Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Жер Агр құқық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63.89 Кб
Скачать

5 Тақырып Жер пайдалану құқығы.

Жер пайдалану құқығының түсінігі және түрлерi. Жер пайдалану құқығының жерге меншік құқығынан айырмашылығы. Жер пайдалану құқығының субъектiлерi және олардың жіктелуі. Қызметтiк жер үлесiнiң түciнiгi және құқықтық режимi, Сервитуттың түсінігі және пайда болуы. Сервитут түрлерi. Жер учаскесiне және жер пайдалану құқығына кепіл.

Бақылау сұрақтары:

1. Жер пайдалану құқығының түсінігі.

2. Жер пайдалану құқығының мазмұны.

3. Жер пайдалану құқығының субьектілері.

4. Сервитуттың түрлері және пайдалану құқықтары, тоқтатылуы.

6 Тақырып Жерге ақы төлеу.

Жерге ақы төлеу негіздері. Меншіктегі жер учаскелеріне және жеке меншікке жер учаскесін берген кезде төленетін ақы. Тұракты және уақытша пайдаланудағы, арендадағы жер учаскелеріне ақы төлеу. Жер учаскесін басқа мемлекетке арендаға берілгенде төленетін ақы. Жер учаскесін (ақысыз негізде) тегін берудің негіздері. Жер учаскесі үшін ақының базалық ставкасы және жер учаскесінің кадастрлык (бағалық) құны. Базалық ставкаларға түзетулік коэффициенттер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Меншіктегі жер учаскелеріне және жеке меншікке жер учаскесін берген кезде төленетін ақы неге төленетін себебін айтыңыз.

  2. Жер учаскесі үшін ақының базалық ставкасы және жер учаскесінің кадастрлык (бағалық) құнының айырмашылығын көрсетіңіз.

7 Тақырып Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

Жерге меншік және баска да құкыктарының түсінігі және ерекшеліктері. Жер учаскесі меншік кұкығы мен баска да кұкықтардың объектісі ретінде. Жерге меншік және баска да кұкықтардың түрлері. Жерге меншік кұкығының субъектілері. Меншік иелерінің және жер учаскесіне баска да кұкықтарының субъектілерінің кұкықтары мен міндеттері. Жер учаскесіне меншік кұқығын жүзеге асыру механизмі. Жер учаскесіне меншік күкығынын мазмүны. Жер катынастарынын басталу, өзгеру мен жойылу негіздері

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер қатынастарын мемлекеттік ретеу құқықтық механизмінің түсінігі неде?

  2. Жалпы құзіретті органдар мен арнайы құзіретті органдардың айырмашылығын айтыңыз.

  3. Жер қатынастарын реттеуде Үкіметтің құзіреті көрсетіңіз.

  4. Жер қатынастарын реттеуде жергілікті атқарушы және өкілді органдардың құзіреті қандай?

  5. Жер қатынастарын реттеу саласында өзге де министрліктердің құзіреті қандай?

8 Тақырып Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры.

Жерге орналастыруды жүзеге асырудың максаты, түсінігі, мазмұны және тәртібі. Жерге орналастыру процесінің қатысушылары, олардын кұкықтары мен міндеттері. Жер мониторингін жүргізудің максаты, мазмүны және тәртібі . Жер кадастрының түсінігі мен мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

1. Жерге орналастыру процесінің қатысушылары, олардын кұкықтары мен міндеттері.

2. Жерге орналастырудың құрамы.

3. Жер мониторингінің түсінігі және оның ҚР-ғы жер ресурстарын басқарудағы

орны.

4. Жер кадастрының түсінігі.

5. ҚР мемлекеттік кадастр жүйесі.

9 Тақырып Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық жағдайының түciнiгi және жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құрамы. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына беру ерекшеліктері.

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердi бiр түрден екiншi түрге ауыстырудың тәртiбi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне келген шығынның орнын толтырудың тәртiбi және негiздерi.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауыл шаруашылығы жекрлерінің құқықтық қамтамасыз етілуі.

2. Ауыл шаруашылығы жекрлеріне меншік құқығы заңмен қалай реттеледі ?