- •Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты
- •Кенесары Касымүлынын жүргізген реформалары
- •Казакстан бірінші дуниежүзілік согыс кезенінде
- •1916 Жылгы Ұлг азаттык козгалыстын саяси-кұкыктык салдары
- •Казакстан 1917 жылғы Акпан төнкерісі кезенінде
- •Азаматтык согыс. Революиияык комитеттін курылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Ркфср-дін кұрамындагы какср-дін кұкыктыкжагдайы
- •Казакстандағы отырыкшыландыру және ұжымдастыру
- •Какср-нін одактас республикага айналауы
- •Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
- •Бақылау сұрақтары:
- •Одақтас республикалардын заң шығарушылық саласын-дағы құқығының кеңесі
Ұлы Отан согысы жылдарындагы Казакстандағы мемле-кет пен кұкык
Фашистік Германияның Кеңес одағына тұтқылдан шабуыл жа-сауы, 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың жаңа кезеңге аяқ басқандағын көрсетті. Шабуылдың аяқ астынан бас-талуы, эскери техника саласындагы басымдылығы жэне согысқа жұмылдырудың жоғарғы деңгейінің нэтижесінде фашистік армия КСРО-ның батыс аймақтарын тез арада басып алды.
Фашистік Германия оздерінің құпия жасалған жаугершілік жоспарларында Кеңес одағын бірқатар рейхкомиссариаттарга болшектеуді көздеді: оның ішінде «Москва», «Остланд», «Ук-
137
раина», «Кавказ», және «Түркістан», оның кұрамына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан кіруге тиісті болды. Қазақстаның баска аудандарын «индустриялық облыстар» деп аталатын Еділ-Оралға біріктіруді көздеді.
Жауға тез арада тойтарыс беріп, елдің эскери жэне экономи-калық ресурсын жоған қарсы жұмылдыру мақсатында КСРО Жоғарғы Кеңесінің, Орталык партия Комитетінің, Халық Комис-сарлар Кеңесінің біріккен каулысымен Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды. Оның төрағалығына И.С.Сталин сайланды. Осы кезден бастап бұл төтенше органның қолына мемлекеттік биліктің барлық саласы топтастырылды - яғни барлық мемле-кеттік, эскери және қоғамдық ұйымдар мен азаматтар оның шы-ғарған шешімдері мен өкімдерін сөзсіз орындауға міндетті бол-ды. Қазақстанда жэне басқа да республикаларда, оның өкілетті адамдары жұмыс жүргізді. Мемлекеттік Қорганыс Комитетінің қаулылары мен өкімдері жоғарғы билік жэне басқару органда-рының құжаттарымен теңесетіріліп ең жогары заңды күшке ие болды.
Қалыптасқан төтенше жағдайда байланысты Кеңес органдары-ның, мемлекеттік органдардың жұмысы қайта құрылып, олардың кейбіреуін барынша кысқартып, немесе жою арқылы жаңа нарко-маттар мен ведомстволар кұрылды. Соғыстың алғашқы айларын-да эвакуация кеңесі жұмыс істей бастады. 1943 жылы ҚКСР-ні Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жергілікті Отын Халық Комиссараты кұрылды жэне оның тиісті басқармалары об-лыстарда жұмыс істеді. Халық Комиссарлар Кеңесінің жанында Құрылыс материалдары өндірісінің Бас басқармасы, Жол Бас бас-қармасы, Өнер істері, саябақтарды, көне ескерткіштерді қорғау, полиграфия жэне баспа істері жөніндегі басқармалар құрылды. 1944 жылы ҚКСР-сі ХКК кеңесі жанындағы архитектура ісі жө-ніндегі басқарма құрылды.
Орталық партия органдарының 1941 жылғы карашадағы ¥лт-тық эскери бірлестіктерді кұру туралы тапсырмасына сэйкес Қа-зақстандаұлттық эскери қурамаларды жасақтау жөніндегі комис-сия құрылды. Қарулы күштерді жабдықтауды нормалауға байла-нысты құрылған маңызды ұйымдық шараның бірі - 1942 жылдың басында жұмыс істей бастаған жұмыс жабдықтау мекемелері бол-ды. Бұл мекемелер ең алдымен жетекші қорғаныс өнеркэсібінде және көлікте құрылып жұмыс істеді. Мұндай мекемелер колхоз жэне совхоз аумағында да құрылды.
138
1943-1944 жылдары Қазақстанның жеке облыстарының мемле-кеттік билік органдары Солтүстік Кавказдан саяси қүғын-сүрінге ұшырап, экімшілік тұрғыдан жер аударылған халықтардың өкілде-рін қоныстандыру және еңбекпен қамту шараларымен айналысты.
1944 жылы сэуірде ҚКСР-сі Жоғарғы Кеңесінің VIIсессиясын-да ҚСКСР одақтық - республикалық Қорғаныс Халық комисса-риатын құру жөніндегі заңдар қабылдады. Соғыс кезінде ҚКСР-нің экімшілік аумақтық құрылымына кейбір өзгерістер енгізілді. 1944 жылы наурызда ҚКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының ше-шімімен Көкшетау жэне Талдықорган облыстары құрылды.
Кенес куікығыііын дамуы. 1945 жылы 14 наурызда ҚКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен сол кездегі қол-даныстағы отбасы және неке Кодексінің «Заң бойынша жэне өсиет бойынша мұрагерлер» туралы бөліміне кейбір өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістерге сэйкес заңды мұрагерлердің құқықтық ауқымы едэуір кеңейді. Егер осыған дейінгі қолданыстағы заң бойынша мұрагерлікке балалары, көзі тірі жұбайдың бірі, еңбек-ке қабілетсіз отбасы мүшелері (ата-аналары) ие болатын болса, жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерде екінші және үшінші топтағы мұраға ие болатын үміткерлер көрсетіліп, бірінші топ-тағы үміткерлер болмаған жағдайда олардың мұраны иемденуге қатысатыны жөнінде айтылды. Бұл заңда екінші топтагы үміт-керлерге ата-аналары, үшінші топтагы мұрагерлікке үміткерлерге іні-қарындастары жатқызылады.
КСРО Жоғары Кеңесінің жарлығымен одақтың неке-отбасы құқыгық реттеуге қатысты заңдарға бірқатар өзгерістер мен то-лықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, "Бала асырап алу жөнінде", "Көп балалы жэне жалғыз басты, аяғы ауыр эйелдерге мемлекет тарапынан көмекті көбейту жөнінде", "Ана мен баланы қоргауды күшейтіп, «Батыр ана атағын» белгілеу туралы жаңа заңдар ка-былданды. 1944 жылы 8 шілдедегі жарлыққа сэйкес тек заң негі-зінде рэсімделген неке ғана жұбайлардың тарапынан белгілі бір құқықтар міндеттерді туындатты. Осыған байланысты сот тэрті-бімен экелікті анықтау жэне тіркелмеген некеден туған балалар-дың пайдасына алимент өндіріп алу тэртібі жойылып, некенің бұ-зылуының күрделі ережісі енгізілді.
Еңбек кұкығы саласы да бірқатар өзгерістерге ұшырады. Нақ-ты айтқанда, соғыс жағдайы жарияланған жерде еңбек міндеткер-лігін енгізу қарастырылды, кезекті еңбек демалыстарының бері-луі тоқтатылды, билік органдарының еңбекші халықты енеркэ-
139
сіпке жұмылдыруға қатысты құқығы кеңейтілді (16 жастан 55-ке дейін), мектепте оқымайтын 16-18 жас аралыгындағы жастарды фабрика-зауыт оқуына (ФЗУ) жіберу қарастырылды, бірқатар ме-кемелердің жұмыскерлері эскери қызметкерлердің мэртебесіне теңестірілді. (Мәселен көлік саласының жұмыскерлері).
Қылмыстык кұкык саласында басқару тэртібіне, социалистік меншікке қарсы қылмыстар бөліміне байланысты біршама өзге-рістер жасалды. Төтенше соғыс жағдайы қылмыстардың жаңа құрамдарын анықтауға мәжбұр етті. Олардың кейбіреулері мем-лекеттің жоғарғы органы арқылы емес, тікелей Жоғарғы Соттың, Прокуратураның жэне КСРО-ның Әділет халық комиссариаты-ның шешімдерімен енгізілді.
Колхозшылар тарапынан міндетті еңбек кұнін өрескелдікпен орындамағаны немесе колхоз ұжымының, жеке шаруаның ауыл-шаруашылық өнімдерінің міндеттелген нормасын орындамағаны ұшін іс-эрекеттері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Азық-түлік карточкасын заңсыз негізде алу сауда ережесін бұзу ретінде есептеледі. (РКФСР-сі Қылмыстық кодексінің 105 бабы). Міндет-ті эскери оқу ісінен бас тартқан азаматтар да қылмыстық жауап-кершілікке тартылды. 1942 жылы КСРО эділет халық комисса-риаты эскери есепке тұрудан бас тартқаны жэне есепке тұрмауға жағдай жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға нұс-қау берді. (РКФСР-сі Қылмыстық кодексі 193. Юабабы).
Соғыс жылдарында жалпыодақтық нормативтік актілер эрекет жасап, эрі қолданыста болғандықтан, Қазақ КСР-нің қылмыстық заңдары дербес негізде дами алмады.
