
- •Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты
- •Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
- •Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
- •1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
- •Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде
- •Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
- •Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
- •Какср-нін одактас республикага айналауы
- •Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
- •Бақылау сұрақтары:
- •Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі
Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
1914 жылдың жаз айында Ресей империясы өзін эскери жэ-не моралдық жағынан титықтатқан І-ші дүниежүзілік соғыстың майданына қосылды. Әскери қимылдар басталған сәтте Ресей империясы қаржылық мүмкіндігі жағынан жэне эскерлерді тех-никалық жарактандыру тұрғысынан бұл соғысқа мүлдем дайын емес еді. Әдетте, мұндай төтенше жагдайда барлық уақытта жэне барлық халықтарда соғыс қимылдары эрекетін қамтамасыз ету-дің ауыр салмағы еңбекші халықтың мойнына түсетін еді. Бұл соғыс ұлан-байтақ Ресей империясының халықтарына қайғы-қа-сірет және үлкен зардаптар экелді. Оның ішінде патша шенеуі-ніктерінің шектен шыққан озбырлығы мен зорлық-зомбылығы қазак халқының қайғы-қасіретін көбейтіп эрі шыдамын тауысты. Өйткені, соғыстың басталуына қарамастан, патша үкіметті тара-пынан қазақтардың шұрайлы жерлерін жаппай тартып алу жал-ғаса берді. Мұндай шаралар әсіресе Сырдария жэне Жетісу об-лыстарында ерекше қарқынды жүргізілді. Соғыстың алгашқы үш жылында бір ғана Жетісу облысының аймағынан 1 миллион 800 мың десятина жайылымдық жэне егіндік жерлер тартып алын-ды. Сонымен бірге соғыс материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету-ді қажет етті. Қазақстан аумағында аса ірі көлемде шикізат, мал,
106
азық-түлік жэне мал азығы дайындалды. Түтін басына енгізілген салықтың мөлшері соғыстың басында 3-4 есеге, кейбір жағдай-ларда 15 есеге дейін өсіп, дала халқының өмір сүру мүмкіндігін қиындатты. Егістік алқаптардың қысқаруы барысында ауылша-руашылық өндірісі құлдырап кетті. 1916 жылға қарай патша үкі-метінің қазақ халқының есебінен тартып алынған жерлердің кө-лемі 45 миллион десятинаға жетті.
Ресей империясы согыс қимылдарына кіріскен уақыттан бас-тап қазақ халқының элеуметтік жагдайы мүлдем төмендеп, оны басып жаншу саясаты жүргізілді. Империяның тарапынан жасал-ған элеуметтік қысымшылық, ұлттық қанау мен озбырлық қазақ халқының кедейленуіне, аштыққа жэне ауруга экеліп соқтырды. Патшалық империяның үзақ жылдар жүргізген озбырлық саяса-ты, атап айтқанда, келімсектерді тартып алынган жерлерге орна-ластырудың жалғасуы, малдың тэркіленуі және қазақтардың мү-ліктерінің соғыс қажеттілігіне мэжбүрлеп алынуы т.б. жағдайлар, 1916 жылгы патшага қарсы қуатты көтерлістің негізгі себебі ре-тінде қарастырылып оның соңы қазақ халқының ұлттық-азаттық қозғалысына ұласты.
1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
Бұл көтерліске тікелей түрткі болған жағдай - 1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның шығарған «Қазақтарды жэне басқа да «жат жұрттық» өкілдерін майдандағы қара жүмыса алу» ту-ралы жарлығы себеп болды. Бұл жарлықтың негізінде 19-43 жас аралыгындағы барлық «жат жұрттың» ер адамдары эскери қорға-ныс жэне байланыс объектілерінің құрылыстарын салуға жұмыл-дырылуға тиісті болды. «Жат жұрттың» адамдарына төмендегі-дей азиялық аз ұлттардың өкілдері кірді: қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, тэжіктер, түркмендер, дунғандер жэне өзбектер. Бас Штабтың ұйғарыма бойынша Қазақстаннан жэне Орталық Азия аймагынан майдандағы қара жұмысқа 400 мың адамды жегу жос-парланды. Бұл кезде қазақ өлкесінде 700 мың шаруашылық бол-са, әрбір үш шаруашылық өзінің жұмыскерінен айырылды жэне осыншама жұмыс күшінің мэжбүрлеу арқылы тартып алынуы ұлттық көлемдегі апаттық ахуалға экеліп соқтырды.
Халыққа патшаның шығарған жарлыгы жөнінде болыс бас-тықтары хабарлап, қосымша түсіндірулер мен түсініктемелер жа-сады. Патша жарлығының кейбір нақтыланбаған тұстарын пат-
107
ша экімшілігінің шенеуніктері өз пайдаларына шешіп отырды. Жарлық бойынша қара жұмысқа алыну міндетінен мемлекеттік қызметте болғандар, басшылық қызметтегілер, дін өкілдері, ор-та және жоғарғы оқу орындарының шэкірттері жэне жоғарғы тап өкілдері босатылды. Азаматтарды қара жұмысқа тарту жөніндегі құқықтық теңсіздік жагдайы қазақ қоғамының арасына жік са-лып, ерекше жеңілдікке ие болған халықтың шағын тобы өзде-рінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы тыл жұмыстарына алынушылардың жастарын бұрмалады, тізімдерді өз қалауынша жасады жэне парақорлық кең көлемде етек алды. Осындай теріс фактілердің орын алуы жаппай толқуларға экеліп соқтырды. Қазақ даласы үлкен саяси оқиға дүмпуінің табалды-рығындатүрды. Қазақстан тарихындағы аса ірі қантөгістің баста-луы жақындады. Қазақ даласындағы бүл көтеріліс 1916 жығы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланганнан кейін бірден бас-талды. Осы жылғы шілде айының басынан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында стихиялық толқулар бастау алып, олар бір-тіндеп қарулы қақтығыстарға ұласты.
Патша үкіметі көтерілісті қудалау шаралары арқылы тоқтатуға талпынды. Шілде айында бүкіл Қазақстанның аймағында соғыс жағдайы жарияланды. 1916 жылы 17 шілдеде Ташкентте уақыт-ша ерекше Әскери сот құрылды. Одан басқа жазалаушы әскери бөлімдерінің арасынан ерекше эскери соттарды қүруға рұқсат етілді. 1916 жылғы 12 тамызда Жетісу облысының әскери губер-наторы М.А.Фольбаумның бұйрығымен барлық жазалаушы от-рядтардың жанынан көтеріліске қатысушылардың ісін қарайтын әскери-дала соттарын кұруға рұқсат етілді. Түркістанның өзінде ғана бұл соттар 347-адамды өлім жазасына кесіп, 178-адамды ка-торгалық жұмысқа жэне 129-адамды түрмеге қамауға үкім шы-ғарды. Жазалаушы отрядтардың шектен шыққан жүгенсіздігінен көптеген адамдар тергеусіз жэне сотсыз атылды. Мэселен, Қар-қара жэрменкесінен жүздеген саудагерлер заңсыз ұсталып, Прже-вальск қаласына айдалып апарып, көпшілігі атылды.
Алайда, патша үкіметінің тарапынан ұйымдастырылған қатаң қудалаушылық көтерілісті тоқтата алмады, оның ауқымы кеңейіп ұлт-азаттық революция сипатына ауысты. Бұның дэлелін патша-ның отарлық экімшілігіне қарсы іс жүзінде бүкіл қазақ халқы көтеріліп, қарсылықтың жаппай өріс алуы, Ресейге тэуелді емес өздерінің экімшілік жэне қүқықтық институттарын қүру талпы-нысынан байқауға болады.
108
1916 жылы жаз айында болыстардағы көтерілісшілер отар-лык экімшіліктің өкілдерін биліктен аластатып, өзін-өзі басқару жүйесіне көше бастады. Көтерілістің жоғары деңгейдегі үйым-дастырылу нысаны Жетісу өңірінде басталып, халык өз тарапы-нан лайықты деген адамдарды хан етіп сайлай бастады. Олар-дың арасында елге кеңінен белгілі боған Бекболат Әшекеев, ¥зақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов т.б. болды. Ақмола уезінің оңтүх-тігінде көтерілісшілер хан етіп Қияшевты сайлады және хандар-ды сайлау басқа аймақтарда да орын алды.
Әрекет қабілеттілігі жағынан ең жоғарғы басқару жүйесі Тор-ғай облысы көтерілісшілерінің тарапынан үйымдастырылды. 1916 жылдың шілде-тамыз айларында эрбір болыстық аумағында өздерінің хандары сайланып, олар жалпы хан Әбдіқапар Жанбо-сыновқа багынысты болды. Ханның жақын кеңесшілері болып Айжарқын Қанаев, Оспан Шолақов, бас Сардары болып Аман-келді Иманов сайланды. Әрбір ханның жанында кеңесші-уэзір-лер бекітілді, барлық азаматтық жэне эскери билік Әбдіқапар мен Аманкелдінің қолына шогырланды. Олар көтерілісшілердің жеке топтарының жетекшілерінен құралған Кенесті баскарды. Кеңестің жанында барлық әкімшілік мәселерін шешетін хатшы-лық және сот алқасы жұмыс істеді. Сонымен қатар Кенеске бо-лыс экімшілігінің әскери-азаматтық билігінің басшылары - мың басылар бағынды және олар бейбіт халықпен көтерілісшілердің арасындағы дау-дамайлары шешу үшін сайланған елбегілердің қызметіне арқа сүйеді. Ханның қаржы мэселелерін басқаратын қазынашы тағайындалып, оған котерілісшілер үшін азық-түлік пен салык жинаушылар, жасақшылар багынды. Патша қазына-сына жиналатын барлық алым-салықтар жойылып, оның орны-на әрбір шаруашылықтан 4 рубль көлемінде алынатын батамал салығы енгізіліп, бай-ауқатты шаруашылықтар үшін қосымша салықтар салынды. Сонымен Торғай облысының көтерілісшіле-рі патша әкімшілігін биліктен аластату арқылы тікелей өздерінің басқару жүйесін жолға қойып, ол 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін жұмыс істеді. 1917 жылдың наурыз айында Әбдіқапар хан патша үкіметінің қүлап, көтерілісшілерге кешірім жасалғанына көзі жеткеннен кейін ғана Уақытша үкіметті танитыны жәнінде мәлімдеме жасады.
Қазақстанның басым кепшілік аймағын қамтығанымен 1916 жылгы кетеріліс бакайшығына дейін қаруланған патша жаза-лаушы эскерінің күшімен аяусыз басылып, Қазақ халқының ұлт-
109
азаттық қозғалысы жеңіліске ұшырады. Алайда бұл бүкіл халық-тык қозғалыс өзіндік ұлттық санамыздың жоғарылауына, ұлттық саяси белсенділігіміздің артуына жэне болашақтағы дербес мем-лекеттік құрылыстың тэжірибесіне ықпал жасады.
1916 жылдың жазында Мемлекеттік Дума фракциясының жекелеген мүшелері қазақтарды майдандағы қара жұмысқа алу процесіндегі шектен шыққан заңсыз әрекеттерге көңіл аудартуга талпынды. Бұл мэселе Дума мүшелерінің 10 қыркүйектегі кеңе-сінде және Думаның эскери-теңіз комиссиясының 27 қазандағы мэжілісінде талқыланды. Бұл талқылаудың нэтижесінде 1916 жылғы 25 маусымдагы патшаның шыгарған жарлығының заң-ды күші жоқ екендігі жэне оны жариялауға болмайтыны жөнінде мәлім болды. Біріншіден, қара жұмысқа алу еңбек міндеткерлігі болып есептелгендіктен, бұл жағдай тиісті заңнама қабылдаған-нан кейін ғана, Мемлекеттік Думанның шешімімен іске асырылу-ға тиісті боды, екіншіден, патшаның жарлығы Ресей империясы азаматтарының бір категориясының ғана құкығын өзгертті, үшін-шіден, Ішкі істер министрі өзінің билік лауазымы асыра пайдала-нып, өзіне бағынышты генера-губернаторларға Жарлықтың ере-желерін тез арада бұлжытпай орындауға бұйрык берді, төртінші-ден, Жарлықты іске асыру барысындағы асыра сілтеушіікке жол бермейтін оның ережелерінің нақты тетіктері жасалмады. 1917 жыгы ақпан төңкерісінен кейін 1916 жылғы патшаның Жарлы-ғын іске асыруға жэне көтерілісті қатал басуға тікелей жауапты болған бұрыңғы министрлердің басқа да лауазымды адамдардың заңға қайшы әрекеттерін тексеруге бағыттаган Төтенше Тергеу комиссиясы құрылғаны белгілі.