Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.61 Кб
Скачать

Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі

КОКП-ның ХХ-съезінен кейін КСРО Жоғаргы Кеңесі одақтас республикалардың заң шығарушылық саласындагы құқыгы мен одақтас республикалар Жоғарғы Кеңесінің кызмет ауқымын ке-ңейтуге бағытталған кешенді шараларды жүргізді. Осыған орай одақтас республикалардын Жоғарғы кеңесі заң шығарушылық өкілеттігіне ие болды. Бұл кезеңде құкықтық шыгармашылық Қазақ КСР-сі Жоғарғы Кеңесінің құкықтык қызметінің нысаны ретінде қалыптаса бастады. Мэселен, Жоғарғы Кеңестің IVша-қыруында (1955-1959 жж.) 42 заң қабылданса, Vшақырылуында (1959-1963 жж.) оның саны 62, VIшақырылуында(1963-1967жж.) 57 заң қабылданды.

КСРО Жоғаргы Кеңесінің І^-сессиясында (ақпан 1957 ж.) "Одақтас республикалардың сот кұрылымы жөніндегі азаматтық, қылмыстық жэне қылмыстык іс жүргізу туралы заңнамаларды қабылдауды одақтас республикалардың қарауына беру" жөнінде заң қабылданды. Бұл сессияда қабылданган "КСРО Жоғарғы Со-ты туралы" ережеде одақтас республикалар соттарының өкілетті-лігін кеңейтіп, рөлін жоғарылату мәселесі бекітілді. Осыған орай, одақтас республикалардың өкілеттігіне "Сот құрылымы мен сот өндірісі жоніндегі заң негіздерін", "Азаматтық және қылмыстык зан негіздерін" орнықтыруға құқық берілді. "Одақтас және Ав-тономиялық республикалардың заң негіздерінде" сот жүйесінін

146

бірлігін бекітетін бірқатар нормалар бекітіліп, оның ұйымдық не-гізін демократияландыруга қатысты ұмтылыстар жасалды. "Заң негіздеріндегі" тұжырымдалған сот органдары қызметінің негіз-гі қагидалары күдіктіні қорғаудың кепілдігін жоғарылатты, қыл-мыстық қудалаудың өтімділігін кеңейтті және сот органдарының жергілікті кеңестермен, қоғамдық ұйымдармен жэне халықпен арадағы байланысын нығайтты. Аталған заң негіздерін қабылдау-ға дейін Қазақ КСР-нің аумағында Ресей федерациясының 1926 жылы қабылданған қылмыстық кодексі қолданыста болды. Атап өтетін жайт, одақтас республикалардың ішінде алғашқы болып, Қазақ КСР-де кодекстерді шыгару туралы заңдар қабылданып, онда мүмкіндігінше қазақ халқының этникалық ерекшеліктері ескерілді.

Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің \/-шакырылуының екінші сес-сиясында (1959 ж.) КСРО Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР-нің сот құ-рылымы жөніндегі" заңды бекітті. Бұл заңға сэйкес осыған дейін-гі республикада жұмыс істеген барлық соттар жүйесі өзгертілді. Жаңа заңда республикадағы эділсот жүргізу ісі бұрынғы учаске-лік соттардың орнына Қазақ КСР-нің Жоғарғы Соты, облыстық, аудандық (калалық) соттар арқылы жұзеге асырылды. Бұл заң эділсот жүгізудің бірден бір эдісі-қылмыстық істерді тек соттар гана қарап, азаматтардың заң алдындағы бірдей теңдігі танылды.

1960 жылы қазан айында кабылданган "Қазақ КСР-і жэне ау-дандық (қалалық) халық соттарын сайлау жөніндегі" жаңа ереже-де халық соттары мен алка билердің (присяжных) сайлау тэртібі өзгертілді. Бұл ережеге сэйкес аудандық (қалалық) халық сотта-рының алқа билер құрамы жұмысшылардың, қызметшілердің жэ-не шаруалардың тұрғылықты жерінде, эскери қызметкерлердің - эскери бөлімдерінде жалпы жиналыста сайлануға тисті болды. Халық соттарын бұрынғы үш жыл мерзімінің орнына 5 жылга, алқа билерді сайлау екі жыл мерзімге ашық дауыс беру жолы-мен жүргізілді. Халық судьясы немесе алқа билер мүшесі болып, 25 жасқа толған Қазақ КСР-нің кез-келген азаматы сайлана алды (бұрынғы заң бойынша 23 жас). Бұл заңда сот өндірісінің ұлттық тілі жэне барлық соттардағы сот жүргізу ісінің ашыктық тэртібі, күдіктіні қорғау құқығы анықталды. Ең жоғарғы сот органы ре-тінде Қазақ КСР-нің Жоғаргы Соты жарияланып оның өкілетті-лік қызметі бірқатар кеңейді. Оның негізгі міндетіне барлық сот органдарының кызметін қадагалау, сот практикасының жэне сот-тың статистикасының деректерін сараптау, Республика Жоғарғы

147

Сотының алқасының есебін тыңдау жэне ҚКСР-сі Жоғаргы Сот Президиумының қаулыларының жобасын қарау жүктелді. Жаңа ережеде халық соттарының еңбекшілердің алдында есеп беру-ді, ал облыстық жэне Жоғарғы Соттардың өздері сайлаған тиісті кеңестердің алдында есеп беруі бекітілді. Егер судья өзіне көр-сетілген сенімді ақтамаған жагдайда, сайлаушылардың оны кері шақырып алу құқығы көрсетілді.

Республика азаматтары үшін ерекше маңызды оқиғаның бірі - жаңа қылмыстық заңның қабылдануы болды. Оның басты эрі негізгі қағидасы - кінәсіздіктің презумциясы деп танылды. Енді күдікті оның кінэлілігін қылмыстық кодекстің белгілі бір бабы негізінде заңды сот анықтағанға дейін кінэсіз деп табылды. Әске-ри требуналдар жабылып, жаңа заң бойынша олардың өкілеттігі-не қарапайым азаматтың жэне қылмыстық істерді қарау кірмеді. Жазага тартудың процедурасы жұмсартылды. Жаңа қылмыстық заңнамада бас бостандығынан айыруға қатысты жазаның ең ұзақ-тығы бұрынғы 25 жылдан 15 жылға дейін кемітілді. Өлім жаза-сы тек мемлекетке сатқындық жасаган эрекеттерге қолданылды. Осы кезден бастап өзінің ерекше пікірі үшін, белгілі бір элеумет-тік топқа жататындығы үшін, немесе сотталушының туысқаны болғаны үшін сотталуга жатпады жэне қылмыстық эрекет дэлел-денуге тиісті болды.

Аталған қылмыстық кодексте жасы кэмелетке толмаған қыл-мыскерлер жөнінде өзгерістер қарастырылды. Өлім жазасы жа-сеспірім тек 16 жасқа толғаннан кейін гана қолданылды, ата-ана-лар эрекетінің қылмыстық қүрамы толық жойылды, 14-16 жас аралығындагы балаларды қылмыстық жауапқа тартатын қүқық-бүзушылықтардың тізімі қарастырылды.

Қазақ КСР-нің қылмыстык кодексі 1960 жылдың 1-қаңтарын-да заңды күшіне енді. Бүл кодекс "КСРО-ның қылмыстық заңна-мы негізінде" анықталған жалпы қағидаларга сүйеніп жасалды жэне жеке қылмыстық баптар мен қүрамына қатысты бірқатар қарама-қайшылықтарды, сэйкессіздіктерді түзетті. Мэселен, ру-лық қүрылыстың сарқыншақтарьша (құн, барымта т.б.) қатысты қылмыстар жөніндегі тарау алынып тасталды. Сонымен қатар Қазақ КСР-нің қылмыстык кодексі ұқсастық бойынша (аналогия) үкім шығару мүмкіндігін жойды. Қылмыстық кодексте бұрын оның құрамында қарастырмаған 26 жаңа баптар енгізілді, оның ішінде "еңбекке қабілетсіз ата-аналарға көмек беруден бас тарту, мазарларды талқандау т.б."

148

КСРО Жоғарғы Кеңесі "Кеңестер Одағының жэне одақтас рес-публикалардың азаматтық заңнамаларының негіздерін" бекітті. (1961 ж.). 1963 жылы желтоқсанда "Қазақ КСР-нің азаматтық ко-дексі" жөніндегі заң қабылданды. Ерекше заң шығарушы билік-тің КСРО Жоғарғы Кеңесінің қарауында болатындығы жөніндегі Конституциялық қағида сақталды. Одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестері өздерінің заңдарында жалпыодақтық заң-дардың міндеттерін дәлме-дэл қайталап отырды. Негізінде бұл мәселе Қазақ КСР-нің Конституциясының 22-бабында былайша тұжырымдалған еді. ..."Қазақ КСР-нің Конституциясы республи-кадагы бірден-бір заң шығарушы орган болып есептелді".

Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің құқыгы басқа да мэселелер бойынша шектеліп отырды, іс жүзінде, ол қолданыстағы Қазақ КСР-нің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу-ге өкілетті болмады. Дегенмен бұл мэселе туралы Қазақ КСР-нің Конституциясының 19-бабында Республиканың Жоғарғы Кеңесі Кеңестер Одағы Жоғаргы органдарының бекітуінсіз оган өзгеріс-тер енгізе алады деп көрсетілген болатын. Республиканың Жогар-ғы Кеңесінің қызметінде құрылымдық жағынан да шектеу орын алды. Мэселен, Қазақ КСР-нің Конституциясының Кеңес Одағы Конституциясынан өзгешелігі, Республика Жоғарғы Кеңесінің құрамы бір палаталық құрылымды бекітті, бұл оның федератив-тік құндылығын бұзу болып есептелді. Өйткені, барлық дамыған федеративтік мемлекеттерде жоғарғы өкілеттілікті органның би-лігі екі палагадан тұратыны белгілі. Мұндағы екінші палатаның рөлі балама ретінде үкіметтің шығарған қаулыларымен қабыл-данған заңдардың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру мақса-тында жасакталды. Сонымен бірге басқарудағы демократиялық қагидалардың бұзылуы КСРО жэне одақтас республикалардың Жоғаргы Кеңесінің қызметін Конституциялық бақылаудьщ бол-мағандығынан да көрініс тапты.

Сонымен қаргстырылып отырған кезеңдегі Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің қызметі КСРО Жоғарғы Кеңесінің алдында толық тәуелді жэне багынышты болды.

Әкімшілік-аумақтық реформалар. Кеңестер Одағы өмір сүрген барлық кезеңнің ауқымында оның негізгі заңнамалық құ-жаттарында, сондай-ақ республикалық маңызды құқықтық акті-лерде Қазақстан Республикасы территориясының бөлінбейтіндігі жэне ешкімге берілмейтіндігі жөнінде бірнеше рет айтылған бо-латын. РКФСР-сі БОАК-нің жэне ХКК-нің "Қырғыз (қазақ) Ав-

149

тономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру" жөнін-дегі декретінде (тамыз 1920 ж.) республиканың территориялық жер аумағы анықталган болатын. Ал, 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанның арасындағы ұлттық-мемлекеттік жер бөлінісі-нен кейін Қазақ Республикасының шекаралық межесі түпкілікті анықталды. Кейіннен Қазақ КСР-нің Конституциясының (1937 ж.) 16-бабында бұл қүқық қайтадан қуатталып жэне бекітіліп, он-да былай деп көрсетілді: "Қазақ КСР-сі территориясы оның ке-лісімсіз өзгертілмейді және ешкімге берілмейді". 1957 жылы ақ-панда КСРО Жоғарғы Кеңесі осы түрғыдан "Облыстық, өлкелік, әкімшілік-аумақтық күрылымдардың мэселелерін шешуді Одақ-тас Республикалардың карауына беру" жөніндегі заң қабылдаған болатын. Бүл заң одақтас республикалардың ездерінің террито-риялық мэселелерін шешу қүқығының негізі болып есептелді.

Алайда, Республика өз территориясының тағдырын дербес шешуге қатысты Негізгі заңның мэртебесінде және басқа да нор-мативтік-қүқықтық актілерде бекітліуіне қарамастан, оның тер-риториясы мен шекарасы бірнеше рет өзгеріске үшырады.

1960 жылы "Экономикалық сәйкестік" сылтауымен Н.С. Хру-щевтың ынтасы бойынша Қазақстанның бес солтүстік облыстары Тың өлкесіне біріктірілді, ал 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан жэне Батыс Қазақстан өлкелері қүрылды. Болашақ татағы бір дербес -Шығыс Қазақстан өлкесін құру жоспарланды.

1956 жылы қаңтар айында өткен Қазақ КСР-сі Жоғарғы Кеңе-сінің екінші сессиясында Бостандық ауданы мен оған жапсарлас жатқан шөлейт далаларды Өзбек КСР-не беру жөнінде заң қа-былданды. Бұл жерлерді көрші Өзбекстанға беру мэселесі Кеңес Одағының Орталық басшылығының Қазакстан өз жерлерінің бір бөлігін өзбектерге өз еркімен беруге ынталы деген жасанды түсі-нікке негізделді. Алайда, кандай себептерге байланысты Қазақ-станда артық жерлер пайда болды деген мэселелер ресми күжат-тарда айтылмады.

Республиканың өз жеріне қатысты дербес қүқығын өрескел бұзу эрекеттері мұнымен тоқталмады. 1962-1963 жылдары "эко-номикалық тиімділік" сылтауымен Шымкент облысының макта шаруашылығымен айналысатын аудандары - Қош, Мақтарал жә-не Ильичевский аудандары "ерікті түрде" Өзбек КСР-не берілді. Осыған орай Республиканың бірінші басшылары Д.А. Қонаев, Ж. Тәшенов "орталықтың" мұндай шешімдеріне өздерінің келіс-пейтіндіктерін ашық білдірді. Олар Н.С. Хрущевтың ынтасымен

150

іске асырылатын ұлкен шаралардың "Экономикалық сэйкестілігі-нін кумэнділігін" жэне қазақ жерлерін Өзбекстанға беруге қатыс-ты эділетсіз эрекеттердің орын алғандығын дэлелдеуге тырысты. Алайда, Республика басшылығының күш-жігері мен дэйекті пі-кірлері одақтық жоғарғы партия басшылығының қабылдаған ше-шімдерінің ақиқаттығына көз жеткізе алмады. Осындай өрескел заңсыздықтың салдарынан Республиканың егемендігі мен терри-ториялық тұтастығына қол сұғылып, Қазақ КСР-і өзінің 3 мил-лион 500 000 га аумақтағы жерінен айырылды.

Орталық партия Комитетінің қазан пленумынан кейін (1964 ж.) Н.С. Хрущев жоғарғы партия жэне үкімет билігінен тайды-рылғаннан соң ғана Қазақстан үкіметінің талабы бойынша Өзбе-кстанға берілген жерлердің бір бөлігі қайтарылды. Алайда, одан бұрынғы берілғен жерлер қайтарылмады, оларды қайтарылу мэ-селесі элі кұнге дейін ашық кұйінде қалып отыр.

1978 жылгы Қазақ КСР-нің Конституциясы. Қазақ КСР-нің бұл жаңа Конституциясы КСРО Конституциясының негізінде қабылданды. Оны қабылдау қарсаңында оның жобасын респуб-лика аумағында кең көлемде талқылау жүргізілді. Алайда, оған халықтың қатысуы формальді сипатта болды. Республиканың құ-қығын кеңейту, қоғамды демократияландыру, адам құқығын ке-пілдендіріп, сақтау жөніндегі ұсыныстар мен ескертпелер шетте-тіліп есепке алынбады, сондықтан бұл мэселелер Республиканың Негізгі Заңында көрініс таппады. Конституцияда жария етілген адам қүқықтарының демократиялық негіздері нақты тетіктерімен бекітіліп, іске асырылмады. Негізгі Заңда Қазақстанды үлттық республика ретінде оның ерекшеліктерін сипаттайтын баптар ен-гізілмеді.

Бұл Конституцияда КОКП-ның қоғамдағы жетекші рөлі бекі-тілді. Бұл жағдай басқалай бір балама партияны құруға мұмкін-дік бермей, бір партияның өктемдігін кұшейтті. Саяси жұйедегі партияның монополиясы оның жоғарғы органдары мен аппара-тының өрескелдіктерге жол беріп, билікті асыра пайдалануга, моральдық жағынан іріп-шіруге, тэртіп пен жауапкершіліктің төмендеуіне экеліп соқтырды. Қогамның барлық саласында нақ-ты билік-кеңес жэне шаруашылық органдарының қызметін өзіне меншіктеп алған партия аппараттарының қолына көшті.

Кэсіподақ үйымдары еңбекшілердің мүддесін қоргау органы-нан партия органдары мен экімшіліктің нүсқауларын орындау-шыларға айналды. Комсомол ұйымдарының жұмысы да форма-

151

лизммен ерекшеленді. Комсомол комитеттері партия органдары-ның қызметін қайталай отырып, жастардың мұқтажы мен мүдде-сінен алшақ тұрды.

Халық депутаттарының кеңестері еңбекшілердің толыққан-ды билік органы рөлінен айырылды. Шын мэнінде, көп жағдайда олар партия комитеттерінің шылауына айналды. Еңбек ұжымда-ры арқылы кандидаттарды ұсыну формальде түрде жүргізілді, іс жүзінде депутаттардың құрамы партия комитеттерінде анықта-лып, сайлау тағайындау жүйесіне айналды. Бір партиялық жүйе халықты таңдау құқығынан айырды. Кеңестердің материалдық-қаржылық тұрғыдан элсіз базасы оларға бағынышты террито-риядағы толық билігін шектеді. Сондықтан көптеген кеңестер ве-домствалармен жэне олардың ұйымдарынан тэуелді болды. Әлеу-меттік-экономикалық саясаттағы кемшіліктер мен келеңсіздіктер ұлтаралық қатынастарга да салқынын тигізді. Ресми құжаттарға елдегі ұлттық мэселенің шешілгендігі туралы дэріптеліп іс жү-зінде шындық жасырылды, елде болып жаткан үрдістердің кө-леңкелі жағы айтылмады. Ұлтаралық қатынастар өз бетінше да-мыды. Л.И. Брежнев бастаған Орталық басшылық КСРО-дағы ұлттық қатынастарды үлгілі және шешімін тапқан мэселе ретінде көрсетуге ұмтылды. Ұлттық мэселені шешудегі жетістіктерді дэ-ріптеу "дамыған социализм" концепциясынан туындады. Керісін-ше, осы кезеңде ұлтаралық қатынастар жұйесіндегі мэселелр ше-шілгеннен гөрі одан эрі шиеленісе түхті. "Дамыған социализм" жағдайында ұлттардың өздерін-өздері анықтау құқығы жөніндегі қағида ұмыт болды. Кеңес тарихы дамуының бүкіл ауқымында кеңестік федерализм жағдайында социалистік ұлттардың федера-ция құрамынан шығып, ерекшеленетін бағыт болмайтын "аңыз" ретінде қарастырылды. Бұл концешдияның пайдасы үшін алын-ған аргумент ретінде КСРО құрамынан ерікті түрде шығуға құ-қығы бола тұрса да, бұл мүмкіндікті бірде-бір халық пайдаланған жоқ деген тұжырым айтылды.

Көп жагдайда ұлттық саясат пен интернационаландыру идея-сын наихаттау арасындағы мэселеге теңдік қойып, ол дэріптелді. Осы тұрғыдан интернационалдық тэрбие ұлттық саясатпен са-лыстырғанда басылымдылыққа ие болып, тіпті оның орнын ауыс-тыратын жағдайға ие болды. Жергілікті жерлерде "шовинизм", "ұлтшылдық", "патриотизм", "интернациолизм" түсініктері бұр-маланды. Бұл жағдай идеологиялық жэне саяси-тэрбие жұмыс-тарында ұлттық нигилизмге, космополитизмге экеліп соқтырып,

152

айқын шовинизм көрінісі интернационализм ретінде бағаланып, ал ұлттық өзіндік сананың көрінісі, яғни ұлттық дамудың өзекті мәселелерінің күн тэртібіне қойылуы - ұлтшылдық ретінде көр-сетілді.

Мәдениет саласындағы дамудың жетістіктеріне қарамастан ұлттарды рухани тұрғыдан қайта түлету мәселесі көлеңкеде қа-лып қойды. 70-80 ші жылдары ұлттық ерекшеліктерден гөрі кеңестік дәстүрлер кеңінен насихатталды. Бұл кезеңдегі Қазақ-станның қоғамдық-саяси өмірінде еуроцентризм басымдылыққа ие болып, іс жүзінде қазақ халқының ұлттық мемлекеттілікке, мемлекеттік егемендікке және территориялық тұтастыққа қатыс-ты құқығы мойындалмады. Кеңес кезеңіндегі тарих ерекше үлгі ретінде көрсетілді.

Интернационализмді дұрыс түсінбеу сонымен қатар Қазақ-стандағы тіл саясатында ұлтаралық тіл қатынасының құралы - орыс тілін қолдаумен шектеліп, қазақ тілі жөнінде еш нэрсе айтылмады. Іс жүзінде Республикада қос тілдікті насихаттау жағ-дайы екі тілге тең таратылмады. Қазақ тілінің толыққанды өмір сүру жағдайында ол небәрі 10-15 қана элеуметтік функцияларлы атқарды.

Сонымен КСРО-ның ресми күрылу дэуірінен бастап, қоғам өмірінің эртүрлі саласында бірқатар езгерістер орын алды. КСРО бірнеше ондаған жылдардың кезеңінде қуатты экономиканың не-гізін құрып, космосты игерген, ядролық қаруды иеленген мемле-кетке айналды. Дегенмен, кеңес үкіметі дамуы кезіндегі эділдік-пен атап өтетін бағыттың бірі - халықтың төмендегідей салалар бойынша элеуметтік қорғалуының жоғары деңгейі болды. Атап айтқанда тегін медициналық қызмет көрсету, тегін білім алу, элеуметтік жағынан түрмысы төмен халықтың топтарына жеңіл-діктер беру және жэрдемақы төлеу, жұмыссыздықтын болмауы т.б. 70-ші жылдардың аяғында ұлттық табыс халықтың эр басына шаққандағы көлемі 12 есе өсті.

¥лан-байтақ жерді алып жатқан КСРО-ның аумағында 70-ші жылдардың аяғына дейін болған үлкен өзгерістер 1977 жылы 7-қазанда қабылданған Кеңестер Одағының Конституциясында өзінің көрінісін тапты. Бұл негізгі заң шектен тыс идеологиялык сипатқа ие болғанына қарамастан кеңес қоғамының жаңа кезең-Дегі дамуының сапалық деңгейге көтерілуін айқындайтын маңыз-Дьі нормативтік-күкықтық акті болып есептеледі. Сонымен бірге Конституцияда Компартияның қоғамдағы басшылық мәртебесі

153

бекітіліп, оның рөлі төмендегідей анықталды: жұмысшы табы би-лігі мемлекетінің бүкілхалықтық социалистік мемлекетке айна-луы; КОКП жұмысшы табының партиясының бүкіл халықтық партияға айналып, жэне кеңес қоғамын басқарудағы бірден-бір маңызды саяси күш ретінде саналады (6 бап). Конституциянын аталған 6-бабының мазмүны, бүрынғы кезеңдегі балама партия-лардьтң күрылуына ешқандай жол ашпай, Коммунистік партияны қоғамға басшылық жасайтын ресми бірден-бір саяси күш ретінде түпкілікті заңдастырды.

Бақылау сұрақтары

1. КОКП-ның ХХ-съезінің шешімдерінің тарихи маңызы не-

де?

2. Одақтас республикалар қүқығының кеңеюі қай салаларды

қамтиды?

3. Қазақстанда Тың және тыңайған жерледі игеру қашан бас-

талы?

4. Кеңестік халық шаруашылығының рөлі қандай болды? (сов-нархоздардың)

Әдебиеттер:

1. История государства и права Казахской ССР. —Алма-Ата, 1984.

2. Кузембайулы А., Абиль Е. История Республики Казахстан,

-Астана, 1999.

3. Қазақстан тарихы (көне дэуірден біздің заманымызға дейін).

4. Рыспаев К. История Республики Казахстан. -Алматы, 2000.

5. Костенко-Карибжанов Е. Казахстан 50-60-е годы XXвека, -Алматы, 2003.

6. Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших вре-мен до наших дней. -Алма-Ата, 1992.

154