.

1917 жылы 9 наурызда Ташкентте Шура-Ислам (Ислам кеңесі) құрылып, оның екі окілі Ташкент атқару комитеті мен түмендік-терді басқару комитетінің құрамына сайланады. 1917 жылы 16-23 сэуірде өткен Шура-Исламның 1 съезінде Олкелік мұсылмандар кеңесі сайланып оның құрамына М.Шоқай енгізіледі. Одан басқа Шура-Ислам жергілікті халықтың сенімді адамдарының арасы-нан экімшілік лауазымдарға таңдап, ұсынумен айналысты, мұ-сылман халқы басым аймақтарда уездік жэне қалалық комиссар-ларды тағайындады.

111

Уақытша ұкімет өзінің заң саласындағы саясатында «құқық-тың үздіксіздігі» қағидасын ұстанып, Ресей империясының 16 томдық заңдар жинағының негізгі ережелерінің одан әрі қолда-ныста болуын жақтады. Осыган орай өмірлік маңызы бар әлеу-меттік-экономикалық саладағы заңдардың қабылдануы ұзаққа созылып кетті. Жер реформасын іске асыру 1918 жылдың көкте-міне қарай белгіленіп, соғысты тоқтату жөнінде мүлдем сөз бол-мады. Көптеген заңдарды Құрылтай жиналысының күн тәртібіне енгізіп, талқылау ұсынылды. 1917 жылдың жазында гана сайлау заңының жобасын жасау жөніндегі Ерекше кеңесті шақыруға қол жеткізілді. Бұл заң бойынша жалпыға бірдей сайлау құқығы көр-сетілді ал сайлаудың езі Уақытша үкімет құлағаннан кейін, 1917 жылдың қазан айында өткізілді.

Уақытша үкіметтің іс-эрекетінің дэйексіздігі мен батылсыз-дығының салдарынан кең оріс алған элеуметтік-экономикалық дагдарстың жагдайында іс жүзінде оның экімшілік жүйесінің құлдырауына экеліп соқтырып, Уақытша үкіметті құлатты. Осының салдарынан үкімет билігін солшыл радикал больше-виктер мен эсерлер басым алып, нэтижесінде Қазақстан жэне бүкіл Ресей аймақтары азамат соғысының канды майданына айналды.

Қорытынды. Сонымен, Қазақстанда XXғасырдың басында 1905-1907 жылдары болған революциялық оқиғалардың аясын-да экімшілік жэне құқыктық жүйеде маңызды қайта құрулар мен өзгерістер болды. 1916 жылғы үлт-азаттық қозгалысының жэне Ақпан тоңкерісінің барысында қазақ халқы саяси күрестің жэне мемлекеттік кұрылыстың үлкен тэжірибесін алып, оның саяси мэдениетін жэне өзіндік ұлттық сана-сезімін қайта жаңгыртуға мүмкіндік берді. Осының барысында 1917 жылғы болған оқиға-лар қазақ мемлекеттілігін демократиялық негізде қайта құруға жағдай жасады, алайда одан кейінгі саяси оқиғалар бұл мүмкін-дікті іске асыруға жол бермеді.

Бақылау сұрақтары

1. 1867-68 жылдардағы реформаларды жүргізу арқылы патша үкіметі қандай мақсаттарды көздеді?

2. XIXғасырдың соңғы ширегінде Қазақстанның құқықтық жүйесінде қандай өзгерістер болды?

3. XIXғасырдың соңында жүргізілген реформалардың бары-сында Қазақстан территориясында кандай режим орнықты?

112

4. Мемлекеттік Думаға сайлаудың куриялық жүйесінің ерек-шелігі неде?

5. Қазақтардың 1916 жылғы кетерілісі неге ұлт-азаттық теңке-ріс деп аталады?

6. Уақытша үкімет кандай қайта кұру езгерістерін жүргізді?

Әдебиеттер:

1. История государства и права Казахской ССР. Ч. 1, Алма-Ата, 1982.

2. Қузембайұлы А., Абил Е. История Республики Казахстан. Астана, 1999.

3. Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

4. Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстана. Сб.док., М., 1960.

5. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 г. В Казах-стане. - Алма-Ата, 1976.

6. Турсунов Х.Т. Восстание 1916 года в Средней Азии и Каза-хстане.

7. Маликов Ф. Февральская буржуазно-демократическая рево-люция в Казахстане. - Алма-Ата, 1972.

8. Сапарғалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане 1905-1907 гг. - Алма-Ата, 1966.

113

УІІ-БӨЛІМ

КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ

ЖӘНЕ Қ¥ҚЫҚ

19-тақырып. Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы

1917 жылдың күзінде Уақытша үкіметтің беделінің түскені ерекше біліне бастады. ГТатшаның монархиялық билігі қүлаған кезден бастап жаңа биліктің тарапынан үкіметтің саяси бағы-тын аныктауға қатысты бірде-бір маңызды құжат қабылданбады. Үкіметтің әрекетсіздігі байқалды. Осының салдарынан бұрынғы Ресей империясының халқы елде қалыптасқан саяси жагдайдың түрақсыздығына алаңдаған жэне жаңа укіметтің манызды элеу-меттік мэселелерді шешудегі дэрменсіздігіне назарылықтарын білдіріп, жаппай шерулер үйымдастырып бас көтере бастады. Осының нәтижесінде бүкіл елде саяси толқулар басталып, оның соңы революциялық көтерілістерге үласты.

1917 жылы 24 қазанда Петроградта өмірлік маңызы бар объектілер басып алынғаннан кейін Уақытша үкімет түгелімен түтқындалды. 25 казанда таңертең В.И.Лениннің «Бүкіл Ресей азаматтарына үндеуі туралы» мәлімдемесі жарияланып, мемле-кеттік төңкерістің қорытындысы айтылды. Нәтижесінде Уақыт-ша үкімет құлатылып, саяси билік Петроград солдаттары мен жүмысшылары депутаттары Кеңесінің колына өтті. 25 қазанда Смольныйда Бүкілресейлік кеңестердің П-съезі ашылып, онда кеңестер үкіметінің орнап, қарулы көтерілістің толық жеңгендігі жөнінде В.И.Ленинің үндеуі жарияланды. Кеңестер билік басы-на келгеннен кейінгі алғашқы күндерде омірлік маңызы бар екі қүжат-«Бейбітшілік туралы декрет» және «Жер туралы декрет» қабылданды. Бірінші қүжатта майдандағы соғыс қимылдарын тез арада тоқтату жөнінде айтылып, барлык мұдделі мемлекеттерге әділетті демократиялық бітім жасау жонінде келіссөздер жүргі-зуге шақырды. Жер туралы декретте жерге қатысты жеке меншік жойылып, барлық жерлер мемлекеттің меншігі деп жарияланды.

1917 жылы 2 карашада бұхара халықтың алдында жаңа билік-тің беделін котеруді қамтамасыз еткен, ұлттық мэселелр бойын-ша маңызды эрі алғашқы құжат «Ресей халықтары кұқығының Декларациясы» қабылданды. Бұл құжатта осыдан былай халық-

114

тарды бір-біріне айдап сапуға қатысты жұргізілген сұрқия саясат-қа нүкте қойылатын жөнінде уәде етілді. Ресейді мекендеген ха-лықтардың арасындағы ұлттық саясаттың бағыты темендегідей негізде жүргізілетіні жөнінде жария етілді:

1. Ресей халықтарының теңдігі мен егемендігі.

2. Ресей халықтарының өздерінің дербес мемлекеттерін құру-ға дейінгі езін-езі ерікті түрде анықтау құқығы.

3. Барлық ұлттық жэне үлттық-діни артықшылықтар мен шек-теулерді жою.

4. Ресей территориясында мекен еткен аз ұлттар мен этника-лық топтардың еркін дамуына жағдай жасау.

1917 жылы 3 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесінің та-рихи маңызы бар тағы бір құжаты жарияланды. Бұл құжат - «Ре-сейдің жэне Шығыстың барлық мұсылмандарына үндеу» деп аталды.

Кеңестік Ресей үкіметі барлық мұсылмандарга оның ішінде қа-зақтарға арналған бұл үндеуде олардың сенімдері мен дэстүрлері сақталып, ұлттық жэне мэдени мекемелері еркіндікте болады жэне оларға қол сүғылмайды деп мэлімдеді. Мұсылмандардың барлық құқығы басқа да Ресей халықтарымен қатар революцияның жэне оның органдарының барлық күш-қуатымен қорғалады деп сендірді. Қазақстанның басым копшілік халқы большевиктердің бұл ұранына сеніп Кеңес үкіметін қолдады, осының барысында қантегіс азамат соғысында большевиктердіц жеңіске жетуіне ықпал жасады.

Қазақстан аймағында Кеңес үкіметінің орнау үдерісі бірқа-лыпты жағдайда өтпеді. Бірқатар өңірлерде бүл үкіметті сенім-сіздікпен карсы алса, кейбір аймақтарда жергілікті халықтың қар-сылығына тап болды, көпшілік жерлерде ешқандай қантөгіссіз, бейбіт жағдайда орнықты. Осындай эртүрлері саяси ахуал жағ-дайында 1917 жылы желтоқсанда Орынборда Бүкіл қазақтық 11 съезд ашылды. Бұл съезге Қазақстанның эртүрлі өңірлерінен атап айтқанда, Бокей Ордасынан, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жеті-су, Самарканд облыстарынан және Алтай губерниясынан өкілдер қатынасты. Съезді ұйымдастырушылар қазақтың көрнекті меме-кет қайраткерлері - Ә.Бәкейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов, Х.Досмұхаммедов т.б. болды. Бұл съезде төмендегідей маңызды мәселелер күн тәртібіне шығарылып, қа-ралды: Сібір жэне Түркістан автономиясы, Қазақ облыстарының автономиясы, милиция, ұлттық кеңес, халық соты, муфтиат мэсе-лесі, ауылдық басқару жэне азық-түлік мэселелері.

115

Съезд қазақ автономиясын құруға қатысты мэселеге ерекше көңіл бөлді және бұл жөнінде Ә.Бөкейханов баяндама жасады. Съезд жұмысының қорытындысында қазақ облыстарының авто-номиясын құру жөнінде бірауыздан шешім қабылданып, оған қа-зақтың арғы тегі - «Алаш» атауы берілді. Құрамында 25-адамнан тұратын билік органы «Алаш-Орданың» Уақытша халық кеңесі құрылды. Бұл органның орналасатын жері Семей қаласы болып белгіленді. Халық кеңесінің басшысы болып Ә.Бөкейханов тағай-ындалды. «Алаш-Орда» құрылған кезеңдегі қалыптасқан күрделі саяси жағдай, оның басшыларына жаңадан қалыптасқан автоно-мияның ішкі жэне сыртқы саясатын жүргізудегі 11 съезде қабыл-данған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруга қатысты батыл қа-дамдар жасауға мүмкіндік берді. Алайда, Алаш қайраткерлерінің ғасырларға созылған қанаушылықты жойып, қазақ халқының өз тағдырын өзі анықтап, нағыз еркіндікке бастайтын саясатының алғашқы қадамдары, кейіннен Кеңес үкіметі тарапынан ұлтшыл-дық және сепаратистік эрекеттер ретінде танылды. Алаш қай-раткерлері өз тараптарынан қазақ ұлтының аз да болса еркіндік жағдайын сақтау мақсатын көздеп, Кеңес үкіметімен байланыс орнату жолын іздеді. Осы тұрғыдан жаңа үкіметпен арадағы жүр-гізілген келіссөздерде Кеңес үкіметі мен Алаш автономиясының бірін-бірі тану туралы мэселелер көтерілді. Алайда, Ресей импе-риясының орнын басқан Кеңес үкіметінің Қазақстан жөнінде өз-дерінің есептері болды, сондықтан Алаш автономиясын тануды қажет етпеді. Осыдан кейін Алаш-Орда қайраткерлері ақ казактар эскерінің атаманы А.Дутовпен байланыс орнатуға мәжбүр бол-ды. Олар Кеңес үкіметінің Алаш автономиясына қатысты озбыр-лық саясат жүргізетініне көздері жеткеннен кейін, келіссөздерді тоқтатып, бұрынғы құлатылған билікпен бірге қосылып, Кеңес үкіметіне қарсы күресуге мэжбүр болды. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында төтенше кеңес шакырылып, онда барлық автономиялық басқаруларды жойып, Ресейде біріңғай орталық-тандырылған билік құруға шешім қабылданды. 1919 жылы қазан айында Кеңес үкіметін өз еркімен мойындаған оның бұрыңғы саяси қарсыластарына кешірім беру туралы шешім қабылданды. Алайда, Қазақстанда Кеңес үкіметі толық орнығып, нығайғаннан кейін, Алаш автономиясы идеясын негіздеп, оны құрушы қазақ-тың зиялы қайраткерлеріне қарсы ашықтан-ашық жазалау шара-лары жүргізіліп, Кеңес үкіметіне сенім білдірмегені үшін басшы-лық қызметтерден қуылды.

116

Сонымен, Уфадағы төтенше кеңестің шешімімен «Алаш-Орда» автономиясы 1920 жылдың басында толық жойылып, осы кезден бастап, барлык биліктің тетігі революциялық ко-митеттердің колына берілді. Алаш қайраткерлерінің кантөгіс-ті азамат соғысы кезінде, экономиканың барынша құлдырауы, биліктің орталықтандыруы мен нашар ұйымдастырылуы жағ-дайында Қазақстанда жасауға ұмтылған саяси қайта кұрулар-ды іс жүзінде іске асыру мүмкін емес еді. Өкінішке орай, казақ халқын Кеңес үкіметінің одан кейінгі даму кезендерінде де үл-кен зобалаң, қайғы-қасірет күтіп тұрды, атап айтканда, азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі аштық, жаппай саяси қудалау, екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқына үлкен қиыншылық экелді.