- •Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты
- •Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
- •Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
- •1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
- •Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде
- •Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
- •Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
- •Какср-нін одактас республикага айналауы
- •Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
- •Бақылау сұрақтары:
- •Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі
Бақылау сұрақтары:
1. ҚКАСР-нің еңбекшілері құқығының Декларациясы бойын-ша кімдер сайлау жэне сайлану құқығынан шеттетілді?
2. ҚКАСР-сін құру жөніндегі Декрет негізінде (1920, 26-та-мыз) оның әкімшілік-аумақтық территориясы қалай анықталды?
3. Халқымыздың байырғы "қазақ" атауы қай жылы, қандай мемлекеттік органның шешімімен қайтарылды?
4. ҚКАСР-нің мемлекеттік органдары 20-жылдары эйелдерді басыбайлықтан босатып, ерлермен қатар құқықтық теңдікке ие болуға қатысты қандай маңызды заңдық актілер қабылдады?
5. 1925 жылғы ҚКАСР-ның Конституциясы бойынша Қазақ-станның РКФСР- сы құрамындағы құқықтық жағдайы қалай анықталды?
140
6. Қазақстандагы көшпелі халықты отырықшылдандыру жэне ұжымдастыру шаралары қандай эдістермен жұргізілді?
7. Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың КСРО құра-мындағы егеменділігінің декларативтік сипатын қалай түсінуге болады?
Әдебиеттер:
1. Қазақ ССР тарихы 5 т. 1980
2. История государства и права Казахской ССР, 42. Алма-Ата, 1984.
3. Қозыбаев М.К., Бекмаханов Н.Е. История Казахской ССР, -Алматы, 1991.
4. Кузембайұлы А., Абиль Е., История Республика Казахстан, Астана, 1990.
5. Абдакимов А. История Казахстана. - Алматы, 2001.
6. История Казахстана; Белые пятна. Сб. Статей, Алматы, 1991.
7. Козыбаев М.К., Абылкожин Ж.Б. Коллективизация в Казах-стане; Трагеди крестьян. - Алматы, 1992.
8. "О сложных вопросах коллективизации Казахстана". Каз. правда. 14-17 января 1989.
9. Кан. Г. История Казахстана. - Алматы, 2005.
21-тақырып. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлкеттік-құқықтық даму
1953 жылы қырқүйек айында Н.С. Хрущевтің билік басына келген кезден бастап қоғамдағы құндылықтарды ой жүйесінен қайтадан өткізу, жаңа саяси режим жағдайындағы мемлекеттің одан әрі дамуын қайта қарау қажеттілігі өткір мэселе ретінде тұр-ды. Осы тұрғыдан Кеңес қоғамы бастан кешкен бетбұрыс кезе-ҢІ, КОКП-ның ХХ-съезінің рөлі ел тарихындағы реформалардың бастамасы деп есептелді. Аталган съезд бірқатар бағыттар бой-ынша реформалар жүргізуге шешім қабылдады. Атап айтканда, елдің элеуметтік-экономикалық және саяси дамуын қайта құру көзделді. Елдегі саяси жағдайды нақты эрі жан-жақты ашып көр-сетіп, талдауға қатысты маңызды кұжат - КОКП-нің "Жеке басқа табынуды жою жэне оның зардаптары" туралы қаулысы болды. Әрине, мұндай барлық қайта құруларды халық көптен күткен
141
еді және оның кеңес қоғамы үшін қажеттілігі туындады. Алайда, Коммунистік партияның басшылық рөлінен айырылып қалудан қауіптеніп, жартылай жүргізілген бұл реформалар Жоғарғы Ке-ңес билігінің тарапынан басталғанымен соңына дейін жеткізіл-меді. Бұл шаралардың барысында ірі партия көсемдерінің қыл-мыстық іс-эрекеттерін эшкерелеу жалпы сипатқа ие болмай, фак-тілердің бірқатары бұхаралық жариялылыкқа берілмеді. Саяси қудалаушылыққа қатысты шындықты айғақтайтын цифрлар мен оның көлемі айқындалмады, сондай-ақ сталинизм кезеңінің құр-бандары болған адамдардың барлығы ақталмады. Әсіресе, Алаш-Орда қайраткерлерінің қызметі тиьтм салынған мэселе ретінде қала берді. Қазақтарды отырықшылыққа бейімдеп, ұжымдастыру кезендегі және 30-жылдары жасалған жасанды аштыққа қатысты өткір мәселелерді зерттеуге жэне сараптауға тиым салынып, мем-лекеттік құпия тақырыптардың санатына кірді. Дегенмен, КОКТТ-ның ХХ-съезінің тарихи маңызы болды. Өйткені, осы аталған съезде Кеңес үкіметінің кезеңінің өткен тарихы терең ой-елегінен өткізіліп көрсетілді. Бұл съездің карарында адам құқыгы мен бос-тандықтарын аяққа таптайтын теріс құбылыс сталинизмге жол берілмейтіндігі тұжырымдалды.
1961 жылы қазан айында өткен КОКГТ-ның XXIIсъезінде пар-тияның жаңа бағдарламасы мен жарғысы кабылданып ол "Ком-мунистік қоғамды құру бағдарламасы" деп аталды. Бұл құжатта социалистік мемлекеттің жетістіктеріне жоғары баға беріліп жэ-не төмендегідей жаңа мақсаттар алға қойылды: қарама-қайшы таптарды толық жэне түпкілікті жою, социалистік қогамның соң-ғы сатысы - коммунизм күруға көшу т.б. Коммунизм кұру - қо-ғамның бірден-бір көшбасы коммунистік пария басшылығымен іске асатын Кеңес мемлекетінің ең басты міндеті болды. Комму-нистердің бейнеленуінше коммунистік қогам кандай болуға тиіс-ті деген сұрак әрқашанда туындады. Ең алдымен таптар мүлдем болмайтын, өндіріс күралдары біріңғай қоғамдық меншікке не-гізделген "теңгермешілік" қоғам ретінде көрсетілді. Мүндай мем-лекеттің халқы өзінің ар-ұятымен ғана омір сүріп, өзінің рухани-материалдық қажеттілігін сол деңгейде түтынуға тиісті болды.
Одақтас республикалар құқығынын кеңеюі: 1937 жылғы Конституция негізінде ҚКСР-сы озін-өзі анықтау құкығына ие болды (15 бап). Бұл баптың мазмұны 1936 жылғы КСРО Консти-туциясының тиісті баптарынан туындап, онда былай деп керсе-тіледі: КСРО-ның құрамына кіретін республикалар ерікті тең қү-
142
қықты егеменді мемлекеттер болып есептеледі. Алайда, респуб-ликалардың жэне жалпы одақтың Конституциялары баптарының декларативтік сипаты - олардың іс-эрэкетіндегі қолданыс тетік-терінің нақты жасалмағандығынан, іс жүзінде республикаларға Негізгі Заңда жарияланған күқықтарын пайдалануға мүмкіндік бермеді.
Осы тұрғыдан кеңес кезеңіндегі коптеген құқықтанушылар мен тарихшылар одақтас республикалар КСРО құрамынан шы-ғуға қатысты ездерінің ерікті құқығын іске асыруға қажеттілікті сезінбеді деп тұжырымдады. Алайда, айтылған мұндай пікірлер тарихы тұрғыдан шындықты бейнелемеді. Ойткені, Балтық жа-ғалауы, Кавказ, Молдова республикалары КСРО-ның құрамын-да қалуға ниетті болмады, сондықтан олардың бөлектену ұмты-лыстары Жоғарғы партия билігінің тарапынан басылып отырды. Осының нәтижесінде КСРО-ның құрамына кіру эсіресе, шығу мэселесі одақтас республикалар үшін басқа нүсқаларды қарасты-руға жатпайтын бір жақты іс-эрекет болып қала берді. Іс жүзін-де одақтық жоғарғы басшылыққа шексіз әкілеттікті беру арқылы республикалар өздерінің мемлекеттік егемендігін, тэуелдсіздігін, саяси жэне экономикалық құқықтарын жоғалтты.
Осы тұрғыдан Казақ КСР-і Конституциясының кезінде қол-даныста болған 14-бабының саяси-құқықтық салдарына ерекше зейін қойып тоқталсақ, онда былай деп көрсетілген: "Республика өзінің халықаралық қатынастар саласындағы, соғыс жэне бітім мэселелеріндегі. қорғанысты үйымдастырудағы, заң шығарма-шылық негіздерін, халық шаруашылық жоспарларын, ақша жэне несие жүйесін қалыптастырудағы құқығының бөлігін ерікті түр-де КСРО-ға береді". Орталық билік органдарына барлық саяси, экономикалық жэне элеуметтік екілеттіктердің берілуі түптеп келгенде, Қазақстанды КСРО-ның алдында тэуелділікке экеліп соқтырды. Осының салдарынан Республиканың өзі ішкі аума-ғында белгілі бір маңызды мэселелерді дербес шешуге шамасы келмеді. Қазақстан сол кезеңдегі Кеңестер Одагының федерера-ция субъектісінен іс жүзінде оның аумақтық-экімшілік бірлігіне айналды.
1954 жылдың басында КОКП-ның орталық органдары одақтас республикалардың халық шаруашылығын басқару саласындағы Құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар кешенді шаралар-ды қабылдады. Халық шаруашылығын басқару саласындағы ке-ленсіздіктер "орталықты" кейбір жеңілдіқ шараларын қолдануға
143
мәжбүр етті. Бүл кезеңде өнеркэсіпті басқару бойынша үш түр-лі нысанды топ эрекет етті: 1) КСРО-ның ерекше өкілеттілігі; 2) Кеңес Одағы мен одақтас республикалардың өнеркәсіпті басқару бойынша бірлескен өкілеттілігі; 3) Одақтас республикалардың өкілеттілігі. КСРО-ның Қазақстанның өнеркэсібін басқару түр-ғысындағы ерекше өкілеттілігі төмендегідей бірнеше салаларды қамтыды; түсті металургия, көмір жэне мұнай өндіру, газ өнер-кэсібі. Сонымен қатар одақтық органдардың басымдылық рөлі жүмыс істеп түрған мекемелермен қатар, республика аумағында салынуға тиісті мекемелерге таратылды. Мұндай мекемелердің Кеңес Одағына тікелей бағынуы республиканың бұл мекемелер-ге басшылық етуден шеттелетіндігін білдірді. Бұл кезеңде ұсақ өндіріс салалары мен жеке мекемелер де орталықтандырылып, Қазақ КСР-нің Конституциясына сэйкес, олар ресми түрде оның территориясында орналасқандықтан республиканың тікелей қа-рауында болады деп көрсетілді.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін одан эрі дамытуда-ғы ерекше орынды тың жэне тыңайған жерлерді игеруге қатысты жүргізілген шаралар алды. Бұл шараларды іске асыру Қазақстанға көрсетілген бүкіл Кеңес Одағының жан-жақты көмегі, халық шару-ашылығының ірі қаржылық, материалдық жэне еңбек ресурстарын барынша жұмылдыру нэтижесінде мүмкін болды. КСРО ұкіметі мыңдаған гектар тың жэне тыңайған жерлерді игеру барысында Қазақстанға жан-жақты үлкен көмек көрсетті. Тың жэне тыңайған жерлерді игеру жылдарында ауыл шаруашылдығын одақтық бюд-жеттен қаржыландыру (Қазақстан бойынша) үш есеге өсті.
Бұл кезеңдегі ауыл шаруашылыгы саласын басқарудағы ірі шаралардың бірі - машина-трактор станцияларын қайта құ-ру болды. 1958 жылы машина-трактор станцияларының орны-на жөндеу-техникалық станциялары құрылды (ЖТС). Алайда, ауыл шаруашылығын қайта құруда кемшіліктер байқалды, жөн-деу-техникалық станциялары (ЖТС) өз функцияларын дұрыс орындай алмады. Нэтижесінде ЖТС-тер таратылып, оның негіз-гі функциясын атқару жергілікті жерлердегі жөндеу мекемелері мен бөлімшелерінің жүйесі - "Казахсельхозтехникаға" берілді. 50-жылдардың аягында Қазақстанда экономикалық жағынан эл-сіз көптеген колхоздар ірілендіріліп, совхоздарды құру шұгыл қолға алынды. 1958 жылы Республика ірі совхоз өндіріс өлкесіне айналып, олар астық өндірісінде, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жетекші рөльге ие болды.
144
Бюджеттік күкі.и ынын кеңеюі. Одақтас республикалардың экономика саласындағы кейбір мәселелерді дербес қалыптасты-руға қатысты құқықтарын кеңейтуге байланысты қабылданған шаралардың нэтижесінде Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің бі-рінші сессиясында (1955 ж.) алғаш рет Кеңестік Қазақстанның мемлекеттік бюджет мэселесі каралды. Бюджеттік қаржыны бөлу жэне кайта бөлу құқыгы "Кеңес Одагы мен Одақтас республи-калардың бюджет құқығы туралы заңда" (1959, қазан) бекітілген болатын. Аталған заң Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумы-ның (1961, тамыз) "Қазақ КСР-і еңбекшілер депутаттар кеңесі-нің бюджеттік құқығы туралы" шешімімен толықтырылды. Осы заңдардың негізінде Қазақстан осыдан былай республиканың жэ-не жергілікті бюджеттің көлемін дербес анықтау мүмкіндігіне ие болды. Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Алматы қаласы мен эрбір облыс өздерінің бюджеттерін бекіту құқығына түпкілікті ие болды. Одан басқа облыстар мен қалалардың бюд-жеттеріне республикалық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдар-дың табысынан, төлемдерінен жэне қогамдық, мемлекеттік са-лықтардың белгілі бір бөлігі жіберіліп отырды. 1953-1958 жыл-дар аралығында, Қазақстанның бюджет көлемі 4,5 есеге дейін өсті.
Кеңестік халық шаруашылығы кеңестерінің (совнархоз-дар) күрылуы. Бұл мәселе мемлекеттік басқару органдарың жа-ңа буыны ретінде Орталық партия комитетінің пленумында (1957 ж.) Н.С.Хрущевтың бастамасымен көтеріліп, КСРО Жоғарғы Ке-ңесі VIIсессиясының (1957, мамыр) қарауына жіберілді. Бұл жа-ңа енгізілген өзгерістердің барысында біркатар одақтық-респуб-ликалық министрліктер таратылып олардың қарауында болған мекемелер совнархоздарға берілді. Олардың негізгі мэні - өнер-кәсіпті басқарудың Республика Министрлер кеңесіне тікелей ба-ғынатын салалық басқарудан аумақтық (территориялық) басқару принципіне көшуімен негізделеді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі "Өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды қайта құру туралы" заң-ды қабылдай отыра, экімшілік жэне экономикалық аудандардың совнархоздарын одақтас республикалар Министрлер Кеңесінің қарауына берді. Осыған байланысты КСРО Конституциясының 14-бабына толықтыру енгізіліп, онда өнеркэсіп жэне құрылысқа қатысты одақтық-республикалық бағыныстылықта Кеңёс Одағы жалпы басшылықты жүзеге асыратын, республиканың эртүрлі экономикалық міндеттерін шешуге көмек көрсететін кеңесші-
145
бағыттаушы деп көрсетілді. Қазак КСР-ның Жоғаргы Кеңесінің У-сессиясында (маусым 1957 ж.) "Қазақстандағы өнеркэсіп пен кұрылысты басқаруды қайта кұрылымдау" жэне "Қазак КСР-де экономикалық және экімшілік аудандарды құру" туралы заңдар қабылданды. Қабылданган заңдар совнархоздардың құрылу тэр-тібін, құрылымын, өкілеттілігін анықтап, республикалык мини-стрліктер мен жергілікті кеңес депутаттары Кеңестерінің жүйе-сіндегі өзгерістерді белгіледі. Республика бойынша барлығы тө-мендегідей 9 (тогыз) экімшілік-экономикалык аудандар кұрылды; Актөбе, Алматы, Гурьев (Атырау), Қостанай, Қараганды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазакстан. Батыс Қа-зақстан жэне олардың совнархоздары.
Республикалық совнархоздардың қарауына 2 мыңнан аса өнеркісіп мекемелері беріліп, 95 құрылыс трестері мен басқарма-лары құрылды.
