- •Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты
- •Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
- •Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
- •1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
- •Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде
- •Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
- •Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
- •Какср-нін одактас республикага айналауы
- •Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
- •Бақылау сұрақтары:
- •Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі
Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
Қазақ даласына жаңа басқару жүйесін енгізіп, оны Ресей им-периясының отарына айналдырыу түрғысындағы шаралары жергілікті халықтың қарсылығына үшырап, оның соңы азаттық соғысқа үласты. 1822 жылғы Сібір қазақтарының, 1824 жылғы Орынбор казактарыньщ «жарғыларының» ережелерін патша им-периясы қазақ даласына күштеп эскер енгізу және әскери бекініс-тер салу арқылы жүзеге асырды. 1824 жылы империялық отарлық саясатты қолдаушы сүлтандардың белсенді әрекетінің барысын-да Көкшетауда, Қарқаралыда эскери қамалдар салынып, тиісті округтік бүйрықтар ашылды. 1832 жылы Ақмола эскери бекінісі-нің, одан кейін Қүсмүрын, Атбасар бекіністерінің негізі қаланды.
Іс жүзінде XIXғасырдың 20-50 жылдары орыс әскерінің қа-зақ жерлерін әскери қоныстарымен қоршап, жаппай жаулап алу әрекеті қазақтар тарапынан кескілескен қарсылыққа тап болды. 1823 жылдан бастап Жоламан Тіленішүлы бастаған Кіші жүздің әскери отрядтары Ресейдің шекаралық өкіметіне қарсы күресті бастап, әскери бекіністерді жойып, жэне Арынғазыны түткыннан босатуды талап етті.
1824 жылы Саржан Қасымүлы бастаған Орта жүз қазақтары патшаға қарсы күреске көтерілді. 1837 жылы азаттық қозғалысты басқару сүлтан Кенесары Қасымүлының колына көшеді. Ол Орта және Кіші жүздің күштерін біріктіре отыра, бірнеше жазалаушы отрядты талкандады, жэне Ақмола эскери бекінісін басып алды. Көп кешікпей Кенесары мен оның жақтастарының бакылауына Батыс және Орталық Қазақстанның үлан-байтақ жері карады, осының нэтижесінде 1841 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығы қайтадан жандана бастады.
1833 жылы Арғынғазы ханның өлімі және Уэлидің үлы Ғүбай-дулланың екінші рет тұтқынға алынуы қазақтарды ханның жаңа сайлауын өткізуге итермеледі. ¥зақ кеңесуден кейін, 1841 жылы, кыркүйек айында маслихат шакырылып, үш жүздің өкілдері Ке-несарыны бірауыздан хан етіп сайлады. 1841-42 жылдары Кене-сары Қоқан хандығымен соғыс жүргізу барысында Созақ, Жаңа-қорған. Ақмешіт қалаларын босатып, орыс әскерлеріне қарсы-лықты жалғастырды. 1843-44 жылдары бірқатар табыстарга же-туіне қарамастан Кенесары 1845 жылдардың күзінде Батыс және
87
Орталық Қазақстанды қалдырып Сырдария бойына, содан кейін Жетісуге шегінуге мэжбүр болды. Ол кокандықтарды талқандап. Мерке қаласын басып алды. 1847 жылы Кенесары хан кокандық-тарға жэне Ресейдің одақтасы қырғыз манаптарына қарсы соғыс бастап, бірақ жеңіліс табады. Кенесары өлім жазасына кесіліп, оның құрған хандығы өмір сүруін тоқтатады. Қазақ мемлекетінің қысқа мерзімі ішінде (1841-1847 ж.ж.) қайта өрлеу кезінде Кене-сары тарапынан бақайшығына дейін қаруланған, саны жағынан неғұрлым басымдылыққа ие болған Ресей эскери күшіне төтеп беруге мүмкіндік жасаған бірқатар әкімшілік және құқықтық ба-ғыттагы реформалар жасалды.
Баскару жүйесі.Мемлекеттің басында дәстүрлі хан лауазымын иеленген Кенесарының өзі тұрды. Оның жанында Хан кеңесі құ-рылып, оның құрамы елге белгілі эрі беделді батырлардан, билер-ден және Кенесарының туыстарынан жасақталды. Бұл орган ке-ңесшілдік функция атқарды. Кеңестің құрамына елге әйгілі батыр-лар - Ағыбай, Иман т.б. кірді. Мемлекет қызметінің әртүрлі бағыт-тарының іс эрекетіне жауап беретін бірнеше мекемелер кұрылды. Мэселен, алым-салық жинаумен айналысатын қаржы мекемесін Сеилхан басқарса, дипломатиялық саладағы мәселелердің басын-да сұлтан Есенгелды Саржанұлы, Сайдаққожа, Оспанұлы, Шоқпар Бақтыбайұлы және татарин Әлім Ягудин тұрды. Маңызды ролді Наурызбай жэне Бопай батырлар бастаған әскери мекеме аткарды. Ерекше штаб-эскери Совет құрылып, оны басқаруға өзбек Сейдак-қожа Оспанұлы койылды. Әскерлерді қамтамасыз ету мэселелері-мен Орск көпестері - Хусайын және Мұса Варнаевтар айналысты.
Жергілікті жерлердегі атқарушы билік Кенесарының нөкерле-рі жасауылдарға берілді. Олардың негізгі міндетіне салық жинау барысын бақылау, ханның шығарған өкімдерін орындау, көші-қон аймагын анықтау жэне қазақ ауылдарын Кенесарының жағына тарту үшін үгіт жүргізіп, оны ұйымдастыру болды. Жасауылдар-ды ханның өзі эрбір қазак руларына тағайындап, оларды өзінің сарбаздары мен төлеңгіттерінің арасынан іріктеп алды.
Сот жэне Сот жүргізу ісі.Кенесары қазақ қогамынын сот жүйесіне бірқатар өзгерістер жасады. Ең жоғарғы сот билігі Ке-несарының өз қолында болып, маңызды істерді шешу үшін би-лерді тағайындады. Іс жүзінде дәстүрлі билер соты жойылып. судьялар мемлекеттік шенеуніктерге айналды. Ерекше сіңірген еңбегі үшін билерге орыстардан алынған үлгі бойынша «граф» деген атак берілді.
88
Кенесарының өзі жэне оның билері үш категория бойынша іс-терді талдап, шешіп отырды:
- Кенесарыға багынышты адамдардың арасындағы барымта және кісі өлтіруге қатысты істер
- Өздерінінің өтініші бойынша Кенесарыға бағынбайтын ру-лық бірлестіктердің арасындағы талап қою істері
- Кенесарының азаматтары мен орыс адамдарының арасында-ғы даулы істер. Жазалау жүйесінде үлкен өзгерістер болмады, де-генмен Кенесары ерікті қазақтардың құлдарга қатысты құқын не-гіздеп, құлды өлтіргені үшін құн төлеу ережесін бекітті. Сондай-ақ, ол барымтаға байланысты сот шешімін қысқартуғаұмтылды.
Салык жүйесі. Кенесары ханның басты міндеті-қазақ мем-лекттілігін нығайту үшін салық жүйесін ретке келтіру болды. Осыған орай, Кенесары хандығының барлық барлық азаматтары Ресей империясына, Қоқан, Хиуа хандығына тиісті барлық са-лық-төлемдерден босатылды. Оның орнына қазақтар зекет салы-ғын төледі. Қырық басқа дейінгі мал табынына салық салынба-ды, 40-тан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас зекет, 140 тан екі бас, 180 нен үш бас, 200-бас малдан бастап оның әрбір бір 40 басынан 1 мал зекет алынды. Егіншілікпен айналысатын халықтан алын-ған өнімнің 10% көлемінде ұшур салыгы алынды.
Міндетті салыққа қосымша ретінде Кенесарыға бағынатын қазақ қауымы ерікті түрде мемлекет қазынасына мал, азық-түлік жэне киім тапсырып отырды. Қазынаны толықтырудың тағы бір эдісі-отарлық әкімшіліктің жақтастарының мал-мүлкін мемле-кет пайдасына мэжбүрлеп алу болды. Бұл шараларды іске асыру үшін арнайы отряд жасақталып, оны Кенесарының қарындасы Бопай басқарды. Кенесарының бақылауындағы территориядан өтетін сауда керуендері оған товар құнының 9/1 бөлігінің көле-мінде баж салығын төледі.
Армия.Кенесары Ресей империясымен, Қоқан хандыгымен үнемі соғыс жүргізе отырып, өзі құрған тұрақты армияға рефор-ма жасауға көп көңіл бөлді. Ол 8-мыңнан 20-мыңға дейінгі эске-ри құрамын жасақтап дайындады. Алғаш рет эскер құрамын тұ-рақты оқыту қолға алынды, мұндай істермен Кенесарыға қашып келген орыс жэне башқұрт сарбаздары айналысты. Олар бірнеше жүз қазақ сарбаздарын жаяу эскер тэртібіне, атылатын қаруды игеруге үйретті. Армия түменге, мындықтарға, жүздіктерге болі-ніп, оларга сардар, мыңбасы, жэне жүзбасы тағайындалды. Одан басқа мерген-атқыштар отрядының командирі мерген-басы та-
89
ғайындалды. Сарбаздарды ажырату үшін олардын төсіне, иығына көк жэне қызыл жолақтан тігілген ерекше белгілер енгізілді. Ко-мандирлер қызыл сукнадан тігілген қылыштың қынын асынып, Кенесарының өзі полковник шеніндегі белгі тағынды. Барлық қару-жарақ мемлекеттің меншігі болып есептеліп, арнайы орын - қонаққанада сақталып, эрбір эскери операцияның алдында, та-ратылып берілді.
Сонымен, Кенесары билік қүрған кезеңдегі қазақ хандығының мемлекеті мен құқығы билікті орталықтандыру мақсатында бел-сенді реформалар жүргізумен сипатталды, алайда қазақтардың жеңіліске үшырап, хандықтың жойылуы бүл реформаларды аяқ-тауға мүмкіндік бермеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Протекторат деген не?
2. Кіші Жүз бен Орта жүздің Ресей империясының қол астына өтуінің саяси-қүқықтық шарттары қандай?
3. Абылай хан қандай саясат жүргізді?
4. Патша экімшілігі хандық билікті элсірету үшін қандай эдіс-тер қолданды?
5. Игельстром реформасының мэні неде?
6. Бөкей Ордасы қандай мақсатпен құрылды?
7. 1822 және 1824 жылғы қабылданған "Жаргылар" бойынша Қазақстанның экімшілік қүрылымында қандай езгерістер болды?
8. Кенесары Қасымүлы қандай реформалар жүргізді?
Әдебиеттер:
1. Апполова Н.Г. Присоедиение Казахстана к России в 30-х го-дах XVIIIвека. - Алма-Ата, 1948.
2. Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине XVIIIвека.// Казахстан в XV- XVIIIв.в. - Ал-ма-Ата, 1969.
3. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII-первой половины XIXвеков. - Алма-Ата, 1960.
4. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. - Алма-Ата, 1982.
5. Таукелев А-Н. Политические идеи движение во главе со Срымом Датовым. // Ученые зап. КазГУ, вып. 9, сер.юрид., 1970.
6. Национальные окраины Российской империи: становление и развитие системы управления. М., 1998.
90
7. История государства и права Казахской ССР. 4.1, - Алма-Ата, 1982.
8. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40-е годы XIXвека. - Алма-ты, 1992.
9. Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального на-селения Казахстана и Северной Киргизии. - М., 1980.
18-тақырып. XIXғасырдың екінші жартысы
мен XXғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік
құрылысы және қүқықтық жүйесі
Казақстаннын отарлык жағдайынын ресімделуі.XIXға-
сырдың 60-шы жылдарында Ресей империясы тарапынан Қа-зақ жерлерін отарлау аяқталып, Қоқан және Хиуа хандықтары іс жүзінде талқандалды. Осыдан кейін отарлық биліктің алдын-да Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы басқару құрылымда-рын сәйкестендіріп, оны жалпыимпериялық әкімшілік жүйесіне бейімдеу міндеті түрды. Бұл шаралар Ресейді әскери-феодалдык мемлекеттен буржуазиялық империяға айналдыруға ықпал еткен 60-70 жылдардағы жүргізілген ішкі реформалармен түстас келді. Алгашқы кезекте товар өндіруде Европа мемлекеттерімен бэсеке-лес бола алмайтын Ресей үшін оның Орта Азиялық иеліктерінің арзан шикізат көзі ретіндегі стратегиялық және экономикалық маңызы артты. Сондықтан Қазақстанның бай ресурсын пайдала-нып, оны іске қосу үшін отарлық территориянның барлық айма-ғында жаңа басқару жүйесін енгізіп, жалпыимпериялық заңдар-ды тарату қажеттілігі туындады.
Осы мақсатты көздей отырып, 1863 жылдан бастап патшаүкі-метті арнайы қүрған "Ерекше Комитетте" кеңестер өткізіліп, нэ-тижесінде "Ресейдің Азиялық бөлігінің Орынбор өлкесін қайта қүру туралы үсыныстар жинағы" дайындалды. 1865 жылы қүра-мында статкеңесшісі Ф.Гирс (ПМ), полковник А.Гейнис (эскери министрлік), полковник Чутковский (Орынбор генерал-губерна-торлығы), капитан А.Проценко (Батыс Сібір генерал-губернатор-лығы) кіретін арнайы комиссия қүрылды. 1867 жылы бүл омис-сияның жасаған жобасын талқылау үшін бүл жоба мүдделі импе-риялық министрліктер мен жергілікті экімшіліктерге жіберілді. 1868 жылы 21 қазанда Ресей патшасының "Орынбор жэне Сібір қазақтарын басқаруды қайта қүру" жөніндегі шығарған жарғысы
91
негізінде Орал, Торғай, Ақмола жэне Семей облыстарын басқару жөніндегі "Уақытша Ереже" қабылданды. Осының алдында 1867 жылғы 11 шілдеде "Жетісу мен Сырдария облыстаарын басқару жөніндегі Ереженің" жобасы қабылданып, Қазақстанның оңтүс-тік және оңтүстік-шығыс аймактары кіретін "Түркістан генерал-губернаторлығын кұру" жөніндегі патшаның жарлығы шыккан болатын.
Бұл аталған "Ережелер" 2-3 жыл өтпелі кезеңге негізделіп жасалып және енгізілуге тиісті болганымен іс жүзінде XIXға-сырдың аяғына дейін қазақ өлкесіндегі экімшілік жэне құкықтык өмірді реттейтін патша империясының негізгі құқықтық құжаты болып қала берді.
1867-68 жылаардагы экімшілік реФормалар.1867-68 ж.ж. "Ереже" бойынша Қазақстанның территориясы Орынбор, Ба-тыс-Сібір жэне Түркістан генерал-губернаторлығының қүрамы-на кірді. Орынбор генерал-губернаторлыгының құрамына Орал, Торғай облыстары қамтылды. Мұнда алғашкы болып, Орынбор орыс-казактарының Батыс және Орта бөлігін қамтитын аймақта Орал казак әскері құрылды. Торғай облысының құрамына Орын-бор қазақтарының Орталық жэне Шығыс аудандары кірді.
Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Ақмола және Семей облыстарына бөлінді. Ақмола облысының аймағында Атбасар, Көкшетау және Ақмола округтары кұрылып, бұл аумақтарда Сібір казак эскерінің 1,2,3,4,5,6-шы полктері шоғырландырыл-ды. Семей облысы Баянауыл, Қарқаралы, Семей, Сергиополь округтерінен жэне Зайсан приставтығынан құралып, бұл ай-мақтарда Сібір казак эскерилерінің 7,8-полктары орналысты-рылды.
Түркістан генерал-губернаторлығы Жетісу жэне Сырдария об-лыстарының территориясын камтыды. Сырдария облысы Қоқан хандыгынан жаулап алынған Ташкент аймағы мен Сырдария әс-кери бекінісінің жерлері есебінен құрылды. Жетісу облысының құрамына Сергиополь округінің оңтүстік бөлігі мен Алатау ок-ругі кірді.
Әрбір облыс уездерге бөлінді - Орал облысының құрамын-да Орал, Еурьев, Калмыков, Темір уездері құрылды. Торгай об-лысына Ырғыз, Ақтобе, Қостанай, Торғай уездері кірді. Акмола облысы Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Атбасар уездерінен тұрды. Семей облысының ауқымында Павлодар, Қарқаралы, Өс-кемен, Зайсан уездері орналасты. Жетісу облысы төмендегі алты
92
уезден тұрды: Верный, Қапал, Лепсі, Жаркент, Пішпек жэне Пр-жевальск. Соңғы екеуі қазір Қырғыз республикасының құрамын-да. Сырдария облысының құрамына Қазалы, Перовск, Чимкент, Ташкент уездері қамтылды.
Орынбор, Батыс-Сібір жэне Түркістан генерал-губернатор-лықтарының экімшлік орталықтары тисінше, Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында, Орал, Төргай облыстарының орталығы Орал жэне Орынборда, Ақмола жэне Семей облысы - Омбы мен Семейде, Сырдария жэне Жетісу облыстарының орталығы Таш-кент және Верный (Алматы) қаласында орын тепті.
Уездер өз кезегінде болыстарга бөлініп, олар 1-2 мыңға дейін-гі шаруашылықты қамтыды. Болыстар территориялық белгілері бойынша құрылып, қазақтарды рулық топтарға бөлу экімшілік тұрғыдан патша империясының заңдарына сэйкес емес де таныл-ды. Болыстар 100-200 түтінді қамтитын экімшілік ауылдарга бө-лінді. Сонымен. 1867-68 ж.ж. уақытша "Ережелер" енгізілгеннен кейінгі территориялық бөлініс қазақ қоғамының дэстүрлі рулық-тайпалық құрылымын бұзута ықпал жасады. Рулық негізді түп-кілікті жою мақсатында бұрынгы дэстүрлі ауылдардың аттары өзгертіліп, оларға сандық атаулар бекітілді. Сонымен бірге Батыс Қазақстанның территориясында жоғарыда аталған генерал-гу-бернаторлықтардың құрамына кірмейтін екі экімшілік құрылым жасақталды. Олар Астрахан губерниясының құрамына кіретін Бөкей Ордасы мен Закаспий облысының аймағында орналасқан Маңғыстау уезі болды.
Салык жүйесі.1822 жэне 1824 жылғы "Жаргы" бойынша Қа-зақстанның халқы жылына мал басының 1% көлемін құрайтын ясак салығын төледі. 1837 жылы Орынбор экімшілігі жылына 1 рубль 50 тиынды құрайтын, эр отбасыға міндеттелген түтін салы-ғын енгізді. 1867-68 ж.ж. "Ережеге" сэйкес түтін салығы эр от-басыға 3 рублға дейін өсіріліп, бұл салықтан Уэли, Бөкей жэне Айшуақ хандардың тұқымдары босатылды. Ауылдан шығып жұ-мыс істеуге кеткен қазақтар 1 рубль 50 тиын көлемінде құжаттық жинақ төлеуге тиісті болды. Сонымен бірге болыс бастықтарын, ауылдық ағамандарды, іс жүргізушілерді жэне шабармандардың жол сапарын қамтамасыз ету үшін жылына 50-тиынды қүрайтын қосымша салықтар енгізілді, ол "қарашығын" деп аталды. Қазақ-станның оңтүстік аймағының халқы алынған өнім қүнының 10% құрайтын харадж жэне сондай келемде танаптық алым-салық те-леді.
93
1867-68 жылдардагы реформалар бойынша баскару орган-Дары
Қазақ даласындағы ең жоғарғы билік әкімшілік-саяси, эскери, сот жэне шаруашылық саласында кең ауқымды өкілеттіктерге ие болған генерал-губернатордын қолында болды. Оның патшаға ті-келей жүгініп, одан ерекше маңызды нүсқауар мен тапсырмалар-ды алуға қүқы болды. Оның негізгі функциясына төмендегідей мэселелер кірді:
- жергілікті экімшілік пен басқа да билік органдарының үс-тінен тікелей қадағалау жүргізу (оның ішінде, қазыналық пала-таларды, жер басқармаларын, ммлекеттік мүлік департаментінің салаларын, салық мекемелерін, соттарды, кедендері, банктерді жэне оқу орындарын);
- тиісті эскери округтердің эскерлеріне басшылық жасау;
- теменгі сатыдағы соттар қараған істерді касациялық жолмен шешу;
- облыстық басқарманың бөлім бастықтарын, уездік бастық-тарды тағайындау, эскери министрлікке облыстың эскери губер-наторын тағайындауға үсыныс жасау;
- сыртқы істер министрлігінің келісімі бойынша шекаралас мемлекеттермен диломатиялық қатынас жасау;
Жалпы алғанда, генерал-губернатор орталық билік органдары мен облыстық мекемелердің арасында делдалдық міндет атқар-ды.
Облыс аумағындағы барлық билік әскери губернатор мен ви; це-губернатор басшылық жасайтын облыстык баскармаға бе-рілді. Әскери губернаторды император тағайындады жэне ол оз аймағындағы азаматтық, эскери, әкімшілік жэне сот биліктерін иеленді. Сонымен қатар, ол өз территориясында орналасқан бар-лық әскери болімдердің командирі ретінде есептелді, облыстық экімшілік-полицейлік аппаратты басқарды, облыстық мекеме-лердің қызметіне бақылау жасады, болыс бастықтарын лауазым-ға бекітті.
Облыстық басқарма үш бөлімшеден қүралды: 1) экімшілік; 2) шаруашылық; 3) сот. Облыстық басқарманың мүшелері ретінде дивизиялық дэрігер, архитектор жэне кен, орман саласы бойын-ша ерекше тапсырмалар орындайтын шенеунік тағайындалды. Әкімшілік бөлімінің функциясына төмендегідей мэселелер кірді:
- облыстың экімшілік болінісін жэне қүрылымын анықтау;
- үкіметтің жарлықтары мен өкімдерін жариялау;
94
- облыстың экімшілік аппаратының қызмет және демалыс жағ-дайын реттеу;
- облыстық және ауылдық әкімшіліктерінің сайлауын ұйым-дастыру;
- жергілікті халыктың рухани өмірін бақылау;
- шетелдіктерді азаматыққа қабылдау;
- империя заңын бүзғандарды экімшілік түрғыдан жер аудару және оларды кайтару;
- денсаулық сақтау жэне білім беру мекемелеріне басшылық жасау;
- облыстағы тәртіпті сақтау. Шаруашылык бөліміиін міндетіне:
- жерлерді есепке алып, оларды түрғындардың арасында бөлу;
- жэрмеңкелерді жэне базарларды үйымдастыру;
- статистикалық мэліметтерді жинау;
- салықтар мен төлемдерді жинау.
Сот белімінінміндетіне қылмыстық жэне азаматтық істерді тыңдауға дайынау жэне сот, тергеу істерінің арасындагы байла-нысты үйымдастыру. Уезд аумағындағы барлық экімшілік-поли-цейлік және эскери билік орыс офицерлерінің арасынан тагай-ындалған уезд бастығының қүзырына берілді. Ол томендегідей функциларды атқарды:
- уезд аймагындағы тэртіптің сақталуын бақылау;
- салық жинауды қадағалау;
- статистикалық мэліметтерді жинау;
- денсаулық сақтау мен сауданың жағдайына бакылау жасау;
- болыстық съездердің өтетін уақытын жэне орнын анықтау;
- ауылдык ағамандарды (старшиндарды) бекіту.
Сонымен бірге уезд бастығы болыс басқарушыларын қызме-тінен уақытша шеттетуге, төменгі лауазымдағы түлғаларга және қарапайым қазақтарға экімшілік жаза қолданып, оларды 7 сотке-ге дейін түрмеге қамауға қүқығы болды.
Жергілікті баскару. Қазақ халқының окілдері төменгі дең-гейдегі әкімшілік билікке ғана жіберіліп, онда сайланбалық принципі заңдастырылды. Болыс басқарушысы үш жыл мер-зімге сайланып, бүл лауазымға жасы 25 беске толған, бүрын тергеуде болмаған, соттылығы жоқ, халықтың қүрметі мен се-німіне ие болган түлғалар таңдалды. Болыс бастықтары болыс-тық съезде сайланып, оны сайлауға болыс аумағынан іріктеліп алынған 50 таңдаушы адамдар ғана қатысты, оларды "елулік-
95
тер" деп атады. Болыс басқарушысының қүзіретіне төмендегі-дей міндеттер жүктелді:
- болыс аймагындағы тәріпті қадағалау;
- алым-салыктар жинау;
- сот шешімдерінің үкімін іске асыру;
- ауыл ағамандарының сайлауына бакылау жасап, оның жиынына қатысу;
- болыс съездерінің шешімдерін орындау;
- билер съездерінің жүмысына катысу және талап арыздарды қабылдау.
Одан басқа болыс бастығы биліктің талаптарын орындама-ғаны, төбелескені үшін 3 күнге дейін түрмеге қамауға, 3-рублге дейін айып салуға қүқығы болды. Олар билер сотына жауапкер-лердің келуін қамтамсыз етіп, куәгерлердің қатысуын бақылады.
Болыс бастыгының сайлауы бүл лауазымға үміткер бәсекелес топтардың арасындағы қызу тартыс, күрес жағдайында өтіп, сай-лау барысында заңды және заңға қайшы әдістер де қолданылды. Уезд бастыгы сайлауға міндетті түрде қатысты жэне оның пікірі шешуші рөл атқарды. Іс жүзінде уезд бастықтары болыс басты-ғына үміткер жеке кандидаттармен сөз байласу арқылы олардан үлкен көлемде пара алып отырды. Осының салдарынан уездік және болыстық деңгейдегі басқару жүйесінде сыбайлас жемқор-лық кең көлемде өріс алды.
Болыстық съездер болыс бастықтары мен билерді сайлап, ауыл арасындағы жер дауларын шешті, уезд бастығына статис-тикалық мәліметтер беріп, ауылдар арасындағы алым-салық жи-наудың көлемін анықтап отырды.
Ауылдык агаман (старшина)ауылдастарының жиналысын-да үш жыл мерзімге сайланып, оны сайлауға ауыл аймағынан ірік-телген он таңдаушы қатысты, олар «ондықтар» деп аталды. Ауыл ағамандары болыс бастықтарының міндетіне үқсас функциялар-ды атқарып, негізінен ауыл отбасылары шаруашылығының ара-сында жайылымдықтары бөлу, жер дауларын шешу, ауылдаста-рының алым-салық төлеу мэселеріне жауап берді. Қазақстанның өңтүстігінідегі егіншілік аудандарындағы әрбір кауымдастык өздерінің жиналыстарында ақсакалдарын сайлады, ірі аймақтар мен қалалардың жергілікті түрғындары қварталдарға бөлініп, оларды да өздерінің ақсақалдары басқарды.
Жалпы алғанда 1867-68 жылдардағы жүргізілген реформалар-дың негізгі мақсаты - Ресей империясының қол астындағы бар-
96
лық қазақтарды біріңгай басқаруға біріктіру арқылы жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттетіп, дэстүрлі рулық негізді элсіретіп, қазақ даласын біртіндеп Ресей империясының басқа бөліктерімен қосу көзделді жэне патша үкіметі бүған реформа барысында қол жеткізді.
1886-1891 жылдардагы реформалар
1867-68 жылдардағы «Ережелер» уақытша. 2-3 жылға арна-лып жасалғанымен «Қазақ даласының халқы оның тэртібімен ондаған жылдар бойы өмір сүруге мэжбүр болды. Өйткені, пат-ша империясының билігі үзақ уақыт бойы қазақ жерінде эс-кери-отарлық режимді сақтауға барынша мүдделі болып, аза-маттық басқару жүйесіне көшуге асықпады. Бүл кезеңде Ресей империясының Қазақстан сияқты шеткері отарлық аймағында экімшілік жэне қүқықтық жүйеде белгілі бір өзгерістер болға-нымен, бірақ олар отарлық басқару принциптерінің негізіне еш-қандай эсеретпеді.
Далалык генерал-губернаторлыктын күрылуы.1881 жы-лы Орынбор генерал-губернаторлығы жойылып, Торғай жэне Орал облыстары Ішкі істер министрлігінің қарамағына берілді. Одан кейін көп кешікпей Батыс-Сібір генерал губернаторлығы да жойылды. Осыдан кейін қазақтар басым түратын облыстарды жеке аумақтық-экімшілік бірлікке беліп щығару туралы шешім қабылданып, 1882 жылғы 28 мамырда патшаның жарлығымен орталыгы Омбы қаласы болып белгіленген Далалық генерал-гу-бернаторлығы қүрылып, оның қүрамына Ақмола, Семей жэне Жетісу облыстары енгізілді. Осыған орай Жетісу облысы Түркіс-тан генерал-губернаторлығының қүрамынан шығарылды.
1886 жылгы Ереже.1886 жылы 2-маусымда «Түркістан өл-кесін басқару жөніндегі Ереже» қабылданып. Ол 1917 жылға дейін Оңтүстік те түратын қазақтардың негізгі қүқықтық қү-жаты болып есептелді. Түркістан генерал-губернаторы эскери жэне азаматтық билікті қоса иелене отырып, саяси түрғыдан сенімсіз адамдарды бес жыл мерзімге жер аудару жэне ерекше маңызды қылмыстық істерді эскери сотқа беруге қүқы болды. Генерал-губернатордың жанында азаматтық және эскери ше-неуніктерден қүралған кеңесі, ерекше тапсырмалар орындайт-ын шенеуніктер, аудармашылары жэне кеңсесі болды. Кеңсе үш бөлімнен түрды: - басқару жэне жеке қүрам мэселелері бө-лімі;
97
- жер мэселелері, салық, құрылыс, байланыс, оқу-ағарту жэне медицина саласы бойынша бөлім;
- қаржы, статистика, вакуфтық мүлік жэне шетел азаматтарын бақылайтын бөлім.
Генерал-губернатор кеңсесінің ерекше дипломатиялық бөлімі Орта азиялық Хиуа мемлекеті мен Бұхар әмірлігінің Ресейге қа-тысты протектораттық мэселелерімен айналысты.
Генерал-губернатор кеңесінің қарауына өлкенің қаржылық бюджетін қабылдау, жергілікті аймақтардагы алым-салықтың кө-лемін анықтау, жерге орналастыру және құқықтық тұрғыдағы мэ-селелермен байланысты кең ауқымдағы шараларды жүргізу тап-сырылды. Облыстарды басқаруда өзгерістер болмады, ал уездер-де полицейлік басқармалар пайда болды. Белгілі бір аймақтарда полицейлік бақылауды орнату үшін стандық приставтар, полиц-мейстрлер жэне полицейлік приставтар тағайындалды.
Қалаларды уезд бастықтары басқарды, олар жоқ жерде учаске-лік приставтар басқарды. Қалаларда Дума сайланып, оның қүра-мының 2/3 бөлігі орыс халқының өкілдерінен 1/3 бөлігі жергілік-ті қазақтар өкілдерінен жасақталды. Сот жүйесіне де өзгерістер енгізілді. Ресей империясының Орталық аймағында қалыптасқан бітім судьяларды лауазымы енгізіліп, олар жеке міндеттемелер мен келісімдер жэне мүлікке қатысты 2 мың рублге дейінгі талап қою істерін қарады. 1886 жылғы «Ереже» бойынша харадж жэне танап алым-салыктары ауыстырылып, олардың орнына жерден түскен орташа табыстың 10% көлемінде біріңғай жер салыгы ен-гізілді.
1891 жылгы «Ереже». 1891 жылы 25 наурызда Ақмола, Се-мей, Жетісу, Орал жэн Горғай облыстарын басқару жөнінде-гі «Ереже» қабылданып, онда 1867-68 жылдардағы «Уақытша Ережелердің» басқару жүйесі бекітілді. Далалық генерал-губер-натор Түркістан губернаторының қүзіретіне тең мэртебе алды. Уезд бастықтары генерал-губернатор арқылы тағайындалса, ал Орал, Торғай облыстарында оларды эскери губернатор тагайын-дады. Басқа жағынан басқару жүйесі Түркістан губерниясымен ұқсас болды. 1891 жылгы Ереже бойынша Далалық облыстарда-ғы сот құрылымы 1886 жылғы Түркістан өлкесінде қабылданған Ережемен үқсас болды. Барлық уездердегі жэне Семей, Верный (Алматы) жэне Орал қалаларындағы бітім судьялары Далалық генерал-губернатордың келісімімен Әділет министрлігі арқылы тағайындалды. 1898 жылғы 2-шілдеде Сырдария, Семей, Жеті-
98
су, Самарканд, Фергана, Ақмола, Орал, ооблыстарының аймақта-рында 1864 жылғы Ресейде қабылданған сот жарғысын қолдану жөніндегі «Уақытша Ереже» кабылданды. Бұл ережелерде бітім судьяларының, бітім соттары съездерінің, округтік соттардың, сот палаталарының жэне жоғарғы шағым соты ретіндегі Үкімет-тік Сенаттың кұзіреттері анықталды. Округтік соттардың жүйесі-не өзгеріс енгізіліп, олар қылмыстық істерді алқа билердің қаты-суымен қарап, бұрыңғы облыстық соттардың орнын ауыстырды. Округтік сот кылмыстық және азаматтық бөлімдерден құралып, эрбір бөлімі екі тараптан тұрды; тәж соты жэне алқа билер соты. Округтік соттардың шағым инстанциясы ретінде сот палаталары есептеліп, олар генерал-губернаторлықтардың орталығында құ-рылды.
Қорытынды. 1867-68, 1886 жэне 1891 жылдардағы жүргі-зілген реформалар Қазақ даласының Ресей империясының би-лігіндегі отарлық жағдайын түпкілікті бекітті. XIXғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қазақ өлкесін басқару тетігі Сыртқы істер министрлігінен алынып, Ішкі істер министрлігі мен Әс-кери министрліктің қарауына берілді. Қазақстан халықаралық құкықтың субъектісі бола алмады. Сонымен қатар қазақ жері-нің басқару жүйесі жалпыимпериялық басқарудан ерекшеленіп, Ресей империясының эскери-полицейлік функциясының ролі күшейді. Өйткені, азаматтық жэне экімшілік биліктің арасында өзара бөлініс болмағандықтан, іс жүзінде басқыншылық режим-ді орнықтырған билік қалыптасты. Тіпті XIXғасырдың 60-70 жылдардагы буржуазиялық реформалардың барысында Ресей халқы қол жеткізген шамалы құқықтар мен еркіндіктер қазақ жеріне таратылмады.
К^кыктык жүйееі. Сот жэне Сот ісін жүргізу
1867-68 жылдардағы реформалар Қазақстанның барлық айма-ғына жалпыимпериялық сот жүйесі мен жалпыимпериялық заң-дарды таратуды көздеді. Осы тұрғыдан Қазақстанның сот жүйесі-не қосылған жаңа өзгерістің бірі-кұқықтың жаңа қайнар көзі империялық заңдардың енгізілуі болды. Империялық құқыктың барлық нормалары екі топқа бөінді: а) Ресей империясының тер-риториясына тарайтын жалпы нормалар; б) Қазақстан аймак-тарының ерекшеліктерін ескере отырып қабылданған арнайы құқық нормалары. Қазақ дэстүрлі қогамының рулық-тайпалық құрылымының ыдырауына байланысты жэне қазақ жеріне жаңа
99
әлеуметтік-экономикалык катынастардың енгізілуіне орай эдет-гұрып кұкыгы біркатар өзгерістерді бастан кешірді.
Қылмыстық және азаматтық кұкық бузұшылықтың өзара бөлінуі сакталып әрі бекітіліп, қылмыстық эрекеттерге қатыс-ты қылмыстың құрамы тұрақты кеңейіп отырды. Мэселен, XIXғасырдың ортасынан бастап, бұрын казак қауымына мәлім емес төмендегідей қылмыс құрамы пайда болды: көршілес Орта Азия елдерінен мұсылман діні иелерін рұқсатсыз ауылға кіргізу; қай-ыршылар мен қаңғыбастарды өз үйінде тұрғызу, ұрлык жасауды ойластыру; өлген малдың терісін сыпыру; қасакана немесе абай-сызда тұтқынға түскендердің қашуын ұйымдастыру; қогамдық тәртіпті бұзу т.б. Қылмыстық құқықтың практикасында тұтқынға алу, мэжбүрлеп жұмыска жегу, және тэн жазаларын колдану кеңі-нен өріс алды. Одан басқа кісі өлтіру, барымта, тонау, ұрып-соғу, өрт қою, ақша жүйесіне қарсы эрекеттер, мемлекетке сатқындық, билікке мойын ұсынбау, үкіметке қарсы үгіт, почтага және көлік-ке шабуыл жасау, христиан дінінің қызметкерін өлтіру, лауазым-ды адамдарды өлтіру сияқты эрекеттер билер сотының карауы-нан мүлдем алынып, қылмыс ретінде дәрежеленіп жалпыимпе-риялық соттардың құзырына берілді. Мүліктік құқыққа қатысты да бірқатар елеулі өзгерістер пайда болды. 1867-68 жылдардагы «Ережелер» бойынша қазактар өмір сүріп жаткан барлық жер-лер Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, оны ауылдық қауымдарға уақытша пайдалануға берілді. Бұл құ-қықтық норма XIXғасырдың аяғында қазақтардың ең шұрайлы жерлерін жаппай тартып алудың заңдық негізін қалады. Іс жүзін-де қазактарда жерді пайдаланудың формальды ғана кұкыгы сақ-талып, мемлекеттік жер қорының едәуір бөлігі тартып алынып, орыс жэне украин шаруаларының жеке меншігіне жэне казак эс-керлері мен шетел кәсіпкерлерінің иелігіне берілді. Жалпы алган-да, жалпыимпериялық құқық нормаларына негізделген меншік кұқығын одан эрі кенейту шаралары жүргізілді.
Отбасы-неке кұкыгында ерекше өзгерістер болмады, дегенмен орыс заңдарының ықпалымен «Ереже» арқылы қазақ эдет-гұрып құкығына кейбір жаңа нормалар енгізілді. Мэселен, эйелдердің құкыгы кеңейтіліп, мүлікті мұраға калдыру тәртібі нақты карас-тырылды. Міндеткерлік кұкықтың нормалары кайта қаралды, өйткені ол Қазақстандағы рулық кауымның ыдырауымен жэне товар-ақша қатынастарының ықпалымен пайда болған жаңа әлеу-меттік-экономикалық катынастарды реттеуге багытталды. Одан
100
басқа жергілікті қазақ халқы мен орыс қоныстанушыларын ара-сында да жаңа құқықтық қатынастар пайда болды.
Жалга берукелісім шарты негізгі екі түрге бөлінді: а) қазақ-тардың қауымдық жерлерін орыс шаруалары мен кэсіпкерлерге жалға беру; б) казак эскерлері иелігіндегі жерлерді қазақ қауым-дарына жалға беру. 1867-68 ж.ж. «Ережелер» бойынша болыстық жэне ауылдық жиналыстар қауымдық жерлерді орыс шаруала-рына. көпестеріне жэне кэсіпкерлерге жалга беру құқығына ие болды. XIXғасырдаң аяғынан бастап, бай-ауақатты қазақ отба-сыларының пайдалануындағы қысқы жайылымдық жерлер ауыл жиының шешімінсіз жалға беріле бастады. Жалга беру қатынас-тарының тағы бір түрі-ірі жер телімдерін казак эскерінің иелігіне бөліп берумен байланысты болып, бұл жағдай шекара бойындағы қазақтар үшін жерге қатысты зәрулікті тудырды. Сонымен бір-ге орыс-казак офицерлеріне жалпы эскери жер қорының есебі-нен жеке меншік жер үлестері берілді. Мүлдай жер телімдерін өз бетінше өңдеп эрі пайдалануға мүмкіндігі жэне ынтасы болма-ғандықтан, олар жеке меншіктегі үлестік жерлерін жері аз қазақ қауымдастықтарына жалга беріп отырды. Мэселен, XIXғасыр-дың аяғында 43600 адамды құрайтын 6700 шаруашылық Сібір ка-зак әскерлерінің меншігіндегі жерлерді жалға алды. Оның үстіне жерді жалға алудың жылдық төлемі тұрақты өсіп, XIXғасырдың аяғында эрбір шаруашылыққа орта есеппен 13 рубль 25 тиыннан келді. Жерді жалға алушы қазақтардың мүдделерін қоргайтын ар-найы құқықтық кепілдемелер мүлдем болмады.
Бұл кезеңдегі міндеткерлік құқықта қазақтар үшін жаңа құбы-лыс - жеке жалдану келісім-шарты болды. Оның пайда болу ының негізі - рулық қауымның ыдырауымен жэне қазақ ауылдарында-ғы мүліктік жіктелудің өсуімен байланысты болды. Қазақ жеріне тауар-ақша қатынастарының дендеп кіруі, қазақ қоғамының сау-да-өсімқорлық тобының өкілдері - жаңа байларды қалыптастыр-са, екінші жағынан, қоғамның өте кедейленген топтары - байғұс-тар мен консылардын көбеюіне экеліп соқтырды. Ішкі қауымдық өзара көмек принциптерінің жэне ұжымдық меншік негізіндегі еңбек қызметінің элсіреуі, кедейленген қазақтарды өздерінің бай ауылдастарының пайдасына қызмет жасау арқылы жеке жалдану шартынын таралуына ықпал етті. Жеке жалдану келісім - шар-ты бір маусымға ауызша жасалып, төлем мал есебінде жүргізіл-ді. Жалданушылардың мүдделерін қорғаута қатысты құқықтық кепілдемелер болмағандықтан, олардың еңбегін қанау орын ал-
101
ды. Сонымен бірге атап өтетін жэй, қазақ даласына капиталистік қатынастар элементтерінің енуіне қарамастан, рулық-қауымдық қатынаетар толық ыдыраған жоқ, яғни XIXғасырдың аяғы - XXғасырдың басындағы қазақ ауылындағы элеуметтік-экономи-калық қатынастар қауымдық қағидаларға негізделген жағдаііда өмір сүрді.
Сот жэне Сот ісін жүргізу. 1867-68 жылдардағы қабылданған «Ережелердің» бү_л салаға енгізген негізгі жаңалыгы-бүкіл Қазақ-станның аймағына жалпыимпериялық соттар қызметінің таралуы болды. Маңызды қылмыстық істер, эсіресе аймақтағы отарлық би-ліктің сақталуына қауіп төндіретін қылмыстар әскери-соттык ко-миссия арқылы қаралды. Басқа ірі қылмыстарды жэне 2 мың рубл-ге дейінгі азаматтықталап қою істерін бітім соттарының және Ре-сейдің қылмыстық жэне азаматтық соттарының палатасы қүқығы-на ие болған облыстық басқармалар қарады. Сонымен қатар Ресей империясының ез ішінде жэне Қазақстан аумағында судьялардың жэне сот алқа билерінің сайланбалық жүйесі болмады. Үш күн-ге дейінгі қамауға алу, 100 рублге дейінгі айыппүл салуға қатысты қылмыстық істерді, сондай-ақ 2000 рублге дейінгі азаматтық талап қою істерді уездік судьялар қарап, олар бітім судьялары қүқығын иеленіп, үкімет арқылы тағайындалды. Барлық сот сатылары жал-пыимпериялық заңдарды басшылыққа алды.
Бүл кезеңде «халық соты» деген атауға ие болған билер соты-ның жүйесі сақталып, бірақ ол көп өзгерістерге үшырады. Оның сот жүргізу ісіндегі өкілеттігі барынша тарылып, бүл соттық құзі-ретіне аз көлемдегі азаматтық талап қою істерін, отбасы-неке іс-терін жэне жеңіл қылмыстарды ғана қарау тапсырылды. 1867-68 жылдардағы «Уақытша Ережелерге» сэйкес би лауазымы сайлан-балы болды. Билер болыс съездерінде үш жыл мерзімге сайланып эскери губернатор арқылы бекітілді. Әрбір болыста 4-8 дейін би-лер дейін сайланып, эрбір экімшілік ауылға бір биден артық штат берілмеді. Билер сотының үш инстанциясы бекітілді:
-жеке дара билер соты - 300 рублге дейінгі азаматтық талап қою істерін қарап, талап ісі бойынша 100 рублге дейінгі түпкілік-ті шешім қабылдауға қүқығы болды;
-болыстык билер соты - бойынша азаматтық талап қою істері-нің сомасы шектелмеді, алайда талап қою ісі бойынша 500 рублге дейінгі сомада түпкілікті шешім қабылдау қүқы болды. Одан бас-қа болыстық билер съезі екінші инстанциядағы билер соты ретін-де іс қарау мүмкіндігіне ие болды;
102
- төтенше билер съезі - эрбір болыстың қүрамына кіретін қауымдардың арасындағы даулы істерді қарап, сонымен қатар бо-лыстық съездер қараған істерді қайта қарауга қатысты екінші сот инстанциясы болып есептелді.
Сот ондірісі саласында бірқатар езгерістер енгізіліп, яғни сот үкімдері жазбаша ресімделіп, оның кошірмесі мүдделі тараптар-ға берілетін болды. Болыстық және тетенше билер съездерінде қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде ортақ басшы-лыққа негізделген жазбаша ережелер міндетті түрде қабылданып отырды. Сонымен бірге билер соты нотариалдық іс-эрекеттерді де куэлэндыруға қүқық алды. Алайда, билердің отарлық билік арқылы сайлануы мен бекітілуі, іс жүзінде би лауазымын сатып алуға кең мүмкіндік жасап, соттардағы жемқорлықтың өсуіне экеліп соқтырды. Егер де қазақтар XIXғасырға дейін кез-келген беделді биге жүгінуге мүмкіндегі болса, енді оларда таңдау бол-май, тек өздерінің болыстық билеріне ғана жүгінуге қүқы болды. Болыстық билер көп жағдайда даулы істерді өздерінің туыстары-ның пайдасына шешіп, немесе парақорлықпен айналысты.
Сонымен, «халық соты» атауына ие болған билер соты Ресей империясы отарлық билігі аппаратының қүрамдас бөлігіне айна-лу арқылы дэстүрлі эдет-ғүрып қүкығын ыдыратуға ықпал етіп, бүрынғы ақсақалдардың беделін түсіріп, қазақ қоғамындағы жа-ңадан қалыптасқан сауда-өсімқорлық топтардың мүддесін қор-ғауға үмтылды. Дегенмен, бүл кезеңде де билер соты қазақ дала-сындағы ең кең тараған сот жүйесі болып қала берді, тіпті орыс қоныстанушыларының оздері қазақтармен арадагы даулы істерін шешу үшін оған жүгініп отырды. Жалпы айтқанда, патша үкіме-тінің XIXғасырдың 60-шы жылдары қазақ жерінде жүргізілген кұқықтық реформалары Қазақстанның дэстүрлі кұкыктық жүйе-сін Ресей империясының барлық қүқықтық жүйесімен біріктіру багытында жүргізіліп, ол ісеке асырылды.
XXгасырдын басындагы Казакстаннын экімшілік-кү-кыктык жүйесі
XXғасырдың басы қазақ халқы үшін ауыр тарихи кезеңдер-дің бірі болды. Ресей империясының билігі қоғамда қалыптас-қан қайшылықтарды өз отарларының есебінен, оның ішінде Қазақстан арқылы шешуге үмтылды. Дегенмен, кең көлемді қамтыған жалпыүлттық дағдарыс 1905-1907 жылдардағы бур-жуазиялық революцияның басталуына басты себепкер болып,
103
Ресей империясының саяси жүйесін реформалауға шешуші ық-палын тигізді.
XXгасырды Қазақстан Ресей империясының шеткері жатқан отарлық аймагы ретінде қарсы алды. Қазақтар өздерінің барлық саяси құқыктарынан, ең кұнарлы жерлерінен айырылып, оның дэстүрлі шаруашылығы және элеуметтік қүрылымы бүзылды. Сонымен бірге XXгасырдың басы үлт-азаттық қозгалыстың өр-леуімен ерекшеленіп, ол жаңа кезеңге аяқ басты. Бүл кезеңдегі азаттық күрестің басы-қасында қазақ зиялылары түрып, олар ше-шуші рөл атқарды. 1905 жылгы Ресейдегі саяси оқиғалар азаттық күрестің жаңа сапалық әдістеріне көшуге мүмкіндік беріп, отар-лық билікке қысым жасауға жағдай қалыптастырды.
Ресейдің орталық аймағындағы патшаның саясатына қарсы бағытталган жаппай наразылық әрекеті 1905 жылғы жаз және күз айларында карулы қақтыгысқа үласқандықтан, патшаны басқару жүйесіне реформалар жасау арқылы халыққа кейбір жеңілдіктер беруге мэжбүр етті. 1905 жылы 17-қазанда патшаның манифесі жарияланып онда жеке түлғаның өміріне қол сүқпауға, ар-ождан, сөз бостандығына, жиналыстар өткізуге жэне үйымдар құруға ке-підіктер берілді. Патша жариялаған реформаның ең басты жаңа-лығы - патша қабылдайтын заңдарды талқылап эрі қуаттайтын өкілетті орган Мемлекеттік Думаға сайлау өткізу жөніндегі оның шығарған жарлығы болды. 1906 жылы 23-сэуірде мазмұны жағы-нан Конституцияға жақын «Ресей империясының негізгі мемле-кеттік заңдары» басылып шықты. Бұл заңга сәйкес екі палаталы парламент құрылып, оның жоғарғы палатасы - Мемлекеттік ке-ңестің кұрамының бір бөлігі патша арқылы тағайындалса екінші белігі тектік (сословиялық) белгісі бойынша сайланды. Парламе-нттің төменгі палатасы - Мемлекеттік Дума төмендегідей төрт куриялар бойынша сайланды: 1. егіншілер; 2. қала тұрғындары; 3. шаруалар; 4. жұмысшылар. Бірінші жэне екінші куриялар үшін сайлау екі сатылы, үшінші курияға үш сатылы, төртінші курия үшін төрт сатылы болды. Сонымен, егіншілер куриясының бір дауысы, ауқатты қала тұрғынының үш дауысына, шаруалардың 15-дауысына жэне жұмысшылардың 45-дауысына теңестірілді. Жасы 25-ке толмаган жастар, эйелдер және әскери қызметкерлер сайлау кұкыгынан айырылды. 1906 жылы ақпан-наурыз айла-рында өткен сайлаудың нэтижесінде Ресей империясының шы-ғыс аймағындағы 30-миллион халқының атынан барлығы 14-де-путат сайланып, оның төртеуі қазак халқының өкілдері болды.
104
Олар Ә.Бөкейханов. Б.Қаратаев, С.Лапин және Е.Оразаевтар еді. Депутаттарға қойылған міндетті талап-олардың орыс тілін еркін меңгеруі болды.
1 Мемлекеттің Думаның қызметінің басты бағыты жер мэсе-лесі болды. Думаның Қазақстандық депутаттары Думаның ка-деттер, октябристер партиясының фракциясына косылу арқылы Думаның талқылауына казақтардың жерге қатысты заң ережесін өткізуге талпынды. Осыған орай Дума депутаттары Б.Қаратаев, Е.Оразаев, С.Лапин «Қазақтарды жерге орналастыру жөніндегі» заң жобасын эзірледі. Бұл жобада қазактарға мемлекеттік жер қо-ры есебінен жайылымдық жэне шабындық жерлерді бөліп беру арқылы, оларды тұрақты түрде бекіту ұсынылды. Оны іске асыру үшін қазақ халқының өкілдерінің қатысуымен жерге орналастыру комиссиясын құрып, қазақтардың жерді пайдалану мәселерімен айналысатын арнайы орган - Жер Комитетін бекіту ұсынылды. Алайда, бұл заң жобасы Мемлекеттік Думаның басым көпшілік депутаттарының тарапынан қарсылыққа тап болып, қолдау тап-пағандықтан аяқсыз қалды. І-Мемлекеттік Думаның күн тэртібі-не қойылган помещиктік жерлерді жэне мемлекеттік жер қорла-рын қайта бөлу туралы аз ұлт депутаттарының ұсыныстары мен талаптары патшаға ұнамады. Сондықтан 1906 жылғы 9-шілдеде император 1-Мемлекеттік Думаны тарату жөніндегі манифестке қол қойды.
1906 жылгы желтоқсанның аягынан бастап ІІ-Думаға сайлау науқаны басталды, алайда оның жұмысы І-Думамен салыстыр-ғанда тіпті нэтижесіз болды. Бұл Думаның күн тэртібіне қойыл-ған өзекті мэселесінің бірі, - І-ші Думадағы сияқты жер мэселесі болды. Қазақстаннан сайланган депутаттар Ә.Бөкейхан, Ш.Қо-жағұлұлы, Б.Қаратайлар бұл жолы мұсылман фракциясының кұ-рамына қосылып жэне кадеттер партиясының қолдауымен қазақ халқының экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған бір-неше ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, олар қазақ ауылдары-ның ең кұнарлы жер аймақтарын Ресей империясының отарлық жер қорының пайдасына жаппай тартып алу саясатын сынга ал-ды. ІІ-Думаның отырысында жер мэселесі жөніндегі заң жоба-сын талқылауга қатысты қызу пікір-талас өрбіді. Патша үкіметі жер мэселесі бойынша депутаттармен арада ешқандай ымыраға келмейтінін танытты, осының салдарынан император 1907 жы-лы 3-маусымда ІІ-Думаны тарату жөнінде жарлық шығарып, III-Мемлекеттік Думаның сайлауы жөнінде «Ережелер» шығарды.
105
Жаңа сайлау заңы куриялардың арасындағы теңсіздікті одан әрі тереңдетті. Бұл сайлау ережесі бойынша бір помещиктің дауысы төрт ауқатты қалалықтың, 68 карапайым қала тұрғыны-ның, 260-шаруаның жэне 343-жұмысшының дауыстарына тең болды. Орталық Азияның байыргы тұрғындары, оның ішінде қа-зақтар да, сайлау құқығынан мүлдем айырылып, Думаға сайлану-га құқықтары болмады.
Қазақ халқының жэне қоныстанушы орыс шаруаларының 1905-1907 жылдардагы ерекше саяси белсенділігі патша үкіметі тарапы-нан оларға қарсы 1881 жылы 14 тамызда қабылданған «Мемлекет-тік тэртіп жэне қоғамдық тыныштықты сақтау жөніндегі Ережені» қолдануға мэжбүрледі. Бұл «Ереже» қажетті жағдайда заңдардың қолданысын тоқтатып төмендегідей ерекше үш режимді енгізуге өкілеттілік алды: а) күшейтілген күзет; б) төтенше күзет; в) соғыс жағдайын жариялау. Осы тұргыдан 1905 жылы Қазақстанда соғыс жағдайы жарияланып, іс жүзінде соғыс уақытындағы төтенше заң-дар қолданылды, азаттық қозгалысты қатаң басып-жаныштауға ба-ғытталған қугын-сүргін саясаты жүргізілді.
