Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Жер Агр құқық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63.89 Кб
Скачать

10 Тақырып Елді мекен жерлерінің құқықтық тәртібі.

Елдi мекен жерлерiнiң түсінігі және құрамы. Елдi мекен жерлерiнiң мaқcaтты пайдаланылуы, қалалардың, поселкелердiң, ауылдардың, селолардың шектерiн белгiлеу және ауыстыру тәртiбi. құрылыс жерлерiнiң түсінігі және құрамы. Жалпы пайдаланудағы жерлердiң құқықтық жағдайы.

Бақылау сұрақтары:

1. Елді мекен жерлерінің құқықтық қамтамасыз етілуі.

2. Қала маңындағы жерлердің құқықтық режимі заңмен қалай реттеледі?

11 Тақырып Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердiң түciнiгi және құрамы. Осы санаттағы жерлердi беру және пайдалану тәртiбi. Өнеркәсiп жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Пайдалы қазбаларды өндiру және өңдеуге берiлген жерлердi пайдалану ерекшелiктерi. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Ерекше жағдайда пайдаланылатын аймақтар.

Бақылау сұрақтары:

1. Көлік жерлері.

2. Өнеркәсіп жері.

3. Байланыс және энергетика жері.

4. Қорғаныс қажеттеріне арналған жер.

12 Тақырып Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерiнiң түciнiгi. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері туралы заңдар. Қopықтар ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаникалық бақ, заказник, табиғат ескерткiштерi жерлерiнiң түciнігi, қорық жерлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлердiң түciнiгi, пайдаланудың тәртiбi және жағдайы. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердiң түciнiгi, құрамы, олардың құқықтық жағдайы.

Бақылау сұрақтары:

1. Сауықтыру мақсатындағы жердің ерекшелігі неде?

2. Рекреациялық мақсатындағы жердің ерекшелігі неде?

3. Тарихи – мәдени мақсаттағы жердің ерекшелігі неде?

13 Тақырып Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

Орман қоры жерлерiнiң түciнiгi, құрамы. Орман қоры жерлерiн басқарудың ерекшелiктерi. Орман қоры жерлерiн уақытша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланудың тәртiбі мен жағдайлары. Орман қоры жерлерiн алып қою тәртiбi.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай орман қоры жерінің ерекшеліктерін білесіз?

2. Орман қоры жерлерiн уақытша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланудың тәртiбі мен жағдайларын айтып берңіз.

14 Тақырып Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

Су қоры жерлерiнiң түciнiгi, түрлерi, олардың құқықтық жағдайы. Жағалаудағы жерлердiң құқықтық жағдайы. Арнайы және қорғалатын аумақтардағы жерлердiң құқықтық жағдайы.

Бақылау сұрақтары:

1. Су қоры жерінің ерекшелігі неде?

2. Жағалаудағы жерлердiң су қорына қандай қатысы бар?

3. Босалқы жердің ерекшелігі неде?

15 Тақырып Босалқы жерледің құқықтық тәртібі.

Босалқы жерлердің түсінігі, жалпы сипаттамасы. Босалқы жерлерді басқару. Босалқы жерлерді беру және пайдалану тәртібі. Босалқы жерлерді пайдалану.