Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R_Memleket_zh_1241_ne__1179__1201__1179_y_...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161.61 Кб
Скачать

М-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ Қ¥РАМЫНДА

17-тақырып. Қазақстанның Ресейге

қосылуы және оның мемлекеттік-құқықтық алғы

шарттары мен салдары

ХУІІ-ғасырдың соңы ХУШ-ғасырдың басында Ресей импе-риясының эскери саяси күш қуатының өсуі, оны шығыс аймақтар-да белсенді аясат жүргізуге итермеледі. Осы түргыдан орыс пат-шасы І-ші Петр қазақ жерлерін өзіне қосып алудың саяси маңыз-дылығын ерекше ескере отырып, «Қазақ елін барлык Орта Азия жерлеріне шығудың кақпасы әрі кілті» реттінде багалай отырып, ең алдымен оны империяның қол астында қосуды жоспарлады. Осы максатты көздей отыра, Ресей империясы ХУШ-ғасырдың басында Орта Азияның эр түрлі аймақтарына ішкерілеп кіруге бірнеше рет эрекет жасады. 1714-жылы Шығыс Қазақстан айма-ғына полковник Бухгольц бастаған эскери экспедиция жіберілді жэне оның басты мақсаты - Ертіс өзенінің бойына камал салу еді. Дэл осы кезде Бекович-Черкасскийдің әскери экспедициясы Кас-пий теңізінің шығыс жагалауын зерттеуге кірісті. Алайда бұл экс-педициялардың эрекеті саяси түрғыдан толық нэтижеге қол жет-кізе алмады. Сондыктан І-Петр патша Қазақстан жерін толық өз қол астына қаратпайынша, Орта Азияга кірудің мүмкін еместігін түсінді. Осыдан кейін ол қазактарды Ресейдің қол астына алу ту-ралы елшілеріне нүсқау беріп: «Бүл Орданың өзі (казақ хандығы) анық қол астымызға карагысы келмейтін болса, онда бір жапырақ Қағазға қол қойғызып болса да, Ресей империясының қол асты-на қарауға міндеттеп қайтуга тырысып көріңдер» деген болатын. Алайда Петрдің қайтыс болуы (1725 ж.) өзінің ойлаған жобасын іске асыруға мүмкіндік бермеді. Х\ШІ-ғасырдың 30-жылдары қа-зақ хандығының әлсіреуіне байланысты саяси жагдай өзгеріп, нә-тижесінде Кіші Жүз, Орта жүз хандықтары Ресей империясының Қол астындағы оның билігін мойындап, империяның қүрамдас бөлігіне айналуга мэжбүр болды.

Кіші жіздін Ресейге косылуы:1715 жылы қазақ-жоңғар эс-кери қактыгыстарының қызып түрған түсында Тәуке ханның Қайтыс болуы, ХҮШ-ғасырдың басындағы қазақ қогамындағы саяси қайшылықтардың барынша кордаланғанын көрсетті. Сырт-

67

қы саяси жағдаидың шиеленісуі, эскери істерде маманданған жекелеген батырлардың, сұлтандардың әлеуметтік мәртебесін күшейтуге әкеп соқтырды. Сонымен бірге бұл кезеңде қазақ қо-ғамының саяси өмірінде билердің басымдылық ролі де байқалып отырды. Тэуке ханның тірі кезінде қазақ хандығының шекаралық аймақтарында қазақ-жоңғар қақтығыстарында өзін ерекше көр-сеткен сұлтандар шыга бастады. Солтүстік Батыс өңірде 1709-1710 жылдары башқұрттардың Ресейге қарсы көтерілісіне қаты-сып, Орал казақтары мен Еділ қалмақтарына қарсы бірнеше рет қол бастаған батыл эрі жас Әбілқайыр сұлтанның ықпалы күшей-ді. Орта жэне Кіші жүз бірлестігінің бір бөлігін Қайып сұлтан басқарды. Олар кезінде Тэуке ханның жоғарғы билігін мойында-ғанымен кейбір құжаттарда өздерін хан деп атады.

1715 жылы қазақ мемлекетінің бас ханы болып Қайып сайла-нады, алайда сұлтандар тобы арасындағы билік үшін бэсекелес-тік күшейе түседі. Тақ мұрагеріне негізгі үміткер реттінде ¥лы жүз бен Орта жүздің бір бөлігіне билік еткен Тэуке ханның бала-сы Болат және Кіші жүздің беделді сұлтаны Әбілқайыр танылды. 1718 жылы Аягөзде қазақ жасақтарының жоңғарлардан ірі жеңі-ліске ұшырауы, Әбілқайыр мен Қайып ханның әскери жорықтағы іс-әрекетінің сәйкес болмауынан туындады. Осыдан кейін Қайып хан билік үшін таласқан кақтығыста өлтіріліп, Болат бас хандық-тагына отырады. Түркістан Әбілқайырдың билігіне көшті. Болат ханның беделінің жоқтығы, әлсіздігі қазақ мемлекетін дербес хандықтарға ыдыратуға жол ашты. Әбілқайырдың басқару айма-ғы Оралдың жағалауы мен Батыс Қазақстандағы Кіші жүз, Орта жүз тайпалары бірлестіктеріне таратылды. Ұлы жүздің бір бөлігі Болат ханның билігін таныды, ал 1720 жылы Ташкентте Жолба-рыс, Сайармда-Күшік хан деп жарияланды.

1723 жылы жоңғар қалмақтарының Оңтүстік Қазақстан жері-не жасаган жойқын шабуылы арасына жік түсіп, дербес хандық-тарға бөлінген казақ мемлекетінің элсіздігін көрсетті. Болат хан жоңғарларға қарсы күшті біріктіре алмады, эрбір қазақ бірлестігі дербес жеке қорғанысқа көшуге мэжбүр болды. Осының салда-рынан қазақ халқының басына алапат заман «Актабан шұбырын-ды, Алқа көл сұлама» деген атаумен белгілі ауыр жағдай туын-дады. 1726 жылы Кіші жүз, Орта жүз батырларының бірлескен күш-жігерінің арқасында гана жоңғарларға алгашқы рет күйрете сокқы берілді. 1729 жылы қазақтың үш жүзінің басшылары жоң-ғарларға тойтарыс беру күресін үйымдастыру мақсатында жал-

68

пыказақтық съез өткізуге келісті. Бұл бас қосу жоңғарларды екін-ші рет ірі жеңіліске ұшыратқан Аңырақай шайқасынан кейін өт-кізілді. Бұл кеңестен кейін көп кешікпей Болат хан қайтыс болып, оның орнына бас ханды сайлау мэселесі көтерілді. Бұл сайлауда бас хандық лауазымға өзін бірден-бір үміткер ретінде есептеген, жоңғарларға қарсы согыста үлкен ерлік көрсеткен Әбілқайыр-дың кандидатурасын қазақ билері қолдамай, оның орнына беделі темен Болат ханның баласы Әбілмамбетті бас хан етіп сайлады. Мұндай лауазымға қолы жетлеген Әбілқайыр жэне Семеке сұл-тандар съезді тастап бөлініп, өздерін жақтаған батырлармен бірге ез аймақтарына кетуге мэжбүр болды.

Өзінің саяси іс-әрекетінде қазақ хандығының жоғары элита-сынан қолдау таба алмаған Әбілқайыр сыртқы күштерден қолдау іздеуге ұмтылды. 1730 жылы Әбілқайыр орыс билігінің қол өту-ге астына ұсыныс білдіріп. Уфага елшілік жіберді. Кіші жүздің ханы қазақтарды Ресейдің қол астына алу жөніндегі бастаманы кездейсоқ көтерген жоқ, 1726 жылдың басында алғаш рет Ресей-дің қол астына өту мақсатын көздей отырып, келіссөздер жүргізу ұшін Петерборга өзінің елшісін жіберген еді.

1730 жылдың мамыр айында Орта жэне Кіші жұздің ақсақал-дары Әбілқайырға қазақ-башқұрт қайшылықтарын шешу, жоң-ғарларға қарсы к\'ресте көмек алу мақсатын көздеп, Ресеймен арада келісім жасау туралы келіссөз жүргізуді тапсырады. Алай-да ол өзінің өкілеттігін асыра пайдаланып, екінші жағынан ішкі саяси күресте Ресейдің колдауына сүйенуді көздеп, қазақтардың Ресейдің қол астына етуі туралы мэселені көтереді. Орыс елшісі А.Тевкелев 1732 жылы Әбілқайырдың ордасына келгеннен кейін оның түпкі мақсаты туралы патшаға берген ақпаратында былай деп жазды:

...«Әбілқайыр хан ұлы патшайымның қамқорлығында болу ар-қылы өзі дербес эрі бас хан болып, келешекте билігі балаларына мұрагерлікпен қалдырылса дейді...»

1731 жылы 10 қазанда Кіші жэне Орта жүздің ақсақалдары бас Қосқан жиында ұзақ талас тартыстан кейін әр түрлі пікір қайшы-лығына қарамастан Ресейге патшайымның қол астына өтіп, оған адал болуды міндеттейтін антқа қол қоюға мэжбүр болды. Бұл Құжат Әбілқайырды Ресейдің қол астына бағынуды негіздейтін оның бұрыңғы патшаның атына жазған өтініші мен сол кездегі патшайым Анна Иоанованың оны өзінің қол астына алу жөнінде-гі жіберген грамотасы негізінде жасалды.

69

Орта жуздін Ресейдін коластына етуі.Әбілқайырдың Ресей-дің қол астындағы протектораттық тэуелділігін мойындағаннан кейін көп кешікпей Орта жэне ¥лы жұздің хандары, сұлтандары жэне ақсақалдары Ресейдің қол астына өтуге ниеті бар екендік-терін білдірді. 1731 жылы 19 желтоқсанда Орта жүздің ханы Се-меке, 1740 жылы 28 тамызда ¥лы жүздің ханы Әбілмамбет жэне Абылай сұлтан Әбілқайырдың қабылдаган шартының негізінде Ресейдің қол астында болуға келісім берді. Бұл саяси актінің бас-ты себебі-ішкі саяси күресте Әбілқайырға басымдылық бермеу мақсатын көздеді.

Ресейдін кол астына өтудін саяси-кұкыктык шарттары мен салдары. Ресей империясы мен қазақ билеушілерінің ара-сында жасалган келісімдердің барысында империяның алдын-дағы тэуелділіктің алгашқы нысаны-протекторат қалыптасты. Оның негізгі мэні-Ресейдің қол астына кірген Қазақстан өзінің сыртқы егемендігінің маңызды бөлігінен айырылып, халықара-лық қатынастарды, байланыстарды дербес жүргізу құқығынан шеттетілді. Оның орнына Ресей патшасы өзіне тэуелді мемлект-тің мүддесін үшінші елдің қол сүғуынан қорғауға міндеттенді. Осы кезден бастап Қазақстан халықаралық қатынастардың суб-ъектісі болу құқығынан айырылды.

Әбілқайыр ханның Ресейдің қол астына өтуінің протекторат-тық негіздегі тэуелділігінің шарттары төмендегідей талаптармен негізделді:

1. Қазақстан территориясы арқылы жүріп өтетін Ресейдің сау-да керуендерін қорғау міндеті қойылды.

2. Қымбат аң терілерін тапсыру есебінен ясак салығын төлеу.

3. Ресейдің үшінші бір елмен соғыс қимылын жүргізуі кезін-де оған эскери көмек беру. Ресей империясы өз тарапынан қа-зақ жеріне орыс адамдарының басып кіруіне жол бермеуге жэ-не Әбілқайырдың сыртқы жауларына қарсы күресте оган көмек көрсетуге міндеттелді. Ресей империясының экімшілігі қазақ хандықтарының оның қол астына өтуінің қосымша шарты ретін-де-аманат институтын енгізілді. Оның негізгі мэні-хан ұлдары-ның бірнешеуі кезекпен Ресейдің жерінде кепіл ретінде ұсталып, өмір сүруі тиісті болды. Протектораттық негіздегі келісімде Ре-сей империясы Қазақстанның ішкі істеріне араласа алмады, 1748 жылы Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін орыс императорлары оның ішкі істерге қол сұғып, хандарды ресми түрде лауазымға бекіту құкығын өз беттерінше қолға алды. Бұл жағдай қазақ хан-

70

дыктарының алғашқы кездеп келісімдеп тәуелділік жағдаиының протектораттық нысанының сақталмағанын көрсетеді. Алайда, екі жак та протектораттык тэуелділікті өздерінше түсініп, багам-дады. Қазақ билеушілері өз тарапынан Ресеймен арадағы жасал-ған келісімді. қазақ мемлекетінің егемендігін шектемейтін эскери одак деп қабылдады. Сондықтан, бұл келісімді қазақтарға ыңғай-лы сәтте, кез-келген уакытта бұзуға болады деп есептеді.

Дегенмен, XVIIIғасырдың 30-жылдарынан бастап, Қазақстан-нын бір бөлігі Ресей империясымен арадағы қарым-қатынастарда протектораттық - вассалдық сипатқа ие болды. Қазақ хандықта-ры дербес мемлекет ретінде өмір сүруін жалгастырып, бірақ бар-лык сырткы байланыстар Ресей империясының Сыртқы істер ал-қасы аркылы жүргізілді.

Ресей империясының қазақтарды формальды түрде оның про-тектораты реттінде тануы, казақ жеріне біртіндеп, эскери-саяси мақсатты көздеп, ішкерілеп кіруіне мүмкіндік жасады. Ресей империясы қазақ жеріндегі езінің отарлық билігін бекітудің эрі нығайтудың екі эдісін таңдады, біріншісі-қазақ-орыс шекарасы-ның бойын жағалай эскери гарнизондар орналасатын бекіністер салу, екіншіден - Ресейге қарсы бағытталған қарсылықты басып жаншу үшін казақ, калмақ жэне башқұрттар арасындағы қайшы-лықты пайдалану. Осының нэтижесінде 1715-1745 жылдары Ер-тіс бойында, XVIIIғасырдың 40-жылдары Орынбар бағытында жэне Есіл бойында әскери бекіністер салынды. Одан кейін мұн-дай бекіністер Жайықтан Каспий теңізіне дейінгі, Ертістен Алтай тауына дейінгі аралықты қамтып, қазақ даласын өз қоршауына алды. Бұл істелген шаралар Ресей империясының билігіне эскери база ретінде маңызды роль атқарып, Орталық Азия жеріне ішке-рілеп кіруге мүмкіндік жасады.

Казак жузтеріндегі хандык билікті шектеудін алгашкы нысанларкі. Қазақстанның солтүстік-батыс өңірлерінде елдің басқа аймақтарына қарағанда патша әкімшілігінің ықпалы күш-тірек болды. Өйткені, Ресей империясының үкіметі бұл аймақта шекаралық бекіністерінің эскери күшіне сүйене отырып, хандық билікті шектеу саясатын дэйекті жүргізді жэне қазақдаласын то-лық бағындыру мақсатын көздеп, өздерінің экімшілік кұрылы-мын тікелей ендіруге тырысты. Хандық билікті шектеудің негізгі эдістерінің бірі патша шекара экімшілігінің хандардың биліктегі беделін түсіру аркылы, оларды айналып өтіп, Кіші жүздің ықпал-ды сұлтандарымен, ақсақалдарымен, рубасыларымен тікелей қа-

71

рым-қатынас жасауы болды. Бул кезеңде патша экімшілігі сай-ланған хандарды лауазымға бекіту құқығын толық ез колдарына алған болатын және осының барысында бұйрықтарын мүлтіксіз орындайтын, өздеріне тэуелді хандардың билікке келуіне жағ-дай жасады. Бүл саясаттың алғашқы қадамын патша империясы 1748 жылы Әбілқайырдың үлы Нүралыны қалыптаскан халық-тық салт-дәстүрді бүза отырып, хан лауазымына бекітуден бас-таған еді. Сондықтан халық арасында беделі төмен Нүралы хан өз билігін үстап түру үшін, өзінің қорғаншысы болып саналатын патша экімшілігінің тарапынан үнемі колдау іздеуге мәжбүр бол-ды. Нүралы хан іс жүзінде Ресей империясы шенеунігінің ролін аткарып, Ресей билігіне қарсы шығуға ниеттенген жеке рубасы-лар мен, сүлтандардың эрекеттерін патша әкімшілігіне хабарлап отырды және олардың қарсылығын басу үшін жазалау отрядтта-рын шақыртты. Бүл жағдай халықтың алдында хан билігінің бе-делін түсірді.

Хандық билікті әлсіретудің тағы бір әдісі ретінде патша им-периясы бір аймақта екі ханды билікке бекіту арқылы қазақ хал-қының саяси бірлігіне жік салу саясатын жүргізді. Қазақ даласын өзіне багындырудың белсенді эдісі ретінде империялық билік әртүрлі саяси топтардың (эсіресе, рубасылар мен сүлтандардың) арасындағы ішкі тартысты, күресті барынша қолдап өршітіп отырды. Патша экімшілігі мүндай кикілжіңдерді сырттай жіті ба-қылауға алды және қажетті жағдайда төрешілік жасап, өздеріне мүдделі топты қолдап отырды.

Осындай жүргізілген саясаттың салдарынан Ресеймен шекте-сетін шекаралық аймақтағы қазақ даласында саяси дағдарыстар барынша өршіп, хандық биліктің беделінің өте темендеуіне эке-ліп соқтырды.

Игельстром реформасы.Кіші жүздегі хандық биліктің әл-сіреуі, қазақтардың шекаралық аймақтардағы жерлерді пайда-ланудың шектелуі, орыс әскерилерінің үнемі жазалау іс-эрекет-тері, XVIIIғасырдың сонында азаттық қозғалыстың көтерілуіне түрткі болды. Бүл қозғалыстың негізгі екпіні патша экімшілігі-нің қол шоқпары болган Нүралы ханға жэне империяның отар-лық саясатын қолдаған жеке рубасылардының іс-эрекетіне қар-сы бағытталған еді. Басым көпшілік казақ рубасылары мен сүл-тандарының ханға қарсы көңіл-күйін пайдалана отырып, патша экімшілігі шекаралық аймақтағы хандық билікті мүлдем жойып, оның орнына Ресейге тікелей бағынышты басқару формасын

72

енгізуге талпынды. Осы мақсатты көздеп, 1785 жылы Орынбор генерал-губернаторы барон фон-Игельстром Ресей патшайымы-На Кіші жүзді басқарудың жаңа жобасын үысынды, ол көп ке-шікпей бекітілді. Бүл жоба бойынша Кіші жүз халқы Әлімүлы Байүлы, және Жетіру болып үш тармаққа бөлінді. Елдің эрбір аталған бөлігі-қүрамында төрағасы, ықпалды рубасынан шық-кан екі орынбасары жэне іс жүргізушісі бар расправа арқылы басқарылуға тиісті болды. Расправа генерал-губернатордың қол астындағы шекаралық сотқа бағынып, оның күрамы төрагасы орыс офицері, бес орыс шенеунігі жэне сайланбалы алты қазақ рубасылары арқылы жасақталды. Игельстромның жобасы бой-ынша расправаға жэне шекаралық сотқа кең өкілеттіктер бері-ліп, олар экімшілік, сот жэне полицейлік міндеттерді атқаруға тиісті болды. Кіші жүздің рубасылары мен сүлтандары бас қос-қан съезде елдің эрбір бөлігін басқаруға ағамандар (старшин-дар) бекітіліп, олар шекаралық соттық жанында ант қабылдады жэне оларға жалақы тағайындалды. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Алайда Игельстромның рефромасы өзінің алдына қойған мақсатына жетпеді. Кушейген азаттық қозғалыстың кө-семі Сырым батыр бастаған топтар, расправаның жэне шека-ралық соттық жүмысын бүзып, іс жүзінде оны жоққа шыгарып мойындамайды. Осының салдарынан хандық билікті жақтау-шылардың басым бөлігі Ресейге қарағанда Хиуамен байланысы бар Қайыпты хан етіп сайлады. Сонымен хандық билікті жою-дың алгашқы қадамы қазақ даласындағы шекаралық әкімшілік-тің ықпалын элсіретіп, 1789 жылы Кіші жүзде хандық билікті қайтадан келтіруге қатысты жаңа басқару жобасы жасалды.

Хандык биліктін калпына келтірілуі: 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып Ералы сайланып, оның билігін шектеу мақсатында жаньшан екі сүлтаннан жэне уш беделді ақсақалдардан түратын кеңес күрылды. Алайда, азаттық қозғалыстың шеңберінде сүл-тандар мен рубасылар топтарының арасындағы ішкі күрес жал-ғаса берді. 1795 жылы Ералы қайтыс болғаннан кейін Кіші жүз-дің ханы болып Есім тағайындалды, бірақ Сырым батыр бастаған рубасылар, Қаратай сүлтан бастаған Әбілқайырдың үрпақтары оған қарсы көтерілді. Алайда, хандық биліктің беделінің түсуі 1797 жылы Есімнің өліміне экеліп соқтырып, нэтижесінде Кіші жүздегі хандық билікті жойып, оны Ресей империясының бақы-лауындағы орган арқылы басқару үшін үмтылыс жасады. Осыған °рай, генерал-губернатор Игельстом Кіші жүзді хандық кеңес ар-

73

қылы басқаруга қайтадан ұсыныс жасап, оның құрамына төрага-сы ретінде бір сұлтан жэне алты рубасы кіруге тиісті болды. 1797 жылы тамыз айында хандық кеңес сұлтан Айшуақтың төрағалы-ғымен өзінің жұмысын бастады. Одан басқа ірі рулық бірлестік-терді баскаруға аға старшиндар етіп Сырым батыр мен Қаракө-бек тарханды сайлады. Алайда, саяси дағдарыс онымен бітпеді. Сұлтандар тобы хандық кеңеске қарсы шығып хандық лауазым-га үміткер ретінде Қаратай сұлтанды ұсынды. Хандық кеңестің жұмысына көңілі толмаған Сырым Сырдария өңіріне қоныс ау-дарды. Осының нэтижесінде саяси жағдай шиеленісіп, Орынбор әкімшілігінің бақылауынан шыга бастады, сондықтан 1797 жылы Кіші жүздің ханы болып жасы егде таратқан Айшуақ бекітілді.

1803 жылыгы саяси дагдарыс. Орынбор экімшілігі арқылы билікке келген Айшуақ ханның қазақтардың арасында беделі болмады. Съездер шақырылмады, рулық қатынастарды реттеу-ге қабілетті беделді органдардың болмауы, жеке қауымдар мен ауылдардың арасындағы қатынастарды шиеленістіруге әкеп соқтырды. Бұрын барымта жауапкерді билер сотының шешімі-не мэжбүрлеп бағындыратын эдіс болса, енді ол баю мақсатын көздейтін бей-берекет тонаушылық эрекетке айналды. Сондай-ақ, патша экімшілігінің эскери қызметінде тұрған Орал казакта-рының, башқұрттардың казақ жеріне шапқыншылығы жалғаса берді.

1803 жылы Кіші жүздің барлық беделді рубасылары Орынбор-дың маңында бас косты. Бұл съездің негізгі мақсаты-өзара ішкі қырқысты, талан-таражды тоқтатып ішкі саяси өмірді тұрақтан-дыру болды. Бұл съезде эрбір рубасы өз тараптарынан ант қабыл-дап, Айшуақ ханның ықпалымен оған төмендегідей пункттер ен-гізілді:

1. Қазақтар мен орыс әкімшілігінің арасындағы барлық дау-дамайлар қазақтар өздері таңдаған, құрамы екі орыс шенеунігі-нен тұратын ерекше органның қарауына берілуге тиісті.

2. Хандық билікті ныгайтыл, сұлтандар мен хандардың ара-сындағы вассалдық қатынастарды орнату.

3. Ауқатты ауылдар мен шекара маңындагы аймақтарды то-наумен айналысатын көптеген кедей тобырларды, қауымдардың арасына бөліп орналастырып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету.

Бұл анттың авторлары Орынбор шекара экімшілігінен жазалау операциясының атын жамылып, қазақ ауылдарын тонайтын орыс жэне башқұрт барымташыларының іс-эрекетін қатаң жазалауды

74

талап етті. Съезге қатысушылардың басым болігі Ресей экімші-лігіне карсы талап қоймай, іс жүзінде оның билігінің қол астын-да болуға ниет білдірді. Сондай-ақ, ханның билігіне және патша экімшілігіне вассалдық қатынаста болғысы келген рубасылары мен сұлтандар бұл Антқа қол қоюдан бас тартты.

Алайда, 1803 жылғы съездің шешімдері іс жүзінде орындалма-ды, Ресей империясының үмітін ақтамаган Айшуақ хан орнынан алынып, оның орнына Жанторе тағайындалды. Сұлтандармен рубасылардың арасында оның ешқандай беделі болмағандық-тан, Кіші жүздің ханы болып, қазақтардың азаттық қозгалысын бастаушылардың бірі Қаратай сайланды. Бірақ, 1809 жылы Қа-ратайдың олтірілуі, патшаның отарлау әкімшілігіне хандық би-лікті қайтадан жоюға ұмтылыс жасауга мүмкіндік берді. Осыған орай патша 1 Александр «хандық кеңестің» ережесін бекітіп, онда кеңестің торагасы генерал-губернатордың тарапынан бекітіліп, оның алты кеңесшісі қазақтардан сайланып, олардың лауазым-дық қызметін Орынбор эскери бекінісінің қолбасшысы бекітетін болды. Сонымен қатар шекара әкімшілігі әрбір ру топтарында сайланған жеке басқарушыларды лауазымға бекітуге құқы бол-ды. Патшаның отарлық билігі қазақтардың сот жүйесіне озгеріс жасауға талпыныс жасап, ауыр қылмыстарды қарау үшін оларды Орынбор шекаралық комиссиясына жолдауға шешім шығарды. Сонымен, патша экімшілігі қазақ даласының саяси элитасының арасынан өздеріне бағынышты шенеуніктік аппаратты калыптас-тырып, Қазақстанның шекаралық аудандарына бақылау орнатуға ұмтылды. Олардын бұл саясаты ерекше нэтижеге кол жеткізбе-се де, Ресей империясының қазак жеріне эскери-саяси мақсатты көздеп, біртіндеп ішкерілеп кіруге мүмкіндік беріп, казақ елін то-лық, түпкілікті бағындырудың алғы шарттарын жасады.

Бәкей Ордасынын кұрылуы.Кіші жүздің аумағында жайы-лымдық жерлердің тарылып, шаруашылықтың құлдырауы 1801 жылы Бөкей хандығының құрылуына экеп соқтырды. 1797 жыл-дан бастап көп жылғы күрестің барысында қазақтар Еділ озені мен Жайыктың арасындағы жайылымдык жерлерді пайдалану кұқыгына ие болған еді. Көп кешікпей қазақтар малдарын Жай-ықтын жақ оң жагасына өткізіп жаюмен шектелмей, өздері де бұл аймаққа жаппай коныстана бастады. Бұл жағдай Ресей тарапы-нан қиын реттелетін процеске айналды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, патша үкіметі 1771 жылы Жоңғарияға қашып, қалмақтардан босаған Еділ мен Жайық арасындағы бос аймак-

75

тарға казақтардың қоныстануына ресми түрде рұқсат берді. Мұн-дағы патша империясының түпкі мақсаты - «бөліп ал да, билей бер» деген сұрқия саясатты жүзге асыру арқылы Кіші жүздің хал-қын екіге бөліп тастап, оның бір бөлігін империяның қол астында багындыруды көздеді.

Қоныс аударушылардың басшысы болып, хандық кеңестің төрагасы болған Бөкей сұлтан тағайындалды. Сонымен, патша экімшілігінің шешімі бойынша Еділ мен Жайықтың арасында-ғы аймақта жаңа «қуыршақ» мемлекет құрылып, 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Осы кезден бастап бұл аймақ Бөкей Ордасы, немесе «Ішкі Орда» деген атауға ие бол-ды. Бөкей қайтыс болғаннан кейін 1824 жылы Орданың ханы болып, орысша жаксы білім алған, Ресейдің императторлық та-ғының билігіне шын берілген оның ұлы Жэңгір сайланды. Ол бірқатар реформалар жүргізу арқылы Бөкей Ордасын нағыз мо-нархияға айналдырды. Басқару жүйесі. Бөкей хандығын басқа-ру үш сатылық негізде жүргізілді: 1) жалпы қадагалау жүйесі, 2) жақыннан қадагалау жүйесі, 3) жергілікті негізгі бас бас-қару жүйесі. Жалпы қадағалау алғашында Ресей империясы-ның сыртқы істер министрі арқылы жүзеге асырылып, ал 1838 жылдан бастап бұл міндет Мемлекеттік мүлік министірлігіне берілді. Жақыннан қадағалау Орынбор эскери губернаторы мен Шекара комиссиясы арқылы жүзеге асырылды. Жергілікті негізгі басқару ханға жэне оның экімшілігіне жүктелді. Хан-ның билігі өсиет бойынша қалдырылып, оны лауазымға орыс патшасы бекітіп отырды. Ол өзінің қолына хандықтағы барлық экімшілік, сот жэне заң шығарушылық биліктерді шоғырлан-дырды. Ханның жанында оның туысқандарынан іріктелген, беделді сұлтандардан тұратын бейресми билік органы құрыл-ды. Сұлтандар кенесінін басында тек кеңесшілік функциясын атқаратын аға сұлтан тұрды. Одан басқа ханның қасында ірі рулық бірлестіктерінен жасақталған, 12-биден құралған билер кенесі құрылды. Билер құқық шығармашылық ынтасына ие бо-лып, ханның кеңесшілері болып есептелді.

Ханның жанында кеңсе кұрылып, ол екі бөлімнен тұрды: а) негізгі (орыс) кеңсесі; б) татар кеңесі. Негізгі кеңсеге арнайы басқарушы тағайындалып, оның құрамы арнайы тергеушіден, іс жүргізушіден, аудармашы мен хатшыдан тұрды. Сонымен бірге хандықтың басқару жүйесінде рухани жэне сот істерімен айналы-сатын сарай ақыны лауазымы бекітілді.

76

Тауар-ақша қатынастарының дамуы базар сұлтандары инсти-тутының қалыптасуына ықпал жасады, хан оларды ірі жэрмең-ке жэне сауда пункттеріне үнемі жіберіп тұрды. Ханның арнайы тапсырмаларын орындайтын есаулдар ірі ру бірлестіктерінің аға-мандары арасынан тағайындалды. Хандықтың жеке бөліктерінің басқарушылары мен қауымдардың арасын тұрақты байланыста ұстау мақсатында хабаршылар инситуты құрылды. Жергілікті билік өз аймақтарында ханның қаржылық жэне жерге қатысты саясатын жүргізіп, салықжинайтын, ханның жэне патша экімші-лігінің өкімдерін қамтамасыз ететін, ханның шешімімен тікелей тағайындалатын ірі ру бірлестіктерінің басшылары сұлтан-баска-рушылары арқылы жүзеге асырылды. Әрбір ру бірлестігінің бө-лімін хан тағайындаған ағамамандар басқарады. Оларды жарғы ағамамандары деп атады.

Бөкей ордасының шекаралық бөлігінде депутаттар лауазымы белгіленіп, олар төмендегідей міндеттерді атқарады: қазақтар-дың өз бетімен шекарадан өтуіне жол бермеу, орыстың шекара-лық экімшілігінің өкілдері жүргізетін тергеу істеріне қатысу, ез аймақтарында күдіктілерді іздестіру, ханның тапсырмасы бойын-ша сот істерін талдау.

Аумактын-экімшілік бөлінісі.Бөкей Ордасының аймағы Ре-сей империясының меншігі болып есептелді, алайда іс жүзінде шекаралық үкімет оның ішкі істеріне араласпады. Алғашында хандық эскери-жария (потестарлық) билігі бар бірлестіктерден тұрды, кейіннен хандардың жүргізген реформаларына байланыс-ты конеден келе жатқан «рулар» атауы сақталып, жеке экімшілік бірлестіктерге айналды. XIXғасырдың 30-шы жылдарында Бо-кей Ордасы 12-рудан құралды. Әрбір рулық қауым оз кезегінде старшиндықтарға бөлінді, XIX40-шы жылдары олардың саны 200-ге жетті. Одан басқа 10-шекаралық учаскілер болды. Са-лык жү йесі. Хан билігінің біртіндеп нығаюына қарай Бокей Ор-дасында салық жүйесі реформаланып, ескі салықтар озгертіліп жаңа салықтар енгізілді. Салықтың негізгі түрі зекет есептеліп, ол малдың 40/1 болігінің колемін кұрады. Мэселен, 5-бас түйе-ден 1-қой, 46-бас түйеден -1 бас торт жасар түйе салық ретінде алынды. Жылқы малының зекеті оның 40/1 бөлігінің құнын құ-рап, 30-рублге 1 -жылқы есебінде алынды. Салықтың келесі түрі -согым болды, ол ханның отбасына қыс кезінде етпен қамтамасыз етуте қатысты міндеткерлік болды. Қосымша салық ретінде әрбір шаруашылық ханның малын қамтамасыз ету үшін бір үймек шеп,

77

хабаршылардың қызметіне эрбір қауымдастық 128 рубль беріп отырды.

Кұкык жүйесі.Бөкей Ордасының құқығында Ресей құқықтық жүйесінің ықпалымен біршама өзгерістер байқалды. Мәселен, сатқындық, үкіметке бағынбау, шет елге қашу, кісі өлтіру, жалған ақша жасау, мемлекеттің және қоғамның мүлкін ұрлау, өрт қою, тонау, барымта жэне 30 рублге дейінгі ұрлық жасау эрекеттері, қылмыстың іс ретінде танылып, олар Оралдагы эскери сотта жэне Орынбор шекаралық комиссиясында Ресей империясының жал-пы қылмыстық заңдарының нормалары бойынша жауапқа тар-тылды. Құрамына сарай ақыны кіретін ханның өз сотынан басқа, хан тагайындаган сұлтан-басқарушылар мен билерден құралған жергілікті соттар болды. Жергілікті жэне хан соттары эдет-ғұрып құқыгы мен шариғат нормаларын басшылыққа алды, алайда хан белсенді түрде құқықтық шығармашылықпен айналысып, билер-ді кірістіре отырып, қаралатын істер бойынша жаңа заң ережеле-рін шығарып отырды.

1845 жылы Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін хандықты басқару үшін корғаншылык кенес бекітілді, оны ханның жақын туыстарының бірі басқарды, кейіннен ол Бөкей Ордасын басқару жөніндегі «Уақытша кеңес» деп қайта құрылып, енді оның ба-сында арнайы тағайындалған орыс шенеуніктері тұрды.

Абылай ханнын ішкі жэне сыртқы саясаты

Қазақ мемлекеттілігінің қайта өрлеуі Абылай ханның есімімен байланысты болды. Ол XVIIIғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазакстанның солтүстік өңірінде ірі әскери-тайпалық бірлестік-тердің басшысы ретінде ерекше көзге түсе бастады. Оның ерекше ұйымдастырушылық жэне дипломатиялық таланты 1739-42 жыл-дардағы Жоңғарымен арадағы соғыста көрінді. Ол жоңғарларға тұтқынға түсіп, одан жэй босап қана қоймай, олармен арадатиім-ді бітім жасауға қол жеткізді. Жоңғар мемлекеті элі де күшейіп тұрған бұл кезеңде қазақ хандығының аз уақыт мерзімде оларға формальды түрде бағынуының тактикалық маңызы болды. Абы-лай XVIIIғ.40-шы жылдарынан бастап, Жоңғар билеушілерінің өзара ішкі қырқысу күресіне белсенді араласа отырып, оларды бір-біріне қарсы қойып, қажет болған жагдайда айдап салу арқы-лы Жоңғар мемлекетінің іргесін шайқалтып, Қазақстанның Ор-талық, Солтүстік жэне Оңтүстік аймақтарындағы хандық бөлікті нығайтуға ықпал жасады. Іс жүзінде Орта және ¥лы жүздің ханы

78

ретінде Абылай есептелді. Оның айғағы XVIIIғ. 60-шы жылда-рына Қытай императоры өте ықпалды Абылай сұлтанның хандық лауазымын танып әрі мойындап, орыстарга қарсы күресте көмек беруте бірнеше рет ұсыныс жасады. Оз кезегінде 1759 жылы орыс елшілігі Абылайды Ресей патшайымына өтініш беру арқылы оны хандык лауазымға бекітуге ұмтылыс жасады, ол бекітілген жаг-дайда оған Ресей билігі қорғаншылық корсетіп, ішкі жауларымен күресте комек беруге уэде етті жэне Абылайды хандық лауазымға ресми түрде бекіту үшін оны Орынборға шакырды. Алайда, Абы-лай одан бас тартқаннан кейін, Әбілмәмбет хан мен Абылайдың қол астындагы қазақтардың Ресейден бөлектеніп кетуінен қауіп-тенген патша әкімшілігі оның ордасына ездері келіп, сый-сыя-пат жасап, жыл сайын белгілі мелшерде қаржылай жалақы төлеп тұрды. Дегенмен, Абылай Ресей империясының протектораттық тәуелділігінен мүлдем бас тартқан жоқ, өйткені Ресеймен арада-ғы қарым-қатынастың қазақтар үшін белгілі деңгейде тиімділігі болды және Ресей мен Қытайдың арасындағы қайшылыктарды пайдалана отырып іс жүзіндегі қазақ мемлекетінің тэуелсіздігін сақтауга ұмтылды.

1771 жылы Әбілмэмбет хан қайтыс болғаннан кейін Түркіс-танда өткен кұрылтайда Абылай ресми түрде барлык үш жүздің ханы болып сайланды. 1772 жылы аталған хандық лауызымды Қытай императоры мойындап, таныды жэне 1776 жылы Орыс үкіметіне өзін жалпықазак ханы ретінде тануды сұрап өтініш біл-дірді. Патшаның отарлаушы билігі Әбілқайыр ұрпақтарын Кіші жүздің хандары ретінде ресми түрде танып, әрі қолдағандықтан, Абылайды 1778 жылы тек қана Орта жүздің ханы етіп бекітті. Бұл жагдай Абылайды қанағатандырмады, сондықтан ол XVIII-ғасырдың 80-ші жылының басынан бастап Ресеймен арадағы барлық байланыстарды тоқтатты.

Абылай өз заманында қазақтың барлық үш жүзіне билік еткен беделі жағынан оған теңесе алмайтын соңғы хан болды. Оның билігі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінің шағын шекара аймағындагы Әбілкайыр хан ұрпақтарының билігін мойындайт-ын кешпелі қауымға ғана таратылмады. Абылай ханның басқа-руы кезінде орталық билікті нығайту максатында мемлекеттік-құқықтық жүйені озгерту саясаты жүргізілді. Олар бұрын билер соты ғана шешуге окілетті өлім жазасын қолдануды тікелей ез қолына алды. Одан басқа Абылай жергілікті билікті кайта кұру шараларын қолга алып, олардың эскери-саяси тұрғыдағы дербес-

79

тігін шектеді. Ол бұрыннан қалыптасқан рулық жария биліктің жүйесін сақтай отыра, екінші жағынан ұлыстық басқару жүйе-сін енгізу мақсатын көздеп, өзінің ұлдарын, жақын туыстарын тікелей тағайындау арқылы хандықтың жеке бөліктерін басқа-руға қойды. Мэселен, ұлы Әділ сұлтан Батыс Жетісуді, екінші ұлы Сүйік Солтүстік-Шығыс Жетісуді басқаруға қойылды. Күйеу баласы Құдайменде Тобыл өзені бойындагы көшпелі қауымды, екінші күйеу баласы Дайыр Қазақстанның Орталық бөлігін бас-қаруга жіберілді.

Алайда Абылай хан өзінің билігін толық деңгейде жүзеге асы-рып, оны нығайта алмады. Өйткені, сол кезде Дайыр сұлтан оны-мен қатарласып хандық билікке таласса, наймандардың билеуші-сі Әбілфейіз сұлтан Абылайдан тэуелсіз жағдайда болды. Сон-дай-ақ, кейбір ру-тайпа басшылары орталық билікке қарсы әре-кет жасауга талпынды. Өз кезегінде Ресей империясының шекара әкімшілігі жекелеген қазақ рубасыларының дербестікке ұмтыл-ған іріткі эрекеттерін қолдау арқылы, оған қарсы қоюға әрекет жасап, осындай әдіспен Абылайдың билігін әлсіретуге тырысты. Алайда ХҮІІІ-ғасырдың соңына дейін қазақ хандығының Ресей империясына тәуелділігі толық жүзеге аспады, ол тек номиналды түрде болды.

Орта жүздегі хандык биліктін жойылуы. XIXғ. басында қа-зақ жеріндегі хандық биліктің элсіреуі Ресей империсының экім-шілігіне өзінің тікелей басқару жүйесін енгізуге бағытталған бір-қатар әкімшілік-құқықтың реформаларды жүргізуге мүмкіндік жасады. Өйткені, ХІХғ. 20-шы жылдарында хандық институты өзінің жоғарғы билік органы ретіндегі сипатынан айырылып, іш-кі мәселелерді реттеп басқарудағы қабілеттін жоғалтты. Осындай жағдайда патша үкіметі еш кедергісіз хандық билікті жойып, Қа-зақ өлкесін өзінің отарына айналдыру мақсатын көздеп, өз ынта-сымен, әрі қалауынша қазақ даласындағы басқару жүйесін импе-риялық үлгіде қайта құруды қолга алды. Бұл реформалар Қазақ-станның эр түрлі аймағында жүргізіліп, қазақ халқының эр түрлі патша экімшілігінің бағыныштылығында болуына байланысты өзіндік ерекшеліктермен сипатталды.

Ортажүздің хандары Бөкейдің (1817 ж.) және Уәлидің (1819) қайтыс болуынан кейінгі қалыптасқан саяси дағдарыстан кейін 'жэне кейбір сұлтан топтарының Ресей империясының мүддесін жақтап, онымен жақындасуына байланысты патша экімшілігі жаңа хандарды сайлап, бектіудің қажеттілігі жоқ деп есептелді.

80

Ал халық атынан әкесінің орнына хан болып сайланған Уэлидің баласы Гұбайдолланың хандық лауазымын патша үкіметі таны-мады эрі мойындамады. Қалыптасқан дағдарысты жағдайды өзі-не тиімді пайдаланған патшаның Шекара экімшілігінің билігі тез қимылдап, басқарудың өзіне ұтымды, жаңа жүйесін енгізуге кі-рісті.

Сібір казактарынын (кыргыздарынын) жаргысы.1822 жылы Батыс Сібірдің губернаторы М.М.Сперанскийдің басшы-лығымен « Сібір қазақтары туралы жарғы» дайындалды. Бұл жарғыға сэйкес Есіл жэне Ертіс жағалауындагы қазақтар қоныс-танған аймақ Сібір қазақтарының облысы деген жаңа атауға ие болып, Омбы облысының құрамына енгізілді. Осының негізінде Ресей империясының территориясында орналасқан қазақ жерле-рі ішкі округтарга, оның шекаралық аймағынан тысқары жатқан жерлер сыртқы округтарға бөлінді. Әрбір округ 15-20 болыстан, эрбір болыс 10-12 ауылдан, эрбір ауыл 50-70 түтіннен құрылды. Округтар мен болыстар экімшілік-аумақтық принципке негізде-ліп құрылды, дегенмен оларды жасақтау кезінде ауылдардың бел-гілі бір рулық-тайпалық бірлестіктерге жататын қандық- туыстық белгісі ескерілді. Патша экімшілігінің жаңа тэртібіне сэйкес, осы кезден бастап қазақтардың бір округтен екіншісіне өтуі, тек ше-каралық үкіметтің рұқсатымен ғана мүмкін болды.

Баскару жүйесі.Орта жүз қазақтарын басқарудың ең жоғар-ғы билігі генерал-губернатор мен Омбы облысы бастығының қолына берілді. Сыртқы округтардың басында аға сұлтандар мен округтік бұйрықтар тұрды. Окруттік бұйрықтың бастыгы-аға сұлтандар қазақ сұлтандарының арасынан үш жыл мерзімге сайланды, майор эскери шенінде болып, он жыл қызмет істе-геннен кейін дворян атағын алуга мүмкіндігі болды. Округтік бұйрықтың құрамына терағадан басқа кеңесшілер ретінде екі орыс шенеунігі мен екі қазақ сұлтаны жэне тілмаш енгізілді. Қазақ кеңесшілері екі жыл мерзімге билер мен ақсақалдардың қатысуымен сайланды. Аға сұлтан жэне оның кеңесшілерін тиісті лауазымға облыстық басқарманың бастығы бекітті. Ок-ругтік бұйрықтар кең ауқымдағы томендегідей экімшілік- по-лицейлік міндеттерді атқарды; қазақ даласындығы тыныштық пен тәртіпті қорғау; қылмыстық эрекеттер бойынша тұтқынга алып, сотқа тарту;қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізу; то-наушылық,барымта жэне үкіметке бағынбаған эрекеттері үшін жазалау отрядтарын жасақтау т.б.

81

Болыстарды басқару «құрметті қазақтардың» қатысуымен өмір бойы мерзімге сайланған сүлтан басқарушылардың қүзыры-на берілді жэне оның лауазымының мұрагерлікпен ауысуына рүк-сат етілді. Болыс бастығы лауазымын облыстық басқарма бекітті. Кейіннен, 1855 жылдан бастап, болыс бастығын сайлаудың ере-жесі өзгертіліп, болыс бастығы лауазымына «халық алдында бе-делі бар, еңбегі сіңген» сүлтандар тегінен шықпаған адамдарды да сайлауға рүқсат берілді. Бұл тәртіп бойынша болыс бастығы-ның сайлауына «құрметті» қазақтармен қатар эрбір ауылдан ірік-теліп алынған бес таңдаушылар қатысуға мүмкіндік алды. Болыс бастығының сайлауына округтің аға сұлтаны қатысып отырды. Болыс басқарушының өз аумагындағы көшпелі қазақтарға толық билік жүргізуге құқы болды. Оның негізгі міндетіне; округтік бұйрықтың шешімдерін орындау, сот үкімдерін іске асыру, болыс аймағындағы тыныштық пен тәртіпті сақтау тапсырылды.

Ауылдарды ағамандар (старшина) басқарып, олар лауазымға ауылдастарының қатысуымен үш жыл мерзімге сайланды жэне округтік бұйрықтың тарапынан бекітілді. Оларға эскери шен бе-рілмеді, олардың кұқықтық жағдайы ішкі Ресей империясының басқару жүйесіндегі селолық старосталардың деңгейімен теңес-тірілді. Ол болыс бастығына бағынып, оның рұқсатымен көшіп қонды жэне өз билігіндегі ауылға тыныштық пен тэртіп орнатуға тиісті болды.

Сот жэне сот жүргізу ісі. 1822 жылғы «Жарғы» қазақтардың құқықтық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді. Әдет-ғұрып құ-қығының қолдану аясы мен билер сотының өкілеттігі барынша тарылды, осыған орай империялық заңдардың алдындағы сотты-лық енгізілді. Қазақтардың құқтық жағдайы Ресей азаматтары-мен теңестіріліп, қазақтарға 1808 жылғы «Көшпелі бүратана» ха-лықтар жарғысының ережелері таратылды. Қазақ қоғамының құ-қықтық жүйесіне біраз өзгерістер енгізілді. Қылмыстық жэне аза-маттық құқық бұзушылықтың ара жігі көрсетіліп, экімшілік жэне сот органдарының сот жүргізу функциясы нақтыланды. «Жарғы» бойынша қүқық бұзушылықтар үш категорияға бөлінді: 1. Қыл-мыстық істер, 2.Талап қою істері, 3. Басқаруға қатысты шағым істері. Қылмыстық істерге төмендегідей эрекеттер жатқызылды: 1. Мемлекетке сатқындық 2. Кісі елтіру, 3. Тонау, 4. Барымта, 5. Үкіметке бағынбау, 6. Лауазымдық қылмыстар, 7. Жалған ақша жасау, 8. Өрт қою, 9. Қылмыстық істерді қараған кезде жалған айғақ беру. Тергеуді округтік бұйрықтар жүргізіп, олар жалпы

82

империялық заңдар непзінде қылмыстық істерді қараитын непз-гі сот инстанциясы болды. Қылмыстық істер бойынша қадағалау сатысы облыстық сот болды. Талап қою істерін эдет-гұрып құқы-ғы негізінде билер соты қарады. Бұл соттың шешіміне қатысты түскен шағымдар облыстық басқармаға жіберіліп, олар әдет- ғұ-рып қүқығы ережелеріне сәйкес қаралды.

Ұрлыққа қатысы бар талап қою істерін билер соты қарады. Дауға байланысты 2 мың рубльге дейінгі түпкілікті шешімді ок-ругтік бұйрықтар, 5 мың рубльге дейінгі шешімді Шекара бас-қармасы, ал 5мың рубльден жоғаргы талап қою сомасын үкімет-тік Сенат бекітетін болды. Сонымен қатар билер сотына ұрлыққа қатысты істерді қараған кезде эдет-ғұрып құқығының негізіндегі қосымша жазалар реті нде дүре соғу, 1 аптадан 1 айғадейінгі мер-зімде тұтқынға алу шараларын қолдану тапсырылды. Сонымен, 1822 жылгы «Жарғы» бойынша жүргізілген әкімшілік шаралар қазақ жерлерінің отарлық жағдайын бекітіп, қазақтар үшін жал-пыимпериялық заңдардың нормаларын басшылыққа алуды негіз-деп, қазақ қоғамының үстем таптарын Ресейдің баскару жүйесі-нін шенеуніктеріне айналдырды. Бұл үрдіс XIXғасырдың 30-50 жылдарында өзінің жалғасын тапты.

Кіші жүздегі хандык биліктін жойылуы. 1822 жылы Орын-бор генерал-губернаторы П.К.Эссен Сыртқы істер министірлі-гінің Азиялық комитетіне «Орынбор қазақтарының жарғысы» жөніндегі жобаны дайындап, ол тек 1824 жылы бекітілді. Бұл жобаға сәйкес Орынбор шекаралық аймағы 12-дистанцияға бө-лініп, Бөкей Ордасы ішкі округ мәртебесін алып, аға-сұлтандар басқаратын үш сыртқы округтар құрылуға тиісті болды. Алайда іс жүзінде « Жарғының» ережелері біраз өзгерістерге ұшырады.

1825 жылы Орынбор казақтарының облысы Шығыс, Орта жэ-не Батыс бөліктерге жіктелді. Шыгыс бөлігінің негізгі өзегін Ар-ғын тайпаларының ұрпақтары кұрады, Орта бөлігін Жетіру тай-паларының рулары, Батыс бөлігіне Байұлы, Әлімұлы тайпалары-ның рулық бірлестіктері иелік етті. Осының алдында, 1824 жылы Кіші жүздің ханы Серғазы Орынборға шақырылып, оның хандық өкілеттігі тоқтатылатыны жарияланып, ол Орынбор шекаралық комисиясының қарамағына жіберілетіні туралы айтылды. Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы ешқандай киындықсыз әрі ке-дергісіз жүзеге асырылды. Өйткені, Орта жүзбен салыстырғанда мұнда ханның билігі өте элсіз болып, формальды жағдайда өмір сүрді. Екінші жағынан, хан патша үкіметіне қызмет еткенімен,

83

патшаның ресми саясатына қарсы эрекет еткен сұлтандық топ-тармен тыгыз байланысты болды. 1817 жылы Орынбор Шека-ралық комиссиясы Серғазы ханның эрекетсіздігне байланысты ескерту жасап, егер хан жақын арада ішкі саяси жағдайды түзет-песе, онда ол хандық биліктен тайдырылып, орнына басқа хан тағайындылытыны жөнінде ескертілген еді.

Эссенің «Жарғыда» көрсетілген жобасы бойынша Кіші жүздің аталған үш бөлігіне бірнеше сатылы басқару жүйесі енгізілуі тиісті болды; а) ауылдарды басқару, б) ауылдар бірлестігіндегі руларды басқару; в) рулардан құралған жеке бөлікті басқару. Билік жүргі-зетін лауазымдар төмендегілер болды; ауылда ағаман (старшина), руларда жеке басқарушылар, жеке бөліктерде аға сұлтан немесе хан. Жоғарыда көрсетілген лауазымдардың барлығы сайланбалы болып, оны атқаруға тек қана қазақтар жіберіліп отырды.

1831 жылы Орта жүздегі үлгі бойынша Кіші жүздің даласы-ның шекаралық аймағының бойында экімшілік округтар күры-лып,олар дистанциялар деп атала бастады. Олар өз кезегінде старшиндықтарға бөлінді. Орта есеппен эрбір старшиндықтың қүрамына екі мың шаруашылық қамтылды. 1831-1841 жылдар аралығында Кіші жүздің далалық аймағы мен Шекаралық жаға-лауында 31-дистанция қүрылса, 1857 жылы олардың саны 50-ге жетті олардың 32-ісі шекаралық сызықта болса, 25-сі далалық ай-мақта орналасты.

Баскару жүйесі.Кіші жүздегі басқару органдары жоғарғы, жалпы жэне жеке болып үш түрге бөлінді. Жоғарғы билік Сырқы істер министрлігінің қолына шоғырланып, аймақты тікелей бас-қару Орынбор генерал - губернаторының қолына берілді. Жалпы басқарумен Орынбор шекаралык комиссиясы (1859 жылдан бас-тап Облыстық басқарма) айналысты. Оның күрамына: төрағасы, оның орынбасары, төрт кеңесшісі, қазақтардан тағайындалған төрт алқа мүшесі, ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік, кең-се т.б. қызметтер енгізілді. Төрағаны император, басқа лауазым-ды түлғаларды генерал-губернатор тағайындады.

Жеке басқару Әбілқайырдың үрпақтарының арасынан шық-қан сүлтан- басқарушылар, олардың көмекшілері, дистанциялық жэне ауыл бастықтары, ағамандар арқылы жүргізілді. Іс жүзінде қазақтарға қатысты екі жақтык бағыныштылық орнады, яғни бір тараптан шекаралық комиссия мен эскери қамалдардың басшы-лығының билігі жүрсе, екінші жағынан, дистанциялық коман-дирлердің билігі орнықты. Жеке басқару органдарының барлық

84

лауазымдары түлғалары Орынбор әскери губернаторының бүи-рығымен тікелей тағайындалды.

Баскару органдарынын функциясы.Шекаралык комиссия ауқымды экімшілік қүзыретке ие болып, төмендегідей міндеттер-ді атқарды:

- қазақтардың сыртынан полицейлік қадағалауды жүзеге асыру;

- жеке басқару органдарына лауазымды адамдарды іріктеу;

- сот жүргізу функциясы.

Сүлтан-басқарушылар мен дистанциялық бастықтарының міндетіне:

- жеке бөліктің немесе дистанцияның аймағындағы халықты басқару;

- тәртіп бүзушылықтың алдын алу;

- халықтан патша экімшілігінің пайдасына алым-салық жинау;

- халықтың ішкі аймақтағы көші-қонын бақылау;

- қарсыластарының қарсылығын басьш, олардың билігін өз иелігінен шығаруды қамтамасыз ету.

Одан басқа дистанция бастықтары шекара бойындағы қазақ-тарга сот жэне тергеу істерінде өкілдік жасап, Шекара экімші-лігімен байланыс орнату міндетін атқарды. Шекара бойындағы ағамандар (старшиндар) шекара экімшілігіне өздерінің бейтарап-тығын көрсету үшін өз туыстарының арасынан кепіл - аманат тапсыруға міндетті болды.

Сонымен, 1824 жылғы Орынбар қазақтарының. 1822 жылғы Сібір қазақтарының «жарғысы» мақсаты, мэні жағынан бір-бі-ріне үқсас болғанымен, алгашқысында лауазымды адамдарды сайлау қағидасы мүлдем болмады, бүл жағдай орта жэне төменгі деңгейдегі барлық шенеуніктердің патша империясының отар-лық саясатын тікелей жүргізушілер ретінде қалыптасуына ықпал жасады.

1844 жылгы ереже.1844 жылғы маусым айында «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі Ереже» қабылданды. Мүнда басқа-ру жүйесіне айтарлықтай ірі өзгерістер болмады, тек корғаншы-лар институты ғана енгізілді. Қорғаншылар орыс офицерлерінің арасынан тағайындалып. олар шекара аймағының түрғындары мен қазақтардың арасындағы дауды мэселелерді шешуге тиіс-ті болды. Одан басқа корғаншылар қазақ ағамандарына бақылау жасап, (старшиндар) жалпы басқару органдарының тапсырмала-рын орындады, тергеу істерін жүргізді. Кіші жүз аумағында тө-мендегідей барлығы алты қорғаншылық экімшіліктері қүрылды:

85

1. Гурьев, 2. Орал, 3. Орынбор, 4. Орск, 5. Троицк, 6. Михай-лосек.

Сот жэне сот жүргізу процесі.XIXғасырдың 20-40 жылда-рында қазақ қоғамының сот жүйесіне бірқатар өзгерістер енгі-зіліп, оның негізгі мақсаты - Батыс Қазақстан территориясында жалпы Ресейлік заңдар ме сот жүргізу процесін енгізуді женіл-детіп, оны жалпыимпериялықжүйемен жақындатуды көздеді. Ең алдымен қылмыстық эрекеттер мен азаматтық құқық бұзушы-лықтың ара жігі ашылды жэне эр түрлі категориядағы ісгер эр-түрлі деңгейдегі соттардың қарауына берілді.

Әскери соттар- мемлекетке сатқындық, кісі өлтіру, тонау, ба-рымта, Ресей адамдарын тұтқынға алу, үкіметке қарсы іс эрекет жасау сияқты қылмыстық істерді қарады. Істерді эскери сотпен қарау алдын ала тергеу материялдарының негізінде Орынбор эс-кер корпусы штабының шешімімен қабылданды. Сонымен бірге ол сот шешімін бекітіп отырды.

Кылмыстык істерді карау бөлімінінөкілеттігі шекаралық комиссияларға беріліп, мүнда үрлыққа қатысты жэне елу рубль күміс ақшаға дейінгі бопсалауға қатысты, мемлекеттің шарап шығару монополиясын бүзу, шекаралық шептен қүпия өту сияқ-ты істерді қарады.

Азаматтык істерді карау бөлімібойынша шекаралық комис-сия жалпы сомасы елу рублден асатын талап қою істерін қарады. Бүл категориядағы барлық соттар жалпыимпериялық заңдарға негізделді.

Билер сотының қүзырына тек жалпы сомасы елу рублге дейін-гі азаматтық талап қою істерін қарау тапсырылды. Билер мүн-дай істерді эдет-ғүрып қүқығының негізінде шешкенімен, бүрын эдет-ғүрып қүығының жүйесінде болмаған түрмеге қамау, поли-цейлік қадағалауға беру, зиянды қалпына келтіру, шыбықпен са-бау сияқты қосымша жазаларды қолдануға рүқсат берілді.

Ауызша бітім соты Шекаралық комиссияның жанында қүры-лып, азаматтық талап қою істерін жэне би соттарының шешімде-ріне түскен шағымдарды қарады. Оның қүрамы шекаралық ко-миссияның қазақ-кеңесшісінен, тараптар таңдаған екі судья дел-далдан жасақталды. Бітім сотының шығарған шешімі түпкілікті деп есептелді.

Сонымен XIXғасырдың 20-50 жылдары Қазақстанның ба-тысында жүргізілген экімшілік жэне қүқықтық реформалар бүл аймақты Ресей империясының қүрамына түпкілікті қосып алу

86

арқылы Кіші жүздің барлық жеріне жалпы импернялық басқару жүйесі мен заңдарын тарату мақсатын көздеді.